«Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері».
Оценка 5
Руководства для учителя +1
docx
психологическая работа +1
Взрослым
20.12.2018
Шеберлік – сыныптың мақсаты мен міндеттері: Мұғалімдерге өз тәжірибемізде қолданып жүрген қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру, әдісті пайдалану жолдарын көрсету, іс-тәжірибемен алмасу..
Аудитория: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, аудио және видио материалдар.
Әдістеменің ерекшелігі: сөйлесім әрекетінің дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамытады, оқушылардың танымдық білімі артады, ынтасын, қызығушылығын тудырады, сонымен қатар шығармашылық дағдыларын қалыптастырады.
шебер сынып.docx
Тақырып: «Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдістәсілдері».
Шеберлік – сыныптың мақсаты мен міндеттері: Мұғалімдерге өз
тәжірибемізде қолданып жүрген қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың
тиімді әдістәсілдерімен таныстыру, әдісті пайдалану жолдарын көрсету, іс
тәжірибемен алмасу..
Аудитория: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Құралжабдықтар: Интерактивті тақта, аудио және видио материалдар.
Шеберлік сынып барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі кездесуіміз шеберлік
сынып болғандықтан, біз сіздерге өз тәжірибемізде қолданып жүрген қазақ
тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдістәсілдерінің кейбірін ұсынғымыз
келеді. Яғни бүгін сіздерді «Фильм дидактикасы» әдісімен таныстырамыз.
Тыңдайтын аудитория қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
болғандықтан, біз аудиторияға сай фильмді таңдадық. Бұл әдісті сабақта
қалай қолдану мәселесіне келсек, оқу бағдарламасына сай әр сынып бойынша
алынатын тақырыпқа сай фильм, мультфильм, бейнероликтерді пайдалануға
болады. Мысалы, тақырыпқа байланысты «Алдар Көсе Тігінші», «Тігінші
мен Ай», «Менің атым Қожа» сияқты фильмдерді алуға болады.
Әдістеменің ерекшелігі: сөйлесім әрекетінің дағдыларын (тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым) дамытады, оқушылардың танымдық білімі
артады, ынтасын, қызығушылығын тудырады, сонымен қатар шығармашылық
дағдыларын қалыптастырады.
Фильм дидактикасы
1. Фильмге дейінгі жұмыс
2. Фильм барысындағы жұмыс
3. Фильмнен кейінгі жұмыс тапсырмаларынан тұрады.
Топқа бөлу: суреттер бойынша топқа бөлу.
1 Фильм дейінгі тапсырма
1тапсырма. «Менің кім екенімді болжа» әдісі
2тапсырма Кейіпкерлермен танысу
1. Суретте кімдер бейнеленген?
2. Жасы нешеде?
3. Сыртқы келбеті қандай?
4. Қайда отыр?
«Жақсы әйел ері ұялар іс қылмайды» қысқа метражды фильмін көрсету.
Фильм барысындағы тапсырма .
3тапсырма Фильмдегі кейіпкерлерге сипаттама бер. Оның сыртқы бейнесі, киген киімі,
саған кейіпкердің әсер етуі туралы өз сезіміңді сипаттап жаз.
4тапсырма . 2 мин.уақыт беріледі.
Кейіпкерлердің ісәрекеттерін дұрыс ретретімен қойып шығыңыз
Реттілігі
Ісәрекет
Газға шай қойды
Ері ренішін білдіріп, сөзін қор қылғысы келмейтінін айтты
Әйелі көйлек алғысы келетінін айтты
Келіншегінің жақындары қонаққа келді
Ері ағайындарын сағынғанын айтып, дастархан жаюын өтінді
Еріне телефон шалып, дайын тамақ ала келуін өтінді.
Ері көлікпен қақпаға кірді
Азанда ерте тұратынын айтты
Ері газет оқып отырғанда, ұялы телефонына СМС келді
Әйелі ешнәрсе әзірлемегенін айтты
5тапсырма . «ШЫН НЕМЕСЕ ЖАЛҒАН». Фильмнен қараңыздар.
Не шын, не жалған? Таңбамен белгілеңіздер.
Шын Жалған
Фильмнің басында үстел үстінде газеттер мен ұялы
телефон болды
Ері жұмыстан оралғанда ұялы телефоннан әшекей –
бұйымдар қарап отырды
Әйелінің басындағы орамалынң түсі – түрл і түсті
Газ плитасына шай қойды
ФИЛЬМНЕН КЕЙІНГІ ТАПСЫРМА
6тапсырма. Фильм туралы жаз
• Фильмде не ұнады? Не ұнамады? • Фильмнің мағынасы, түйіні неде?
• «Жақсы әйел» туралы өз ойыңды жаз (мақала, эссе, нақыл сөз жаз
немесе өлең шумағын шығар)
• Осы фильмді көруді ұсына аласыз ба ? Неге?
Жақсы әйел ері ұялар іс қылмайды.
Абай Құнанбаев
Рефлексия: «Чемодан, еттартқыш, себет».
Назарларыңызға рахмет!
«Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері».
«Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері».
«Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері».
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.