Қазақстан 2050 стратегиясы
Оценка 4.7

Қазақстан 2050 стратегиясы

Оценка 4.7
Работа в классе
docx
воспитательная работа
2 кл
08.01.2018
Қазақстан 2050 стратегиясы
Қазақстан 2050 стратегиясы бір ел, бір тағдыр туралы ашық тәрбие сағаты. Сабақтың мақсаты мен міндеттері бар. Оқушыларға арналған өлеңдер мен тақпақтар жазылған. Стратегияның мақсаты: Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады. Бұл – еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым. Бұл – жаңа саяси бағыт. /2слайд/ «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!Елбасы мынаны баса айтты: « Біздің мемлекетіміз Тәуелсіздік алғанына биыл 21 жыл толады.Осы жылдар аралығында мемлекетіміз көптеген жетістіктерге жетті.ашық тәрбие сағаты
казакстан стратег 2050 сынып сагаты.docx
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан  2050 стратегиясы: бір халық­бір ел­бір тағдыр. Мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу. ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық  мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. б) Туған еліне , жеріне  деген патриоттық сезімдерін ояту. Сабақтың барысы: I.Қазақстан  Мемлекетік Әнұранын орындау. I.Кіріспе бөлімі. Бүгінгі тәрбие сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан­2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір  тағдыр»!  /1слайд/ Стратегияның мақсаты:  Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған  экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет күнкөріс  саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады.  Бұл – еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым. Бұл – жаңа саяси бағыт.  /2слайд/  «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!Елбасы мынаны баса айтты: « Біздің мемлекетіміз  Тәуелсіздік алғанына биыл 21 жыл толады.Осы жылдар аралығында мемлекетіміз  көптеген жетістіктерге жетті.  Жүргізуші I: Тәуелсіз Қазақстан Республикасы 1. 1991 жылғы 16 желтоқсан – Республика тәуелсіздік алған күні. 2. 1992 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды. 3. 1993 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. 4. 1995 жылғы 30 тамыз – еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. 5.  1995 жылғы 15 қараша – Республика Президентінің жарлығымен ұлттық теңге айналымға енгізілді. 6. 1997 жылғы желтоқсанның 10­нан бастап Астана Қазақстан мемлектінің елордасы атанды. Жүргізуші IІ: 2013 жыл – астанамыз Астананың 15 жылдығы өтті.  Астана – қарқынды даму үстінде жаңа  бағыт алған Қазақстаның жаңару символы, еліміздің тәуелсіздігінің баянды белгісі. 1997 жылы Қазақстан  Республикасының Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім  қабылдады.  1998 жылы жаңа елордасы атауы Астана болып өзгертілді. Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр.  1998 жылы ЮНЕСКО ­ның шешімі бойынша  Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана қаласы шапшаң қарқынмен дамып келеді және де келешегі өте зор. Астана қаласында әр түрлі мәдени ошақтар,   білім ордалары  өте көп.Астана қаласының басты символы­Бәйтерек.  3слайд/ Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан білім саласы бойынша көптеген  жетістіктерге жетті.  Жол картасы  бағдарламасы бойынша мемлекетімізде  жаңа балалбақшалар,  мектептер мен институттар ашылды. Биыл  Павлодар қаласында «Назарбаев интеллектуалдық мектебі» ашылды. Қазақстан  экономика және индустрия бойынша қарқынды дамып келеді. Мемлекетте  заводттар,  фабрикалар ашылуды. Біздің Павлодар қаламызда «Электролиз» заводы ашылды. Осы заводттар мен  фабрикалар арқасында халыққа  көп жұмыстар орындары ашылды. Жүргізуші I: Денсаулық саласы бойынша  «Саламатты Қазақстан»  бағдарламасы іске асырылды. Жаңа  емханалар ашылуда .Әрбір аудан мен қалаларға халқымыздың денсаулықтарын тексеру үшін тегін  жылжыйтын поезді жұмысын атқаруда.  Мәдениет салысы бойынша Республикамызда  көптеген мәдени ошақтар , орталықтар театрлар , цирктар   ашылды.  Жаңа кітапханалар жұмыс істей бастады. Мемлекетімізде  спорт саласына да көптеген  бағдарламалар бар. 2011 жылы Қазақстанда қысқы Азияда  ойындары өтті.  2012 Лондон қаласында жазғы олимпиадада біздің  спортшыларымыз 7 алтын медаль  әкелді.  Және 6 қола медаль әкелді. ІІ. Видеоролик:  Қазақстанның жетістіктері ІІІ.  «Жұлдызды сәт ойыны». 1. Қазақстан Республикасы өз конституциясын қай жылы қабылдады? 2. Қазақстан   Республикасының   елтаңбасының   жоғарғы   және   төменгі   жағында   не   бейнеленген   ? (жоғарыда 5 бұрышты жұлдыз, төменде Қазақстан деген жазуы бар) 3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды ? (1991 жылы 16 желтоқсанда.) 4. Қазақстанда қанша  облыс бар ? (14 облыс) 5. Лондон олипиадасында алтын медальға ие болған спортшыларды атаңдар? 6. Мемлекеттік туымыздың авторы кім?  (Шәкен Ниязбеков ) 7. Көмір өндірілетін қала? (Қарағанды)  8. Астана қаласының басты символы?  (Бәйтерек) ІҮ.   5     2   4         8               6               3           9                         1  Қ   А   З   А   Қ       С   7Т       А   Н                                                                                     1.   Қазақстанның ауа райы қандай? 2.   Қазақстанның елордасы қай қала? 3.   Қазақстанның елбасы кім? 4.   Қазақстан қай құрлықта орналасқан? 5.   Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі? 6.   Қазақстанның рухани астанасы қай қала? 7.   Қазақстанның ұлттық валютасы не? 8.   Қазақстанның көршілерінің бірі? 9.   Қазақстан неге бай? Ү. Әдеби монтаж. 1.Көтерілген шаттығым, Ынтымақты ел іші. Желбіресе көк туым, Тәуелсіздік жемісі.  2.Қазақстан киелім, Қияға ұшар қыраным. Еркіндікті сүйемін, Мен тәуеллсіз ұланмын 3.Мен – қазақпын! Биікпін,байтақ елмін, Қайта тудым,өмірге қайта келдім. Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді,айта бергім. Ғалым 4. Бауырласып бір туысқан, Ұлттары көп жүзден астам,  Тілі түрлеп,діні оралған, Тәуелсіз ел­ Қазақстан   5.Отанды  Жас кәріміз де, Туған жер деп сүйеміз Өйткені онда бәріміз де Туып өмір сүреміз ҮІ. Ән:   Қазақстан. Қортынды: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.  Қазақ елі  еркіндікке жету үшін қаншама қиын­қыстау кезеңдерді бастан кешірді.  Мыңдаған жылдық тарихы бар.   Қазақстан тәуелсіздік алды.

Қазақстан 2050 стратегиясы

Қазақстан 2050 стратегиясы

Қазақстан 2050 стратегиясы

Қазақстан 2050 стратегиясы

Қазақстан 2050 стратегиясы

Қазақстан 2050 стратегиясы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.01.2018