XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік,сырға жасап оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті.
Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы –қайыс өру, қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді.
Қазақ халқының қолөнері.docx
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу,
«Қазақ халқының қолөнері»
мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын атайды.
Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ
халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үйжай салды,киімкешек тігуді, азықтүлік өндіруді
өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбекүнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем
бұйымдар жасап, өмірде сәнсалтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай
түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен , күн көрісімен, кәсібімен
тығыз байланысты екенін көреміз.
XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің
сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл
кезде жастарға арнап ертұрман мен белдік, қызкеліншектерге арнап сәукеле, шашбау,
білезік,сырға жасап оларды түрлітүсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті.
Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы –
қайыс өру, қаружарақ, көшуқону, жолжорық жабдықтары еді.
Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты
ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «еркектерге тән іс» , «әйелдерге тән іс» деп
екіге бөлініп келеді: Тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар
жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады.
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері
киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарды.
Халықтың қолөнеріне әдепғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және
егіншілікке қажетті құралжабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керуерт, кебеже, сандық
жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі баубасқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және
илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдысаяқ , адалбақан, асадал,, бесік
тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі
нақыштармен әшекейлейтін болды. Қолөнерде көңілге қонымды әдістер архитектурада кеңінен
қолданылып келеді.
Ертеде біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни әр түрлі
құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді оюөрнектер, ағаштан қиюлап, тастан
қашалып жасалған діңгектерхалық қолөнерінің тамаша туындылары.
Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін
құндылықтардың біріоның қолөнері.
Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын алатындай бұйым жасаған, асыл
тастардан сән бұйымдарын соққан, сүйек пен мүйізді, шиді қиыннан қиыстырған халық
шеберінің ісі мақтануға тұратын өнер туындысы.
Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнердің түрлері де, атаулары да өте көп.
Солардың ішінде халық арасында көбірек тарағаны – оюөрнек.
Оюөрнек ісі тым ерте заманнан бастапақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ
әсемдеп ішекейлеудің негізі болып келеді. Қазақтың ұлттық оюөрнегіндегі бір ерекшелік осы
түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де ұлттық оюөрнектің негізі болған «мүйіз» оюы үнемі
араласып отырады.
Оюөрнек ісіне қазақ арасына ең көп тарағандары сырмақ, текемет, тұскиіз, сандыққап,
тұтқыш, киіз есіктің маңдайшасы, түйенің жабуы, керегеқап киізден ойылып алынатын заттар, ал
аяққап оюлаған әр түрлі маталарды бастырып тігу арқылы жасалады. Қазақ халқының әлеуметтік салтсанасы өсіп, мәдени тұрмыс дәрежесі, дүниеге
көзқарасы,ойлау, ұғыну қабілеті де бұрынсоңды болып көрмеген дәрежеде дамуы,тарихи
өзгерістің нәтижесінде халық шеберінің ізденуі мен қабілеті де шыңдалып жетілді.
Қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді керек етті. Адамзат қоғамы дамыған сайын
қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды. Халықтың мәдени дәрежесі өскен
сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды,
әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі творчестволық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керект
ізаттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан
ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды.
Қолмен тоқу ісінің қазақ қолөнерінің арасында ең көп дамыған түрі қармақты бізбен
ілмелеп тоқу. Қазақтың халықтық өнерінде қармақ біз кәрі жіліктің шыбық сүйегінен, жарып
алған жіліншіктің
қыр сүйегінен егеліп істелетін.Тобылғының, аршаның тасжарғанның
шыбықтарынан жонып та жасалған. Басында тоқу ілмекбіздерге ілмексіз тегіс таяқшалар болды.
Қазіргі кезде ілмекбіздер әр түрлі метериалдардан: металл, пластмассадан дайындалады.
Ілмекбізбен тоқудың кесте тоқумен тоқымашылықпен байланысы бар.
Қазір күнделікті тұрмысқа керекті жеңілжелпі заттарды өрмек станогынсызақ қолмен
тоқи береді. Қолмен тоқу ерекше жабдықты, арнаулы орынды, белгілі мезгілді керек етпейтін
әрі қарапайым, әрі тиімді өнер. Біздің бабаларымыз бен аналарымыз кейінгі ұрпақтар үшін
көптеген қолөнер мұраларын қалдырды. Сол себептен де әр бір қолөнердің әсем туындылары
еңбек адамдарына рухани азық болатын, эстетикалық талғамын қанағаттандыратын сұлу да
әдемі, тиімді де ұнасымды ұлттық бұйымдар жасалды.
Қазақ қолөнері – қолданбалыбезендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын
тереңнен алған Қ. қ. дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен мәдени құндылығын
жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан,
былғарыдан, саздан – қаружарақ, құралсайман, үй жиhазы, т.б. тұрмысқа қажетті тұтыну
бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен қатар, оларды өздерінің
дүниетанымына, эстет. талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте замандардан дамыған.
Қарағанды облнда Беғазы бейітінен табылған қыш сауыттар (б.з.б. 10 – 8 ғ.), атақты Қарғалы
алтын тәтісі (диадема) мен сырғалар (б.з.б. 2 ғ. мен б.з. 2 ғ.), т.б. көне дүниелер – шебер
мүсінделген өнер туындылары. АйшаБибі, Ахмет Иасауи кесенелерінен, Бабажы қатын
күмбезінен қазақ халқының атадан балаға мұра боп келе жатқан оюөрнек, әшекей түрлерінің
бәрін ұшыратуға болады. Ағаш ұсталары сан алуан сүйектен оюөрнек салынған үй жиhазын,
ыдысаяқ әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол үшін көгеріс геом. өрнек түрлерін пайдаланған.
Ер адамдардың жорыққа, аңшылыққа, әйелдердің салтанатқа киетін киімдері аңқұстың бейнелері өрнектелген (күміс, алтын, металл құймалар) оюлармен безендірілген. Әшекейлер
салу, кесте тігу, қалың мата (барқыт, шұға) жапсыру арқылы да жасалады. Алматы облның Есік
обасынан табылған (б.з.б. 6 – 5 ғ.) сак жауынгері киімі (“Алтын адам”) алтын қаптырмалармен
және хайуандардың құйма бейнесімен безендірілді. Қ. қ. өзінің ғасырлар бойғы мұраларын жан
жақты игеріп, көршілес халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып,
үздіксіз дамытылып отырды. Саудасаттықтың дамуына, қалалардың өркендеуіне, қала мен
ауылдың айырмашылығының азаюына байланысты қолөнердің кейбір дәстүрлі түрлері (теріні,
сүйекті, ағашты, кейбір металдың түрлерін көркем өңдеу) қолданудан шығып қалды. Алайда
матадан, киізден жасалған тұс кілемдер, басқұрлар, тұскиіздер, т.б. киіз үйдің сәндік жасаулары
бұрынғыша дами берді. 20 ғдың басында Қ. қне деген сұраныстың артуы (көркемдік
кәсіпкерліктің құрылуы, Қазақстан қолөнерінің респ. мұражайының ашылуы, қолданбалы өнер
бұйымдарын жинау мен насихаттаудың жақсаруы) оның дамуына зор ықпал етті. Қ. қнің бұл
түрінен талантты ісмерлер Л.Қ.Қожықова, З.Ахметжанова, Г.Зәуірбекова, К.Ыстыбаева,
Н.Тайманова, М.Есілбаева, т.б. жасаған бұйымдар ерекше көзге түседі. Сүлгі, перде, төсек
жапқыштарды кестелеуде қазақтың дәстүрлі оюөрнектерімен бірге сюжетті суреттерді
пайдалану қатар қолданылды. Сондайақ, ою өнерінің дәстүрлі түрі де (Л.Қожықова,
Ж.Арыстанова, А.Бәсенова, М.Керейбаев, К.Қодаров, Р.Сәрсенбин, Ғ.Иляев, т.б.) одан әрі
жетілдірілді. Тоқыма, киіз басу істерімен қатар бірқатар облыстарда (Алматы, Көкшетау,
Шымкент, т.б.) зергерлік бұйымдар жасау кеңінен дами бастады. 70жылдары Қ. қ. саласының
кәсіби деңгейі артты. 1973 ж. Алматы көркемсурет учщесінен қолөнер бөлімі ашылды, 1978 ж.
Алматы театркөркемсурет интынан сән және қолданбалы өнер кафедрасы құрылды. Сондай
ақ, “Өнер” комбның жанынан сән және қолөнер бұйымдарын шығаратын цехтар
ұйымдастырылды. Кәсіптік қолданбалы өнер саласында ұлттық дәстүр мен соңғы тех., стильдік
жаңалықтар бірдей тоғысатын гобелен жетекші рөл атқарды. Қазақстанда гобеленнің
қалыптасуына Қ.Тыныбеков үлкен ықпал етті. Оның сюжетті гобелендері (“Шопан”, 1969; “Дала
әуендері”, 1970; “Отбасы”, 1972) айқын бейнеленген ірі суреттерімен, әр түрлі бояулардың
өзара берік үйлесуімен және ішкі қуатымен ерекшеленеді. “Дала хикаясы” (1970), “Өмір ағашы”
(1976), “Байқоңыр ырғақтары” (1977), “Аққу әні” (1980) гобелендері терең филос. мазмұнымен,
кең құлашты идеялылығымен, жеткізбек ойының күрделілігімен айшықталды. Тыныбековпен
бірге Б.Е. Зәуірбекова, Е.П. Николаева және И.З.Ярема жасаған “Қазақстан” (1978) гобелені
Қазақстанның Мемл. сыйлна ие болды (1980).
70жылдардағы көптеген зергерлік бұйымдар бұрынғы халық қолөнерінің тікелей
көшірмесі іспеттес болды. 80жылдары зергерлік өнерге келіп қосылған шеберлердің жас буыны
Қ. қн еркін игеріп, ілгері жалғастырды. Халықтың дәстүрлі өнерімен арадағы нақтылы пішіндік
байланыс енді құрылымдық сипатқа көшті. Республиканың байырғы зергерлерінің бірі И.К.
Брякиннің еңбектеріне пішін, түстерді дәл қолдана білу, бейнелерді ырғаққа негіздеу тән.
Шебер ашық қызыл түсті маржан тастарды күміспен күптеп, оған түрлі өрнектер қоса отырып
ғажайып көркем зергерлік бұйымдар тудырды. Ғ.И. Жалмұқановтың қолынан шыққан әшекейлік
заттар оюөрнегінің бейнелілігімен, сыртқы беттерінің әсем өңделуімен ерекшеленді. Л.В.
Шкляевтың, Т.Л. Савченконың, Г.П. Ивановтың, т.б. әшекейлік бұйымдары нәзіктігімен,
пішіндерінің сонылығымен көзге түседі. Ал, К.Бекдайыровтың, Т.Қаратаевтың, Д.Сейдуалиевтің
еңбектерінен ұлттық дәстүр мен нақыш айқын аңғарылады. Күйдірілген қыштан бұйым жасаушы
шеберлер материалдардың сапасына баса назар аударып, оған түрлі тәсілдік тәжірибелер жасау
арқылы сән өнеріне жаңалықтар енгізуге ұмтылды. Н.И. Павленко мен Ф.Письманның жасаған
қыш бұйымдары нәзіктігімен, композициясының тапқыр шешімімен ерекшеленеді. В.Г. Попов,
Ю.Г. Попов, Е.Мхитарян, А.Ключинскийдің туындыларына дәстүр аясын кеңейтуге ұмтылу, әр түрлі көркемдіктех. тәсілдерді қолдана отырып, соны пішін іздеу секілді қасиеттер тән.
Қыштан мүсін жасау шеберлерінің бірі К.Сабдыкеевтің жасаған дүниелері – кескіндеме мен
графиканы, бедер мен сол үлгіге тән сымбатты шебер ұштастыруымен, бейнелі бай мазмұнымен,
шұрайлы өнер “тілімен” (“Дала қызы”, “Әуен”, “Күз”, “Сәндік композиция”, “Аруана”, 1987)
құнды. Ағаш пен теріні көркем өңдеумен Н.Нәлібаев, Ж.Үмбетов, Д.Шоқпарұлы, Қ.Малаев,
Т.Нұрғожаев, т.б. шұғылданды. Олардың қолынан шыққан топтама еңбектер (қымыз ішуге
арналған ыдыстар, кеселер, табақтар мен тостағандар) ұлттық колоритті сақтауымен, әсем
сәндік келбетімен ерекшеленеді. Сондайақ, Үмбетов пен Шоқпаров пішіні және дыбысталу
деңгейі өте жоғары, ерекше құнды муз. аспаптар топтамасын жасады. Қ. қ. шығарм.
бағыттарының әр түрлілігімен, эстет. келбетінің ауқымдылығымен, терең мазмұнымен, бай
тілімен, кең тынысты сюжеттілігімен, көркемдік дәрежесінің биіктігімен сипатталады.
Қазақстан шеберлерінің шығармалары тек ұлтқа ғана тән қазына емес, жалпы дүниежүз.
мәдениетке қосылған үлкен рухани үлес болып табылады.
Соңғы онжылдық ішінде Қ. қ. шеберлерінің “Үкілі домбыра”, “Дизайн – кеше, бүгін, ертең”,
“Зергер99”, декоративтіқолданбалы өнер мен дизайн көрмелері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы №57
И.В.Панфилов атындағы жалпы орта мектеп коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Тақырып: «Қазақ қолөнері»
Қабылдады: Сорапов Б.
Орындады: Толаметов А. Қарамұрт 2016 жыл
Қазақ халқының қолөнері (на казахском )
Қазақ халқының қолөнері (на казахском )
Қазақ халқының қолөнері (на казахском )
Қазақ халқының қолөнері (на казахском )
Қазақ халқының қолөнері (на казахском )
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.