Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.
Оценка 5

Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.

Оценка 5
Руководства для учителя
docx
химия +1
Взрослым
01.09.2017
Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.
21-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.
конференция1.docx
Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру. 21­ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –   Қазақстанның   жаңа   мүмкіндіктері”   еңбегінде   2020   жылға   қарай   қалалық,   сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  Жолдауында   білім   саласына   байланысты  «Орта   білім   жүйесінде   орта   мектептерді  Назарбаев зияткерлік   мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» – деген сөзі бар. Міне, Елбасының халыққа жолдаған Жолдауы қазіргі таңда жүзеге асырылып, білім саласында  үлкен өзгерістер болып жатыр. Соның бірі – орта білім беру мазмұнының жаңаруы.   мәлім. Бүгінгі   ғылым   мен   техниканың   қарыштап   даму   заманында   мектепте   дәстүрлі   оқыту технологиясының   оқушылардың   ғылым   негіздерін   мемлекеттік   стандарт   деңгейінде   толық меңгеруіне   кепілдік   бермей   отырғандығы   оқушылардың   білім   жетістіктерінің   нәтижелерінен көрінуде.   Сондықтан   оқу­тәрбие   үрдісін   жандандырудың   қазіргі   педтехнологияларын  жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты   бағыт­бағдар   берілуде.   Бүгінгі   таңда   мектептерде   оқу­тәрбие   үрдісінде   түрлі инновациялық   педагогикалық   технологиялардың   қолданылып   жүргені   Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс­әрекеттік тұрғыда жетілдіру   арқылы   оқушының   әрекеті­технологияны   қабылдауы,   оған   деген   ынтасы, құштарлығына   мұғалім   тарпынан   көңіл   бөлінуі   тиіс.  Сабақ   кезеңдерінде   қолданылатын стратегия:   Оқушылардың   таным   белсенділігін   «іске   қосып»,   одан   туындаған   ойды   шешуге бағыттау үшін, сол ойдың белгілі бір жақтары болуы керек және шығармашылық іздестіруге, ойлануға итермелейтін бастапқы мәліметтер болуы тиіс. Топтастыру (кластер) стратегиясында мәтіннің мәнін білдіретін бірліктерін жекелеп, белгілі бір ретпен сатылаған түрде сызбанұсқалық бейнелеу.   әртүрлі   жазулар   арқылы   оларды   категорияларға   біріктіріп,   ерекше   бөлініп орналастыру арқылы кез – келген нәрсені есімізде сақтаймыз. Мысалы: «Металл» сөзін естігенде көз   алдыңа   не   елестейді?   Алдымен   әр   оқушы   өз   ойымен   дәптерге   жазады,   жұппен,   топпен талдайды.   Әр   топпен   бірнеше   сөздерді   тақтаға   жазып,   соңынан   оны   топтайды.   Джигсо стратегиасын қолдануда мәтіннің көлемі үлкен, күрделі, ғылыми тұрғыда болуы керек. Себебі қарапайым мәтін болса, оқушылар тәжірибелік топсыз ақ өздері оқып тіпті жаттап алып айтып береді Түртіп алу жүйесі (инсерт) ­ оқушыларға дайын мәтін беріледі, оқып отырып “білетінім сәйкес келмеді”,” мен үшін жаңа” деген бөліктері бар кестені оқушылар толтырады. Кестені толтырып   болған   соң   оқушылар   топпен   өзара   пікір   алмасады.   Түсініксіз   жерін   мұғалім түсіндіреді   немесе   кітапханадан,   ақпарат   құралдарынан   іздеуге   үйге   тапсырма   береді.   Оған адамға аз таныс, әрбіреуін қызықтыратын академиялық мәтіндер, энциклопедиялық сипаттағы, яғни   құбылыстар   жайлы   мәліметтер   алуға   болады.   Мұғалім   ретінде   сын   тұрғысынан   ойлау жобасы бойынша берілген сабақты оқушының өз бетімен білім алып, алған білімді іс жүзінде дәлелдей   алатын   және   «үндемейтін»,   «енжар»   оқушының   қызығушылығын   оятып,   оны «сөйлетуге»   болады.   Онда   ДЖИГСО,   белгілер   әдісі,   венн   диаграммасы,   бес   жолды   өлең, топтастыру   әдістерін   қолдандым   және   жеке,   топтық,   рольдік   ойын   жұмыстарын   жүргізегу болады. Үй тапсырмасын «үндемей қалмау» ойыны түрінде ұйымдастырып, қай топта сұраққа жауап бермеген оқушы саны көп сол жеңіледі. Сабақты жарыс түрінде ұйымдастырып «үндемей» қалған баланы назардан тыс қалдырмай, қайта оның есебін алып, оны сол бала үшін топтың артта қалғанын  түйсігіне  жаймен  жеткізсе,  ол  оқушы  да  басқа  оқушылардан  қалмай  жауап  беруге тырысатынын   және   оған   топтағы   басқа   оқушылар   міндетті   түрде   көмектеседі.   Осының нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, білім деңгейінің артқандығын көруге болады. Химия   және   жаратылыстануды   табысты   оқыту   түрлері   мен   тәсілдері.  Оқу   үдерісінің тиімділігі көп жағдайда сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын және оқу   үдерісін   күшейтетін   оқыту   түрлері   мен   тәсілдеріне   байланысты   болады.   «Химия»   және «Жаратылыстану»   пәндерін   оқыту   тәжірибесінде   сабақ,   конференция,   дәріс,   практикум, экскурсия,   қосымша   факультативтік   сабақтар   арқылы   оқыту   түрлері   және   келесі   тәсілдер кеңінен қолданылады: әңгімелеу, әңгіме, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, эксперимент, экрандық оқу   құралын   көру,   тәжірибелік   жұмыс.   Сонымен   қатар   қазіргі   кезде   сабақтарда   модельдеу әдістері, ойша модель құрастыру, математикалық модельдеу әдістері де кеңінен қолданылады (Лакоба С.Е. және басқа авторлар, 2011). Сабақ – сыныпта оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі үлгісі   болып   табылады.   «Химия»   және   «Жаратылыстану»   пәндерін   оқуда   сабақтың   келесі түрлері   қолданылады:   жаңа   білімді   игеру   сабағы,   білімді   тәжірибеде   қолдану   сабағы,   өткен тақырыпты   пысықтау   және   қайталау   сабағы,   білімді   бақылау   және   жинақтау   сабағы,   аралас сабақ.   Сабақтың   түрі   сабақтың   дидактикалық   мақсаттарына   байланысты   таңдалады.   Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық оқу жұмысы арқылы оқыту түрлері сабақтың барлық түрлеріне ортақ болып табылады: ­ ­ ­ жеке – оқушының тапсырманы өздігінен орындауы; жұптық – «оқушы­оқушы», «мұғалім­оқушы» режіміндегі жұмыс; топтық  –  топ  мүшелерінің  санына  қарай  шағын  топтағы  (3­5 адам)  жұмыс  және жалпы   сыныптық   жұмыс   (бүкіл   сынып)   түрінде   өтуі   мүмкін,   мұнда   барлық   оқушы   бір тапсырманы (тақырыпты) немесе оның бір бөлігін орындайды; ­ ұжымдық, яғни құрамы ауысып отыратын жұптардағы жұмыс, мұнда әр оқушы жеке тақырыпты немесе тапсырманы орындайды және әр серіктесіне оны түсіндіреді. «Химия» пәні бойынша заманауи сабақ келесі талаптарды қанағаттандырады: ­ химия ғылымының соңғы заманауи жетістіктерін және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді қолдану, сабақты оқу­тәрбие үдерістерінің заңдылықтары негізінде құрылымдау; ­   химияны   оқытуда   кіріктірілген   бағыттарды   ескеру:   пәнішілік   және   жаратылыстану­ математикалық   және   қоғамдық­гуманитарлық   бағыттағы   басқа   оқу   пәндерімен   пәнаралық байланысты ұйымдастыру; ­   оқу   материалын   өмірмен   байланыстыру,   химиялық   заттар   және материалдармен,химиялық процестермен қауіпсіз байланыс жасау мәдениетін қалыптастыру; ­ сабақтың түсінікті болуын эстетикалық және эмоционалдық тұрғыда жарқын, қызықты теориялық және эксперименталдық айғақтармен қамтамасыз ету; ­ сабақтың оқушыға бағытталған басымдықтарын көрсету; ­ әрбір сабақты мұқият жоспарлау, құрылымдау және күтілетін нәтижені жоспарлау, т.б. Пәндерді оқытуда әңгімелеу әдісі кеңінен қолданылады. Әңгімелеу мазмұндаудың негізгі тәсілдерінің   бірі   (Лакоба   С.Е.   және   басқа   авторлар,   2011).   Мұғалім   әңгімелеу   арқылы материалдың   мазмұнын   түсіндіреді.   Химияны   оқытуда   түсіндіру   сабақ   уақытының   азғантай бөлігін алып, әдістемелік талаптарға сай келуі тиіс: 1) әңгіме қысқа болуы керек (5 ­ 15 минут); 2) әңгімелеу барысында жаңа терминдерге арнайы тоқталып, тақтаға жазу және қажет жағдайда оқушылардың дәптеріне жазып алуларына мүмкіндік беру керек; 3) рекция теңдеулерін тақтаға жазып көрсету, ал сабақта қолданылатын кестелер мен сызбаларды алдын ала дайындап, көрінетін жерге іліп қойған дұрыс; 4) мұғалімнің сөздері түсінікті және сөздерді орынсыз қайталау, бурмалау болмауы керек, 5) мұғалімнің әңгімелеуі/түсіндіруі эмоционалды тұрғыда әсерлі болуы тиіс; 6) мұғалім оқулықта берілген мәтінді сол күйінде қайталап айтуына болмайды. Дәріс­сабақ. Дәріс сабағы химиялық фактілерді ғылыми талдау, жалпылап, қорыту және кеңейтілген теориялық талқылау болып табылады. Әңгіме әдісі  оқу жұмысының сұрақ­жауап түріне жатады. Әңгіме – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын  меңгеруіне  жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды  қалай меңгергенін тексереді. Өздік жұмыс әдістері.  Өздік жұмыс  – бұл мұғалімнің бақылаумен қалыптасатын іс­ әрекеттері мен операциялардан тұратын, оқушылар қызметінің түрі. Оқушылардың   эксперименттік   жұмысы  оқытуда   айрықша   орын   алады,   пәнге қызығушылықты арттырады, оқудың мазмұнын кеңейтеді. Оқушылардың өздік жұмысы әсіресе зертханалық сабақтарда белсенді өтеді, мұнда әңгімелесу әдісі оқушы экспериментімен үйлесім табады.   Мысалы,   «ерігіштік»   ұғымын   зерделеу   кезінде   оқушылардың   калий   нитраттарының, кальций­гидроксидінің және шынының ерігіштігін зерттеу бойынша эксперименттік жұмыстары оларға барлық заттарды жақсы еритін, аз еритін, мүлде ерімейтін деген топтарға бөлуге болады деген   өзіндік   қорытынды   жасауға   мүмкіндік   береді.   Мұнда   мұғалімнің   рөлі   эксперименттік жұмысты басқаруға, зерттеу мақсаттары мен міндеттерін қою арқылы анықталады. Графикалық   көрнекілік   құралдармен   жұмыс:   элементтердің   периодтық   жүйесімен, ерігіштік   кестесімен,   металдардың   электрохимиялық   кернеу   қатарымен,   электртерістілік қатарымен және т.б. Оқулықпен   жұмыс  мектептегі   оқу   үдерісінде   үлкен   орын   алады.   Соңғы   уақытта оқушыларды оқулықтармен, қосымша оқу құралдарымен, пәннің оқу­әдістемелік кешені және ғылыми­көпшілік әдебиетпен жұмысқа үйретуге үлкен көңіл бөлінеді. Химия   есептерін   шығаруды  оқушылардың   химияны   оқу   кезіндегі   өздік   жұмыс   әдісі ретінде   қарастыруға   болады.   Химия   есептері   оқыту   сапасын   жетілдіруге,   білімді   бекітуге, пәнаралық байланысты орнатуға көмектеседі. Бақылау. Бұл сезу органдарының жұмысына сүйенетін, таным қызметінің белсенді әдісі. Химиялық   эксперимент  ұсынылған   болжамдардың   ақиқаттығын   тексеру   үшін,   оқу проблемаларын   шешу   үшін   пайдаланылады.   Эксперимент   арқылы   оқушылар   заттарды   және оларда болып жатқан өзгерістерді танып біледі. Химия бойынша  зертханалық тәжірибелер  жеке (барлық оқушылар тәжірибелерді жеке орындайды), топтық (бір үстелде отырған оқушылар бір жұмысты орындайды және олардың әрқайсысының   атқаратын   қызметтері   бөлістірілген),   ұжымдық   (әр   түрлі   үстелде   отырған оқушылар   тобы   әртүрлі   тәжірбие   жасайды,   соңында   өз   нәтижелері   туралы   баяндайды   да, ұжымдық қорытынды жасайды) болуы мүмкін. Практикалық   сабақтар  практикалық   машықтарды   қалыптастырудың   қатаң   жүйесін жасайды.   Мұндай   сабақтарда   бастапқыда   оқушылар   қыздыру   аспаптарымен,   зертханалық техникалық   құралдармен   жұмыс   істеу   машықтарын   меңгереді,   қауіпсіздік   ережелерімен танысады.   Одан   кейін   оқушылар   қарапайым   және   күрелі   заттардың   қасиеттерін ерттеумен,оларды зертханалық жағдайда алумен айланысады.  Көрсету тәжірибелері  мектеп экспериментінің тағы бір түрі болып табылады. Көрсету тәжірибелерін мұғалім жасайды. Ойша эксперимент  – бұл оқушылардың ойлау қабілеті арқылы тәжірибенің жекелеген сатыларын ойша жүзеге асыруды көздейтін оқу әдісі. Оны әртүрлі мазмұны сапалық есептерді шешу кезінде кеңінен қолданады. Модельдеу.  Әдіс   бойынша   қандай   да   бір   құбылысты   зерттеу   үшін   оның   оқушылар қарастыратын балама моделі жасалады. Модельдік түсініктер микроәлем объектілерін зерттеу кезінде пайдаланылады. Мысалы, электронды бұлтты жасап көрсету электронның моделі ретінде қызмет етеді. Экскурсия  оқуды   ұйымдастыру   түрі   ретінде   мектептегі   оқу   үдерісін   шынайы   өмірмен байланыстырады  және  оқушылардың  тікелей  бақылауы  арқылы  табиғи  ортадағы  заттар  және құбылыстармен танысуын қамтамасыз етеді. Проблемалық   жағдаят   туындату.   Оқуды   ұйымдастыру   әдістемесінде   проблемалық оқыту үлкен мәнге ие. Оның келесі маңызды элементтерін атап көрсетуге болады:   танымдық мәселені анықтауда проблемалық жағдаят туындату; ­   оқушылардың   танымдық   мәселенің   шешімін   іздеуге   және   жаңа   білімді   игеруге бағытталған дербес ойлау қызметін ұйымдастыру; ­ мәселені шешу және шығармашылық жаттығулар орындау барысында жаңа білімдерді игеру мақсатында оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту жолдарын түсінуі және игеруі. Жоба   әдісі.  Химия   сабағындағы   жобалық   жұмыс   мұғалім   мен   оқушының ынтымақтастығына,   шығармашылық   қабілетті   дамытуға   бағытталған,   үздіксіз   білім   беру үдерісіндегі   бағалаудың   бір   түрі   болып,   оқушылардың   кәсіби   маңызды   машықтарын   ерте қалыптастыруға мүмкіндік береді.  Бейнематериалдар. Экрандық   құралдармен   жұмыс.  Химияны   оқытуда   пәннің ерекшелігіне байланысты экрандық оқу материалдарын пайдалану үлкен маңызға ие. Экрандағы шынайы өндірістік үдерістер мен аппараттардың бейнесі, сондай­ақ анимация арқылы химиялық өзгерістерді көрсету мүмкіндігі химия сабақтарының тақырыбын ашуға бағалы көмегін тигізеді. Мультимедиалық таныстырылымдар. Білімді ақпараттандырудың дамуының заманауи кезеңінде,   химия   пәні   бойынша   оқу   материалдарын   ұсынудың   тиімді   құралдарының   бірі мультимедиялық таныстырылымдар болып табылады. Компьютерлік жүйелердегі графикалық көрнекі суреттер білім алушыға ақпаратты түсінікті беруге, оны түсінуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.   Химия   сабақтарында   мультимедиалық   таныстырылымдар   пайдалануға   негізделген графика қолданылған бағдарламалық өнімдер оқушылардың түйсігін, образды ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.

Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.

Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.

Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.

Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.

Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.

Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.

Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларға сапалы білім беру.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.09.2017