30билет
1. «Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты,кезеңдері және міндеттері.
Тарих )араб-зерттеу) – оқиғалар жөнінде әңгімелеу.Т- Басынан өткен заман туралы шежірелерді айту. Т - Адамзат баласының рухани тұғыра адам есебінде, ұлт ретінде өзге тіршілік жоғары иелеріне қасиетті құбылыс. Тарихты білу алдымен туып өскен өлкеңді, еліңді білуден басталады. Т – біздің еліміздің, құқық сананың құрсағынан алып шығатын бірден бір жол. Тарих адам рухына жасампаздық нәрін ерекше күш-қуат және жігер беретін қайнар көз. Ә.Марғұлан )археолог, этнограф, тарихшы, ғалым): таңбалы тастың ұлы атққа ие болуының себебі, бұл қазақтар ұлы мереке жасап ұран шақырып, бір ел болып қалған екен.
Мақсаты – ұлттық руға, тайпаға, жұзге бөліну үшін емес, оның тұтастығына, ортақ тілі, діні, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арн, ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ алу, болашаққа үмітпен қарап, зерделі болу. М - тек тарихи оқиғалармен, фактілермен таныстыру ғана емес, сондай-ақ адамның рухын тәрбиелеу болып табылады. М – Отанымыздың тарихы, киелі қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың , соның ішінде, әрқайысысымыздың ата-бабаларымыздың сапалықызметі нәтижесі екенін ұғындыру, ол біздің өміріміздің мәні, қоғам қомақты үлкен үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру.
Міндеті қазақстандық патриотизм мен ұлттық намыс қалыптастыру.
Қазақстан тарихынан кең көлемді дерек көздері бар. Оларды - археологиялық, ауызша, жазбаша, этнографиялық деп бөлуге болады.Археологиялық деректер: қару-жарактар, еңбек қүралдары, ыдыстар, архитектуралық ескерткіштер; этнографиялық: салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, наным-сенімдер; ауызша: жырлар, хисса-дастандар, аңыздар; жазбаша: көне түрік жазбалары(Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырлары), көне грек жазбалары(Герадот, Страбон еңбектері), парсы деректері("Авеста"), көп кездесетіні қытай(Сыма Цян) және орыс(П. И. Рычков, А.И. Левшин, В.В. Бартольд, В.В. Радлов) деректері. Қазақстанның объективті тарихын жасауда ауызша тарихнаманың (шежіре) маңызы өте жоғары. Өйткені ХХғ. 1-жартысына дейін жазбаша эдебиет көшпелілер қоғамында елеулі рөл атқарған жоқ. Кеңестік тарихнама тарихты материалистік түргыдан түсінуді үстанды. Ол тарихшылардан партиялық принципті қатаң сақтауды талап етті.
2. XVI – XVII ғғ. Қазақ хандығы мен Орыс мемлекетінің қарым–қатынасы.
Қазақ хандығы (XVI-XVII ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи-Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында олардың арасында едәуір саяси байланыстар болды. Орыс мемлекеті өзінің Шығыстағы мемлекеттік шараларын кеңейтуге мүдделік көрсетті.Мемлекеттік өкіметтің орталықтандырылуына және күшеюіне қарай көршілес жатқан шығыс мемлекеттерінің халықтарымен сауда айырбасынөзара қарым-қатынастың басқа да түрлерін дамытудың мүмкіндіктері едәуір арта түсті. Орыс мемлекетінің Қазақстанға деген ықыласы, әсіресе, 15-16 ғғ. Екінші жартысына бастап Ресей ортаазиялық хандықтарымен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатқаннан кейін қатты күшейді.
Ортаазиялық хандықтармен Қазақстан арқылы аралық сауда жолдарын дамытуға мүдделі болған көпестер керуендерінің өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты, ал орыс мемлекеті мұндағы саяси жағдайға және қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасына жанды ықылас білдіріп отырды. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар да қазақ хандарымен тікелей байланыс орнатуға талпынды. Бұл мақсатқа жетуде елшілік байланыстары үлкен рөлатқарды. Мысалы, Мәскеудің басшысы Иван ІҮ 1573 жылы Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігін қазақ даласына жіберді. Елшілік қазақтармен сауда жасасуды жөнге салу міндеті жүктелді. 1594 ж. Мәскеуге бірінші қазақ елшілігі келді. Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед орыс ұкіметімен достық келісімін жасасуға тапсырма алған болатын.
Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиямен байланыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жаңа қоныстаушыларды, көпестерді, елшіліктер мен әскери отрядтарды жіберумен қатар Қазақстанмен шекарасында нығайтылған бекініс пункттерін салуға қарқынды кірісті.
Орыс мемлекетімен неғұрлым сенімі қатынастар орнатуға сыртқы қауіп-қатер ұдей түскен жағдайда өзінің халықаралық позициясын нығайтуға ұмтылған қазақ хандығы да ынталылық көрсетті.
Жоңғар хандығының құрылық Кіндік Азияға елеулі өзгерістер енгізді. Билік жүргізуші феодалдық топтың мүддесін білдіруші, алысты болжайтын саясатшы Тәуке хан өз мемлекетінің шекараларын нығайтуға үзбей талпынды, Тәукенің Ресейге тілектестік қарым-қатынасы оның Ресеймен байланыс жасай отырып, Қазақстанның жағдайын нығайту ниетінен туған еді.
Жоңғар басқарушылары Ресеймен қарым-қатынаста аңысын андау позициясын ұстаса, қазақ рулары жөнінде өздерінің агрессиялық ниеттерін жасырмады. Солтүстік-шығыс шекараларындағы шиеленісті жағдай қазақ хандары мен сұлтандарын Петр І үкіметімен келіссөздер жүргізуге, сөйтіп, Сібірдің шекаралық өкіметі арқылы Ресеймен бір одақта Жоңғарияға соғысуға ниеттері бар екенін мәлімдеуге етті.
1717 жылы қазақтардың жекеленген басшылары, Қайып пенӘбілқайыр сұлтандар қазақ руларының сыртқы саяси жағдайының күрделілігін және сыртқы жаулар тарапынан нақты қатер төніптұрғанын ескеріп, Петр І-ге өздерін бодандыққа алуды өтіне сөзсалды. Ал ол Швециямен соғысудан қолы босамай жатқандықтан және қазақ руларының ішкі ырың-жырың мен өзара талас-тартысы туралы мәліметтері болғандықтан, қазақ істеріне араласуға тәуекел ете алмай, Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Жоңғариядағы оқиғаларды әзірше қадағалай тұруды жөн көрді. Петр І-дің Ресей мемлекеті құрамында қырғыз-қайсақ ордасының болуын қалаған ынта-ықыласы оның өз мемлекеті шептерін тек кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге Ресейдің шығыс шекараларын қауіпсіздендіруге талпынған ниетін білдіреді. Құпия істердегі аға тілмәш және кейіннен дипломат болған А.Тевкелев хаттарының бірінде былай деп жазады: «....императорлық ұлы мәртебелі тақсыр император Ұлы Петр парсы жорығынан оралысымен өзінің отаны Ресей империясы үшін ежелден есітіліп жүрген және ол уақыттары белгісіз дерлік қырғыз-қайсақ ордасын Ресейдің бодандығына алуды көздеген ниетін білдіруді қалады және де сол өз монархым әсіресе төменгі дәрежедегі мені соған ол орда дәл бодандыққа өтуді қаламаса, бір бет қағазбен Ресей империясының қолдауында болуға міндеттенгенше, зор шығындарға қарамастан, менің тіптен бір миллионға дейін (сом) ақшаны шығарсамда, тырысуым керектігін айтты».
3. Қазақ кеңес мемлекетінің құрылуы және дамуы. Қазақ автономиялы республикасының одақтас Республика болып қайта құрылуы.
Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы. Мәжіліс барлық Қазақ облыстарының басын бірікгіретін Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретгің жобасын талқылап бекітті. 1920 жылғы 26 тамызда РСФСР халық комиссарлары Советінің пред-седателі В.И.Ленин мен Советтердің бүкіл россиялық атқару комитетінің председателі М.И.Калинин Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойды. Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:
1. Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездерінен түратын Семей облысы.
2. Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері мен Омбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.
3. Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінен тұратын Торғай облысы.
4. Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратын Орал облысы.
5. Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстың Красноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші жене бесінші облыстар.
6. Астрахань губерниясының құрамында болып келген Бөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екінші Приморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.
"Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды.
4.
1936
жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің
Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі
заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. Он бір Одақтас
республикасының социалистік федерациясы құрамына автономиялы
республикадан одақтас республика етіп қайта
құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасы да енді.
Қазақ кеңес автономиялық
республикасының құрылуы
1920 жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылдады.
Қазақ республикасына Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысының Красноводск уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай болыстары, Астрахань губерниясындағы Синемор болысы, Бөкей ордасы, 1-ші және 2-ші Приморье округтарына шектес, қазақтар қоныстанған бұрынғы қазыналық жерлер кірді. 1920 жылғы 22 қыркүйекте Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің жаңа декреті бойынша ҚАКСР-ның құрамына Орынбор губерниясы енгізілді, ал Орынбор қаласы республиканың астанасы болды.
1920 жылдың 4–12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты. Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Мендешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В. Радус-Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді.
29билет
1. Қазақстан тарихын кезеңге бөлу мәселелері.
1Еж\тас-түрік\ 2Орта6-18 3Жана18-ксро 4қазір кеңес\тәулсз
Тас бзб 2,5млн-бзб 3мыңж
- Палеолит бзб 2,5млн – 45-35мыңж
---Төменгі п 2,5млн-100мыңж Орта 300-30мж Кейінгі 50-10мж
-Мезолит бзб10-15мыңж
-Неолит бзб15-3мыңж
-Энеолит)мыстас) бзб 3-2мыңж
Қола бзб 35\33 -13\11 ғ бзб2мың-900
-Ерте қ бзб18-16 -Орта 15-13 -Кейінгі бзб12-8
Темір бзб 8-бз6
-Ерте 8-3 Кейінгі 3-6
Қазақстан жеріндегі тас ғасыры.
Тас ғасыры – археологиялық дәуірге бөлуде алғашқы тас құралдарының пайда болуынан бастап, қола құралдарының шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі көне тас ғасыры – палеолит, өтпелі кезең – мезолит, жаңа тас ғасыры – неолит болып бөлінеді. Палеолиттің ерекшелігі Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің бір-біріне едәуір ұқсастығы болып табылады. Тас ғасырында тас құралдарымен қатар сүйектен, ағаштан жасалғандары да қолданылды. Ежелгі палеолит адамдары бірігіп аң аулады, бірігіп терімшілік етті. Ежелгі палеолит кезеңінде дінге сенушілік болған жоқ. Шелль және ашель дәуірінде питекантроптар, синантроптар, гейдельберг адамы өмір сүрді. Ортаңғы палеолиттің мүстье дәуірінде жаңа адамдар типі – неандертальдықтар қалыптасты.
Палеолит
Палеолит (гр. Palaios – ежелгі және lithos – тас) – ежелгі тас ғасыры. Б. з. б. 2,6 млн. жылдан – б. з. б. 10 мың жыл аралығын қамтиды. Палеолит ғылымда төменгі, ортаңғы және жоғарғы деп 3-ке бөлінеді. Төменгі немесе ежелгі палеолит шамамен б. з. б. 2 млн-нан 140 мың жылға, ортаңғы палеолит 140 мыңнан 40 мыңыншы, ал жоғарғы немесе кейінгі палеолит 40 мыңнан 10 мың жылдыққа дейін созылды. Палеолит екі кезеңге – ежелгі және соңғы палеолит деп бөлінеді. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (б. з. б. 2,6 млн. жыл – 700 мың жыл), ашель (б. з. б. 700 мың жыл – 150–120 мың жыл) және мустье (б. з. б. 150 – 120 мың жыл – 35 – 30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Соңғы палеолит б. з. б. 40 – 35 мыңжылдықтан басталып, 10 мыңжылмен аяқталады. Палеолиттің ерекшелігі Евразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің едәуір ұқсастығы болып табылады. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс жидектерді жинап, жануарларды аулаған. Төменгі палеолиттік ескерткіштер Қазақстанның Жамбыл облысындағы Қаратаудан 50-жылдары табылды (мұны тапқан Х. Алпысбаев). Бөріқазған, Тәңірқазған және Тоқалы 1,2,3, сонымен бірге Шу өзенінің оң жағалауындағы Қазанғап қоныстары белгілі. Бұл жерлерден көбінесе тастан жасалған шапқыштар табылған. Ортаңғы палеолиттің ескерткіштері Қазақстанның барлық аймағынан табылған Оңтүстік және Шығыс Қазақстаннан, Маңғыстау түбегінен мустье дәуірінің қоныстары табылған. Бұларға Сарысу өзені бойындағы Мұзбел, Ертіс өзені, Қанай ауылының маңындағы қоныстар жатады. Қазба жұмысы кезінде бизонның, ақбөкеннің, арқардың, жабайы жылқының, т. б. сүйектері, ал құралдардан қырғыштар, сүйір ұштықтар, пышақ тәріздес пластиналар ұшырасты. Жоғарғы палеолит ескерткіштері Орталық және Шығыс Қазақстаннан да табылған. Батпақ – 8, Семізбұғы, Қарабас – 3, Агренсор – 2 осындай ескерткіштер тобына жатады.
Мезолит (б. з. б. 12 – 5 мыңжылдық)
Мезолит (мезо – аралық және грекше lithos – тас) – орта тас ғасыры, палеолит пен неолиттің аралығындағы тас дәуіріне жататын археологиялық өтпелі кезең. Бұл терминді 19ғ-дың 70-жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О. М. Торелль енгізді. Еуропада шамамен б. з. б. 9 – 5 мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б. з. б. 10 – 7 мыңжылдықтарды қамтиды. Палеолиттен Мезолитке көшу климаттағы өзгерістер мұздықтардың еруімен байланысты. Қазақстан тұрғындарының өмірінде жеке аң аулау әдісі жетекші маңыз алды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ пен жебе. Мезолит кезеңіне жататын құралдар микролиттер – кішкене келген ұзындығы 1-., үшбұрышты, ромбы, трапеция, сегмент пішінді құралдар еді. Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1–3, Маятас, Бөген, т. б.), Қаратаудан (Соркөл, Шаханта, т. б.), Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко– 2), Атбасар маңынан (Тельман-7, -8а, — 9а, — 14а), Қарағанды маңында Сарыарқадан (Әкімбек және Қарағанды – 15), Көкшетау маңындағы далалық Шағалалы жағалауынан (Виноградовка – 2а, -12), Торғай ойпаңы ауданынан (Тұз, Дүзбай-6, т. б.), Қостанай қаласы маңынан (Дачная және Евгеньевка), Батыс Қазақстан облысынан (Сарыайдын, Шәуші, т. б.), Екібастұз төңірегінен (Талдыөзек 21, Шідерті, т. б.), Маңғыстаудан (Шақпақата – 2, Қызылсу – 1, т. б.) табылды.
Неолит (б. з. б. 5 – 3 мыңжылдық)
Неолит – жаңа тас дәуірі. Б. з. б. 7-мыңжылдықтың екінші жартысы мен 6-мыңжылдықтың басын қамтиды. Бұл тас өңдеу техникасының гүлденген кезі болды. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау, кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Әдемі тастардан әшекейлер – білезіктер, алқалар жасалды. Неолит дәуірінің маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына – өндіруші шаруашылық туындауы. Яғни, терімшілік, аң аулау орнына егін және мал шаруашылығы келе бастады. Аралдың солтүстігінде, Қазақстанның батыс, орталық және шығыс аудандарында неолиттік тұрақтардан қолға үйретілген сиыр, қой, ешкі, жылқы сүйектері табылды. Неолит дәуірінде кен кәсібінің бастамалары шығып, қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды. Неолит рулық қауым дәуірі болды. Онда ұжымдық еңбек пен өндіріс құрал- жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымен қатар тайпалар мен тайпалық бірлестіктер құрылды. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік деп 4-ке бөлінеді. Неолиттік ескерткіштерден Есіл өңіріндегі – Атбасар мен Торғай үстіртіндегі Маханжар мәдениетін, Ақмола облысындағы – Атбасар мәдениетін, Төлес мәдениеттерін, Оңтүстік Қазақстандағы – Қараүңгір, Атырау облысындағы – Шатпакөл, Құлсары – 1–5, Шаңдыауыл, Қыземшек, Жыланқабақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды тұрақтары, Маңғыстаудағы Шебір – 7, Сенек-1, -4, -5, -8, Үштаған-1, Семек-10, Ақтау қаласы маңындағы Қосқұдық-1, т. б. тұрақтарды айтуға болады.
Энеолит
Энеолит (лат. Aeneus – мыс және грекше lithos – тас) – тас және қола ғасырының аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б. з. б. 4–3 -мыңжылдық) тас – мыс кезеңі. Энеолит адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Осы кезеңде таспен қоса мыс құралдар да пайда бола бастайды. Бірақ мыстан жасалған құралдар тас құралдарды адам өмірінен біржолата ығыстырып шығара алмады. Себебі, мыс өте иілгіш, майысқыш болғандықтан мықты құралдар жасауға мүмкіндік болмады. Энеолитте тас индустриясы құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеліп соқтырған. Бірақ Қазақстан даласында энеолит басқаша көрініс берді. Мұнда тастарды пайдалану кері кеткен жоқ, керісінше жоғары деңгейіне көтеріле түсті. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалынғандары да пайда бола бастады. Адамдардың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Энеолит дәуірінде ауа-райы ылғалды болып, ірі сүтқоректілер көбейгендіктен аңшылар көшіп жүретін аумақтарын қысқартып, кейде бір жерге ұзақ уақыт шоғырлана да бастайды. Қоғамдық қарым– қатынасы – рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштері Иманбұрлық, Сексеуілді -1, -2 және Павлодарға жақын жерде, Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болды.
Қазақстан жеріндегі қола ғасыры.
Б. з. б. II мыңжылдықта мыс пен қалайының құймасы – қоланың шығуына байланысты тас құралдар металмен ауыстырыла бастады. Тас ғасыры аяқталып, қола дәуірі басталды. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б. з. б. 4- мыңжылдықтың аяғы мен б. з. б. 1 – мыңжылдықтың басын қамтиды.
Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған жерлердің атымен – Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Қазақстандық археологтардан қола дәуірі бойынша Орталық Қазақстанды Ә. Марғұлан мен К. Ақышев, Солтүстік Қазақстанды А. Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С. С. Чернигов пен А. Г. Максимова зерттеп, әр аймақтардағы өзгешеліктерді ашып көрсетті. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә. Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңі – ортаңғы; өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасу сатылары; соңғы кезеңі – өтпелі сәт пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінен тұрады.
Андронов мәдениеті (б. з. б.XVIII – VIII ғғ.)
«Андронов» мәдениеті Ачинск маңындағы Андронов деревнясының түбінде 1914 жылы табылды. Қола дәуірінде Сібірдің, Орал бойының, Қазақстан мен Орта Азияның кең байтақ далаларын шыққан тегі жағынан туыстас, тарихи тағдырлары сабақтас, арттарына өзіндік жарқын мәдениет қалдырған тайпалар мекендеген.
«Андроновтықтардың» негізгі тіршілік көзі әрқашанда мал шаруашылығы болды. «Андроновтықтардың» абіріне қойылған қыш құмыраларға қарағанда тұрғындардың негізгі тамағы сүт өнімдері болған. Мал ішінде, әсіресе, жылқы табындарын жоғары бағалаған.
Төрт дөңгелекті арбаға орнатылып, алыс қашықтықтарға көшуге бейімделген киіз үйлер пайда болды. Қабірге марқұммен бірге заттар қоса қойылды.
2. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары. Протекторат кезеңі.
Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары жеңіске жеткенімен ол табысты бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты бұл күреске Ресей империясы да тартылды.
Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды.Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс жүріп жаткан 1726 жылда Ресейге елші жіберіп, оның қол астына кіріге ұсыныс жасады. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.
1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Петербургке келді.
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.
1. Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.
2. Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.
3. қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.
4. Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды қайтаруы,ал қалмақтармен ж\е башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.
1731 жылдың соңына қарай Орта жүздің ханы Сәмеке Ресейдің қол астына өтті және оған адал болуға ант қабылдады. 1733 жылы Ұлы жүз тарапынан да Ресейдің құрамына кіруді сұраған алғашқы әрекет жасалды. Алайда Ұлы жүздің Ресей аумағынан алыс жатуы себепті 30-жылдары ол Ресейдің құрамына ене алған жоқ.
1740 жылы Орынборда Әбілқайырдың ара ағайындық етуімен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің қол астына өтті. Атап айтатын бір нәрсе - Ресейдің қол астына негізінен шекара шебіне таяу тұратын қазақтар өтті.
1731 жылы патша үкіметі Әбілқайырдың көмегімен Хиуа хандығын Ресейдің қол астына өткізуге әрекет жасап бақты. Бірақ Хиуа хандығы ол ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты. 1742 жылы Әбілқайырдың белсенді ара ағайындық көмегімен Орынбор қаласында Ресейдің қол астына 30 мың қарақалпақтар да өтті.
3.Қазақстан және Орта Азия республикаларының ұлттық–мемлекеттік межеленуі.
Орта Азияда Кеңестік республикаларының ұлттык мемлекеттік межеленуі және Кеңестік Қазақ Автономиялык республиканың құрылуы мен нығаюы (1920-1925 жж) Орта Азия Советтік республикаларының ұлттық-мемлекеттік жағынан межеленуі — ұлттық мемлекеттік құрылыстың аса маңызды актісі; Орта Азия, Қазақстан халықтарының өз еркімен ұлт саясаты негізінде 1924-1925 ж.ж. Совет мемлекеті жүзеге асырған территориялық-мемлекеттік қайта өзгеріс; одақтас советтік социалистік мемлекеттік құру кезеңдерінің бірі. Орта Азия халықтарының әрқайсы-сының өз тарихы, талай ғасырлардан бері келе жатқан ұлтгық дәстурлері мен ерекшеліктері бар. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қүрылған Түркістан АССР-ын, Бұқар және Хорезм Халықтық Совет Республикаларын Орта Азия халықтарының түр жағынан шыңдалған мемлекеттікқүрылымдары деп есептеледі. Сондықтан да ол РК(б)П-нің Түркістандағы міндетгері туралы ОК (Орталық Комитет) шешімінің жобасына жасалған ескертпелерінде былай деп жазды: "1) Түркістанның Өзбекстан, Қырғызстан жөне Түркістан өлкелеріне бөлінген картасын (этнографиялық және басқа) жасау тапсырылған. 2) Осы 3 бөліктің қосылу немесе бөліну шарттары егжей-тегжейлі анықталсын". Ол кезде Орта Азияны ұлттық жағынан межелеу үшінсаяси және әлеуметтік жағдайлар әлі жасала қоймаған еді. РСФСР қүрамына енген көп ұлттық Түркістан АССР-ның құрылуы Орта Азия халықтарының советтік ұлттық мемлекет жасаудағы алғашқы елеулі қадамы болды. ТүркістанАССР-нің саяси, экономикалық және мөдени дамуының шапшаң алға басуы Бұхар мен Хорезм еңбекшілерінің өз халық республикаларын социалистік республика етіп қайта құруға деген талабын күшейтті. Совет өкіметінің нығаюы,жұмысшылар мен диқандар одағының күшеюі, Азамат соғысының аяқталуы, халық шаруашылығын қалпына келтірудегі табыстар, Орта Азиядағы ұлтгық қатынастардың жаңа да әділ негізде үйлесуі мен жергілікті халықтарарасындағы достастықтың едеуір өсуі, совет қызметкерлерінің ұлттық кадрларының өсіп жетілуі Орта Азияда ұлтгық мемлекепік межелеудің аса маңызды алғы шартгарын жасады. Бұлардың нәтижесінде Бүхар мен Хорезмде аса ірі саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүзеге асырылды. 1923 жылдың қазанында Бүкш Хорезмдік құылтай жиналысы Хорезм Халықтық Совет Республикасын Советтік Социалистік Республика етіп қайта құруға қаулы алды, ал келесі жылы қыркүйекте Бүкілбұқаралық құрылтай жиналысы Бұхар Советтік Социалистік Республикасын жариялады. 1924 жылы ақпанда, наурызда Түркістан Бұхар және Хорезм Компартиялары Орталық Комиттеттерінің пленумдары мен партия-совет активтерінің кеңестері Орта Азияда ұлттық межелеу ісін жүргізуді жақтады. РК(б)П
Орталык Комитеті бұл мәселені карап, Түркістан, Бұхар және Хорезм Компартия ларьшың қызметін ретгеп отыратын РК(б)П Орталык Комитетінің Ортаазиялық бюросы мен жергілікті партия органдарына ұлттык межелеу жобасын әзірлеп, Орталык Комитетінің қарауьша ұсынуды тапсырды 1924 жылы 12 маусымда Саяси Бюро "Орта Азия республикаларын (Түркістанды, Бұхарды, Хорезмді) ұлттық межелеу туралы" қаулы қабылдады. Өлке халыктарыныңтілектері мен мүделерін еске ала келіп, Орталық Комитетінің Түркімен және Өзбек Советгік Социалистік Республикаларьш кұруды жақтады. РК(б)П Орталық Комитеті Түркістанның Қырғыз (қазақ) аудандарын Қырғыз (қазақ) АССР-мен біріктіру РСФСР күрамында Қара Қырғыз (қырғыз) автономиялы облысын, Өзбекстан ССР-і қүрамында Тәжік автономиялы облысын құру қажет деп тапты. ОрталықКомитет бұл одақтас республикалардың СССР күрамына енуін және Түрікменстан, Өзбекстан компартияларын құру туралы мәселені де карады. РК(б)П Орталық Комитетінің Ортаазиялық бюросы жанынан ұлттық-территориялық межелеу жөніндегі Орталық комиссиясы құрылып, оғанжаңадан құрылып жатқан барлық республикалар мен облыстардың өкілдері енді. Орта Азия республикаларын ұлттык межелеу жөніндегі шешімді Орта Азия халықтары зор қанағаттанғандықпен қарсы алды.
Бұл ұйғарымды бүкілхалыктык. талқылау көзінде еңбекшілер бұкарасы ұлтсаясатын бір ауыздан мақүлдады. Мүньщ өзі ұлтгық межелеу туралы шешімнің халық тілегіне сай екенін, бүқара ырқын баянды ететінін көрсетті. 1924 жылы күзге салым межелеуге әзірлік негізінен аяқталды. Сол жылы қыркүйекте Түркістан ОАҚ-нің төтенше сессиясы мен Советгердің Бүкілбұхаралық және Бүкілхорезмдік қүрылтай жиналыстары межелеу ісін Түркістан, Бұхар және Хорезм республикаларының үкіметгері арасындағы келісім негізінде жүргізу жөнінде бірауыздан қаулы қабылдады. Орта Азия республикаларын ұлттық межелеу жайында Я.Э.Рудзудактың сөзін тыңдай келіп РК(б)П Орталық Комитетінің Қазан (1924) Ішенумы Орта Азия партия, Совет ұйымдарының бұл бағыттағы жұмысы туралы хабарды мақұлдады. Өлкеде жүзеге асырылған орасан зор саяси және ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде Түркістан, Бұхар, Хорезм Советтік Республикаларының орнына: Өзбек Советгік Социалистік Республикасы, Түркімен Советтік Социалистік Республикасы, Тәжік Автономиясы Советтік Социалистік Республикасы (бастапқы Өзбек ССР-нің құрамында болды 1929 жылы желтоқсанда одақтас республика болып кайта құрылды). РСФСР құрамына енген Қара Қырғыз (қырғыз) автономиялы облысы (1926 жылдан АССР 1939 жылдан одақтас республика), ҚазССР-нің қүрамында Қарақалпақ автономиялы облысы (1932 жылы АССР болып қайта күрылып, РСФСР қүрамына енді, 1936 жылы Өзбек ССР күрамында) ұйымдасты. Бұрынғы быты-рап жатқан өзбек, түркімен, тәжік, қырғыз, қазак, қарақалпақ жерлері бірыңғай Советтік социалистік республикалар мен автономиялы облыстарға бірікті. Бұл арқылы Орта Азия халықтарының Советтік ұлттық мемлекеттігін одан әрі дамытуға жаңа қадам жасалды. 1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан советгерінің Қүрылтай сьезі 1920 жылғы 26 тамызда Ленин және Калинин қол қойған декрет негізінде РСФСР— дің қүрамывдағы Қазақ автономиялық Советгік СоциалистікРеспубликасының құрылғандығын жариялады. Ресми мәліметтер бойынша 1920 жылдың күзінде Қазақ АССР — нің жер көлемі 2,285,26 кв верста болып, халқының саны 4,068920 адамға жетті. Солардың ішінде қазақтар — 2,441360 немесе 60 проценті, орыстар — 1,627560 немесе 40 проценті1. Қазақ АССР-нің жариялануы Қазақ Совет мемлекетгігінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету жолындағы аса ірі оқиға болды. Алайда қазақтар мекендеген оңтүстік облыстар әлі де Түркістан республикасының қүрамында еді. Сонымен қатар қазақтардың айтарлықтай топтары Хорезм және Бүхара республикаларының территорияларында бытырап жатты. Олар Түркістан АССР-і тұрғындарының 19,3 процентіне, Бұхара республикасы тұрғындарының 1,5 және Хорезм тұрғындарының 3,5 процентіне тең болды. Ал Қазақ автономиялық республиканың қүрамына: Семей (Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері), Ақмола (Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері және Омбы уөзінің бір бөлігі), Торғай (Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғайуездері), Орал (Орал, Ілбішін, Темір, Гурьев уездері) облыстары сондай-ақ Маңғыстау уезі Закаспийоблысындағы Красноводск уездерінің төртінші және бесінші Адай болыстары, Астрахань губерниясының Каспий теңізі жағалауындағы Солтүстік шығыс бөлігі, Бөкей ордасы мен теңіз маңындағы округтердің болыстықтары енді. Совет өкіметі ешқандай да территориялық талас пен алауыздыққа жол бермей кейбір жекелеген жергілікті қызметкерлердің шовинистік және ұлтшылдық көзқарастарын тойтара отырып қазақ халқының біртұтас бірігу мәселесін осылайша әділ шешкен еді.
1921 жылы Ақмола мен Семей облысьшың Омбы уөзінен басқа жері Сібір ревкомының қарауынан алынып, Қазак, АССР-нің құрамына берідді. Сол жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Декреті бойынша Жайық пен Ертісөңірінде бүрьш казактарға тартып әперілген он шақырымдык шеп құраған жерлер қазақ халқына қайтарылды. Бұл жекелеген орыс жауапты қызметкерлерінің ызалы қарсылығын туғызды.
Республиканың құрамынан жекелеген уездерді тіпті губернияларды бөліп әкетуге әрекеттер жасалды, мысалы, 1921 жылы маусымда Орал губкомы казактардың правосын қорғау желеумен Жайықтың сол жақ жағалауында дақазақтарға қайтарылған он шақырымдық шеп қүрайтын жерді бермеу туралы хабарлады. Алайда партияның орталық комитеті мұндай өтінішті қабыддамай тастады. Ал РК(б) партиясының қазак, обкомының президиумы губкомыныңпозициясын саяси қателік ретінде айыптады. Сөйтіп губкомның қүрамына өзгерістер енгізілді. — Қостанай губерниясыңцағы кейбір басшы қызметкерлердіңтарапьшан да шовинистік әрекетгер көрінді. Ұлт саясатының мәнісін түсінбеген олар Қостанай уөзін Қазақ АССР-нан бөліп, Челябі губерниясына қосу туралы талап қойды. Алайда РК(б) II Орталық Комитеті және обком Қостанай губко-мының жұмысын зерттеп, басшы қызметкерлер тобының шовинистік көзқарасын айыптады. Сөйтіп губкомның хатшысы Шафет бастаған бұл топты қызметтен босатты. В.И.Лениннің басшылығымен Орта Азияны Ұлттық мемлекеттік межелеу, Оңтүстік Қазақставды Қазақ Республикасына қосу жөнінде үлкен әзірлік жұмыстары жүргізілді.
1918ж мамырда Түркістан автономиясы қүрамына кіріп кеткен Жетісу,Сыр-я облмен Каспий сырты аймағының тағдырын шешу де күн тәртібінде түрды. Бұл туралы 1920 жылы 11 қаңтарда Ақтөбеде өткен 1-шіБүкілқазақстандық конференцияда арнайы мәселе қаралды. Онда Ташкент қаласы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы болады деп жарияланды. Әрине бұл қата шешім еді. Ежелгі қазақ жерлері — Жетісу мен Сыр-я обл-н, Маңғыстау мен Красноводск уездерін Қазақ өлкесіне қосу мәселелерін Туркістан республикасы үкіметінің алдына қою үшінТашкентке Казревкомның арнаулы өкілі жіберілді. Сібір ревкомына қарап келген Акмола және Семей губернияларьш Қазақ республикасына қосу мәселелерін талкылау мақсатымен және осы екі облысты мекендеген қазақ еңбекшілерімен тығыз байланыс жасап, олардын талап тілектерін жете тусіну үшін Омбы мен Семей қалаларына да комитет өз өкілдерін аттандырды. Олар Қазақ республикасының түпкілікті шекараларын аныктауға байланысты келіссөздер жүргізді. Бұл салада Казревкомның жанынан құрьшған Қазақ АССР-нің мемлекеттік шекарасын анықтау жөніндегі комиссия қызметі аса маңызды болды. Оның алдына мынадай міңцетгер қойылды: өлкенің экономикалық, саяси және этнографиялықжағдайларына байланысты Қазақ Республикасына қосылуға тиіс байырғы территорияларды анықтау: республика шекарасын дәлдеп анықтау жөне оған байланысты Халық комиссарлары Советі мен бүкілқазакстандык Советгер съөзінеүсыныстар әзірлеу: көрші губерниялар мен Қазақстан Республикасы арасындағы шекара мен территорияға байланысты даулы мәселелер жөнівде қорытыңды беру және оларды тікелей шешу; республиканың ішкі әкімшілікбөлінуінің жобасын жасау тапсырылды.
В.И.Лениннің Түркістанды болашақта ұлтгық мемлекет-терге бөлу мүмкіндігі туралы ескертуі кептеген жан-жақты әзірлік жұмыстарынан кейін, 1924 жылы жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде СССР-дің құрамында Өзбек жәнеТүркімен Советтік Социалистік Республикалары, Өзбек ССР-нің қүрамында Тәжік АССР-і, РСФСР-дің қүрамында Қырғыз АССР-і қүрылып, бұрынғы Түркістан АССР-не қарап келген Жетісу және Сырдария облыстарьшың қазақтармекевдеген уездері Қазақ АССР-не қосылды. Атап айтқанда Қазақстанға Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, Әулиеата уездері мен Ташкент, Мырзашөл уездерінің және Самарқанд облысы Жизақ уөзініңкейір облыстары, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Піспек уөзінің қазақтар мекендеген аудандары қосылды. Қазақ АССР-нің жер көлемі 700 мың шаршы шақырымға, халқынын саны 1 млн. 468 мың адамғакөбейді. 1926 жылғы ресми мәлімеггер бойьшша республика халқының 61,3 проценті қазақтар болды.
1925ж 26каңтарда РКП(б) Ортлық Комитеті Қазақстанды аудандастырудың жаңа жобасын қарап, оны пысықтауға ВЦИК-тің Орталык, әкімшілік комиссиясына берді. Республиканын әкімшілік бөлінуін қайта құру осылайша аяқталды. Нәтижесінде Қазақ АССР-і губерния дәрежесіндегі Адай уөзінен, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария губерниялары мен кейін Өзбек ССР-і қүрамындағы Қарақалпақ АССР-і болып кайта күрылған Қарақалпақ автономиялы облысынан түратын болды.
1925ж ҚазақАССРнің астнасы Орынбордан Акмешітке көшірілуіне байланысты Орынбор қаласы мен онын төңірегіндегі аудандар РСФСР-дің қүрамына енді. 1925 жылғы 15-19 сәуірде республиканың жаңа астанасындаҚазақстан Советтерінің съезі тұңғыш рет Қазақстанның барлық аудандары еңбекшілерінің өкілдері қатысқан жағдавда өтті. Съезд халықтың шын аты — "қазақ" деген атауды қалпына келтірді және ресми республика Қазак, АССР-і болып аталатын болды. Оның астанасы Ақмешіт қаласы Қызылорда деп өзгертідці.
1929ж Республ астанасы Қызылордадан Алматыға ауыстырылды. Ал 1936 жылғы желтоқсанда Қазақ АССР-і одақтас Республика болып қайта қүрылды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы тарихидекларация, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. 1998ж 10 маусымда ҚР астанасы Астана (Ақмола) қаласына ауыстырыдды".
28билет
1. Қазақстан тарихын оқудың әдіснамасы.
Еліміздің Конституциясында қойылған бұл асыл мұраттар қоғамның материалдық алғышарттарымен қатар рухани игіліктерін де жасауды қажет етеді. Ол сөз жоқ халықтың білімін көтерумен тығыз байланысты. Бұл өз тарапынан мектептердің қызметін, әсіресе онда оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айрықша көңіл бөлінген. Аталған салаларда білім беруде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын білмейді. Халқының қадірін білмеген адам басқа халықтарды лайықты құрметтеуі мүмкін де емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық, Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шыға алмасымыз да ақиқат. Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыс жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын жақсы білуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Президені Нұрсұлтан Әбішұлының 1998 жылдың неліктен ұлттық тарих жылы деп жариялануы туралы айтқанын келтіру де орынды. «Бұл – тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл – … туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – … әрбір азамат… өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз».
Осы жағдайлар Қазақстан тарихын алдымен мектепте, сондай-ақ мамандық беретін басқа да орта оқу орындарында оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан мүлде жаңа деңгейге көтеру зор маңызға ие болып отыр.
Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде ресми түрде 1958-59 оқу жылынан бастап оқытылып келеді. Бірақ та тарих сабақтары КСРО тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген қайшылықтар орын алды. Олар: білім мазмұны мен Коммунистік партияның, Кеңес үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары; оқу бағдарламалары мен оқулықтар; білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың мүмкіндігі, жас ерекшелігі; оқыту әдістемесі талаптары мен курстың оқытылу жайы; пәннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы және басқа да қайшылықтар.
Осыған қарамастан соңғы отыз жылда мектепте Қазақстан тарихын оқытудың жеке мәселелері ғана зерттелді. Солардың нәтижесінде әдістемелік көрнекілік құралдарын дайындау және пайдалану (И.Қадірбеков), мәдениет тарихын оқыту әдістемесі (К.Каменир), тарихи-көркем әдебиетті пайдалану (К.Аманжолова), тарихи ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі (Е.Жевако), оқулықтардың ғылыми-әдістемелік негіздері (М.Зарифова), 5-сынып оқушыларында халықтар достығы жайлы білімдерді қалыптастыру әдістемесі туралы (Б.Әбдіғұлова) еңбектер жарық көрді. Оның аса маңызды проблемаларын, яғни білім мазмұнын анықтауға, оқыту әдістемесін тұтас қамтитын, немесе оны жетілдіріп, қалыптастыруға бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақ қоғамы, Қазақстан тарихының мектепте қашаннан бастап, қандай ретпен оқытылғанын, курстың қалыптасып даму үрдісін, оның барысында орын алған проблемалар мен тенденцияларды анықтап, талдап саралайтын да еңбектер жарияланған емес.
Кеңес мемлекетіндегі одақтас ұлттық республикалар мектептерінде өз республикалары тарихын оқытудың жеке проблемалары да ғылыми әдістемелік тұрғыдан зерттелді. Қазақ халқына тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діні ортақ түркі тілдес республикаларда осы курстың иқұылымы мен мазмұны, КСРО тарихымен байланыстыра оқытудың әдістемелік жолдары, патриоттық және интернационалдық тәрбие беру, оқыту әдістемесі мәселелері, сыныптан және мектептен тыс жұмыстар сияқты жеке проблемалары қарастырылып, олардың КСРО мектептерінде ұлт республикаларының тарихын оқыту әдістемесін жетілдіре түсуге пайдасы тигендігін жоққа шығармаймыз. Бірақ аталған зерттеулердің бәрі де кеңестік дәуірде 1980-жылдарға дейін жүргізілді, ал Қазақстан Республикаасының өзінің тәуелсіздік алғаннан бері тарихтың бұл курстарын оқытуда түбірлі өзгерістер, жаңалықтар болғаны белгілі.
1990-жылдардан бастап бұл курс дербес оқу пәніне айналып, оның білім мазмұны мен оқытуға бөлінген сағат саны 5-6 есе өскендіктен және де халыққа білім беру саласында дүниежүзілік білім стандартына сай, Қазақстан Республикасында болып жатқан маңызды өзгерістерге байланысты бұл пәнді мектепте оқыту әдістемесінің проблемасын шешудің қажеттілігі арта түсті.
Қазақ халқының ғасырлар бойы ту етіп ұстаған арманы орындалып, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы «Декларация» қабылдады. Онда, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолына түсетіні, ізгілікті, демократиялық, құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негіге алатыны айта келіп:
«Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту Қазақ ССР Мемлекеттігінің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады» деп көрсетіледі.
Бұл жағдайлар мектепте Қазақстан тарихын оқытуды мүлде жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Демек, пәннің оқыту мақсатын, білім мазмұнын өзгертуден бастап, бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін жаңарту күн тәртібіндегі маңызды мәселе екені түсінікті. Бұларда алдымен Қазақ, Қазақстан тарихын оқыту кезеңдерін, оның курс болып, қалыптасып жетілуін, соны қалыптастыруда қандай тенденциялар бел алды, мұның бәрі оқу жоспарларында, бағдарламаларда, оқулықтарда қалай көрініс тапты, оқытуда байқалған проблемалар қандай еді – деген мәселелерді шешкенде ғана жүзеге асыра аламыз. Сонымен қатар, мектептер мен мұғалімдердің талайдан жинақтаған тәжірибелерінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын ғылыми ой елегінен өткізу де келелі мәселелердің бірі. Осыдан кейін барып қана жаңа пән – Қазақстан тарихы әдістемесінің қалыптасуы деген маңызды ғылыми проблеманы шешуге болады.
Жарияланған мәселелерді талдаудың, зерттеу мәселесінің даму дәрежесінің көрсеткеніндей, проблеманың жүйелі зерттелмеуі қарама-қайшылықтарды тудыруда. Оларды шешу жолдарын қарастыру зерттеу проблемасын айқындайды.
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың жеке мәселелері ғана қарастырылып, бұл проблеманы зерттеуде жүйеліліктің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екенін дәлелдейді.[3.6б.]
Тарихтан белгілі, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін мектептерде тарих пәнін оқытуда қасаң марксизм идеялары басшылыққа алынып, мектептің таптық, партиялық болуы басты идеологиялық ұстаным ретінде қаралып келді. Траих пәнінен жаңа оқулықтар болмағандықтан, салыстырмалы түрде бұған дейін тәуірлеу делініп келген Виппер, Коваленский оқулықтары қайта басылды. Оларды пайдаланғанда Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, М.Н.Покровскийдің тарихты коммунистік рухта оқыту жөніндегі айтқан, жазған нұсқаулары басшылыққа алынды.
1921 жылдан бастап тарих пәні мектептің оқу жоспарынан дербес пән ретінде шығарылып, оның материалдары «Қоғамтану» пәнінің құрамына ендірілді. Оның бағдарламасы мен оқулықтарында азаматтық тарихқа, тарихи қайраткерлерге, тарихи оқиғаларға орын мүлде аз берілді. Мұның өзі оқушылардың тарихтан жүйелі, тиянақты білім алуына, оларда тарихи сананың ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтірді.
Белгілі әдіскер Тотай Тұрлығұл Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің даму, қалыптасу тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады, олар мынадай:
1-КЕЗЕҢ. Ы.Алтынсарин заманынан 1917 жылға дейінгі аралық. Мұнда кейінгі кезеңдерде осы курстың, пәннің оқыту әдістемесінің біртіндеп қалыптасуына осы алғашқы дәуірде қандай теориялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіздер жасалды деген сауалға жауап беріледі;
2-КЕЗЕҢ. 1917-1959 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстан мектептерінде тарихты оқыту әдістемесі, соның құрамында Қазақстан тарихы материалдарын оқыту әдістемесінің іргетасы қалана бастаған кезең;
3-КЕЗЕҢ. 1960-1990 жылдардың бас кезі. Бұл кезеңде Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына енгізілді. Білім мазмұны анықталып, бағдарламалары мен оқулықтары, әдістемелік құралдары жасалды, арнайы курсқа айналды, әдістемесінің негізі қаланған кез.
4-КЕЗЕҢ. Кеңестік дәуірдің ыдырауымен басталады. Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілуіне байланысты, оны оқыту әдістемесінің бұрынғыдан да жетіле түсіп, бүгінде дербес пән әдістемесі ретінде қалыптасып, жаңаша дами бастады.[3.24б.]
Қорыта келе айтпағымыз, өткен тарихымызды оқып білмеген болашақ ұрпақтың болашағы да бұлыңғыр болатыны баршаға аян. Осыдан да болар студент жастармен жас ұстаздарға тарих пәнін оқытуда тарихты оқыту пәнінің пәндік мақсат-міндеті мен пән ретіндегі даму кезеңдерімен, сол кезеңдердегі еліміздің өткен тарихын оқытудағы ақтандақтарын әдейі бұрмаланып саясаттандырылған кезеңдердің ара жігін ажырата білу, келешек жас маман оқытушы қауым үшін маңызды мәселе болып қалмақ. Өйткені, Отан тарихы – оны оқыту әдістемесі – бүкіл жастарға білікті маман болып қалыптасуымен қатар патриоттық тәрбие берудің негізі.
2.Әбілхайыр хан – саясаткер және тарихи тұлға.
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.[1]
Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі - Өсеке сұлтан одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған, Әбілқайыр осы Абдолла сұлтанның баласы.[2]
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.
18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады.
1731 жылы Ресей сыртқыістер министрлігінің М. Тевкелев бастаған елшілігі Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе деген жерде отырған Әбілқайырдың ордасына келіп, қазақ ұлысын Ресей құрамына алу туралы келіссөз жүргізді.
Әбілқайыр 1731 жылы қазанның 10 Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты 1738, 1740, 1742 жж. қайталады. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағыбашқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады.
Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған.
Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 km жерде.Кейін бұл жер «Хан моласы» аталды.
Әбілқайыр хан ескерткіші — Облыс әкімшілігінің үйі алдында 2000 жылы орнатылған.
3.Ф. Голощекиннің «Кіші қазан» идеологиялық доктринасы. Қздағы ұжымдастыру, оның зардаптары.
Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды дегенжаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.
Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер менбұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында
Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бұліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақэтносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.
Қазақстан тарихының тағылымдары үшін,брынғы КСРО-да жүргізіліп келген ұлт саясатын зерттеп, ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Егербүгін таңда кеңестік заман біржолата өткенге айналды, біз оны жеткілікті дәрежеде жақсы білеміз деп ойласақ — қатты қателесер едік. Біздің тарихи түсініктеріміз, әсіресе жаппай сан деңгейіндегі түсініктеріміз объективті емес, үзік-үзік екенін, көптеген тұрпайы социологиялық сүзгілерден өткізілгенін мойындауымыз керек.. Міне осыдан барып тұжырымдаудағы ұшқарылықтар—«ақтаңдақтарға» тек қана қара бояу жағудан бастап, таяудағы өткенді мінсіз етіп көрсетуге дейін орын алды. Осының екеуі де жаңарып жатқан қоғам үшін бірдей қауіпті, өйткені адамдардың наразылығын туғызғаннан басқа ештеңе де бермей, олардың парасатты шешімдер қабылдауына бөгет жасап, неше түрлі саяси жалдаптықтың негізіне айналады. Оның үстіне демократиялық институттарды енгізудің өзі жағдайды өздігінен түзеп, ұлтаралық қатынастар проблемаларын шешеді деп есептеу қате болар еді.
Бұрынғы жүйенің басты тарихи ағаттығы неде? оның себебі,тоталитарлық мемлекеттің аясына, оның үстіне пролетарлықинтернационализм туы астына бүтіндей халықтардың күшпен көшірілуінде жатыр. Ал іс жүзінде бұл ұлттық сана-сезімнің серіппесін ширықтыруға әкеп соқты. Қоғам капиталистік немесе социалистік даму жолын таңдап алса да,ұлттық сана-сезімді қорғау институттарын нығай-тып, дамытпайынша мемлекеттік құрылыстың сөзсіз күй-рейтінін тарих тағы бір көрсетіп берді.
Қазақстанның көп этносшылығы факторы ұлт проблематикасына ұдайы назар аударып отыруды талап етеді, өйткені елде тыныштық пенұлтаралық татулықты сақтау осыған тәуелді. Республикада ұлттардың өзгеше талап-тілектерін зерттеу, нәсіліне, ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретін, азаматтарды алалудың кез-келген пошымына тиым салатын конституциялық нормаларды қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіледі.
Осы заманғы ұлт саясатын жүргізе отырып, мемлекет Қазақстан халқының этностық құрамын және оның жасақталу процесін ескеріп отырады, ол процесстіпті де мамыражай болмағаны және белгілі.
Сараптылар берген баға бойынша революцияға дейінгі кезендегі шаруалар отарлауы көзінде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам көшіріліп әкелді. Ұжымдастыру көзінде КСРО-ның кіндік аудандарынан Қазақстанға кулак деп танылған 250 мың шаруа жер аударылды.Соғыс алдындағы жылдарда елдің түкпір-түкпіріне, негізінен европалық бөлігінен өнеркәсіптік құрылыс салуға деп 1 миллион 200мың адам көшірілді.
Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің сұмдық салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930-32жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге мүлдем көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейік. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын — бұл осында көшірілгендердің жалпы санымен бірдей дерлік. Ал1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адам ғана болды.
Халықтарды күштеп көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс көзінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер мұның үстіне 150мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдастырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде.
Соның нәтижесінде ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600 мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде, 3,5 миллион адам соңғы 40—50 жылдың ішінде келді.
Сонымен бір мезгілде сталиндік қылмысты ұжымдастырудың сұмдық салдарынан 2,5 миллиондай қазақ опат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегінен біржола көшіп кетті. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшін алапат сипаты болғанын көрсететін екі цифрді келтіруге болады: 1930 жылы республикада 5 млн. 873мың адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшірілді. Бірақ1933 жылға қарай онда халық саны небары 2млн.493 мың адам болды.
1. Қазақстан тарихы бойынша негізгі деректер.
Көне парсы деректері.Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі "Авеста"1 деген ісітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан.
Көне грек авторларының шығармалары. Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған антик (көне грек) авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты "тарихтың атасы" деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың мұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған "Тарих" атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі.
Қытай жазба деректері. Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140—87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы "Батыс өңір" деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды.
2.Абылай хан рөлінің күшеюі және Жоңғариядағы дағдарыс (XVIII ғ. ортасы.). Қазақ хандығының XVIII ғ. ІІ жартысындағы сыртқы және ішкі саясаты.
Галдан-Церен кезінде Жоңғария мықты империяға айналды, ол сол кезеңде Қытай империясымен бірнеше соғысына төзімділік ете алу фактісінің өзі айтып тұр. Галдан басқарған жылдары оның билігі Орталық Азияның үлкен аумағына таралды. Шығыс Түркістанның барлық аймағы мен халықтың еңбекқорлығы империя құрамына кірді. Қазақтарғ қырғыздар, оңтүстік-сібір түріктері жоңғар мүдделерінің басымдылығын мойындады. 1734 жылдан бастап Ұлы жүз, ал 1742 жылдан бастап Орта жүз өзінің билеушілерінің балаларынан аманат беруге мәжбүр болды.
Абылай тұтқынға алынғаннан кейін қазақтар Қаз дауысты Қазыбек би және Малайсары батырдың басшылығымен 90 би мен батырды жоңғар ордасына жібереді. Қазақтар мен қалмақтар арасындағы келіссөздер барысында кейбір уағдалысттыққа келді. Галдан және Абылай арасындағы келіссөздер мен өзара қарым-қатынастарға жататын мәліметтердің үлкен саны қазақ фольклорында сақталған. Абылайды әкелгенде, Галдан былай айтқан, деген әңгіме бар: «Мен сен сияқты Шарыш батыр үшін сені өлтіремін. Қандай тілегің бар?» Онда Абылай былай жауап берді: «Тақсыр, менің 3 тілегім бар. Бірінші, мен Шарышты шын жекпе-жек күресінде өлтірдім: ал сендер мені ұйқыда тұтқынға алдыңыз. Мен қазақтардың қалмақтармен соғысында қайтыс болуды армандадым. Екінші, қазақ көшпенді халық, отырықшы тұрмысқа үйренбеген халық. Мен оларды отырықшылыққа үйреткім келеді, оларға өз қалаларын қайтарғым келеді. Үшінші, менің тұқымымда әрбір ұрпақта бір ұлдан туды. Егер менің ұлды болмай өлсем, менің ұрпағым жойылып кетеді».
3.Қздағы индустриландыру: маңызы мен зардаптары.
1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз. 1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. 1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. 1930 жылдың басында республикадағы екпінділер саны 10 мыңнан асты. Әсіресе Т. Күзембаев, Ә.Мұрынбаев, М.Сағымбеков, С.Өтебаев, Б.Нұрмағамбетов, З.Табылдинова, А. Сафин және тағы басқа қазақ еңбеккерлері еңбек даңқына бөленді.
26билет
1. Қазақстан тарихының тарихнамасы.
XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қаралуы, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.
XVIII ғасырдың бас кезі қазақтар үшін сыртқы саяси жағдайдын қиындауымен ерекшеленеді. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан — Ресей мемлекетінің, шығыстан — жоңғарлардың, оңтүстіктен — Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Сонымен бірге қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты кұбылыстар өpic алды: көшпелі қжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік құрылымдары жолындағы ішкі саяси күрес күшейді, сол жылдарда қазіргі Қазақстан аумағында «барша жұртқа қарсы баршаның соғысын» бастаған «келте хан» дейтіндер бас көтерген еді. Бұл соғыстар мемлекеттің экономикалық негізін әлсіретті, оның материалдық ресурстарын азайтып, адамдар шығынын көбейтті. Бұл дәстүрлі көшіп-қону жолдарының өзгеруіне және жалпы алғанда көшіп жүру жүйесінің бұзылуына әкеп соқты. Ақырында, қазақ қоғамының дамуындағы келеңсіз оқиғалар мен қайшылықтардың шырқау шегіне жеткен кезеңі Қазақстан тарихына «Ақтабан шұбырынды» деген атпен енген 1723—1727 жылдар болды.
Қазақстанның еткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу максатымен колданылған шаралар маңыз-ды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде 1707 жылы Тобыл бояры-ның ұлы С. Ремезов жазған «Сібірдін сызба кітабы» жарық көрді. Онда гео-графиялық деректермен катар, қазақ даласының археологиялык ескерт-кіштері туралы мәліметтер де келтірілген.
2. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақ–қытай байланыстары.
Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Пекинде, ҚХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. 1998 жылы 3 шілдеде Шанхай келісіміне қатысушы – 5 ел басшылары Алматыда бас қосты. Сауда байланыстары тез өсіп келеді. Соңғы жылдары Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу (яғни Ұлы Жібек жолын қайта дамыту) перспективалары қаралуда.
2008 жылы экспорт 37% өсіп және 7,7 млрд. АҚШ долларын құрады, экспорттың 66% кең экономикалақ санат бойынша жіктеуге сәйкес келетін шикізат тауарлары құрады. (КЭЖ) ҚР Қытайға шикізат экспортының құрылымы келесідей түрде көрініс алады: 53% — шикі мұнай өнімдері, 8% — кен мен темір қосындысы, хром, жез, 5% — басқалары. 2008 жылы Қытайға Қазақстанның жалпы экспорт көлемінің 90% аса азғана құрайтын тауарлар 1 кестеде ұсынылған.
3. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аудару. Большевиктердің жазалау шараларының бірі.
КСРО-дағы жаппай қуғын-сүрпн жылдарында 3 млн астам адам жер аударылды. «Сенімсіз халықтар» қоныстанған арнайы аудандар - солтүстік облыстар, Сібір, Орал, Орта Азия және Қазақ жері болды. Бұл халықтардың ең көп белігі Қазақжері мен Сібірге қоныстандырылды. Қазақстан Республи-касының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясында жасаған баяндамасында жер аударылғандардың санының 1 миллион 200 мың екендігі туралы дерек келтірді.
Қазақ жеріне немістердің 38%-ы, шешен мен ингуштардың 83%-ы, кәрістөрдің59%-ы, балқарлардың55%-ы, қарашайлардың 58%-ы, гректердің 76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. Қоныстанушылар іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды және ІІХК-нің мынадай нұсқауларын орындады: «құпия тапсырмалар бойынша шет мем-лекеттің агенттерімен байланыс жасамау үшін «сенімсіз халықтарды» ше-гаралық аймақтарға орналастырмау»; «қашып кетпес үшін теміржолдардан алыс жерлерге орналастыру»; «бақылауға ыңғайлы болу үшін топтарымен орналастыру». Сонымен бірге олар әрдайым комендатураға барып, белп-леніп тұруы тиіс болды.
Күштеп қоныстандырудың зардабы өлшеусіз еді, оны басынан еткізген-дер ешқашан ұмытпайды. Бұрын емір сүрген жерлерінде олар барлықдүние-мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халықтарды», оның ішінде қарттар, әйелдер мен балаларды мал таситын немесе тауар таси-тын вагондармен әкелді. Егер жауапты адамдарға болмашы ғана наразы-лық білдірген жағдайда, сол жерде, тіпті пойыз жүріп келе жатып немесе аялдаған жерде, жазалайтын болған. Қазақстанда қоныстанушылар клубтар-ға, бос қалған мешіттерге, ат қораларға, шошқа қораларға, қоймаларға ор-наластырылып, мұндай орындар да жетпей қалғандары ашық аспан астын-да өздеріне жертөлелер қазып алды. Қоныстанушылар арасында эпидемия-лық жұқпалы аурулар - іш аурулары, қызылша, дизентерия кең тарап, оба және тырысқақ аурулары, бит басу күшеиіп кетті. 1941 жылғы 28 тамыздағы КСРО Жоғары Кеңесі тералқасының «Еділ бойында түратын немістердің қоныстарын аудару» туралы жарлықта: «Мыңдаған лаңкестер мен тыңшылар бар, олар Германиядан келетін хабар бойынша жарылыстар ұйымдастыруды көздейді», яғни КСРО-ға қарсы бағыт-талған әрекет жасауда деп керсетілген.
25билет
Қазақстан тас ғасыры кезеңінде. Кезеңнің ерекшеліктері. Шаруашылығы мен әлеуметтік ұйымдастырылуы.
Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған. Палеолит. Ежелгі тас ғасыры. а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл. ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл. б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл. в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық. Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар. Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады. Ерекшелігі: Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады. Шаруашылығы: Неолит кезеңінің ең маңызды белгілерінің бірі - ол табиғаттағы дайын өнімді алу шаруашылығын ауыстырған малшылық пен егіншіліктің пайда болуы еді. Шаруашылықтың осы жаңа түрлерінің пайда болуының адамдар қоғамының дамуында орасан зор маңызы болды, адамның еңбек ету аясын кеңейтті және де оның мінезін сапалы түрде өзгертті. Осы кезде тау-кен ісі алғашқы бастау алады. Қыш құмыра жасау, тоқымашылық дамиды. Неолит кезеңінің әлеуметтік жағдайында рулық қоғам өмір сүрді, онда ұжымдық еңбек және өндіріс құралдарына жалпы меншік билік етті. Сонымен бірге бұл кезеңде қоғамдық ұйымдастыру формаларының жоғары дамуы орын алды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас туыстар біріккен, шаруашылықтары да біріңғай сипатты бірнеше рулық қоғамдардан, яғни рулықтардан тұрды. Әлеуметтік ұйымдастырылуы: Неолит кезеңінің басталуы б.з.д. 7-мыңжылдықтың екінші жартысына және 6-мыңжылдықтың басына сәйкес келеді. Бұл - тас өңдеу техникасының гүлденген кезі. Еңбек құралдарын өндірудегі орасан зор мамандандыру өтіп жатты. Сығып өңдеу техникасын жетілдірумен қатар, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері толығынан қалыптасты: жалтыратып өңдеу, бұрғылау және аралау. Тас балталар, шоттар, дәнүккіштер, келі, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентиниттен және де тастың басқа да түрлерінен көптеген әшекейлер - білезік, алкалар дайындау өрбіді.
1. XV – XVIII ғғ. қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы.
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы (қой өсіру, негізінен қылшық жүнді және құйрықты тұқымдар, ірі қара мал), соның ішінде жылқы өсіру және түйе өсіру. Қазақтардың қоныстанған аумағының басым бөлігінің аридты сипатына байланысты егін шаруашылығы негізінен қосалқы болған, ал су ресурстары мол жерлерде тіпті жарыспалы шаруашылық болып табылған. Қазақтар малды қорада бағу үшін жем-шөп дайындамаған. Мал жазда да, қыста да ашық жайылымда жайылған. Бұл көшпелі жүйенің бірегейлігі қазақтар күн мен көк шөптің артынан көшкендігінде: жазды олар солтүстік ендіктерде өткізген (шұрайлы жайылымдары көп, салқын климатты жерлерде), ал қысты – тау етектері мен жартылай шөлейтті оңтүстік аймақтарда (жер бедері аңызақ желден қорғайтын және жайылымдардағы қар қабаты қалың емес жерлерде) өткізетін болған. Ресейдің қол астына кірген соң және жайылымдық жерлер мен су қоймаларының біртіндеп қысқаруы халықтың әлеуметтік межеленуіне және олардың біртіндеп отырықшылануына алып келді.
2. 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Қазақстан – майданның қуатты арсеналы.
Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Герман империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссариаттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып-жою жолына осылай түсті. Ал Кеңес адамдарының патриоттық сезімі,бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өзі еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Елімізде 2 млн-нан астам адам міндетті әскери даярлықтан өтті. Майдандағы Қызыл Армия қатарына 1200000-ға жуық (1196164) қазақстандық аттанды.Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оқу орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16000 әскери офицер даярланды. 42000 қазақстандық әскери училищеде оқыды.
6 илет
24билет
1.Қазақстан аумағындағы қола дәуірі.Қола дәуірінің ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдастырылуы.
Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі: 1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. 2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ. 3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. Ерекшелігі: Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы). Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы. Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы. Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті. Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған. Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген.
2.Дәстүрлі қазақ мәдениеті (XV – XVIII ғғ.).
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті эпос жанрын алайық. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де – осы эпостарымыз. Кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда – поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Қолөнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Скифтің алтынмен апталған, күміспен күптелген дүние мүліктерінен бастап, өзіміздің күні кешеге дейін әке-шешеміз тіккен киіз үй – қолөнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т.б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Қолөнердің ұлы туындысы – киіз үй. Музыкалық мәдениет. Қорқыттың бергі жағында Шыңғыс ханның алдында күй тартқан – найман Кетбұға күйші. Күйшінің он үшінші ғасырдағы «Ақсақ құлан» күйінің бізге он варианты жетті. Осы орайда айта кетейін, қазір Европа кітапханасында тұрған «Кодекс Куманикус» кітабында сол Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйінің ноталық жазбасы бар. Қазақ музыкасына үлес қосқан еврей зерттеуші Борис Григориевич Ержакович ескі нотадағы аталған музыканы бүгінгі нотаға түсіргенде «Ақсақ құлан» күйі шығады. Күйді алғаш рет М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында істеп жүрген кезімде естідім. Кетбұғадан кейін сары Салтық, одан бері қарай Байжігіт, кешегі Абылай хан кезіндегі атақты күйшілер, XIX ғасырдағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Тәттімбет сияқты ондаған-жүздеген классикалық күйшілер өткен.
3.Ұлы Отан соғыс майдандарыңдағы қазақстандықтардың ерен ерлігі.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты.
23билет
1. Ерте көшпелі кезең. Скиф–сақ кезеңі. Әлеуметтік ұйымдастырылуы, шаруашылығы, кезеңнің ерекшелігі.
Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Жұрт темірді пайдасына жаратып, атқа ауыздық салуды үйренген, сөйтіп, атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлікке айналдырған ірі бай-феодалдар қоғамдағы ықпалды күшке айнала берді. Әскер басшыларының және батырлардың рөлі артып, соғыссыз уақытта олар малдарын көбейтіп, байып, халықты биледі.Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.Кирдің Орта Азиядағы басқыншылык жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486 жылдары жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды.. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының "өлмейтін он мың" деп аталатын ұланының кұрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V ғасырдың басында /500-449 жж./ ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.Кирдің Орта Азиядағы басқыншылык жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486 жылдары жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының "өлмейтін он мың" деп аталатын ұланының кұрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V ғасырдың басында /500-449 жж./ ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.
2. XV – XVII ғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымдастырылуы.
Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы: а) хан мен сұлтандардың әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; б) діни адамдардың әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; в) ру беделдерінің би батыр бай әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; г) шаруа, төлеңгіт, құлдрдың құқықтық мәртебесі
Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді.
Сұлтандар. Ханнан кейін жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ тек Шыңғыс ханнан тарағандарға берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар жергілікті әкімшілік билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де тізгінін ұстады.</h4> Сұлтанның билігінің осылай саяси да территориялық та маңызы болды. Қазақ қоғамы ақсүйек және қарасүйек деп екіге бөлінді. Ақсүйектерге Шыңғыс ханнан тараған ұрпақтар төрелер жатты. Төрелерден сұлтандар мен хандар шықты. Мұндай бөлу Шыңғыс ұрпақтарының билігін мәңгілендіру және олардың артықшылығын рәсімдеу арқылы жүзеге асырылды. Ақсүйектердің екінші тобын қожалар құрады. Қожалар қоғамдағы рухани сала-ислам дінін алғашқы таратушылардың ұрпақтары. Қожалар ислам дінін насихаттаумен, молдалықпен, діни оқу-ағарту ісімен айналысты.
Билер. Қазақ қоғамында ерекше рөль атқарған топ билер. Би қоғамдағы аса маңызды лауазым иесі, беделді адам болды. Би бұрынғы бек атауының өзгерген түрі деген пікір бар. Билердің билігі жан-жақты болған. Біріншіден, ол атына сай билік құрушы, әкімшілік құқығы бар лауазым иесі. Бұл тұрғыда билер рулар мен тайпаларды немесе белгілі бір өңірді билеуші адам. Екіншіден, билер даладағы сот процессуалдық істерді жүргізіп, үкім, шешім шығарушы немесе тергеу ісі мен сот ісін жүргізуші. Олар қазақтардың әдет-ғұрып құқығының ғана емес, шариғаттың да білгірі. Үшіншден, билер соғыс жағдайында әскер басы, дипломатиялық, елшілік қызметтер де атқарды. Билердің бәрі де сқан зерек, шешен, ақылдығымен ерекшеленетін.
Көшпелілер арасында ежелден соғыстар көп болды. Қоғамдық өмірдің өзі де жартылай әскериленген сипат алған еді. Қазақ қоғамы кез келген жағдайда сыртқы жауға тойтарыс беруге даяр тұрды. Осындай жағдайда халықты отан қорғауға бастайтын ерекше әлеуметтік топ батырлар қалыптасты.
Қазақ қоғамында үстем тап өкілдерінің негізгі көпшілігі байлар болды. Қазақ байлары ірі мал иелері. Байлар сондай-ақ байлығының арқасында үлкен жайылымдар мен тоғандарға иелік еткен.
Шаруалар. Қазақ қоғамының көпшілік бөлігін шаруалар құрды. Шаруа жеке басы тәуелсіз ерікті қоғам мүшесі. Шаруашының жеке шаруашылығы өзіне қажетті малы болды. Шаруалардың кейбір бөлігі егіншілікпен айналысты. Қолөнермен кәсіп қылған шаруалар да болды. Шаруалардың кейбір өкілдері аңшылықпен және балық аулаумен күн көрді.
Қоңсы шаруалар ауқатты ауылдарға қоңсы қонып, байлардың, би, сұлтандардың малын бағып, солардың көмегімен көшіп-қонып жүрген кедей шаруалар тобы болды.
Қазақ қоғамының ең қорғансыз және мал-мүлкі, үй-жайы, тіпті отбасы да жоқ тобы байғұстар деп атады.
Ерекше әлеулеметтік топ төлеңгеттер деп атады. Олар жаугершілік жағдайда хан, сұлтандар, билер мен батырлардың төңірегіне олардың нөкерлері ретінде топталды. Бейбіт кезде олардың шаруашылығын қамтамасыз етті, салық жинау мен хабаршылардың жұмысын атқарды.
Қазақ қоғамында патриархалдық (үй шаруашылығындағы) құлдық та болды. Құлдың ешқандай құқығы да еркі де болмады. Қожайыны құлды қандай жазаға тартса да, сатса да ерікті болды. Құлдың құны бір аңшы ит немесе аңшы құсқа теңеліп те кете берді. Құлдың әйелін немесе құлдыққа түскен әйелдерді кұң деп атады. Құлға тұтқынға түскендер, борышқа батқандар түсті. Құлдардың саны көп болмаған және олар материалдық игіліктерді молайтуға ерекше үлес қоспаған.
Құлдың өмірі ауыр болғанымен уақыт өте құлдықтан босату жиі кездескен. Мұның өзі қазақ қоғамының адамгершілік жақтарын көрсететін құбылыстар.
3. Соғыс жылдарынан кейінгі Қазақстан. Тың және тыңайған жерлерді игеру: маңызы мен зардаптары.
Кеңес өкіметінің ХХғ саяси және экономикалық мән берілген ірі шараларының бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру болатын. Тың және тығайған жерлерді игеру Кеңес Одағы көлемінде үлкен көші-қон процесін туғызды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3)1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды;4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1 млрд. немесе одан да артық астық өткізді. Қазақстан КП ОК-нің XX Пленумында (1990 жыл) белгілі ғалым Мэхлис Сүлейменовтың айтканындай, шын мәнінде мол астық табиғаттың қолайлы болған жылдарында ғана алынды. Тың игеру басталғанға дейінгі Қазакстанда (1953 жыл) 2 960 ұжымшар мен 219 кеңшар болса, кейін керісінше кеңшар 2 122-ге жетіп, 394 ұжымшар әрекет етті. Тың жылдары кеңшарлар 127,3 мың трактор, 46,2 мың астық комбайнын, 29,6 мың жүк автомобильдері мен арнайы тасу көліктерін, 45,1 мың тракторлык жер жырту сокасын, 74,4 мың себу мәшинелерін т.б. алды.Тың игерудің жағымды жақтары:1) Қазақстан елдің астық балансын нығайтуда елеулі рөл атқарды.Республика бидайдын бағадьққатты және кушті сорттарын өндірудің орта лығына айналды. Аталған бидай сорттарынын 60%-ы тың өлкесінде өсірілді.1954-І977жылдараралығында республикадаауыл шаруашылығынын барлыксалаларына 21,1 млрд. сом каржы жұмсалып, шығын 27,2 млрд. сом болып өтелді.Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды: тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. ғектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді; Қазақстан топырағы жайындагы 50-жылғы мағлуматтар үстірт және түзілген жер қыртысының картасы сапасыз болды.тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бузылуы. жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларыла тақап жыртылды;егістік көлемін ұлғайтудың салдарынан жайылым жер қыскарды. Асыра сілтеушілікке бой ұрмай Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді жырту көлемі ары кеткенде 10-12 млн. гектардан аспағанда оны интенсивті даму жолына түсіру әлдеқайда оңайтайлы болып, 13 млн. гектардан астам құнарлы жерлер шабындықтар мен жайылымдықтар үшін сақталып, бұл, өз кезегінде, мал басының дамуына жағдай жасады.
22билет
1. Еуропа, Орта және Орталық Азиядағы ғұн мемлекеттері. Халықтардың ұлы көшіп-қонуы және оның әлемдік тарихтағы маңызы.
Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды.. Ғұндар еліндегі үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.
2. Патшалық өкімет соғыс экспансиясының күшеюі. Ұлы және Орта жүздерді басып алуы.
XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді.
Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнатып, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді.
Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда «Святая Наталья» галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды. 1715 жылдың шілдесінде, өз құрамында 2797 адамнан тұратын И.Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты.
Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез көбейді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.
Экономикалық мешеулікпен, феодалдық бытыраңқылықпен қатар Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамуын тежеген факторлардың бірі сыртқы саяси қауіп болды.
Халық үшін осы ауыр жағдайда қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды.
Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық және Сібір қазақтарының қоршауында шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Россия империясы сияқты одақтас іздеуге мәжбүр болды.
Кіші жүздің Россия құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр бастаған хан партиясы елеулі роль атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтардан гөрі дұрыс бағалап, бірінші кезекте Кіші жүзде Россия құрамына қосқан жағдайда Россияның көмегімен ғана Жоңғария, сондай-ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп-қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді.
XVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін султан болып жүрген кезінде Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. «Ақылы жеткілікті және қулықтан да адал емес адам» - деп ол жөнінде А.И.Тевкелев осындай пікір айтқан. Ол ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделерін басшылыққа алып, екінші жағынан Россия әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруға ұмтылды, атақты Тәуке ханның заманында болғанындай, өзі билеген хандықтың жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіретті зардабын тигізетін жоңғар басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге тырысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған Әбілқайыр 1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі арқылы Петербургке елші жібереді.
Орта жүздің Россия бодандығын қабылдау 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Россия империясының құрамына кіретінін білдіріп, ант беріп, «өзінің мөрін басты».
Россия патшасының Кіші жүзді қоластына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр әйел патша Анна Иоанновнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қоластына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Қангелді батыр жеткізді. Мұның өзі Россия құрамына енуге Ұлы жүз тарапынан жасалған алғашқы әрекет болды.
1734 жылы 10 тамызда Россия патшасы Ұлы жүзді Россия құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, Ұлы жүз хандығына “ Сіздерді қоластымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз”. –деген қағаз жіберді. Алайда Ұлы жүздің Россиядан шалғайлығы сондай-ақ оның Жоңғариямен мейлінше күрделі әрі шиелініскен қарым – қатынас қазақ жерлерінің Россия құрамына енуін іс жүзінде асыруға кедергі келтірді. Оның үстіне Ұлы жүздің Россияға қосылуын белсене жақтаушылардың бірі Жолбарыс хан 1740 жылдың 5 сәуірінде опасыздықпен өлтірілді.
3. «Хрущевтік жылымық» кезеңіндегі Қазақстан: экономикалық реформалар және қоғамдық–саяси өмірді демократияландыру.
Н. С. Хрущевтің баяндамасында жеке баска табынушылықтың пайда болу себептеріне, оның мәні мен сипатына, зардаптарына баға беруге әрекет жасалды. Съезд көпшілік бұқараға өкімет билігін жүзеге асырып отырған жүйенің шынайы бейнесін ашып көрсетпеуге шешім қабылдады. Тек КОКПОК-нің «Жеке адамга табынушылық және оның зардаптары туралы» (маусым, 1956 жыл) қаулысы дайындалды. Онда жеке баска табынушылыққа байланысты жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтардың «кеңестік құрылыстың терең демократияшыл сипатын өзгерте'алмағаны» атап көрсетілді. Тек 33 жыл өткен соң ғана «КОКП ОК-нің хабаршысы» («Известия ЦК КПСС») журналында (1989 ж., №3) Н. С. Хрущевтің съезде жасаған баяндамасының толық мәтіні жарияланды. Ал бүл мәтін кебейтіліп, XX съезд біткеннен кейінгі бірнеше аптадан соң-ак шетелде жарық көрген еді. Түрмелерге ешбір кінәсіз қамалған бірқатар адамдарды (олардың ішінде партияның көрнекті қайраткерлері - Я. Рудзутак, А. Рыков, В. Чубарь т. б.) еркіндікке шығарып, оларды ақтаумен мемлекеттік аппарат көп ұзамай бұл реформаны доғарды. Мыңдаған адал адамдар түрмелерде қалып қойды, қуғын-сүргіннен қаза тапкан адамдардың қызметіне шынайы саяси баға берілмеді. Өткен тарихтың қайғылы беттері: Қазан төңкерісінің тарихы, Азамат соғысының себебі мен сипаты, 30-жылдардағы аштық пен шаруаларды қырып-жою жөнінде біржақты ғана еске алулар болды немесе бұлар жайлы еш нәрсе де айтылмады. Сталиннен кейінгі билік қадамдарының жартыкештік сипатта болғаны чешен, ингуш, қалмақ, балқарлар тарихи отандарына қайтарылып, Қазақстанда тұрған корейлер, немістер, қырым татарлары мен месхет түріктері құкықтарының қалпына келтірілмегенінен көрінді. 1954 жылы ішінде көптеген майдангерлер болған саяси тұтқындардың Кеңгірдегі кәтерілісі катал басып тасталынды. Жезқазғанға жақын жерде салынған бұл арнайы каторгалык лагерь түрмедегілер мен тұрақты әскери бөлімдерінің арасындағы шайкас алаңына айналды. Елдің экономикалық жағынан артта калуы себептеріне талдау жасау әрекеттері де тез тыйылып отырылды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейту тұжырымдамасы да дамытылмады.
21билет
1. Қаңлы және Үйсін мемлекеттері. Әлеуметтік топтар мен саяси институттар, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, тұрмысы.
Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ).Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше сойлеген деп есептеді. Бірақ, қалай болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.Үйсіндердің саяси құрылымы.Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты.Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты.Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Шаруашылығы.Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып отырды. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген.Тұтыну бұйымдардың ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті қыш ыдыстар көп кездеседі. Олар формасы жағынан алуан түрлі. Тамақ ішуге керекті түрлі аяқ – табақ, тостағандар болса, азық-түлік сақтайтын, су таситын, айран, сүт сақтайтын түрлері болған.
Үйсіндер қорғасын, мыс, алтын кендерін білді.Археологиялық қазбалар нәтежесінде табылған әйелдің тәжі тәріздес әшекейлі баскиімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни нанымнан мәлімет беретін құнды ескрткіш. Ол 2300 биіктіктегі тау шатқалынан табылған.
Қаңлылар.Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.
Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады.
Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған. Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.
Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.
Қаңлылардың діні. Қаңлылар табиғат күштеріне , ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған.
Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.
Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады.
2. Қазақ билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Олардың XVII - XVIII ғғ. қазақтардың қоғамдық өміріндегі рөлі.
Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.
Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері: Төле би (1663—1759 жж.) Қазыбек би (1667—1764 жж.) Әйтеке би (1644—1700 жж.)
Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.
Төле би Әлібекұлы (1657-1756 жж.)
Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу
өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауыңда
дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының
Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың
қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен,
Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны"
жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің
өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім
би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары
қарапайым шаруалар
Төле би өз
халқының шешендік-поэтикалық өнерінің
дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі,
сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан
жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік
өнері арқасында таныла бастайды.
Қазақтардың басын
біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан
құтқаруда Төле би маңызды рөл
атқарды. Кейбір мәліметгер бойынша, Төле би Абылай
сұлтанның өрлеуіне де ықпал еткен. Төле би, Орта
жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші
жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз
Тәукенің бас кеңесшісі болған. Төле би Ұлы
жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп
еңбек сіңірді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай
және Жәнібек батырлармен бірге бітұгас халық майданын
құрып, азаттық жолында күрес жүргізді. Шымкентте,
Түркістанда және Ташкентте билік басында болған Төле би
сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты. Төле
би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі
оқиғалармен тығыз байланысты.
Төле би өзі 12 жыл билік
жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына
жерленген.
Қазыбек би Келдібекұлы (1659-1765 жж.)
Қазақтың атақты
биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен
Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші
жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды.
Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан зандарының
жинағын" өңдеуге қатысқан. Тәуке,
Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында
мемлекет басқару ісіне белсене араласьш жүрген Қазыбек би
ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын.
Ол — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық
күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың
40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп
қалған шақта, оны тұтқынынан босатып алуға
белсене атсалысты.
XVIII ғасырдың 60-жылдары
Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару
мақсатымен елшілерімен бірге көптеген бағалы сыйлықтар
жіберген. Бірақ Қазыбек би Қытай жағына мүлде
карсы болған. Ол Абылайды Цинь империясымен қарым-қатынас
жасамауға шақырған.
Ел ішінде Қазыбек биді Қаз
дауысты Қазыбек деп атап кеткен.
Әйтеке би Байбекұлы (1644-1700 жж.)
Әбілқайыр ханға дейін
Кіші жүздің сөзін ұстаған
қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген
Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Байбекұлы Әйтеке Қазақ хандығының
Тәуке хан тұсында ең беделді билерінің бірі бола
отырып, "Жеті жарғы" зандарын жетілдіруге қомақты
үлес қосты. Бұл зандар жинағы қазақ
қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында
маңызды рөл атқарды.
Әйтеке би ресми түрде хан
кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас
қазақ хандығын құру жолында белсене атсалысты.
Әйтеке би 25 жасынан бастап алғашында Ордабасыда, сонан кейін
Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш
жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан
жиындарға тұрақты қатысып тұрды. Тәуке
ханнан бері дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт
бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, Жүздер мен
рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар
шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер
тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні
іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен
дейді.
Ол Ташкенттен 75 шақырым жердегі
Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында жерленген.
3. Кеңес қоғамындағы «тоқырау» жылдарындағы Қазақстан (1970–1980 жж..).
"Тоқырау жылдары" деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады.
Хронология
70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді.
1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.
1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды.
1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды.
1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.
20билет
1. Ежелгі Түрік кезеңі. Түрік қағанаты.Бірінші еуразиялық ірі мемлекет.
Көне түрік дәуірі — ежелгі ортағасыр кезеңі (VI-XII-ғ.) казірғі Қазақстан жерлерінде тілдік және саяси жағдайлардын өзгерулеріне тікелей байланысты болып келеді.Осы кезде осы жерлерде түркітілдес халықтар этникалық және саяси үстемдікке ие болады. Өзгерістер негізінен Орталық Азия даласының шығыс бөлігінде оқиғаларға байланысты болды. VI-ғасырдың орта шенінде аталған өңірде түрік деп аталатын тайпалар одағының мемлекеті — ұлы Түрік қағанаты бой көтерді.Көне түрік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі — өз жазуын жасауы еді. VI-VII-ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орта Азиялық және Қазақстанның тайпалары, сондай-ақ, Төменгі Еділ бойы, Дон өлкесінің, Солтүстік Кавказда Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпаларының өз жазулары әлдеқашан пайдалануда болатын. Түріктер әріп-белгілерді шағын ағаш тақтайшаларға салатын. Елшілер арнайы ғрамоталармен қамтамасыз етілді. Мәселен, 598-жылы Константинопольдегі император Юстинге келген түрік елшісі қағанның «скиф жазуымен жазылған» сәлемін жеткізген. VII-ғасырдың I-жартысында түріктер арасында соғды жазуының негізінде геометриялық сызбалардан тұратын 38 белгіден құралған жаңа жазу қалыптасады. Ол ағашқа немесе тасқа түсіруге өте қолайлы болды.Түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде, кеш дегенде VII ғасырдың бірінші жартысында, ертедегі түрік таңбаларына (рулық нышандарына) ұқсас бірнеше белгілермен толықтырылған соғды жазуы негізінде түріктердің арасында жаңа жазу пайда болды. Ол жазған кезде бір-бірімен қосылмайтын геометриялық пішіндегі таңбадан тұрған және соғды әріптерінен ерекшелігі — ағашқа неме 1 мыңжылдықта Еуразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері - Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады се тасқа жазуға жақсы бейімделген еді.
2. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс (1783-1797).
Сырым
(1712-1802 ) - Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы
күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің
көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.
Шыққан тегі- Кіші жүздің Байұлы тайпасының
Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы
арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты
шыққан " Бала би " атанды.
Сырым Датұлы 1- ші көтерілісі
Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына
қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша
әкімшілігінің езіп- жаншуынан, тонауынан әбден титықтап
біткен хал хының нгаразылығына үн қосып, қарулы
көтеріліске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-
губернаторы Игельстромға жазған бір хатында блай деп жазады:
Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға
түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де
бұғалық салып, езбекші екндігіңіз белгілі.
Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып,
көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі
мақсатының айқындығы, халқының мойнына
түскелі тұрған сол бұғауды үзуге
ұмтылғаны аңғарылады.
1783ж. Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып,
кезекті тонауға келген казак- орыс атаманы Чагановтың отрядымен
шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін
тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып
жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді.
Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел
аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға
түсіреді. Бірақ оны Нұралы қыруар мал беріп, бірер
айдан кейін босатып алады.
Сырым Датұлы 2- ші көтерілісі
Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші
Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак- орыс
әскерімен күресін әрі жаоғастырады. Бірақ
Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамай ды, қайта
оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен
көтерәлісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап
етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде сырымға қарсы
күрестешекара әкімшілігімен бір болады.
Міне, осы кезден, яғни 1784ж. Бастап патшаның отарлау саясатына
қарсы күресте ханның да, қарашасының да
ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік
түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының
күрксі енді Әбілхайыр әулетінен шыққан хан мен
сұлтандарға қарсы бағытталыды. Кіші жүздің
көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай
көтерілісшілер жағына шығады.
1785ж. Күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп
танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің
қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі
қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның
ақыры сол жылы Екатерина -нің Нұралыны хандқтан
түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына ікеп
соғады.
Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отығанымен де жағдай
түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе
түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық
соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай
бастайды. Бірақ олар нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына
жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс
тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға
көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды
қолдаушылардың ауылана тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын
тұтқынға алады.
1797ж. Көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан
тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл
жасып, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға
тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады.
3. Қазақстан қайта құру кезеңінде. 1986 жылғы Алматы қаласындағы оқиға. Жастардың қоғамдағы демократиялық жаңару үшін күресі.
Ресми деректер бойынша желтоқсан толқулары СОКП ОК-нің бас хатшысы С. Горбачевтың ұлт басшысы – Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтің орына, бұрындары Қазақстанда жұмыс істемеген Ульяновск обком партиясының бірінші хатшысы Генадий Колбинмен алмастыру шешімінен кейін басталған. Жергілікті халықты Қазақстанға басшылық етіп басқа ұлт өкілін тағайындау наразылық тудырдты. Бұны олардың алаңға шыққандағы «Өзін-өзі басқаруды талап етеміз!», «Әр халыққа – өз көшбасшысы!», «37-сі болмайды!», «Ұлыдержавалық алаңғасарлыққа тоқтау салу!» деген жазуы бар плакаттарынан байқауға болады. Оқиға 16 желтоқсан күні бейбіт шеру ретінде Жаңа (Брежнев) алаңында басталған. 17 желтоқсан күні шерушілердің саны 20 мыңға дейін көбейіп, кейінен көтерілісшілер мен тәртіп сақшылары арасындағы қанды қақтығысқа айналды. Ресми деректер бойынша оқиға барысында екі адам қайтыс болған, бейресми деректер бойынша – 174 адам қайтыс болған.
Плакаттардағы ұрандарға қарап, оқиғаның ұлттық және саяси мәнге ие болғанын көреміз. Көтерілістің себебі ретінде басқа ұлттың тағайындалуымен қатар, советтік жүйеге қарсылық әрекеттер де көрініс тапқан. Оқиға болған жылдары ресми түрде көтеріліс ұлтшылдықтың көрінісі ретінде жарияланған. Колбиннің тағайындалуына дейін, Қазақстан тарихындағы 22 бірінші хатышының тек 4 ғана этникалық қазақ болған. Бұл тағайындалуға дейін елде халық тарапынан бұндай наразылық тудыртпаған. Не себепті дәл осы тағайындау ұлттық сана сезімнің оянып, көтерілістің тууына себеп болды?
Сталин қайтыс болғаннан кейін, КСРО-дағы биліктің әлсіреуі байқалды. Елдердегі бірінші хатшы лауазымына, сол елдердегі титулдық этностар тағайындала бастады. Бұл өз кезегінде орталық биліктің әлсіреп, одақтас елдердегі өзін-өзі басқарушылыққа алып келді. Қазақстанда, әсіресе оңтүстік аймақтарда, қазақтардың табиғи өсімі жоғары болған, бұны 1970, 1979, 1989 жылдары өткізілген санақтардан көруге болады. Қазақ жастары жаппай оқуға, қалаларға ағыла бастады. Осы жайттар одақтас елдердегі ұлттық сана сезімнің оянуына әсер етті. Салдарынан 70-80 жылдары КСРО да ұлтаралық шиеленістер көрініс таба бастады (1972 жылғы Каунастағы бұзақылық, 1978 жылғы Грузиядағы жаппай шеру, 1980 жылғы Минскідегі оқиға, Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы).
КСРО билігіне Горбачевтің келуімен «қайта құру» саясаты басталды. Ол елге жариялық, сөз және басылым бостандығы саясатын енгізіп, елді демократияландыруға тырысты. Горбачев КСРО-да жаңа тағайындаулар жасай бастады, бұл тағайындаулар ҚазақКСР-н да айналып өткен жоқ. Қонаевтан кейін билікке Назарбаевтің келуі күтілген болатын, алайда оның орнына Горбачевтің командасында болған, Қазақстанға еш қатысы жоқ – Колбин тағайындалды. Қазақ билігіндегі қалыптасқан жүйені бұзу арқылы, бұл тағайындау қазақ элитасының наразылығын тудыртты. Сол себепті желтоқсан оқиғасын саяси пиғылы бар деп тұжырымдауға болады.
Ұлтаралық шиеленістің негізгі белгісі – шиеленіскен топтар этникалық белгісіне қарай бөлінеді. Желтоқсан оқиғасын елдегі екі негізгі этностардың – қазақтар мен орыстардың қақтығысы ретінде қарастырылады. Алайда, кеңестік кезеңде құпия болған деректердің ашылуымен, желтоқсан оқиғасына қазақтардан басқа, басқа да ұлт өкілдерінің қатысқандары анықталды. Ішкі істер министрлігінің анықтамасында алаңда ұсталғандардың арасында 26 орыс, 18 ұйғыр, 10 татар, 7 қырғыз, 4 өзбек, 4 кәріс және бірнеше (қарақалпақ, грузин, шешен, грек, украин, башқұрт) ұлтының өкілдері болғандығы анықталды. Алайда Орталық Комитеттің қатаң нұсқауымен олардың басым көпшілігі сол күні-ақ қамаудан шұғыл босатылып жіберілді. Осыдан кейін-ақ көтерілісшілер кілең қазақтар болып шыға келді. Сондықтан бұл оқиғада саяси себептер басым болған деп тұжырымдауға болады.
16 желтоқсан күні шерушілер Колбиннің кетіп, оның орнына билікке қазақты немес қазақстандықты тағайындауды талап еткен. Олар Колбиннің орнына нақты кандидаттарды ұсынған, олардың ішінде қазақтармен қатар орыстарда болған. Сол себепті оқиғаны қазақ ұлтшылдығының көрінісі деп қарастыруға негіз жоқ.
16 желтоқсан күні таңғы сағат 8-де, Колбиннің тағайындалуынан кейін шерудің бірден ұйымдасқан түрде басталуы, шерушілердің қолында жазулары бар плакаттардың болуы, шерудің алдын ала ұйымдастырылғанын көрсетеді. Колбиннің тағайындалуы, билік басындағы шектеулі адамдардан басқа ешкім білмеген. Оқиғаға қатысқандардың айтуынша, көтерілісті ешкім ұйымдастырған жоқ, ол кенеттен болған, бұл ұлттың сананың көрінісі. Бұл тұжырыммен келісуге болады, алайда тағайындалудан кеінгі бибіт шерудің керек жабдықтармен ұйымдасқан түрде басталуынан, оқиғаның саяси себептерін байқауға болады. Шеру жайлы сыбыстың қалаға бірден таралуы және оның құқық қорғау органдармен күштеп басылуы, шерудің 200 шақты адамы бар топтан, 20 мыңға жуық адамы бар басқарылмайтын тобырға, артынша қанды көтеріліске айналуына себеп болды.
19 билет
1. Батыс Түрік және Түркеш қағанатының саяси және қоғамдық құрылысы.
Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар. ағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.
Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы — қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда Шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзіңде шығыс түріктері де ездерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғлұқтар мен оншадыпыттар топтарының арасындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кездерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардың өкілеттік дәрежесі әр түрлі болды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді.
Суябқа жақын жазғы резиденция — Цзедань қағанның ордасы болған. Қаған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын алатын болсақ) билік негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді.
Түргеш қағанаты (704–756 жж.) Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек "Тоныкөк” жазуында айтылған. Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған.
Түргеш қағанаты 704–756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі – 699–706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы – Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы – Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа бөліп, олардың әрқайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.
Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706–711 жылдар. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. 712–713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш (Ташкент) қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Испиджабқа шабуыл ұйымдастырды.
2. Кіші жүздегі патша өкіметінің отарлау саясаты. Игельстром реформасы. «1824 ж. Орынбор қырғыздары» туралы жарғы.
Игельстром реформасы (1786) – Кіші жүзді басқарудың 1786 жылы Екатерина ІІ қуаттаған жобасы.
1775 жылғы реформаға сәйкес О.А. Игельстром далалық жерлерді жалпыимпериялық негізде басқару мақсатында, Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынып, патшайымның мақұлдауынан соң ол “Игельстром Реформасы” деп аталды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губерниясы басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей өкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болды. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді “бас старшын” деген атақ енгізді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөніндегі шаралары нәтижелі болмады. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғышарты қалыптасуында болатын. Расправалардың басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды. 1789 жылғы Француз революциясынан шошынған патша үкіметі Игельстром реформасын туғызған наразылықтардың монархиялық басқару негізін шайқалтуы ықтималдығын ойлап, Игельстром реформасын аяғына жеткізуден бас тартты.
3. Кеңестік саяси жүйедегі реформа. «Қазақ КСР мемлекеттік егемендік декларациясы» және оның маңызы.
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КПСС Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн төртібіне кадр мөселесін қойды. КПСС Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан қүралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды. М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сөуірде КПСС Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркөсіп салаларының қүрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркөсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.
18билет
1. Қарлұқ қағанатының құрылуы, тарихы.
8 ғасырдың орта кезінде қарлұқтар Қазақстан жеріндегі Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, билікті өз қолдарына алып, 756 жылы өздерінің мемлекетін құрды. Қарлұқтар Батыс Алтайдан көшіп келіп, Жетісу жерін өздеріне қаратып, басып алады. Қарлұқтар Жетісуға қарай жылжуының бір себебі Ұйғыр қағанатынан жеңілуі. Орналасқан аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол «бұлақ» деген атпен белгілі. Қарлұқ тайпалары 8-10 ғасырларды Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанған. Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаннің баурайларын мекендеген. 7 ғасырдың юасында Қытайдың «Таншу» әулетінің хроникасында қарлұқтардың құрамында: бұлақ , жікіл, ташлық тайпалары бар екендігі көрсетілген. Араб тарихшысы Эл- Марвазидің хабарына қарағанда, қарлұқтардың құрамына 9 тайпа: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұктар, аргулар, барсхандар кірген. Қағанаттың орталығы – Суяб қаласы. 766-775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтті. 840 жылы қарлұқтар қырғыздармен одақ құрып, Ұйғыр қағанатын тас-талқан етіп жеңеді. 840жылы жеңістен кейін Білге Құл Қадыр хан Испиджаб қаласының билеушісі өзін қаған денп жариялайды. Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі 2 ғасырға жуық мерзімге созылған. Оны 2 үлкен кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1. Қарлұқтардың 712-713 жылдар Соғды, Шаш, Ферғаналықтармен бірігіп күрес жүргізген кезеңі. Бұл кезеңде қарлұқтардың 756 жылы билікті өз қолдарына алған кезге дейін созылды.
2. Қарлұқтар күресі 8 ғасырдың 2-ші жартысынан 9ғасырдың аяғына дейін барады. Бұл кезеңде қарлұқтар жеңіліске ұшырапта отырады.
Қағанатты ішкі талас-тартыс пен билік үшін күрес әлсіретеді. Қарлұқтардың қиын жағдай пайдаланып Қашқардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұн қаласын басып алып, талқандайды. 942 жылы Арслан ханның баласы Сатұқ Боғра хан билікті қайтарып алады. Боғра ханның кезінде қарлұқтар ислам дінін қабылдау басталады. Боғра хан Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы болып есептеледі. 200 жылға жуық Жетісуда билік құрған қарлұқтар өзінің үстемдігінен айырылады. Қағанаттың шаруашылығы 2 бағытта жүрген:
1. Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы.
2. Отырықшы егін шаурашылығы.
Қарлұқтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген. Тау бөктерінен, өзен жағаларынан аң аулаған. Кедейлер Балқаш, Алакөл, Сырдария, Іле сияқты өзен-көлдерінен балық аулаған. «Худут әл - алам» жазбаларында қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болған. Олардың ішінде: Құлан, Мерке, Атлах, Балық, Барсхан, Талғар т.б. бар. Әл-Идриси: «Қаған қаласының халқы көп, бекінісі мықты, әскер және қару жарағы мол» деп жазды. Қарлұқтардың мәдениетін 2 салаға бөліп қарастыруға болады:
1. Материалдық мәдениеті – халықтың тіршілік мұқтаждығын өтейтін заттардан, бұйымдардан тұрады. Олар: үй, киім, тамақ, қару-жарақ, құрал- сайман т.б. күнделікті тұрмысқа қажетті заттар.
2. Рухани жағынан – халықтың дүние танымы, жан-дүниесі, діни наным-сенімі, тілі, әдет-ғұрпы т.б. бұрыннан қалыптасқан дәстүрлер жатады. Қарлұқтар ата-баба аруағына табынған. Аталар зиратына тас мүсін бал-бал тастарды орнатты.
2. XVIII ғ. Ресей мен Қазақстанның мәдени–экономикалық қарым–қатынасындағы Орынбор, Семей және т.б. қалалардың рөлі.
18 ғассырдың аяғы – 19 ғасыдың басында Кіші және Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталды.
Жаңа қосылған жерлерді бекіту үшін сенаттық обер лейтенанты И.К. Кириллов басқарған арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Бұл кейін Орынбор экспедициясы деп аталды. Ал оның ісін қадағалау Кіші жүзді Ресейге қосу жоспарын сәтті орындағаны үшін тілмәштық қызметтен полковник дәрежесіне көтерілген А. Тевкелевке жүктелді.
1737жылы И. Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясы Орынбор комиссиясы болып қайта құрылды. 1735 жылы Орынбор бекінісінің құрылысы басталды. 1744 жылдан бастап ол Орынбор губерниясының, ал 1748 жылы Орынбор казак әскері бөлімдерінің орталығына айналды. Қазақ жер-інде тұтас әскери желілер тұрғызылды. Тек 1740-1743 жылдары ғана Кіші жүз және Оңтүстік Орал аймағында: Воздвиженный, Рассыльный, Ильинск, Таналы, Уразым, Кизиль, Магнитная, Каракульск, Прутоярск, Нижнеозерск, Перегибенск, Усть-Уйск, Елманск, Красногорск, Губерлинск, Новосергиевск сияқты т.б. көптеген бекіністер мен форпостар салынды. Бұл бекініс желлері қазақтардың келісімінсіз салынып, олардың көші-қон жүйелерін бұзды және мал жайылымдарынан ығыстыра бастады. XVIII ғасырдың 50-жылдарында Горький, Иртыш, Колыванск, Ишимск, Орск әскери желілері пайда болды. Осындай саясаттың нәтижесінде Жайықтан бастап Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырымды құрайтын тұтас бір-біріне жалғасып жатқан әскери бе-кіністер салынып, ол жерлерге казактарды қоныстандырды. Сон-дықтан бұл кезең әскери-казактық отарлаудың негізделуі болып табылады. Өйткені осы үрдіске қатысқандар негізінен әскери қызметкерлер мен казак-тар еді. Бұл жерде казактардың атқаратын қызметінің басты міндетін Ресей императоры былай айқындап береді: «Казак топтарына... империя шекара-сына жақын орналасқа тайпалардан қорғау, олардан тартып алынған жөрлерге орналасу міндеті жүктелген. Біздің желілерді алға қарай жылжыта беру керек!..»
Патша екіметі жергілікті халықтың ең шұрайлы жерлері мен жайылымда-рын казактарға алып беріп, олардың жақсы өмір сүруін қамтамасыз етіп қана қойған жоқ. Сонымен бірге жергілікті халықтардың жеріне басқыншылық жасату арқылы оларды бір-біріне дұшпан етіп қойған еді.
Қазақ жерін отарлау саясатын пәрменді түрде Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И. Неплюев жүргізді. Мұны дәлелдейтін құжаттар да жеткілікті. Мысалы, 1742 жылы 19 қазанда ол қазақтарға Жайық өзені маң-ында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: «Жарлықта көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хан-дарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық халықтарға жар салам, бұдан былай осы жарлықты алғаннан кейін қамал маңында және Жайық езенінің арғы бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, онда қатаң жаза қолданылады». Жайық бойында орналасқан казак әскеріне бер-ген бұйрығы туралы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына берген хабарламасында: «Қазактардың Жайықтың ішкі жағын-да көшіп-қонбауы үшін Жайықтың сол жағалауындағы даланы түгел өртеп жіберу керек» делінген. Онда Жайық казак әскерінің Гурьев комендантына арнайы тапсырма беріліп, қазақтардың шапқыншылығынан сақтандыра оты-рып, Жайықтың арғы бетін күз айларында Каспий теңізіне дейінгі аралықты түгелімен өртеп жіберуі тапсырылғаны туралы айтылған.
3. 20ғ-ң 1жарт Кеңестік Қазақстанның мәдениеті.
20ж екінші жартысында профиссионалды театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды.Әнші Ә.Қашаубаев Парижбен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шығарды.Ұлы Отан соғысынң қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемелекеттік акдемиялық драма театры,Республикалық орыс драма театры,Қазақтың мемлеткеттік опера және балет театры,ұлт аспаптар оркестрі,симфониялық оркестр,Республикалық қуыршақ театры,Қазақстан суретшілері және жазушылар одағы жұмыс істеді.Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды.
Орынборда,Алматыда,Ақмолада,Семейде,Петропавлда,Оралда,Қостанайда
және Қазақстанның басқа да қалаларында
клубтар,халық үйлері пайда болды.Қазақ және орыс
тілдерінде хор,драма,әдебиет үйірмелері,халық театрлары
ұйымдастырылды.Ұлттық әскери құрамалар
мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына
айналды.Халықтық музыка зерттеле бастады.Этнограф және сазгер
А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері
мен күйлерін жазып алып,“Қазақ халқының 1000
әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен
күйі” деген жинақтар жариялады. 1925жылы Парижде
дүниежүзілік халықтар көрмесінде
ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында — Одақ
халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие
болды.1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық
қазақ театры ашылды.Оның бастауында Е.Өмірзақов,
С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров,
Қ.Жандарбеков,Қ.Қуанышбаев,
Ә.Қашаубаев,И.Байзақов т.б тұрды.Театрды дарынды
драмашы,режиссер Жұмат Шанин басқарды.Сахнада қойылған
алғашқы шығарма М.Әуезовтың “Еңлік Кебек”
пьесасы болатын.Театр өмірінде Ғ.Мүсіреповтың
“Қозы Көрпеш-Баян сұлу”,М.Әуезов пен Л.Соболевтің
“Абай пьесаларының қойылуы” үлкен оқиға
болды.Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н.Гогольдің
“Үйлену” мен “Ревизорын”,В.Шекспирдің “Оттелосын” сахнаға
шығарды.Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары
үшін 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма
театры атағын берді.1930 жылдары
Семейде,Ақтөбеде,Шымкенте,Петропавлда, Қарағандыда
театрлар ашылды.1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма
театры,1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды.
Қазақстан кино өнері де 1930 жылдардан бастау алды.
“Шығыскино” тресінің Алматы бөлімшесі болды.Ол
қазақ даласында бірқатар деректі және дыбыссыз
көркем фильмдер түсірді.1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы
ұйымдастырылды.1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бірінші
дыбысты фильмі — “Амангелді” картинасын жасап шығарды.1934 жылғы
қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды.1934
жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы
Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды.1936 жылы Жамбыл
атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы
ашылды.Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында
Мәскеуді өткен қазақ өнерінің
алғашқы онкүндігінде өзінің
өсіп,толысқанын көрсетті.Онкүндікте “ Қыз Жібек”,
“Жалбыр” опералары көрсетілді.Әйгілі әнші Күләш
Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті
атағы берілді.
1868
жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған
бұйымдар ішінде қазақ зергерлік өнерінің
заттары,ұлтық киімдер болған.Қазақ музыка
аспаптары Мәскеуде 1872 жылы өткізілген көрмеде
жұртшылыққа таныстырылды.
Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің
ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай
тарту, шығармашылық өнерімен ХІХ-ғасырдың ортасы
мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан шыққан
өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар
ақын күйшілеріміз аз емес. Олар: Құрманғазы,
Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т.б.
көптеген ұлы күйшілерімізді айта аламыз. Қазақ
халқының ән-музыка мәдениетінің дамуына зор
үлес қосқан әнші композиторларымыз Біржан, Мұхит,
Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре
Қашаубаев сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп
айта аламыз.
Қазақ музыка өнеріне мол үлес қосқан ұлы тұлғалар.
Кеңес
үкіметінің орнауы, қазақ халқының
көзін ашып, бірқатар маңызды істер
атқарылды.Кеңес билік құрған алғашқы
онжылдықтарда КСРО-дағы сияқты Қазақстанда да
бұқараның мәдени деңгейін арттыру саласында да қомақты
жетістіктерге қол жеткізді.
ХХ ғасырдың басында қазақ өнерінің
қалыптасуы қазақ тарихында елеулі орын
алды.Қазақтың музыка,театр,би өнерлері жан-жақты
дамыды. Мәдени-ағарту мекемелері мен бұқаралық
кітапханалар,клуб мекемелері желісі кеңейе түсті.Қазақ
халқы өзінің өнерін бүкіл әлемге паш етті.
17билет
1. Қарахан мемлекеті. Мемлекеттің саяси тарихы.
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты аумағы:
Батыста: Жетісудан – Испиджабқа дейін
Шығыста: Қашқарға дейінгі аумақ болды.
Жоғарғы өкімет билігі- (қағанның) хан қолында болды. Билік мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Хан кеңесшісі қызметін- уәзірлер атқарды. Жер иеленудің бір түрі «иқта», ал иеленушілер «иқтадар» деп аталған.Иқтанын мәні – оны алған адамдар ол жерде отырған қарапайым халықтан алым-салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болды. Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың, бір түрі коммендация болды. Оның мәні: әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді, ол(күшті адам) әлсіз адамды қорғауға тиіс, әлсіз өзінің шамалы жерден алған өнімін және отбасын қорғағаны үшін күштіге салық төлеген. Орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент(Тараз) қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан(915-955жж.) болып есептелінді.Ол Қарахан хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл – Қадырханның немересі.Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, Қарахан мемлекеті құрылды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, жікіл, яғма, оғыз,қаңлы,үйсін тайпалары үлкен үлес қосты. Қарахан мемлекетінің негізгі билеушілері шығып отырған тайпы – яғма.Тайпаның тотемі-Бура, жігіл тайпаның тотемі-Арыстан. Сатұқ өлегннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашқар қаласы болды. Сатұқтың 2-ші баласы Сүлейман-ілік Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның баласы Хасан Боғрахан мұра етіп алды. Мұса өлген соң Қарахан жерін оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның орталығы Қашқар болды. Тараз бен Баласағұнныңда билеушісі болды. Сатұқ Боғраханның екі баласы –Хасан Боғра мен Әли Арсылан арасындағы биліік алма-кесек ауысып отырды. 1040 жылы Тамғаш Бурахан атағын қабылдап Мауараннархға толық билігін орнатады. Осы кезден бастап Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлінді:
1. Шығыс хандық – Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты.
Орталығы: Баласағұнға жақын жатқан Орда болған.
Астанасы: Қашқар қаласы.
2. Батыс хандық – Мәуереннахрды биледі (Сырдария мен Амудария)
Орталығы: Алғашқысы Үзкент
Астанасы: Самарқан қаласы
Дәстүр бойынша Шығыс хандығы Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі саналады. Сондықтан оның ханы «ұлы хан» болды.Талас бойында қарақытайларды талқандаған Хорезм шахы Мұхаммед Смарқанға оралып, өзіне опасыздық жасағаны үшін Қараған ханы Оспанды қатаң жазалайды. Батыс мемлекетінің ханы 1212 жылы қаза болып, Мұхаммед Қарахан мемлекетін біржола құлатады. Шығыстағы хандықты Найман ханы Күшлік басып алады. 3 ғасырға жуық өмір сүрген Қарахан мемлекеті құлайды. Шаруашылығы екі бағытта жүргізілген:
1. Тараз, Талхир, Баласағұн сияқты қалалардың маңында отырықшы халық егін, бау-бақша өсірумен айналысты.
2. даласы таулы, қыратты жерлерде жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы дамыды.
Қарахан сәулет өнерінің өзіне тән бір ерекшелігі қалаларда Шығыс моншасы құрылыстарының салынуы болып табылады.
2. Бөкей хандығының құрылуы, ішкі саясаты. Жәңгір хан және оның реформаторлық саясаты.
ХІХ ғасырдың бас кезінде Кіші жүз қазақтары өздерінің ата- қонысы Жайықтың оң жағына көшуге, жайылымдық жерлерін қайта алуға тырысты. Әкімшілік басқарылуы жағынан Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағындырылды, орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. Еділ мен Жайық арасын, Каспий теңізінің солтүстігінен Ырғыз өзеніне дейінгі жазықты бірнеше жыл Еділ Қалмақтары мекендеді.Олардан бұрын да бұл далада қазақ рулары көшіп-қонып жүрді. Бертін келе патша үкіметі Орал казак әскери басшылары қазақ ауылдарына Жайықтан өтуге әлденеше рет тыйым салып көрді.Ол үшін әскер күшін де пайдаланды.Бірақ оған қарамай жеке рулар, ауылдар көшіп келіп, қоныстанып жүрді. 1771 жылы Еділдің бойын мекендеген қалмақтар Жоңғарияға қарай көшіп, Еділ мен Жайық арасындағы дала босап қалды. Бұл жерді Кіші жүз рулары мекендеді. Орал казак әскері қазақтарға маза бермеген соң,қоныстануға жоғарыдан ресми құжат қажет болды. Осыны алдына мақсат етіп отырған Бөкей сұлтаны Ресей императорына 1799 жылы хат жазып, өзінің қол астындағы қазақтарымен Жайықтың оң жағына өтіп қоныстануға рұқсат сұрайды. 1801жылы 11 наурызда патша Еділ мен Жайық арасын Бөкей сұлтанға қарауындағы елімен түгелдей иеленуге ресми рұқсат берді.Шын мәнінде,рұқсат беруге төмендегідей жайттар себеп болған. Қазақтарды Жайықтан өткізбеуге тосқауыл қоя алмайтынына өкіметтің көзі жетті. Қалмақтардың көшіп кетуіне байланысты орнында қалған аз қалмақ-ноғайдың Жайық бойындағы орыс-казактармен бірігіп қонысты қорғауға күші жетпеді. Ал шеп бойында қазақтардың көптеп жиналуының салдарынан казактармен қақтығыстар жиілей түсті. Ресей үкіметі бұдан ұтылған жоқ. Біріншіден, Кіші жүз екі иелікке бөлінді. Екіншіден Еділ мен Жайық аралығындағы сауда жолдары қауіпсіздендірілді. Осыдан Ресей үкіметінің Қазақстанға ықпалы күшейе түсетін болды. Ордабасы Мемлекеттік мүлік министрлігіне, кейіннен Сыртқы істер министрлігіне қарады. Патша жарлығында Бөкей қарамағындағы Еділ-Жайық арасындағы даланың солтүстікке Қараөзен, Сарыөзендерден, оңтүстіккте Каспий жағалауына дейінгі жайлауы көрсетілді. Қоныстанған аймақта Бөкей сұлтан басқарған Ішкі Орда құрылды. Аумағы 70 мың шаршы шақырым, Батысы Астрахан, Солтүстігі мен шығысы Саратов, Орынбор губернияларымен, оңтүстік және оңтүстік шығысы Каспий теңізі және Жайық шекара шебіне дейін жетті. Жалпы саны 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Жер көлемі 6 млн. десятинаны құрады. Олардың көпшілігі кедейлер еді. 1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Бөкей 1815 жылы 12 мамырда қайтыс болады, тақты мұрагерлікпен иелену құқығы бойынша ұлы Жәңгір отырады. Бірақ жас (14 жас) болуы себепті, ол кәмелеттік жасқа толғанша елді Шығай сұлтан биледі. Ішкі орда немесе Бөкей хандығының саяси-экономикалық жағдайының,географиялық және тарихи жағдайларға байланысты өзгешеліктер болды. Алғашқы жылдары мал саны аз ауылдар Нарын құмында Қараөзен, Сарыөзен бойында еркін көшіп жүрді. Бірте-бірте көшіп келушілер саны 1812-1814 жылдар аралығында көбейе түсті. Жерге құныққан әскербасылары 1813 жылы Бөкей ордасының солтүстігін түгел иемденіп, әскери шептерін көшіріп, қос өзен аралығындағы шұрайлы жайылымды Қамыс-Самар көлдерімен қоса тартып алды. Сол жерлерге бекіністер салып (Таловка, Абинск, Вербовск, т.б.), казак-орыстарды көшіріп әкелді. Қыстауларынан айырылған қазақтар күйзеліске ұшырап,елдің бірқатары бөкейліктерді тастап бері өте бастады. 1824 жылы Жәңгір хан Орал қаласында хан болып жарияланады. 1827 жылы ол Нарын құмының батыс бөлігіне хан ордасын салғызады. Елді басқару осы жерден жүргізіледі. Хан ордасында хан үлгісімен билер, сұлтандар, старшындар да үй салғыза бастайды. Жәңгір хан саяси-экономикалық дамуға бірқатар өзгерістер енгізді. Барлық жерде іс-қағаздарын енгізу тәртібін енгізді. Денсаулық сақтау саласында жұқпалы ауруларға қарсы егу тәжрибесін енгізді. Қару-жарақ палатасын ашу жөнінде бастама көтерді. Оны толық қалыпқа келтіру біршама уақытқа созылды. Хан ордасы жанынан мектептер ашып, оқушылардан өзі емтихан қабылдаған кездері де болған. Мал шаруашылығы саласына, әсіресе мал тұқымын асылдандыруға ерекше көңіл бөлді. Ағаш өсіру, шөп шабу мәселелеріне қатты көңіл аударды. Оның дәлелі бір кездердегі құм басқан даланы гүлденген алқапқа айналдырды. Міне, осы жасаған еңбегі, прогресшіл мемлекет қайраткері ретінде І-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Билікті дербес басқарды, қолында әкімшілік және сот билігі болды.
3. КСРО–ның ыдырауы және Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.
Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.
16билет
1. Қазақстан территориясындағы Қыпшақ–қимақ этносаяси бірлестіктері.
Қимақтар, кимектер, имектер — түркі тайпасы.
Қимақ (кимек) этнонимі алғаш рет 8 ғасырда аталады. Худуд әл-аламда қимақтардың астанасы Имақия деп, ал басқа бір деректерде Кимекия (Қимақия) деп аталады.
Қыпшақтар 8 ғ-дың ортасындағы руналық жазбаларда қимақтарға туыс деп көрсетіледі.
...Бұдан әрі Ертіс өзені жатыр.Ол жерден қимақ елі басталады. өзеннің екі жағалауыңда да жайылып жүрген жылқы үйірлері ,олар кейде мыңнан екі мыңға дейін жетеді. Бұл жылқыларды ұстау қиын. Кейде арқанмен ұстап, үстіне мініп, бас білдіреді. Сонда ,ана қолға үйренеді. Ертіс үлкен өзен, бір жағында тұрған адам ,арғы жағадағы адамды тани алмайды...Өзеннің суы қап-қара. Ертістен өтсең қимақтардың шатырларына барасың...Барлығында да табын-табын сиыр, қора-қора қой бар. Түйелері болмайды. Егер саудагер түйе алып келе қалса, ол түйе бір жылдан артық тұра алмайды. Себебі шөптің тұзы жоқ. Егер біреу тұз алып келетін болсы, ол үшін бұлғының терісін алады. Жазда бұлар бие сүтін ішеді, оны "қымыз" деп атайды. Қысқа қойдың ,жылқының,сиырдың етін кептіріп сақтап, сүр етіп жейді.Бұл елге қар көп жауады, тіпті кейде найза бойына жетеді. Қыста жылқыларын алыстағы жер асты суы сақталатын жерге айдап барады. Ол Оқ-тагдеп аталады...Ағаштан жасалған астауға су сақтайды.Қар қалың жауғанда осы суды ішеді,өйткені қалың қар жылқының суатқа түсуіне жол бермейді.Қимақтар бұлғын мен мумарды аулайды.
Қимақ қағанаты (IX ғ. соңы - XI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Қимақ қоғамында ерте түрік дәстүрлерінің дамуы. Тайпалық құрамы және орналасуы. Қимақтардың, қыпшақтардың, құмандардың тайпалық бірлестіктерінің қимақтар қағанынан саяси тәуелділігі. Көрші халықтармен саяси және этномәдени байланыстары. Қоғамдық құрылысы, шаруашылық типтері, қалалары, сауда. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.
VI-X ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Көшпелі өркениет, оның дамуының өзіндік ерекшеліктері. Шаруашылық мәдени типтері: мал бағу, егіншілік. Қазақстандағы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар. Дала мен қала. Ерте түрік жазуы және түрік мәдени ескерткіштері. Христиандық, ислам және мұсылман мәдениетінің тарауы: буддизм, манихейлік. Көрнекті жазушы Иолық Тегін, аса көрнекті ғалым әл-Фараби, ғалым және жазушы Жанах әл-Қимақи
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ хандығы – шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11-ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Кейіннен олар Византия империясы мен Болгария жеріне әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 – 80 ж. Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға тарай бастады. 11 – 12-ғасырларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар деп аталды. 12-ғасырдың ортасынан олар Сырдария бойындағы қалалар үшін Хорезммен соғысты. Қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет етті, сондықтан 13-ғасырдың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында қыпшақтар ыдырау алдында тұрды. Таққа тек бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Олар ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Кейіннен Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орталық Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары “Қыпшақ ұлысы”, “Қыпшақ тілдес халықтар” деген жалпылама атаумен аталып кетті. 13-ғасырдың аяғында Алтын Орданың құрамындағы қыпшақ тайпаларының этникалық негізінде құрылған автономиялық бірлестік – Ақ Орда күшейе бастады. 14-ғасырдың аяқ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары “өзбек” деген жалпылама атаумен аталды. 15-ғасырдың орта тұсынан бастап “өзбек” терминін “қазақ” атауы ығыстырып шығарды.
2. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1826 – 1837 жж.).
Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор.
Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.
1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады.
Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай-ақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді.
Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасында жалғасады. 1838 жылғы 12 шілдеде Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен кезекті шайқасы өтіп, осы ұрыста Исатай мерт болады.
Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.
Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлары арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды.
3. Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру мәселелері. Мемлекеттік рәміздерді бекіту.
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Тәуелсіздік
алғаннан кейін қазақтардың бірнеше
ұрпақтарының көпғасырлық арманы —
азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа
әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.
Соған
байланысты 1992 жылы республика гимніның мәтіні мен әніне
конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп
түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар
Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев
және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті.
Қазақстан әнұранының әнін алғаш
жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский
және Латиф Хамиди.
Әнұран, гимн (көне грекше: hymnos — мадақтау ән)
— салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Қазақстан
Республикасының әнұраны 2006 жылдың 7
қаңтарынан бастап мемлекеттік мәртебеге ие болу
дарежесіне сәйкестендіретін
өзгерістер енгізілгеннен кейін, атақты
болған, 1956 жылда жазылған
«Менiң Қазақстаным»
(«Мой Казахстан»)
әні болды. Әннің
мәтініне өзгерістерді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
енгізгендіктен мәтіннің авторы ретінде көрсетіледі.Сондай-ақ,әнұранды тыңдау ережесі өзгертілді. Ресми церемонияларда әнұран
орындалу барысында
тыңдаушылар тұрып, оң қолының алақанын көкірегінің
сол жағына қояды. Музыкасы: композитор
Шәмші Қалдаяқовтікі, сөздері
Жұмекен Нажімеденовтікі (1956), Нұрсұлтан
Назарбаевтікі (2005)
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқов
15билет
1. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар.
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырдада бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13 — 14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді.XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және қуман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.
2. Орта жүздегі патшалық өкіметтің отарлау саясаты. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары» туралы жарғы.
Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылгы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдын 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды.Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылыстың тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.
1822 жылғы сібір қырғыздары туралы жарғы
қазақ мемлекеттілігін жою және басқарудың жалпы империялық жүйесін құруға бағытталған құжат болып табылады. Александр I-ның 1822 ж. 22 шілдедегі Жарлығымен күшіне енген. Ол Орта жүзді жаңа әкімшілік бөлуге әкеліп соқтырды:
1)әкімшілік ауыл 50-70 түтін 2)ұлыс 10-12 ауылдан 3)округ 15-20 болыстықтан тұрды.
Ауылдық старшиналар 3 жылдық мерзімге сайланды, әрі ол округтік бұйрықпен бекітілді. Болыстарды басқаруға сұлтандардың құқығы өзге де сұлтандарды сайлай алатын қауымның келісімімен тікелей төменгі желі бойынша және туысқандарына жүрді. Осындай жағдайда оны облыстық басқарма бекітті. Болыстарды басқармайтын сұлтандар өзінің дәрежесін сақтап қалды, басқаруға араласпады, хандардың үкіметін жоюмен бірге патшалықтың қазақ ақсүйектерінің құқығы мен артықшылықтарын шектеуге ұмтылысы байқалды. Барлық сот істері қылмыстық, арыз және шағым бойынша басқару болып бөлінді. Біріншісіне отанын сату, кісі өлтіру, тонау, барымта, үкіметке ашықтан ашық бағынбау жатты. Осы істердің барлығы империяның заңдарымен округтік бұйрықтарда қарастырылды. Құқық бұзушылықтың қалған түрлері арыз болып табылды да оны ауылдар мен болыстарда жергілікті ғұрып бойынша билер қарастырды. Жарғыда мыналар болды: халықты нанмен қамтамасыз етуді, өнер-кәсіптің, сауда-саттық дамуы жөніндегі шараларды, кедендік және баж алымын сақтау жөніндегі шараларды белгілейтін мақалалар қамтылды. Құжатта патшалықтың отарлау саясатына бағытталған істерінің бірі — халықты орыстандыру көрсетілген. Бұл саясатта халықты шоқындыру, поптарға Құдай сөзін оқыту үшін шіркеулер ашуға кеңес беріледі, оқу, жазу, арифметика қамтылған. Сұлтандар мен старшиналардың балалары қазына есебінен ашылған әскери бөлімдеріне оқуға түсулеріне рұқсат етілді, бітірген соң олардың қалаулары бойынша қызметке тағайындалды. Әрбір отбасы өз баласын империяның ішкі жағындағы оқу орнына түсіруге құқық алды. Жарғыны қабылдау кезеңінде құлдар бұрынғы күйінше қалып қойды, жаңадан құлдар сатып алуға катаң тыйым салынды. 1822 ж. Жарғы Қазақстанды отарлау саясатына қатысты күш ала бастады. Дегенмен хан үкіметін жою, сұлтандардың құқықтарын шектеу, құлдықтан бас тарту, алға қозғалудың еркіндігі, білім берудің дамуы Қазақстанның тарихи дамуына жағдай жасады.
3. Нарықтық қатынастарға көшу. Экономикалық реформа бағыты және негізгі кезеңдері.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.Нарықтақ экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден басталдық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды.Екінші кезең «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлықтан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды.Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықты экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.
17 илет
14билет
Қарақытай, найман, керей мемлекеттерінің ерекшеліктері .
Қарақытай- Бірақтұтас алғанда қарақытай конфедерация Қарахан билеушілері тұсында да шекаралық қызмет атқарған, сөйтіп бұл үшін «наградалар мен үлестер» алған Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Алтай тайпаларының, жетекші рөл атқаруы жағдайында жергілікті этникалық-саяси негізде қалыптасты».1125 жылы Елюй Даши әскерінің Емілге келуі Жетісуда қалыптасқан мемлекеттік институттарға түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ. Қарақытайлардың саяси ықпалы Жетісудың бір бөлігіне, Сырдарияның оң жағалауына және басқа аудандарға таралды.Қарақытай бірлестігін басқару органдарының қалыптасуына жергілікті дәстүрлер күшті ықпал жасады. Мұның өзі қарақытай армиясындағы езгерістердің мысалынан айқын көрінеді. Армияны әскери бөліністерге бөле отырып, Елюй Даши Қатүн-Балықтың өзінде-ақ әрбір отрядтың санын 500 адамнан белгіледі. Бірақ Жетісуда гурхан бұл тәртіпті күрт өзгертті: бір әскери басшының қол астында жүзден аспайтын жауынгер болуға тиіс болды. Осы арқылы армияны басқару ішінара белшектенді. Жергілікті тайпалардың шекараларды қорғау жөніндегі қызметі сақталып қалды.
НАЙМан Батысында Ертіс өзеніІ бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен және оңт-нде Ұйғыр, Ся жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолындаорналасқан. Найман мемлекетінің [2] көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды.Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс хан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғыс хан және керейлер ханы Тоғрыл(Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді.
Керей (карайлар) — қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі – Керей елінің де тарих көшінде белгілі бола бастаған кездеріндегі ғұмыр кешкен ата жұрты – сонау замандарда бірсыпыра түрік халықтарының қасиетті қонысы атанып, ғажайып ата жазу мұрағаттарымыз мәңгілікке қашалып, жазылып қалған, қазіргі моңғол даласы және оған іргелес жатқан байтақ аймақты қамтитын құтты мекеннің бір тұсы – Орхон, Оңғын, Керулен, Селеңге, Арғұн өзендерінің құйқалы алқабы еді. Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ солардың арасында Орхон-енесай жазуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлының апталығымызға ұсынған қолжазбасындағы Керлін (Керулен) өзені және ол өз басын алатын Кентау тауына қатысты пікір көңілге қонымды көрінеді. Онда қазақ ғалымы көне түрік жазуларында (Мойыншор ескерткіші, VIII ғ) бұл қоныс жер аты «Кейре» түрінде көрініс бергендігін айтады. Ал Керлін алқабы ежелден керейлердің түп-тегі Тоғыз байырқулар қоныстанып келе жатқан төл мекен. Олар бірде «тоғыз байырқу», бірде «тоғыз оғұз», бірде «тоғыз керейлік» деп атала жүріп, ғасырлар өте келе «керейлер» боп өзгерген секілді. Бұл бағамдау Керей шежіресінде бұрыннан айтылып жүретін өзен атына қатысты әңгіме сарынын да пысықтағандай болады. Қытайда тұратын қазақ оқымыстыларының кейінгі кездерде бірсыпыра көне қытай жазбаларын қазақша сөйлете бастауы халқымыздың тарихына қатысты көптеген құнды деректерге жолықтырғанын бұрын да айтқан едік. Сол жазбаларда керей атауына да қатысты сәттер кездеседі. Мәселен, «Сүй патшалығының тарихында» Шеп тайпасының көсемі Керін Еркіннің Шығыс Түрік қағандығының үстемдігіне қарсы шыққаны туралы дерек бар. «Таң патшалығының көне тарихы» жазбасында сол Керіннің баласы Хылейдің де қаған болғандығы айтылады. Яғни осылардағы Керін мен Хылей «Керей» деген атау болуы да мүмкін деген топшылау ортаға тартылады. Аудармашылар бұл жазбалардан Шеп тайпасымен бірге Сеп, Байлау, Қойлау секілді тайпалар атауының да ізін бағамдағандай болды. Бір қызығы, Алтай аймағыгда ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен керей Мәмидің шежіресінде де осыған үндесетін тұстар бар. Ол шежіреде Керей ұлысының арғы тегі Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады делінеді. Бұлардың Шеп, Септен басқасының бәрі қазір Керей-Уақ шежіресінде кездесетін ата-тектер...
1. ХІХ ғ. Қазақ мемлекетін қалпына келтіру үшін күрес.
2. Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт–азаттық қозғалыс (1837 – 1847 жж.).
Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері---XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті".
13билет
1. МоңғолVI – XII ғғ. моңғол дәуіріне дейінгі мәдениет.
Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді. Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды. ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбарлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.
2. Ресейге Қазақстанның қосылуының аяқталуы. Қазақстанның оңтүстігін жаулап алуы.
Қазақ елінде кезінде Тәуекел, Хақназар , Тәуке хандардың билігі кезінен Ресей мен қазақ елі арасында саяси экономикалық және сауда қатынасы біршама жолға қойылды . Патшалы Ресей Қазан Астрахань хандықтарын Батыс Сібірді , Қазақстанмен шекаралас көшіп –қонып жүрген башқұрт, қалмақ , ноғай , халықтарын жаулап алып , Қазақстанмен шекаралас болды .Бірінші Петрдің кезінде –ақ патша үкіметі қазақ жеріне алғашқы бекіністерін салдыра бастады. Қазақстанның Шығысындағы шекаралас өлкеде қуатты жоңғар мемлекетінің құрылуы, жоңғар билеушілеріің шапқыншылығы қазақ еліне зор қауіп төндірді. Бұл шапқыншылықтар «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына әкеліп соқтырды. Жоңғар шапқыншылығы біріншіден қазақ билеушілерінің Цин династиясынан көмек сұрауына мәжбүр етсе , екіншіден тайпалар мен рулардың орталық өкіметтен тәуелсіздігін алу үшін, елдегі саяси быраңқылықты тоқтату үшін Ресейдің қол астына өтуіне әсерін тигізді . Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында , әсіресе 16 ғасырдың 2 жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді . Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті . Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары Каспий , сондай –ақ Еділ мен Кама өзені арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысты күшейтті . Орыс үкіметі ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді . Содай –ақ ,Сібір хандығына Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген қазақ хандығы Ресеймен экономикалық , саяси – елшілік байланыс орнатуға мәжбүр болды
Қазақстанның оңтүстігін жаулап алудың себептері көп болды. Олар: қазынаны салықпен толтыру қажеттілігі; мал өнімдері, азық-түліктермен қамтамасыз ету; Орталық Азияны Ресеймен Қытаймен байланыстыратын керуен бақылау жасау; орталықазиялық хандықтардың саяси ықпалы мен беделін бекіту. Орталықазиялық хандықтардың Қазақстанның оңтүстігіне тікелей билік жасау кезеңі шамамен 1810 жылдан 1866 жылға дейін созылды. Олардың басқыншылық саясаты Англия тарапынан қолдау көріп отырды. 1812-20 жылдары Хиуа ханы Мұқаммед-Рахым қазақ ауылдарына бірқатар тонаушылық шабуылдар жасады. 1809 жылы Ташкент қаласы Қоқан билігінің қол астына өтті.1813-1814 жылдары қоқандықтар Түркістан қаласының іргесіндегі Қарнақты басып алды.Түркістанды басып алудың негізгі себебі-Омар ханның Қожа Ахмед Йасауи кесенесіне зиярат етіп қайтуы болды. Ол үшін ең алдымен Түркістанды басып алу керек болды. Ол Ташкенттен әскерімен шығарып, Түркістанды басып алу үшін Сайрамнан таңдаулы сарбаздардан тұратын 1000 адамдық қосын аттандырды. Қоқандықтардың шабуылы күтпеген жерден болғандықтан Түркістандықтарды қатты састырды. Түркістанның билеушілері жапатармағай қашты, қала толық басып алынып, аяусыз тоналды. Сайрамның, Түркістанның, Шымкенттің, Әулиеатаның жау қолында қалуы қоқандықтар мен бұқаралықтардың арақатынасын шиеленістіріп жіберді. Түркістанды тастап қашып шыққан Тоқай төре Бұқарадан пана тауып және көмек алды.Сол жерден ол әскер жинап, қоқандықтарға қарсы шығады.Бірақ қазақтардың Қоқандықтарға қарсы шыққан күресі сәтсіздікке ұшырап, Тоқай төре жау қолынан қаза табады. Қоқандықтарға қарсы тағы бір қарсылық Тентек төре бастаған қазақтардың көтерілісі болды. Бұл көтеріліс азаттық және қоқандықтарға қарсы сипатта болды. 12000 адамнан тұратын көтерілісшілер Сайрамның ескі бекінісіне шоғырланды. Көтерілісшілерді Түркістан, Шымкент, Әулиеата қаласының тұрғындары қолдады. Алайда Омар ханның әскерімен болған тең емес жағдайдағы шайқастың нәтижесінде көтерілісшілер жеңіліс тауып, екі қосынға бөлініп кетті. Көтерілісшілерге қарсы қоқандықтар зеңбірек пен мылтық қолданды. Қазақтардың күші әлсіреп, Тентектөре жауға берілуге мәжбүр болды. Қазақтардың Қоқан үкіметінің басқыншылығына қарсы жасаған азаттық күресінің жеңіліп қалу себебі: көтеріліс басшысының беделінің жетіспеуі мен көтерілістің бытыраңқылығы болды. Іс-әрекеттерінде ортақ шешімнің болмауы. Қазақстанның оңтүстігіне иелік етуге ұмтылып отырған Бұқар мемлекетінің көмегінің алдын кесіп тастады қарсыластың әскербасымдылығын көрсетті.Көтерілістің біртұтас мақсаты болмады, ал оның басшылары тек өзінің билігін қайтарып алуды ғана көздеді. Қазақстанның оңтүстігі орталықазиялық мемлекеттерінің әсерінен басқа аймақтарына қарағанда өзгеше сипатта болды. Мұнда Қоқан билігі күшті болғандықтан да орта ғасырлық феодалдық тәртіп үстемдік құрды.
3.1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы және жаңа саяси құрылымның қалыптасуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
Қазақстан республикасының мемлекеттік-саяси құрылымы. Жас еегеменді Қазақстан мемлекеттік-саяси құрылымы тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша мемлекеттік өкімет билік заңдық, атқару және сот билігі болып бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқаратын мемлекет басшысы ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы және біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа айналды. Президенттік билікке көшу объективтік заңдылық. Саяси жүйенің бұл түрдегі ерекшелігі-президент қоғамнан, партиялардан, парламенттен және барлық билік институттарынан жоғары тұрып, олардың жұмысын үйлестріп, бағыттап отырады. Қоғам өмірінің өткелең, төтенше кезеңдерінде ол конституцияның бірден-бір кепіліне және мемлекеттік егемендіктің нақты көрінісіне айналды.
12билет
1. «Ұлы Жібек жолының» Еуразия халықтарының бірігуіндегі атқарған тарихи рөлі.
Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған.Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұксас жұмыс істеді. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді.«Ұлы Жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.Сонау Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің бір-бірімен сауда-саттықпен айналысуына, ғылым салаларының дамуына, діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті.Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь-Шань тау сілемдерімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары аркылы Қытайға ұласкан, Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жаттын Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы
2.1867–1868 жж. Уақытша ереже және қазақ халқының кейінгі тағдырындағы оның атқарған рөлі
1867-1868 жж. әкімшілік реформа қазақстан толық Россия қармағындағы территория және барлық жер патша жері деп жарияланды. Жаңа әкімшілік жүйенің енгізілуі жергілікті кадр дайындау мәселесін де күн тәртібіне қойды. Патша үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды. 1868 жылғы «Далалық облыстарды басқару» бойынша және 1867 жылғы Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша Ереже» бойынша болыстық басқарманың қолына полициялық және нұсқау таратушылық биліктер берілді. Ол «тыныштық пен тәртіпті» сақтауды, салық төлеуді және халықтың барлық міндеткерліктерін өтеуін бақылады. Оның міндетіне билер сотының шешімін орындату кірді. Ауыл старшындары өзінің құзырында болыстық басқармалардың міндеттерін орындады.
«Уақытша Ереженің» 210-тармағына сәйкес Қазақ жері Ресей империясының меншігі болып жарияланды. Сұлтандардың барлық әлеуметтік-саяси және мұрагерлік құқықтары жойылды, ел билігі орыс шенеуніктерінің қолына шоғырланды.Ескі экономикалық және идеологиялық жағынан тұтас, туыстыққа негізделе біріккен әкімшілік-рулық ұжымдардың орнына «Уақытша Ережені» енгізудің нәтижесінде жасанды бірліктер пайда болды. Осының бәрі қоғамдық билік жүйесінің дәстүрлі базасына әсер етті. Сондықтан тоқырауға ұшырады, оның маңызы, беделі және қажеттілігі төмендеді.
3.Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа интеграциялануы.Елдің БҰҰ-ға және басқа халықаралық ұйымдарға мүше болуы.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау. 90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б.Жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қарарға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО- ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды.
1995 жылы үш республика — Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ қарамағындн Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау батальоның құру туралы ұсыныс енгізді. 1997 жылы ОртАзБаттың алғашқы оқу- жаттығулары өткізілді. 1996 жылы бес мемлекет — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери салада және шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды. 1997 жылы шекаралық аудандардағы қарулы күштерді келісімді қысқарту туралы Келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер Қытаймен шекара жөніндегі дауды реттеуге негіз болды. 2001 жылғы көктемде бұл Келісімге Өзбекстан қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы болып құрылды.
11билет
1. Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуы және оның зардаптары.
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Ази. яға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды. Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.Зардаптары. Монғолдар халыкты жаппай қырып-жою соғысын жүргізді. Қалалар мен елді мекендер, сәулетті сарайлар мен мешіттер, суландыруі жүйелері әдейі киратылды, өңделген егістіктер караусыз калды. Мындаған колөнер шеберлері құлдыкка айдап әкетілді. Халық ашықты. Бұрын болып көрмеген қаталдык, жауыздык әрекеттерге жол берілді. Монғол шапқыншылығы жаулап алған елдерінің экономикалық және мәдени дамуына тежеу салды. Қазақстанның егіншілік және калалық мәдениеті мешеу қалды.
2. 1867–1868 жж. патша реформасына қазақ халқының қарсылығы.
1867—1868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібір генерал-губернаторлығына — Семей, Ақмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал және Сібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқарма болды. Кіші жүз қазақтары 1868—1869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнан, өзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер Орал, Орынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды.Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ кедейлері жұмыс іздеп казак шептеріне шұбырды. 40—50-жылдары Орал, Орынбор шептерінде, орыс-казак билеушілері топтарында, саудагерлерде, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. Бірақ 1868 жылғы «Уақытша Ережені» енгізу қарсаңында шептің ішкі жағындағы жерде еңбек етуге ерік беретін билет ақылы (10—12 сом) етіліп, оларға егіншілікпен айналысуға, тұрақты мекендеп қалуға шектеу қойды. Қазақтар 1868 жылғы «Уақытша Ережені» «жаңа штат» деп атаған. Міне, осы «жаңа штат» туралы алып қашты хабар оны жариялаудан көп бұрын және ұйымдастыру комиссиясы елге шықпай тұрып-ақ тарады.Ұйымдастыру комиссиясы, ең алдымен, үй есебін алуға, онбасы, елубасылардың сайлауын өткізуге, олардың арасынан ауыл старшындарын, болыс билеушілерін сайлауға, елді ауыл-ауылға бөлуге, жаңа мөлшерде үй басы салығын жинауға тиіс болды. Бірақ бұл комиссиялар ауылдардың табанды қарсылығына кездесті. Қазақ еңбекшілері «Уақытша Ереженің» негізгі мәнін дұрыс ұғынып, оны қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартты.Жаңа әкімшілікке бөлу жайылымдарды пайдаланудың ғасырлар бойы келе жатқан тәртібіне үйлеспеді: бір рудың жайлауы, қыстауы басқа уездер мен болыстардың қарамағына ауысып кетті.«Уақытша Ережені» жүзеге асыру үшін шыққан комиссия 1868 жылдың қаңтарында жұмысын тоқтатып, шеп бойына қайтуға мәжбүр болды.1869 жылдың көктемінде жекелеген ауылдардың ашынуы көтеріліске ұласты. Қазақ ұлықтарына жалданған бақташылар, батырақтар және басқа еңбеккерлер қырға жиылып, 600—700-ден бөлініп, жасақтар құра бастады.Қазақтар топ-топ болып бірігіп, жасақ ұйымдастырды. Олар күндіз-түні жан-жақтан комиссияны мазалаумен болды. Шеп бойындағы казак-орыстардың малдарын айдап әкетіп, әскери жасақтарға шабуыл жасады. 1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі.1868 жылғы «Уақытша Ережеге» сәйкес жоғарыда аталған екі жылдың ауыр алым-салық түрлерін қарулы жасақтың көмегімен жинау басталды. 1870 жылдың соңында патша үкіметі түбекті әскерге толтырды. Сам, Бозащы, Бестамақтыда 11 рота жаяу әскер, 1400 атты әскер болды.Көтерілістің негізгі ерекшелігі — халықтың еңбекші бұқарасы: кедейлер, жатақтар, батырақтар, балықшылар, орыс кәсіптеріндегі жұмысшылар, егіншілер, малшылар, молдалардың қатысуы. Мақсаты мен міндеті жағынан көтеріліс отаршылдық езгіге қарсы бағытталған болса, әлеуметтік құрамы жағынан, басым түрде қазақ шаруалары мен балықшылардың қатысуымен ерекшеленеді. Көтерілістің жеңілу себептері: көтерілісшілердің мықты тылы, экономикалық базасы болмай, көпке дейін өз ауылдарынан қол үзіп кете алмай отырды. Олар тек шөлді сусыз дала Үстіртке ғана шегіне алатын жағдайда еді. Қалған жерде жан-жақтан анталаған орыс әскері тұрды. Көтерілісшілерде алдын ала ойластырылған саяси жоспар болмады, болуы да мүмкін емес еді. Іс-қимылдар оқиғаның даму барысымен ғана анықталды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың артта қалғандығы халық бірлігіне кедергі болды.
3. Жалпы ұлттық идеялардың қалыптасуы мен қоғамның бірігу мәселелері. Ішкі саясаттағы жаңа басымдылықтар.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Ендігі жерде өз алдына дербес егеменді ел болып отырғаннан кейін, мемлекет болғандықтан ел ішінде және көршілес елдермен өз саясатын жүргізу қажет. Сол себепті Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап өзінің сыртқы шекаралары мен ішкі тұрақтылығын сақтау мақсатында ел ішінде ішкі саясатты және ел сыртында басқа елдермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзінің сыртқы саясатын жүргізе бастады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ел ішінде ішкі тұрақтылық пен ынтымақты берік ұстап отыру мақсатында сан түрлі бағыттарды қамтитын ішкі саясатын жемісті жүргізіп отыр. Сонымен қатар көршілес елдермен және басқа да шет елдермен өзінің барынша жақсы сыртқы саясатын жүргізіп отырған әлемнің белді державаларымен терезесін тең ұстап отырған мәртебесі биік елдердің қатарына еніп отыр. Қазақстанның ішкі саясаты.Қазақстан Республикасы тәуелсіз, өзінің егемендігі бар, дербес және демократиялық мемлекет болып табылады. Өз тәуелсіздігінің 19 жылында Қазақстан ішкі саясатын да біршама өзгерістер енгізе отырып, белсенді түрде жемісті жүргізіп келеді.
10билет
1. АлтынОрда ж-е оның Еуразияның тарихи үрдісіне әсері.
«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатайұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдіңтөменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдіңтөменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары— хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.
Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптегенұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.
Алтын Орданың коғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялықкатынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлертүмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.
Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал солқанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді.
Батый мен Орда Еженнің үлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.
Улысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы күкықты болды. Ал өзге монғол аксүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне карай бөлініп берілді. Біртіндеп аксүйектер құкығы арта түсіп, олар карамағындағы жерді ұрпзғына мұра етіп калдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.
Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.
Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.
1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады.
XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкдн боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді ертеп жіберді, Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.
XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады. Бүл ұлыстардың ең ірісі XV ғ. 30-жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында қүрылған Ақ Орда болды. 20 — 60-жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.
2. Қазақ жерінін өндірістік игерілуі. Тауар–ақша қатынасының енуі.
Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде көшпелі мал ш-на негізделді. Мал жыл бойы өрісте бағылады. Жер көшпелі қауымның ортақ меншігі болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншікте болды. Шын мәнінде малдың иесі жайылымға да иелік етті. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттілігі жойылған кезеңнен бастап, әсіресе, 1891 ж. Дала ережесі өмірге енгізілгеннен кейін, көшпелі ш-тың сипаты өзгерді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелілердің едәуір бөлігін жерсіз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуір қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгерді. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлінген жерлердің шекарасы айқындала бастады.
19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелі ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кеміп кетті. Көшпелілердің кедейленген бөлігі отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуіне патша өкіметінің ең шұрайлы жерлерді тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерін тигізді. Шын мәнінде бұл байырғы халықты ата мекендерінен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейін патша үкіметі қазақтардан 45 млн. гектардан астам жерді тартып алып, ішкі Ресейден келген жаңа қоныс тебушілерге алып берді. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты жергілікті халықтың экон. мүдделеріне нұқсан келтірді. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егіншілікке бейімделмеген қазақ көшпелілерінің табиғи дамуын тежеді. Көшпелі ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиімді жүргізуді, сондай-ақ, егіншілік пен отырықшылыққа көшу мәселесін шұғыл күн тәртібіне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресі, атап айтқанда, жерді әділ бөлу, орталықтан көшіріп келген шаруаларға кепілді жер телімдерін қазақтардан тартып алып беруді доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердің біріне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместігі салдарынан көшпелі ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетілді. Мұның өзі олардың еңсесін түсірді, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетілдіруге деген ықыласын кемітті. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшін қиын үдеріс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгілі бір мөлшерде қаржы-қаражат та қажет еді. Ал патша үкіметі қандай да бір көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерінде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдеріс егіншілікті дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өріс алды. Сөйтіп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы сияқты үш түрі қалыптасты. Соңғы екеуінде шөп шабу мен егіншілікті дамыту нәтижесінде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады.
Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бірлесіп, кейінірек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола обл-ның қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.
Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп еніп, бір жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметінің ауқымын кеңейтті, екінші жағынан, өсімқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттілер бүкіл малды, қауымдық жерлерді өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерін, қыстақтар мен жайлауларды иемденіп алды. Қазақ қоғамының көпшілігі іс жүзінде өндіріс құрал-жабдығы жоқ кедейлер еді. Сауда-саттықты кәсіп етушілер мен өз шаруашылығында жалдама еңбекті пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлік-кәсіпкерлік өріс алды. Сөйтіп, қазақ жеріндегі нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетіне ықпалы күшейді.
Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерістерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншігіне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлі экон. ұстындардың астасуы байқалды.
Столыпиннің аграрлық реформасы Қазақстанға қоныс аударушылардың шаруашылығында жеке меншікті қалыптастыруға негізделді. Қоныс аударушылар жаңа қоныстарда жерді қауымдасып пайдаланды, көптеген жұмыстарды бірлесіп атқарды. Орыс кулактары хуторлық шаруашылық жүргізді. Шұрайлы жерлерді кесіп алып, тағылықпен пайдаланды. Қоныс аударғандардың анағұрлым жетілген еңбек құралдары және егіншілік мәдениетінде жинақтаған едәуір тәжірибесі болды.
Халықтан жиналатын түрлі алым-салықтар жылдан-жылға өсе түсіп, еңбекшілерге ауыртпалық әкелді. Сол кезеңдегі елге салынған негізгі салық түрлері: мемл. төлемдер (түндік басы алымы, земство жарнасы), болыстық жарналар (шығын, қарашығын, т.б.), натуралды міндеткерліктер. Түндік басы алымы (түтін салық) мемл. жерді пайдаланғаны үшін төленетін салық-рента болатын. Ресми түрде ол халықтың әл-ауқатына қарай салынуға тиіс болса, іс жүзінде билеп-төстеушілер оны түндік иелерінің бәрінен бірдей мөлшерде алып отырды. Шығын салығы болыстың және болыс кеңсесінің мұқтаждарына жарату үшін жиналды. Оның көлемін алдын ала білу мүмкін емес еді, өйткені оны кез келген сылтаумен, тіпті сылтаусыз да жинай беретін. Ақшасы жоқтығынан кедейлер өсімқорларға жүгінуге мәжбүр болды, мұның өзі алым-салық ауыртпалығын бұрынғыдан әрі күшейтті.
3. Тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мәселелері. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі.20ж
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Ассамблеяның негізгі міндеттері
· этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
· халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
· қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
· азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
· Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
· Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
Ассамблеяның парламенттік өкілдігі
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық бастамашылық құқығын жиі пайдаланады. Этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобалары депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді.
9билет
1. Алтын орда кезеңіндегі мәдениет. Қала құрылысы, отырықшылық және көшпенділіктің бірге тіршілік етуі.Исламның және мәдениеттің дамуы.
Алтын Орда дәуірінің мәдениеті. Дешті қыпшақта негізі қаланған Түркі мемлекеті — Алтын Ордада ХІІІ-ХУ ғасрларды ғылым, мәдениет және әдебиет едәуір дамып, бүкіл әлемге таныла бастаған еді. ХІ ғ ғасырдың бірінші жартысында Алтын Орда мемлекетінің Еділ бойындағы астанасы Сарай (Береке – Сарай) қаласы дүние жүзінде мәшһүр мәдени орталықтарының біріне айналды. Мұнда қысқа мерзім ішінде әлемнің әр түкпірінен атақты ғалымдар, ақындар, өнер қайраткерлері, суретшулер жиналды деуге болады. Береке өзбек, Жәнібек хандардың тұсында Алтын Орда астанасы Сарай шаһарында ислам мәдениетінің ең атақты ғалымдары (Құтб ад-Динар-Рази, Сад ад-Динат-тафтазани, Хафиз ад-Дин ал Баззави) мен ақын жазушылары өмір сүріп, еңбек етті. Бұл кезде олар Дешті Қыпшақты Батыс пен Шығысқа танытқан өздерінің ғылыми әдеби туындыларын қыпшақ тілінде жазды. Алтын Орда халқы өздерінің этникалық құрамы жағынан әртүрлі болды. Соған қарамай Алтын Орданың мемлекеттік тілі – қыпшақ тілі болды. 13–14 ғ-лардан сақталған көне қала орындары. Батыс Қазақстандағы Алтын Орда орталығы болған Сарай, Сарай-Бату, Сарай-Берке, Жаңа Сарай сияқты қалаларды орыс ғалымдары Г.А.Федоров-Давыдов, В.Л.Егоров зерттеген. Соңғы жылдары Қазақстан археологтары Орда тұрақжайларында жүйелі зерттеулер жүргізді. Олардың сол дәуірдегі қыпшақтардың үйлері екендігі анықталды. Үйлердің құрылыс жүйелерінің ерекшеліктері тұрғындардың этник. құрамдарының әр түрлі болғандығын дәлелдейді. Орталық Қазақстан жерінде Алтын Орда қоныстарын археолог Ж.Е.Сымайылов зерттеді. Жұмыс барысында Басқамыр, Нөгербек дарасы, Хан ордасы, Домбауыл, Алашахан, Тоғызбайқұл, Шотқара, Айбас, т.б. бекініс тұрақжайлары белгілі болды. Ашылған тұрақжайлардан алынған заттай деректер Орталық Қазақстанда ерте орта ғасырдан бастап (8 ғ.) соңғы орта ғасырға (17 ғ.) дейін отырықшылықтың, сәулет құрылыс жүйелерінің жоғары дамығанын көрсетеді. Шаруашылық пен мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтарының басты шаруашылығы болды. Алтын Орда халықтары — мұсылмандар. Алтын Орда мемлекетінің алғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кейіннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылады. Алтын Орда дәуірі ортағасырлық түрік әдебиетінің дамыған кезеңі болды. Бұл кезеңдегі әдеби шығармалар: 1233 жылы «Қисса Жүсіп» (Әли), 1303 жылы «Кодекс-Куманикус», 1303 жылы «Қыпшақ тілі сөздігі», 1359 жылы «Махаббатнама» (Ахмет Хорезми дастаны), 1391 жылы «Гүлстан бит-түрки» (қыпшақ ақыны Сараи), 1409 жылы «Жүсіп-Зылиқа» (Дүрбек ақын). Осы дәуірде «Қырық батыр» жыры дүниеге келеді. Бұл туындыда қырық қыпшақ батырларының ерлігі туралы баяндалады.
2. ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы көші–қон қозғалысы.
Шаруалар қозғалысы жалғасты. Осы жағдайларда үкімет төңкеріс қозғалысынан шаруалардың назарын аудару бойынша шараларды қабылдады. Олардың бірі – көші-қон саясатының жанжандырылуы. Шаруалардың шығыс өңірлеріне көшуі Ресейдің орталық губернияларындағы жер жетімсіздік мәселелерін ғана шешпей, жаңа орында үкімет тірегін құрды. Сондықтан патша өкіметі ХІХ ғасырдың 60-шы жж. ортасында әскери-казак отарлшылдықтан жаппай шаруалы отаршылдыққа ауысты. Сібірдегі, Қазақстандағы солтүстік, батыс және оңтүістік-шығыс аудандарының отаршылдық жолдары арқылы патшалық шаруаларды ішкі губерниялардан көшіріп, ұлттық аймақтарда олардан әлеуметтік тіректі құруды ойлады. 1891-1892 жж. құрғақшылық көптеген шаруаларды еуропалық Ресейден Шығысқа қарай бос жерлерді іздеуге итермеледі. Осы кезеңде Оралға 30-дай шаруа, Жетісу және Сырдария облыстарына 12 мың шаруа ауысты.
3.Қазақстанның қазіргі қоғамдық–саяси жағдайы. Саяси партиялар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар.
Қазақстан бұрынғы империяның көлеңкесінде бас сауғалап келген өмірден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, нарықтық экономикасы әлеуметтік бағытталған және жаңа принципті түрдегі қоғамдық қарым-қатынастарға негізделген күшті егемен мемлекетті құруға кірісті. Саяси жүйе мен мемлекеттік құрылыс түбегейлі түрде өзгеріп келе жатқаны, республиканың демократиялық бағытқа, халықаралық нормалар мен принциптерге адалдығы айқын. Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы — адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың заң жүзінде құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген, топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеялары негізделген.
Осының бәрі — сайып келгенде, реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырудың берік негізі. Алайда саяси және экономикалық жүйелердің ауысуына байланысты қоғамдық санада өзгерістер өздігінен болады деу сенімсіз болар еді. Бұл құбылыстың өзі айтарлықтай елеулі әрі күрделі, өйткені әлеуметтік өмірдің терең процестерімен, дүниетанымдық тағылымдардың өзгерістерімен, психологиялық таптаурындармен, сонымен бірге қоғам өмірімен, әрбір адамның тұрмыс салтымен байланысты. Әрі бүгінгі таңда біздің бәрімізге қос ауыртпалық түскен тәрізді: экономика мен қоғам өткен мен болашақтың ортасында сияқты. Артқа қайырылар жол жоқ екенін біле отырып, біз шаруашылық жүргізу жүйесінің, ғылымның, мәдениеттің, білімнің, рухани өмірдің бүгінгі таңда өткеннің сарқыншағынан арыла алмай отырғанын мойындауға тиіспіз.
Тап осындай жағдай қоғамдық санада да болып отыр. Өткен ғасырдың өзінде ғылымда «аномия» деген ұғым қалыптасқан болатын. Мұның өзі адамның қалыптасқан құндылықтар жүйесі қайтадан ой елегінен өткізіліп, бүкіл ғұмырлық мұраттардың бәрі түбегейлі түрде өзгерген жағдайда адамның абдырап-сасқан кезін білдіретіні шындық. Мұның өзі жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғам үшін ауыр сын. Осыған орай қазақстандықтардың басым көпшілігі реформа жөніндегі бағытты қолдап отырғанына қарамастан, өзгерістердің қажеттігін білгешмен, былайша айтқанда, жүрекпен жете түсінсе де, ақыл-оймен мән-мағынасына ой жүгірткен жоқ, адамдар өз болашағы үшін әлі сенімсіз, келешегін әлі де айқын көре алмай отыр. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде көппартиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» ұлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық-кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды.
Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) және «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанның көппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің демократиялық паартиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды. 2002 жылдың 2-ші жартысында Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа заңда саяси партиялардың құқықтық негіздері, олардың құқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастары реттелді. Көппартиялық институтының пайда болуы елде азаматтық қоғам орнатудың маңызды белгілерінің бірі. Бұл қоғамның саяси жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын, саяси құқықтардың қамтамасыз етілгенін дәлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді.
8билет
1.Алтын Орданың ыдырауы және Орталық Азиядағы саяси үрдістер.
Алтын Орданың ыдырауы.
Ыдырау себептері:
-Этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;
-Шаруашылығының өркендеуі нашар болды;
-Билік үшін талас күшейді;
-Езілген халықтың азаттық күресі күшейді.
Алтын Орданың әлсіреуі, 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда ішінде алаусыздық күшейеді, 1357-1380 жылдар арасында 20 хан ауысады, 14 ғасырдың 60 жылдарың өзінде мемлкеттің астанасы Сарайда бір жылдың ішінде 4 хан ауысады, Ішкі саяси жағдай әлсірейді, бұны тарихта Ұлы Дүрбелең кезеңі деп атайды, Осындай ішкі талас-тартыстан әлсіреген Алтын Орда, 1380 жылы Куликово даласында Мамай қолбасшылық еткен әскер Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі, Осы шайқастан кейін Алтын Орда мүлде әлсірейді, бұл әлсіздікті пайдаланған Жошы ханның екінші ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз қолына алған, 1382 жылы Тоқтамыс хан билігін нығайту үшін Мәскеуді өртейді, Әмір Темір Тоқтамыстың өзіне жасаған опасыздығы үшін, Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, өзі әлсіреп тұрған мемлекетті бас көтерместей етіп талқандайды.Алтын Орда 15 ғ ортасында Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары болып бөлініп кетеді, 1502 жылы соңғы билеушісі Шейх Ахмед өлгеннен соң Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады.
2. Патша үкіметінің 1886 және 1891 жж. реформалары және оның қазақ халқының тағдарындағы рөлі.
1886 жылдың 2-маусымындағы Түркістан өлкесін басқару туралы ереже. III Александр патшаның Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы 2 маусымда қол қойған Жарлығы кең-байтақ өлкені басқарудың бүкіл құрылымына реформа жасауды бастап берді. Жаңа ережеге сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына үш облыс: Сырдария, Ферғана, Самарқанд кіргізілді. Кейініректе, 1897 жылы, Жетісу облысы да жаңа генерал-губернаторлықтың құрамына берілді. Облыстардың билігі әскери губернаторларға берілді. Халық саны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шаршы шақырым болатын, көршілес Жетісу облысы 6 уезден: Верный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Пржевальский және Жаркент уездерінен тұрды.1886 жылғы Ереженің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мемлекеттің меншігіне беру болды, ол қазақтардың экономикалық әл-ауқатының негізгі нысаны – мал шаруашылығына орасан нұқсан келтірді. 1891 жылдың 25 наурызындағы Далалық облыстарды басқару туралы ереже. Өңдеуші өнеркәсіптің ұлғаюы, кен өндіретін өнеркәсіптің біршама тез дамуы, жаңа темір жол желілерінің салынуы, урбанизация үрдісі, жұмысшы табының қалыптасуы – осының бәрі жинақтап алғанда әлеуметтік-экономикалық факторлардың бүкіл жүйесінің өзгеруіне әкеп соғып, Қазақстанды отарлық шет аймаққа айналдырды, барған сайын нығайып келе жатқан рыноктық кәсіпкерлікті заң арқылы қамтамасыз етті.1891 жылғы ережеде далалық облыстардағы сот құрылысына елеулі толықтырулар мен нақтылаулар жасалды. Ең алдымен онда «Уақытша ереженің» көшпелілерді де, отырықшыларды да Ресейдің ішкі губернияларының селолық тұрғындарына теңестіру туралы бабы нығайтылды.Үкіметтің бұрынғы сот жүйесін қатты өзгертуіне себеп болған негізгі міндет ислам шариғатын уағыздаушы билерді және құқықтық жүйені ығыстырып шығару, олар ондаған ғасырлар бойы пайдаланып келген жеңілдіктерді жою болды. Жаңа ереже билер сотын жойып, халық соты деген жалпы атаумен құқықтық құрылыстың жаңа құрылымын енгізді.1891 жылғы Ереженің 119-бабында ел мекендейтін де, мекендемейтін де бүкіл жер қорының мемлекеттік меншік деп жариялануы заңдастырылды, ал жазғы жайлаулар дағды бойынша көшпелілердің пайдалануында қалдырылды; кен кәсіпшілігіне арналған қысқы қыстаулардағы жерлер жалға берілді. Жалпы алғанда 1886–1891 жылдардағы Ереже XIX ғасырдың аяғындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жағдаяттарын көрсете отырып, XIX ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ басталған жаңалықтардың жалғасы және аяқтаушы кезеңі болды.
3.Елді дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы – «Қазақстан – 2050».
Біздің басты мақсатымызт-2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады. Дәл осы себепті мен сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отырмын. Бұл-еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым. Бұл- жаңа саяси бағыт…
Елбасы Жолдауынан, 2012 ж.14 желтоқсан
Қазақстан Республикасы президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ елінің дамыған отыз елдің қатарында болу мақсаты баяндалған.
Жолдау стратегиясының жеті бағыты анықталған:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты-пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген экономикалық прагматизм.
2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші-кәсіпкерлікті жан-жақты қол- дау.
3 Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері-әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік.
4. Білім мен кәсіби машық –заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары.
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.
6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат-ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
7. Жаңа қазақстандық патриотизм –біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың табысының негізі.
Жолдауда «Бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз», «Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы», «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан».
Білім сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл туралы «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деді Елбасы өзінің «Қазақстан-2050»стратегиялық Жолдауында. Бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру- білім беру саласы мамандарының басты мақсаты.
Мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындап берген «Қазақстан-2050» стратегиясында бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін сауаттылығы мол елге айналу керектігіне аса мән берілгені мәлім. Осы елдің ертеңі, болашағы –бүгінгі өскелең ұрпақ десек, оларға осы бағытта дұрыс тәлім-тәрбие, сапалы білім берілуі міндетті шара.
7билет
1.Қазақ халқының этникалық бастауы. Қазақ этносының шығу тегінің негізгі кезеңдері: «қазақ», «өзбек», «ноғай» этнонимдерінің маңызы.
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.
2.Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және Шоқан Уалихановтың ағартушылық қызметі.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобол өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады.Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды.Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Шоқан алғашқы білімді ауыл мектебінен алды, онда арабша жазуға және оқи білуге үйренді. Содан кейін 1847-1853 ж.ж.сол кездегі Сібірдегі ең алыңғы қатарлы оқу орындарының бірі саналатын Омбы Кадет корпусында оқыды. Оны «ағарту ісі мен патриотизмнің дәнін себуші» деп атады, корпусты бітірген түлектерінің сол кезде Ресейге белгілі саяхатшы, зерттеуші Г.Н.Потанин, белгілі публицист Я.М.Ядренцев, ғалым А.Ф.Анненский. Корпуста оқып жүрген кезінде Шоқан жағырафияны, тарихты, әдебиетті зерттеуде қабілеттілігін аңғартты. Ол көп оқыды. Естеліктерін ерекше аталғандай, саяси көзқарасының қалыптасуы мен әдебиет саласында ерекше өз достарынан, өз қатарынан көп озық жүрді.
Кадет корпусында оқып жүргенде халқына қызмет ету идеясын ұсынған болатынды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін, әуелі Сібір казактары әскері кавалерия полкының қызметінде, кейін Батыс Сібір генерал-губернаторында Шоқан өзінің негізгі арманын іске асыруға кіріседі.
1854-1857 жж. Шоқан Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Қырғыстан жеріне саяхат жасайды, осы сапарларда ол көрнекті ғалым-географ П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен бірге жүрді, ол Шоқанның қабілеттілігі мен біліміне ерекше назар аударады, оның ғылыми еңбектерін жоғары бағалады.
Шоқан 1855 жылы Омбыда Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан кейінгі жылы Омбыда Ыстықкөлге дейін келген әскери-ғылыми экпедицияларға қатынасып, Жетісудың, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануарлар дүниесін, халқын, әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар жинады, әрбір халықтың ерекшеліктерін байқататын суреттер салады. Ал мұның адында ол Қытай империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай болып, қайтадан Омбыға оралған болатын-ды. Осы сапарларының нәтижесінде 20 жастағы Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген және т.б.құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін Шоқан 1857 жылдың 27 ақпанында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды. 1857-1859 жж.Шоқан өзінің белгілі Қашқарға саяхат жасады. Бұл саяхат қажырлы саяхатшы және көрнекті ғалым ретінде оның атын шығарды.Сол елдің саяси құрылысы, табиғаты, халықының кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар ғылыми материалдар жинады.
Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды арман етті.
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Абай философиясының әлеуметтік –мәдени және дүниетанымдық негіздерін саралау, соған сәйкес оның өзіндік дүниетанымдық бағдарын анықтау үшін тарихи материализмнің сыңаржақтылығынан, философиялық дамудың соңғы сатысы саналған маркстік-лениндік ілімнен бас тартқан жөн. Таптық философияны жоққа оның түп-тамырын және тұңғиық сырын ашады. Мұнда қазақ халқының ауыз әдебиеті, жазба мұралары, араб, парсы және түрік мәдениеті, орыс поэзиясы мен прозасы, Еуропа мәдениет, әлеуметтік ғылымдар мен философия маңызды рөл атқарады.Дүниетанымның бұл сан-салалы қайнар көздері қазақтың жаңа ағартушылық философиясының негізін салды. Өз философиясының Батыс пен Шығыс дүниетанымымен қанықтырған Абай алғаш рет қазақтың қоғамдық ой тарихында даму және қозғалыс идеясының мәнін түсінді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалықжаулықты жою,сайлау, билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты.Өзінің ағартушылық философиясына сәйкес ол әлеуметтік жаңару тек білім арқылы ғана мүмкін болады деп есептеді. Білімді адам әрқашан парасатты, жақсы-жаманды ажыратады, ал надан адам әкесін, шешесін, барлық туысы мен жақынын арқасынан бір қаққан алғашқы орыс чиновнигіне сатып жібереді.
3. Қз-ның қазіргі әлеуметтік–демографиялық жағдайы.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді. Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық.
Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді. Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық. Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
Жалпы, демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздылардың бірі. Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болатын. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. Қазіргі күнді алатын болсақ, көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды (оның ішінде 11 млн. қазақ).
Кейбір тарихи оқиғалар қазақ халқының демографиясына үлкен соққы тигізді. Оның ішінде қазақ даласында орын алған ашаршылықтың зардабы ауыр болды. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Демографтың ойынша, егер осы оқиғалар болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді.
Мемлекетіміздің қазіргі демографиялық бейнесіне толығырақ тоқталайық. Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді. Төмендегі кестеде бала туу көрсеткіші бойынша ақпараттар берілген:
6билет
1. Қазақ хандығының қалыптасуы. Қазақ хандығының қалыптасу себептері туралы деректер.550
Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады..
Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.
Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды:
1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.
2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын.
3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.
Мерейтойдың шығыны шамамен 23 млрд теңге ($124,19 млн) болады деп күтілуде. Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстанның бүкіл аймақтарында тойланады. Ал маңызды іс-шаралар қыркүйек айында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өтеді. Себебі осы аумақта хандықтың негізі қаланған деп есептелінеді. Тараздағы іс-шараларды өткізуге 13,47 млрд теңге жұмсалады. Бірақ, кейбір тарихшылар Жәнібек пен Керей хандардың мемлекетінің орталығы Алматыға жақын аумақта болған деп, мерейтой жоспарын сынға алды. Қазақ хандығының мерейтойын тойлау шеңберінде 1 млрд теңгеге 10 бөлімді «Қазақ елі» атты сериал мен осы атаулы 375 млн теңгеге анимационды сериал түсіріледі. Қазақ хандығы туралы деректі фильм түсіруге 250 млн теңге бөлінеді. Ілияс Есенберлинның «Көшпенділер» трилогиясын баспадан шығаруға 106,6 млн теңге бөлінеді. Таразда шығыны 506,8 млн теңге болатын театрланған қойылым болады. «Мәңгілік ел» тақырыбына ақындар айтысы өтеді. 550 жылдық құрметіне монумент тұрғызылады (501,8 млн теңге). «Тараз — ғасырлар куәсі» атты көрме өтеді. Қазақша күрес пен басқа да ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир өтеді. Басқа да шығындар: «Ұлы көш» фильмі (150 млн теңге) түсірілуіне, «Тамгалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи қорық-музей құрылысына (100 млн теңге), «Керей-Жәнібек», «Қазақ елі» спекталі қойылуына және «Қазақ хандығы» балетіне (68 млн тенге), Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына (20,4 млн теңге) жұмсалады.
2. ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақ әдебиеті мен өнері.
Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды; қараңыз: Әдеби байланыс.
20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1917 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды.
3.ҚР қазіргі экологиялық мәселелер.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы Экологиялық жағдай күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде шешімі табылмай жатқан өткір тақырыптар ретінде алға қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр. Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Көптеген индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтас алғанда бүкіл адамзат алдына күрделі талап қойып отыр.
Біздің республикамыздың табиғи байлық қоры мол. Осы байлықты заңды, әрі тиімді түрде, аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз керек. Су қорларын, қоймаларды сақтау-экологиялық проблеманың ең күрделі саласы екені барамызға мәлім. Бұл әсіресе Арал теңізінің тағдырымен байланысты. Соңғы отыз бес жылдың көлемінде Арал теңізі 700 км2 су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл сайын 75 миллион тонна топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда. Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын тұншықтырды. Оның халқының жартысынан астамы көшіп кетуге мәжбүр болып отырған жағдайы бар.
1960 жылға дейін Арал аймағы қандай болды? Ол КСРО-ның құрлықтық көлдері ішінде төртінші орын алған. Аралдың су қорын толтыратын Орта Азияның екі ірі өзені-Әмудария және Сырдария еді. Олардың суы өте нәрлі, егістікке пайдалы болатын. Арал теңізінен жыл сайын 450 мың тонна бағалы балықтар ауланатын болған. Балықшылар қайығы мен жол қатынас кемелері теңіздің көркі еді. Арал теңізі сол аймақтың ауа райына жағымды әсер еткен табиғатты реттеуші болды. Алпысыншы жылдардан бастап екі өзеннің суын егістікке пайдалану өлшеусіз, шамадан тыс қарқын алып, соның салдарынан теңіз суы тартыла бастады. Қазіргі уақытта олардың суы теңізге құймайды [1. 15-16].
Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кемуі өсімдік әлеміне кері әсерін тигізді. Бағалы ормандар, мал жайылымдары мен көгалды аймақтары жоғала бастады. Олардың орнын зиянды тұзды сорлар басты. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңдардың 13-ақ түрі қалды. Арал теңізінен балық мүлде ауланбайтын болды. Жер тұзданып, оның өнім беруі тоқтады. Бүкіл Арал аумағында іш ауруы етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке айналдырды. Балалар ауру болып тууда.
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі — Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы 29 тамызда болды. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру). ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті. Ядролық техниканы сынаудың салдары: рак, катаракта, туберкулез, аллергия, глаукома, жүрек, тері және нерв-жүйке, психикалық аурулар, екі басты, қолы жоқ, бүйрексіз балалардың өмірге келді. Мұндай аурулар әрбір отбасын дерлік қамтыды.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.
Дәл осыдан 20 жыл бұын – 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы қабылданып, ядролық қарудан бастарту туралы бастама көтерген болатын. Қазіргі таңда, бұл бастаманы әлемнің көптеген мемлекеттері қолдап, халықаралық конгрестер, конференциялар мен саммиттер ұйымдастырылуда. Солардың бірі, 2011 жылдың қыркүйек айының 21 жұлдызы күні АҚШ-та өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясы.
Бұл сессияда БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун былай деген болатын: «Қазақстан президентінің осынау сынақ алаңын жауып қана қоймай, тұтас өңірде ядролық қарудан ада аймақ құрғанына зор қолдау білдіремін. Оның бұл қадамы біздің ядролық қарусыз әлемді құру ісіміздің ең бірлік іргетасы іспетті. Барлық елдердің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алып, оның жолымен жүруі тиіс. Мен БҰҰ-ның Бас хатшысы ретінде ядролық сынақ алаңының қақ жүрегінде тұрып, барлық әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алуға шақырамын»
«Мен кеше Семейде болдым.Ол өңірге жасаған сапарым мен үшін баға жетпес тәжірибе. Семей аолигонындағы сынақтар барысында зардап шеккен миллиондаған адамдардың қасіреті мен ондағы экологиялық ахуалдың қиындықтарын суреттеуге тіл жетпейді. Тіпті оны елестетудің өзі аса ауыр. Егер сіздің көрегендігіңізбен басшылығыңыз болмаса кім білсін, қазірде сол миллиондаған адам сол қасіретті бастан өткізіп жатқан боларма еді?
Мен сізге Семей ядролық сынақ алаңын жапқан және Қазақстан аумағында барлық ядролық инфроқұрылымдарды жойған ұлттың басшысы ретінде шексіз ризашылығымды айтқым келеді….
Ядролық сынақтарды тоқтатып, ядролық қарудан ада болу қажеттігін әлемге жар салып айтушы рөліне Жер бетінде сізден лайық адам жоқ», деді.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун мырзаның сөзіне Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп ризашылығын білдірді: «Қазақстанның Семей полигонының жабылу күнін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін. Біздің еліміздегі барлық ядролық нысандар МАГАТЭ-ның толық бақылауында және кепілдігінде деді Мемлекет басшысы.
Н.Ә.Назарбаев өз сөзінің соңында Бас хатшының осындай Жоғары деңгейдегі кездесу ұйымдастыру идеясына ризашылығын айтып, осында жария етілген ұсыныстар ядролық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесін нығайтуға ықпал етеді», деп үміттенетінін білдірді.
1967жылы Іле өзенінде Қапшағай су электр станциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды: Соның салдарынан Іле өзенінен Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды, көбі құрғап кетті. Бұл аймақ түгелдей сортаңға айнала бастады. Балық аулау көлемі қысқарды.
Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты, химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдаланудың нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдыры қайта басталды. Балқаш-Іле аймағының экологиялық жағдайы күрделі мәселеге айналды. Қоғам мен табиғат арасындағы қатынас шиеленісе түсті Осылайша экологиялық апат адамдардың денсаулығына, оның болашағына қауіп төндірді.
Табиғатпен қайшылықтың шиеленісуіне техника, өндіріс қана кінәлі емес, кінә адамдардың іс-әрекетін дұрыс басқармаудан, қабілетсіздіктен, қоршаған ортаны сақтауға ынтаның жоқтығынан болып отыр. Табиғатпен тиімді қатынасты қалыптастыруда адам шешуші фактор болып табылады. Табиғатты қорғаудағы басты стратегиялық бағыт-мүмкіндігінше қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады немесе түгелдей жояды, шикізаттың бастапқы түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді және қосымша өнім алуға да жағдай жасайды.
Айналадағы ортаны, негізінен табиғатты адамның пайдалану сипатындағы қалыптасқан қайшылықты өзгертудің үлкен маңызы бар.
Табиғат қорықтары, парктер өсімдік және жануарлар әлемін сақтауға мүмкіндік береді, сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғайды. Табиғатты қалпына келтіріп, байытудың маңызы үлкен. Ол үшін көгалдандыру, бау-бақша өсіру, суқоймаларын жасау жұмыстарын үздіксіз жүргізу қает. Ағаш отырғызу жұмыстың жартысы ғана, істің нәтижесі-оны өсіруде.
Табиғатты қорғау саласының бірі-экологиялық бақылау. Бұл бағытта бірсыпыра жұмыстар іске асырылуда. Республика бойынша облыс, аудан, қалаларда айналадағы ортаны қорғау, экологиялық бақылау мекемелері құрылды.
Адам мен табиғат арасындағы қайшылықты шешуді қоғам реттейді, оның қызметі-адамдардың санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынталы жігерін қолдау. Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет.
Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемаларға экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
• экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының құрт нашарлауы;
• мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
• осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
• аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Бұл проблеманың тууына себепші болған — адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км2 жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін. Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Осы жоғарыда көрсетілген қазіргі Қазақстан Республикасындағы өзекті мәселелердің шешімін табу үшін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасында, Ќазаќстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ќұќыќтыќ саясат тұжырымдамасында, конференциялар мен саммиттерде күрделі тақырыптардың бірі ретінде айтылып жүргені бәрімізге белгілі. Солардың бір дәлелі 2011 жылдың қыркүйек айының 22 жұлдызы күні Астана қаласында «Еуропа үшін қоршаған орта атты 7-ші министрлер конференциясы өткен болатын. Бұл конференцияда қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі декларация, сондай-ақ Астананың «Жасыл көпір» атты бастамасы қабылданған болатын. Бұл бастаманың негізгі мақсаты, экономикада «Жасыл даму» саясатын алға жылжытуда Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдеріне қолдау көрсету болып табылады.
5 билет
Қз ханд-ың күшеюі. Қасымхан ж-е оның сыртқы–ішкі саясаты. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.
Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Европаға мәлім болды.
Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.
Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.
Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.
Құқық (право). Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.
Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:
1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).
3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді .
Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.
Сонымен, Қасым хан тұсында қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды . Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Европаға, Руське мәлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр.
1. ХХ ғ. бас-ы Қзң әлеуметтік–экон-қ ж-е саяси жағдайы
Әлеуметтік-жағдай
XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:
Түркістан генерал-губернаторлығы
(Орталығы – Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы
Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы - Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы
1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.
Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.
Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.
Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.
Қала халқының көбеюі жолдары:
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.
2.Жатақтар санының артуы.
3.Ішкі демографиялық өсім.
4.Сауда қатынасының дамуы.
Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.
Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.
1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.
1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.
Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.
Облыстардағы қазақстардың улесі:
Ақмола облысы – 36,6%
Семей облысы - 73%
Жетісу облысы – 60,5%
Сырдария облысы – 63,3%
Төрғай облысы – 58,7%
Орал облысы – 56,9%
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.
XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).
Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
Темір жол.
1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.
Өндіріс орындары және жұмысшылар.
1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.
XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.
Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.
Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.
XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.
Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің 30.11.2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму » Қазақстан халқына Жолдауының жаңа әлеуметтік саясатының 5 бағыты.
БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру
Біздің маңызды міндетіміз – қаржы жүйесін
жылдам тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық
нақты ахуалға сәйкестендіру.
Біріншіден, қаржы секторының теңгенің еркін
бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Мұндағы қағидатты сәт сол, Ұлттық
валютаның бағамына Ұлттық қор қаржылары
есебінен шексіз қолдау көрсету тәжірибесіне қайта оралу
болмайды. Ұлттық банк банк секторының барлық
субъектілеріне жұмыс істемейтін несиелер бойынша стресс-тестілеу
жүргізуі қажет. Оның нәтижелері бойынша оларды мойындау
және есептен шығару жөнінде шаралар қабылдау керек.
Капиталдандыру проблемаларын шеше алмаған банктер қаржы
жүйесінен «кетуі» тиіс. Қазақстандық банктер
барлық халықаралық стандарттарға, соның ішінде,
Базель комитеті мен Халықаралық валюта қорының
стандарттарына сәйкес келуі қажет. «Долларсыздандыру»
құралдарын кеңейту арқылы ұлттық
валютаға деген сенімді нығайтуға қол жеткізудің
маңызы зор.
Екіншіден, инфляциялық таргеттеу шеңберінде Ұлттық банк
орта мерзімді болашақта инфляция деңгейін 4 пайызға дейін
төмендетуі керек. Ол үшін пайыздық мөлшерлемелерді
икемді өзгерту тетігі толыққанды пайдаланылуы тиіс.
Үшіншіден, Ұлттық банктегі институттық кемшіліктерді
жою қажет. Біртұтас Зейнетақы қорын, Проблемалы
несиелер қорын және басқа да қаржы институттарын
оның бақылауынан шығару керек.
Төртіншіден, 2016 жылы зейнетақы активтері жеке
қазақстандық немесе шетелдік компаниялардың
басқаруына берілуі тиіс. Зейнетақы жиналымдарының
табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы қаржыларын
инвестициялауға көзқарастарды қайта қараған
жөн. Зейнетақы қорына көзқарас пен басқару
да Ұлттық қорға көзқарас пен басқару
сияқты болуы керек.
Ұлттық банк қоғам мен қаржы мекемелеріне өз
қызметінің мәселелері бойынша үнемі тиянақты
ақпарат беріп тұруы тиіс. Қаржы секторына
қатысушылардың бәрімен қалыпты жұмыс
бабындағы үнқатысуды жолға қоюдың
маңызы зор. Осы аталған барлық кезек күттірмес
шараларды қабылдағаннан кейін ғана экономиканы
ынталандыруға, соның ішінде монетарлық тәсілдермен
ынталандыруға кірісуге болады. Мен жаңа басшылықтың
Ұлттық банкті сауатты басқаратынына сенемін. Біздің
бәріміздің де ұлттық валютамыз – теңгеге сенуіміз
қажет. Теңге салымдары – бүгінде азаматтардың
жиналымдарын сақтаудың ең үздік құралы.
ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру
«Көрпеге қарап көсілу» – бұл, әсіресе,
жаһандық дағдарыстың ықпалы жағдайында біз
үшін тексерілген қағидат және бюджет саясатының
дұрыс моделі.
Бүгінде біз бюджетке салықтық түсімдердің 20
пайызға дерлік төмендегенін айтып отырмыз. Қосылған
құн салығын төлеу көлемі төрттен бірге, ал
табысқа корпоративтік салық бойынша 13 пайызға
төмендеді. Бұл бар болғаны бизнеске қосымша
қысымды білдіретін болады. Бюджет шығындарын Ұлттық
қор есебінен жабу – көрегендік емес. Біз алдағы
жылдардың қандай боларын білмейміз. Сондықтан менің
ұстанымым қағидатты – Ұлттық қор
қаржыларын ағымдағы шығындарға пайдалану
тоқтатылуы тиіс. Ұлттық қордан республикалық
бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген, шектеулі трансферт бірден-бір
тетік болуы керек. Үкіметке Ұлттық қор қаржыларын
жаңа жаһандық өмір шындығы жағдайында
қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын
әзірлеуді тапсырамын.
Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл
жүйесін қайта қарау қажет. Ең алдымен,
бюджеттің кіріс базасын ұлғайту керек. 2017 жылы
қазіргі ҚҚС-тің орнына сатудан түсетін
салықты енгізу қажет. Барлық тиімсіз салықтық
жеңілдіктерді жойған жөн. Салықтық режімдерді
оңтайландыру қажет – тек үш деңгей ғана
қалуы керек. Олар – жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін патент
және шағын және орта бизнес, сондай-ақ, аграрлық
сектор үшін арнайы салық режімі. Мұндай механизм
«көлеңкелі экономиканы» жарыққа алып шығатын
болады.
Салық саласының мөлдірлігін арттыру Үкіметтің
басты міндеті болуы тиіс. Тек осылай еткенде ғана экономиканың
әрбір субъектісі салықтарды толық көлемде төлеуге
мүдделі болмақ.
Үкімет салықтық әкімшілендірудің тиімділігін
қамтамасыз етуі керек. Бүгінде мүлікті жария ету мерзімдері
2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен
ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша
ынталандырулар қабылданды. Құпиялылық пен сот
қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. Үкіметке
жария ету жағдайларына тағы бір рет талдау жасауды және
қажет болған жағдайда, оған қатысушыларға
кепілдікті күшейтуді тапсырамын. Мен мүлікті жария етуге
қатысу жөнінде әлі де ойланып жүргендердің
барлығын осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға
шақырамын.
2017 жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен шығыстарды жаппай
декларациялау күшіне енеді. Одан кейін, олар қайда болса да,
олардың шығу төркіні мен салық салынуын анықтау
үшін, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық пен
даму ұйымының көмегімен, есепшоттар мен активтерді
анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады.
Енді бюджет шығындарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы.
Үкіметке барлық бюджеттік бағдарламаларға толық
ревизия жүргізуді тапсырамын. Дағдарыс жағдайында әр
теңге де маңызды. Тиімсіз шығындар немесе жеке сектор
есебінен жабылуы мүмкін шығындар бюджеттен шығарылуы тиіс.
Өңірлік және индустриялық даму
бағдарламаларының шығындарын қайта қарау
қажет.
Мемлекеттік шығындар мен субсидиялар жүйесін де қайта
қараған жөн. Бүгінде бүтіндей бір салалар мемлекет
есебінен өмір сүруде. Сонымен бірге, мәселен, «ҚазАгро»
корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдау
құралдары бүкіл ауылшаруашылық тауар
өндірушілердің тең жартысы үшін қолжетімді емес.
Бюджет шығындарын жеңілдету үшін мемлекет-жекеменшік
әріптестігі тетігін белсендірек қолдану қажет.
Экономиканың басым салаларына жеке инвестицияларды ынталандыру бойынша
қосымша шаралар қарастыру керек. Жеке инвесторларды жол, газ
құбыры, ауруханалар, мектептер және басқа да нысандар
құрылысына ғана емес, сонымен бірге, оларды қайта
жаңғыртуға және техникалық қызмет
көрсетуге тартудың да маңызы зор. Бюджет шығындарын
оңтайландырудан босаған барлық қаржыны бірінші кезекте халық
үшін нақты нәтижелер әкелетін жобаларға
бағыттау қажет.
ҮШІНШІ. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру
Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді
қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың
маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді құралды – кең
ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті
ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз. Бүгінде өсім мен
бәсекелестікті не ұстап тұр?
Ең алдымен, үлкен мемлекеттік сектор – 7 мыңнан астам
кәсіпорындар. «Самұрық-Қазына» және
«ҚазАгро» холдингтері өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығының орасан зор активтеріне тиімді бақылау жасай
алмайды. «Самұрық-Қазына» қорының активтері
ІЖӨ-нің 40 пайыздан астамын құрайды, 500-ден астам
«немерелер» мен «шөберелерден» тұрады. «ҚазАгро» және
«Бәйтерек» холдингтері бюджет пен банктер арасындағы тиімсіз
делдалдарға айналды. Осылардың бәрі далиған штаттармен
және орасан бюджеттік ресурстармен қоса жүреді, сонымен
бірге, жеке инвестициялар мен бастамаларды ығыстырып шығаруға
апарып соқтырады.
Қазір мемлекеттік сектор нысандарын жекешелендіруге шектеулерді алып
тастау маңызды. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң мен
Азаматтық кодекстің бірқатар ережелерін қайта
қарап, жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық нысандардың
санын қысқарту қажет. Үкіметке мемлекеттік меншіктегі
ұйымдардың бәрін қоса отырып, Жекешелендірудің
жаңа бағдарламасын жасауды тапсырамын. Олардың ішінде,
«Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және
«ҚазАгроға» кіретіндері де бар. Жекешелендіруден кейін осы үш
басқарушы холдингтің бәрі ықшам ұйымдарға
қайта құрылымдалатын болуы тиіс.
Жекешелендіру әділетті нарықтық баға бойынша,
ашық және бәсекелі жүзеге асырылуы керек. Мұнда
акцияларды қор нарықтарына орналастыру мен ашық аукциондар
шешуші тетіктерге айналуы тиіс. Оған қазақстандық
және шетелдік инвесторларды барынша мол қатыстыру үшін
жағдай жасау керек. Үкіметке барлық акционерлердің
мүлкінен айырылғандардың активтерін сатып алуға деген
басым құқықтарын алып тастауды тапсырамын.
Әрі қарай, Үкімет еркін және саламатты бәсеке
үшін жағдайлар жасауы тиіс.
Біріншіден, Үкіметке антимонополиялық қызметті күшейту
бойынша нақты ұсыныстар жасауды тапсырамын. Бізге
антимонополиялық ведомство туралы мәртебесі мен
жұмыс тәртібі нақты регламенттелген жеке заң керек.
Екіншіден, бағаны жасанды реттеу түрінде нарықтық
ынталандыруларға қатысты бұрмалауларды жою қажет.
Үкіметке экономиканың барлық секторларында
нарықтық баға қалыптастыруға әрі
қарай көшуді жалғастыруды тапсырамын.
Үшіншіден, бәсекелестік саласындағы саясат банкроттық
және тиімсіз компанияларды оңалтуды тиімді реттеу
үдерістерімен қоян-қолтық жүруі тиіс.
Нарықтық экономика – күштілердің бәсекесі.
Жеңілгендер нарықтан кетуге немесе қайтадан бастауға
мүмкіндік алулары керек. Бізде мұндай жоқ. Тиімсіз
компаниялар мемлекеттен түрлі түрдегі субсидиялар мен
жеңілдіктер алу үшін кезекке тұрады. Бірде-бір дамыған
елде компаниялардың банкроттығы саланың ыдырауына немесе
жұмысшыларын босата отырып, кәсіпорынның тоқтауына алып
келмейді. Тиімсіз менеджерлердің орнына өзімен бірге инвестициялар
әкелетін жаңа меншік иелері келеді. Біз бәсекеге
қабілетсіз компанияларды мемлекет есебінен «сүйремеуге» тиіспіз.
Үкіметке жеке және заңды тұлғалар
үшін банкроттықтың нақты және түсінікті
ресімдерін жасауды тапсырамын. Ол барынша жеңілдетілген болуы тиіс.
ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері
Таяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында
тұрған міндеттер:
- экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде
қамтамасыз ету;
- өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылмен
салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30
миллиард долларға дейін жеткізу;
- экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10
миллиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай
алғанда 10 жыл ішінде – кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу;
- 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру,
еңбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру.
Экономикалық өсімнің мұндай қарқыны тек
экспорттық табыстар ағынын мүмкін ететін жаңа драйверлер
қалыптастыру есебінен ғана қамтамасыз етіле алады.
Жаңа жаһандық нақты ахуалдың мәні тек
әртараптандырылған экономиканың ғана
жаһандық дағдарыс салдарына тиімді қарсы
тұра алатынында болып табылады. Сондықтан да біз индустрияландыру
бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге жаңа
инвестициялық саясат керек.
Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре
отырып, жеке инвестициялар тарту маңызды. Біз «күрделі
инвестициялар» тарту үшін оңтайлы орта қалыптастыруымыз
керек. Осы жылы «Астана» Халықаралық қаржы орталығын
құру туралы шешім қабылданды. Ол исламдық
қаржыландыру, приват-банкинг және қайта сақтандыру
салаларында өңірлік хаб болады. Қазақстан күшті
институттары, білікті, тиімді және болжамды үкіметі бар
өңірдегі көшбасшы-елге айналуы тиіс. Бізде озық
техникалық кадрлар, әлемдік деңгейдегі
инфрақұрылымдар болуы тиіс, қоғамдық тәртіп
пен адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.
Инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған реформаларды
әрі қарай жалғастыру ЭЫДҰ және басқа
да халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп
жүргізілуі тиіс. Үкіметке үш ай мерзім ішінде
инвестициялық ахуалды жақсартудың егжей-тегжейлі жоспарын
жасап ұсынуды тапсырамын. Бұдан бөлек, инвесторлармен
жұмысты белсенді ете түсу үшін инвесторлар тарту мен инвестициялық
ахуалды жақсартуға бағдарланған Үкімет
кеңесін құруды тапсырамын. Өңірлерде жергілікті
маңыздағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар
тартуға қажетті осындай кеңестер құру керек.
Екіншіден, экономикалық өсімнің өңірлік
драйверлерін қалыптастыру маңызды. Барлық инвестициялық
жобалар тікелей өңірлерде жүзеге асырылады. Сондықтан,
6 макроөңірлер – Оңтүстік, Солтүстік,
Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы, және Астана үшін жеке
бағдарламалар жасау қажет. Ірі өңірлік жобалар
айналасында шағын және орта бизнесті дамыту керек. Сондықтан,
кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнестің жол картасы-2020»
бағдарламасы макроөңірлердің инвестициялық
бағдарламаларының бір бөлігі болуы тиіс. Еңбек
ресурстарының жұмылғыштығын жоғарылату бойынша,
бірінші кезекте, еңбек күші артық
өңірлердің еңбек күші жетіспейтін
өңірлерге миграцияларды ынталандыруға бағытталған
шараларды алдын ала қарастыру қажет.
Макроөңірлер «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде
құрылатын біртұтас көліктік, логистикалық
және коммуникациялық құрылым аясында бірігулері тиіс.
Қазіргі кезде «Орталық – Оңтүстік», «Орталық –
Шығыс», «Орталық –Батыс» шешуші бағыттары бойынша 11 жоба
жүзеге асырылуда. «Боржақты – Ерсай», «Алматы – Шу» теміржол
желілері мен Құрық портындағы паромдық
өткел құрылыстары жүргізілуде. Бұл жобалар
қазірдің өзінде 72 мың адамды жұмыспен
қамтып отыр. Үкіметке аталған бағдарламаларды
жүзеге асыру ісін белсенді ете түсуді тапсырамын.
Сонымен қатар, экономикалық конъюнктураны есепке ала отырып,
қаржыландыру көздерін әртараптандыру қажет. Менің
ҚХР-ға сапарым барысында ЭксимБанкпен 2,6 миллиард доллар сомасында
займ тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазір мемлекеттік бюджет есебінен көптеген жолдар салынып жатыр.
Бірақ, бұл жобаларға шетелдік және жергілікті
инвесторларды да тарту керек. Жақын болашақта «Нұрлы Жол»
бағдарламасы жобаларына жеке капиталды тарта отырып, қаржыландыру
моделіне келтіру керек.
Үшіншіден, қазір әлемдік және өңірлік
рыноктарда экспорттық тауашаларды белсендірек игерген жөн. Біз
жақын жатқан елдердің экономикалық әлеуеттерін
тиімді пайдалануға тиіспіз. Бірінші кезекте, бұлар –Қытай,
Ресей, Иран, Моңғолия, Үндістан, Пәкістан,
Орталық Азия және Кавказ елдері. Аталған елдер жыл сайын 3,5
триллионнан астам доллардың тауарлары мен қызметтерін импорттайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа шешуші
өңірлік рыноктармен еркін сауда туралы келісім жасасу қажет.
Үкімет аталған мәселелерді біздің
әріптестерімізбен бірлесіп жасап, бәріміз үшін пайдалы етіп
шешуі тиіс. СІМ-ге осы міндеттерді орындау үшін
Қазақстанның шетелдердегі мекемелерінің барлық
ресурстарын іске қосу қажет.
Төртіншіден, бізге техникалық кадрлар дайындау жүйесін
барынша дамыту қажет. Техникалық және кәсіби білім беру
инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы
тиіс. Бұл үшін Германиямен, Канадамен, Австралиямен және
Сингапурмен кадрлар дайындау орталығын бірлесіп құру керек.
Олар бүкіл еліміз үшін техникалық және кәсіби
білім беру жүйесінің моделі болады.
Бесіншіден, Қазақстан экономикасының инновациялық
әлеуетін арттырған жөн. Болашақтың экономикасын
құру үшін негіз қалау маңызды.
Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер
интеграциялары, болашақтың энергетикасы, жобалау және
инжиниринг салаларында біліктілікті дамыту қажет. Мұны тек тиімді
ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы
ғана жасауға болады. Назарбаев Университеттің «Астана
бизнес кампусы» хайтек-паркінің базасы мен Алматыдағы «Алатау»
технопаркінде қалыптастырылатын қуатты зерттеу университеттері мен
инновациялық кластерлері оның негізіне айналады. Астанада
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін
өткізу бізге «жасыл технологияларға» негізделген жаңа
энергетиканы белсенді дамытуға жақсы мүмкіндік береді.
БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат
Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге
белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір
сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық
жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты
экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан,
біз әркез қазақстандықтардың
әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға
мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге
жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда
жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет
жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін
қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады.
Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де
қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын
жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1
қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы
қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28
пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29
пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы
қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын.
Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына
қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды.
Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға
байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық
өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция
деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты
зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б»
корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің
еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады. Бұл
мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік шығындарды
оңтайландырғаннан кейін үнемдейміз. Осылайша біз
еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып,
өзіміздің халық алдындағы әлеуметтік
міндеттемелерімізді орындаймыз!
Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз
қорғалған жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз
мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып
келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік
бұрмаланбауы тиіс. Өйткені, әрбір әлеуметтік
төлем – бұл жай бюджетке ғана емес, әрбір жұмыс
істейтін қазақстандыққа қосымша салмақ.
Әлеуметтік әділеттілік идеясы жұмыс істейтін
қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік
әділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну керек.
Бұл – солардың ақшасы!
Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге
орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға
қабілетті. Азаматтарға әлеуметтік қолдауды
кеңейту мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші
тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың
жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын. Бағдарламаларды
қаржыландыру көлемі 2009-2010 жылдары жүзеге асырылған
осыған ұқсас Жол картасымен салыстырғанда
ұлғайтылатын болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды
дамыту мен елді мекендерді абаттандыру жобалары есебінен еңбек
рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады.
Кадрларды кең ауқымды қысқа мерзімді қайта
даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. Кәсіпкерлікті
дамыту үшін микронесиелеу кеңеюде.
Бүгін мен жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін қоямын.
Мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз
қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам
капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен шектелетін болуы тиіс.
Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға,
олардың нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын
бағамдау негізінде, көрсетілетін болады. Басқалар
ақшаны өздері, өздерінің еңбектерімен табулары
тиіс. Азаматтарымыздың жекелеген топтарының ерекше
сұраныстарын ескере отырып, өмір сүрудің ең
төменгі деңгейінің құрылымдарын қайта
қарау және оның түрлі деңгейлерін белгілеу
қажет. Үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру бойынша ұсыныс
енгізуді тапсырамын.
Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың
қайта оқуға немесе еңбекпен қамту
бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс.
Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай
түрлерін 2017 жылдан бастап енгізуді тапсырамын. Әлеуметтік
саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам капиталын
дамытуға кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз
бұған дейін қабылданған бағдарламаларға
сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын
жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап
жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін
кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын.
Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын.
4билет
1. XVI – XVII ғғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Хақназар, Тәуекел, Есім хандардың хандықты басқаруы.
Хақназар (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты.
Ол 42 жыл биледі. Хақназар хан – таққа отырған соң хандық үкіметінің билігін нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді.
Ол билік құрған кезде сыртқы саясатта аса ірі тарихи оқиғалар болды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай іргесін кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осыған байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаның арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс күшейді, бұл халық бұқарасын күйзелтті.
Хақназар тұсында Қазақ хандығының күшеюі Ноғай ордасындағы қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты, кейіннен келіп қосылды.
Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Әз Жәнібек немересі Шығай (1580-1582) хан болды.
Ол билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген Бұхар ханы Абдолла II (1557-98) тұсында Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтаннан өш алумен болды. Сол жорық кезінде қайтыс болды.
Шығай ханның орнына отырған Тәуекел хан (1586-1598) тұсында Ресей мемлекеті мен қазақ хандығы арасында дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті.
1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижано, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қайтыс болды. Тәуекел алғаш рет 1594 жылы Мәскеуге достық қарым-қатынас орнату мақсатында Құлмұхаммед бастаған қазақ елшілігін жіберді.
Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шарттын жасасты, - шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бектіп берілді. Ол қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. Есім ханның бұл саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.
Екеуінің арасында билік үшін саяси күрес болды. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық екі салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады.
Ол ел арасында Еңсегей бойлы – Ер Есім деген атпен белгілі болды. XVI ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен ) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылғы күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Хандықтың негізгі халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, Есіл, Тобыл және Тура өзендерінің орта ағысын, Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес «Сібір тайпалары» деген атпен белгілі.
1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті халық арасында оны «Салқам Жәңгір» деп атаған.
Оның тұсында ойрат-жоңғарларының көсемі батыр Хұнтайшының күшейген кезі еді. Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы күресті.
«Қазақ-ойрат қарулы күресінің тууына мынадай жағдайлар себеп болған еді.
Біріншіден көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан екі жақтың билеушілері үшін көшіп-қонатын жерді кеңейту керек болды;
Екіншіден Жоңғар феодалдары Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді.
Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас – бірін- шісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж. болған.
1643 жылы екінші шайқаста қазақтар жеңіп шықты. Осы жылдың қысында батыр Хұнтайшы қазақ жерлеріне шабуыл жасайды, ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады.
Жәңгір хан екі таудың арасындағы тар жырауда ор қазып, бекініс жасайды. Өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Хұнтайшы ор қазып алып, ерлікпен қорғанып жатқандарға қарсы күрес жасайды. Осы кезде Жәңгір жаудың ту сыртынан соққы береді. Сөйтіп, жоңғарларды қатты жеңіліске ұшыратып, 10 мыңдай адам қырылады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Хұнтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып 1652 жылы қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады.
Бұл дәуірде қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастық өршіді.
Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті.
Ол қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады.
Феодал шонжарларының өкілдері мен билерден құралған «хандық кеңестің» және «билік кеңесінің» рөлін арттырды. Жыл сайын Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер алдында шешілетін болды.
Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» деген атаумен әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізді. «Жет жарғы» сол заманға сай құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор.
Қазақ хандығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы- мен айналысқан феодалдық мемлекет болды.
Оның көшпелі және жартылай көшпелі далалық өңірінде патриархалдық – феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық қатынас қалыптасты. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады.
Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі екінші қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.
Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар далалық өңірлерде қой, жылқы, түйе және сиыр өсірді. Мал – жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Талай ғасырлық тәжірибеден туған шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырды.
Бұл: жаздағы жайлау, қыстағы қыстау, көктемдегі көктеу, күздегі күзеу.
Көшіп-қону өрісі түрліше болды, малы көп, әсіресе түйесі мен жылқы- сы бай малшылар алысқа көше алды (кіші және орта жүз жерінде жылына 700-1000 шақырым артық жерге көшіп отырды), 200-300 шақырым жерде әр түрлі жайылым жерлер кездесіп отыратын Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда көшіп-қону әлдеқайда шағын болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Басқа рулар қол сұға алмады. Малдың дені қой мен жылқы болды. Қазақтар көбінесе еті семіз, қылшық жүнді, құйрықты қойлар өсірді. Қой еті негізгі тамақ болды. Қойдың сүтінен құрт, ірімшік, сүзбе, айран, сары май алды. Қой ең бағалы шикізат -–жүн, тері, елтірі өнімдерін берді.
Оңтүстік Қазақстан өңірі ертеден бері егіншілік мәдениетінің бесігі болған орын. Қазақ хандығы тұсында бұл аймақтардың дәстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды.
Сырдария Арыс, Шу, Талас өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы жақсы жолға қойылды. Өзен суларын тартып жер суландыратын каналдар мен арықтар болды. Қазақ егіншілері арпа, бидай, жүгері екті. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды.
Үй кәсібі мен қолөнер дамыды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Ұсақ мал терілерінен тон-шалбар, жарғақ киім жасалды. Ірі қара терілерін илеп, кебіс-мәсі, саптамалар тігілді. Торсық, саба істелді. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүнін пайдаланды. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасады.
Едәуір кең тараған қолөнер ұсталық еді, олар темірден тесе, күрек, балта, шот, орақ, пышақ, қырғыш, таға т.б. жасады. Өндіріс саймандарынан басқа соғыс қару-жарақтарын: қанжар, қылыш, семсер, айбалта, найза, жебе, сүңгілер соқты. Алтын-күміс сияқты асыл металлдардан әшекейлі бұйымдар: білезік, жүзік, сырға, кемер белбеу, ер-тұрман саймандарын жасайтын шеберлер – зергер деп аталды.
Орман тоғайлы жерлерді мекен еткен қазақтар ішінде ағашшылық қолөнері өріс алды.
Қазақтар көктемде 22-наурызлы күн мен түннің теңелетін кезеңін «наурыз тойы» –деп атап өтуді әдетке айналдырған.
XV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні еңбекші халық арасында терең тамыр жойған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар т.б. Сондықтан халықтың бір бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.
XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді.
Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады.
“Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген.
Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған.
“Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.
XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады.
Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады.
Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.
“Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған.
Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзада- лардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.
2. Қазақстандағы 1916 ж. Ұлт–азаттық көтеріліс.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай - 8,4%-ға, тары - 22,1%-ға, картоп - 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әр десятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтқа дейін төмендеді. Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл енгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің және тұқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мұндай көріністер байқалып тұрды.
1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен бұрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын, байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді, жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.
Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.
Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.
Қазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.
Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.
3. Заманауи Қазақстанда қазіргі заманғы білім мен озық ғылымның дамуы. (Н.Ә. Назарбаевтің дәріс материалдары бойынша). баршамызға мәлім, Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланған ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы мазмұны терең, бағыты айқын, стратегиялық мәні ерекше құжат. Бұл Жолдау ел дамуының белгілі бір асуын бағындырып, келесі бір асуға бет бұрғанын айғақтайды.
Елбасымыз өзі атап айтқандай, мықты мемлекет жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен ерекшеленетін бұл Жолдау – болашаққа нық қадам жасайтын, Қазақстанның жаңа келбетін көрсететін, баршамызға жауапкершілік жүктейтін ел Президентінің халыққа арнаған он жетінші жолдауы екен. Әрбір Жолдау кемел Қазақстанмен, оның азаматтарының игілігі үшін қызмет етуде. Осыдан 15 бұрын Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы қабылданғаннан кейінгі жылдарда еліміздің экономикалық тығырықтан шығуына, өркендеп өсуіне, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуына жол ашты. Еліміз жиырма жылда жаңарған жасампаз қалыпқа жетті. Кез келген мемлекеттің дамуы қабылданған қажетті заңнамалардың негізінде жүзеге асатыны мәлім.
Түйіндеп айтсақ, «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін қалаушы жоспар болса, «Қазақстан-2050» бағдарламасы еліміздің өркендеуіне ерекше мән беріп, сапа беріп, болашақ кемел даму жолына бастайтын стратегияға айналғаны анық. Экономикалық прогматизм, кәсіпкерлік, әлеуметтік саясат, білім және кәсіби машық – заманауи білім беру, демократияны дамыту, сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм, жұмыспен қамтуды үйлестіру, жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етумен қатар білім беру жүйесінде заманауи инновациялық технологиялыр мен әдістерді енгізуді жалғастыру, индустриялды-инновациялық жобаларды дамыту сияқты мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын қарастырғандығы біздің болшаққа деген сенімімізді арттыра түседі.
Жасампаз Жолдаудың басты бағытының бірі – білім саласы. ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заманымызың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ. Жолдаудың «Білім және кәсіби машық заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» атты бөлімінен білім беру мәселесіне баса көңіл бөлінгендігін байқаймыз. «Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарының бағыттылығы мен басымдылықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту» деген ұсыныстарды көрсеткен. Бұдан алдымызда бүгінгі заман талабына сай қазақстандық білім беру жүйесін дамыту міндетінің тұрғанын мойындаймыз. Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы. Мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор.
Елбасының сындарлы саясатының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Алайда, талғам өзгергенімен талап жалғыз. Ол – қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру. Алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдардай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе.
Қазақ халқының шолпан жұлдыздарының бірі Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиеден мақсұт – баланың тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару... Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі» дегеніндей ақпараттық технологиялар заманында жоғары білімді ұлт болуымыз үшін жас ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеудің маңызы өте зор. Өскелең ұрпақтың бүгінгі келбеті еліміздің ертеңін елестетеді. Ал, ел ертеңін қалыптастыру білім беруді жаңғыртудан басталады.
«Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін, біз, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек... Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз борлып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп Елбасы Жолдауында атап көрсетті.
Олай болса, өскелең жас ұрпақты болшақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, оқытушының, тәрбиешінің, қоғамның міндеті. Осы міндеттерді атқару баршамыздың азаматтық парызымыз болмақ. Бұл жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа заманның салмақты жүгін қайыспай, жұмыла, бірлесе көтерген жүктің жеңіл болатыны сияқты отбасы, бала-бақша, мектеп, оқу орындары және қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі көрсететін болады.
Баршамызды алдымызда «Мен осы парызымды дұрыс атқарып жүрмін бе?» деген сұрақ тұруы қажет. Бұл сауал әрқайсысымызды ойландыруы тиіс.
«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» демекші, білім саласындағы басым бағыттардың бірі – педагог мәртебесін арттыру болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмаділов: «Мұғалімнің жоғары біліктілігі – адами капитал дамуының негізі болады», – деп, өз мәлімдемесінде көрсеткен болатын.
Қазіргі таңда мұғалімдер біліктілігін арттыруда Назарбаев интеллектуалды мектептерінің қасындағы педагогикалық шеберлік орталықтарында және педагогикалық біліктілігін көтеру бойынша Ұлттық орталықтарда әлемдік тәжірибеге сай арнайы 3 айлық қайта дайындаулардан өту үстінде. Олар мұғалімдер біліктілігінің жаңа (бірінші, екінші, үшінші) деңгейлері бойынша білімін жетілдіруде.
Қазіргі заман мұғалімінен қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруін көздейтін, жаңашылдыққа жаны құмар, әр ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл ойлау дағдыларын меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы талап етіледі.
Елбасының қолдауының нәтижесінде қазақстандық білім беру жүйесі жаңа даму деңгейіне өтуде. Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанның мектепке дейінгі білім берудің әдістеріне көшуі, «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін жалғастырылуы, «онлайн» жүйесін, инженерлік білім беруді дамытуды, балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамту үкімет пен әкімдерге міндеттелді. Жылдан жылға білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі өсіп келеді. Бұл орайда ел Президентінің «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа білім мен ғылымды игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайды жағдайлармен қастамасыз етуіміз керек» деген қанатты сөзін басшылыққа алып, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етуіміз, ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына ат салысуымыз қажет деп білеміз. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, «мәңгілік ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін.
3билет
1.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы (1680 – 1718 жж.). Қазақ халқының дала конституциясы – «Жеті жарғы».
Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.
Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.
1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.
Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.
Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.
Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.
Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.
Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.
XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе түті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы душпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады.
«Жеті жарғы» заңдар (Тәуке ханның заңдары).
XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі.
«Тәуке хан ережесінің» негіздері туралы қайсы бір тиянақты пікір айту қиын, кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. Тегінде, «Жеті жарғының» негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі байырғы правосын, сондай – ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери – саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер енді.
«Жеті жарғыны» жасау қолданылып келген әдеттегі правоның нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал ақсүйектердің мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тәуке ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ қоғамының сол замандағы әлеуметтік және құқық нормалары заң жүзінде баянды етілді.
«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:
1. Жер дауы заңы (земельный закон)
2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон)
3. Әскери заң (военый закон)
4. Сот заңы (судебный закон)
5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)
6. Құн заңы (закон о Куне)
7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)
Сөйтіп, «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай еді .
Тәуке ханның сыртқы саясаты.
Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.
Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.
XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді .
Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.
Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.
Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.
Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.
2.ХХғ бас-ы Қздағы қоғамдық–саяси ж-е діни қозғалыстар.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер, Қазақстандағы панисламизм жəне пантүркішілдік, Қазақстандағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар, Мемлекеттік Дума жұмысына қырғыз (қазақ) облыстарынан өкілдердің қатысуы (Ə.Бөкейханов, .Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М. Шоқай), саяси басылымдардың дамуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы); Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс жəне 1916 ж. 25 маусымдағы «бұратаналарды» тыл жұмысына алу туралы Жарлық, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, ұлт-азаттыққозғалыстың негізгі кезеңдері, таралған аудандары, əлеуметтік негізі тақырыпты тереңірек қайталап, бекіту.
Тәрбиелік: Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіріп, алаш зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсіндіру арқылы оқушылар бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.
Қозғалыстың себептері және басталуы.
Эпиграф: А. Байтұрсынов: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
20 ғ. Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. Осы ғасырда ол шикізат өндіретін ірі сауда рыногы болды. Бұл ұлт - азаттық козғалыс қазақ чалқының бостандық, тәуелсіздік үшін бірнеше ғасырға созылған отаршылдыққа қарсы жүргізген азаттық күресірің жалғасы. 1914 ж. басталған Біріінші дүниежүзілік соғыс мемл - ң, әсіресе Ресей еңьекші халықтарының жағдайын нашарлатты. 1916 ж. соғыстың қызған кезі еді. Ол соғыс қаруларын айтпағанның өзінде шикізатты, азық - түлікті, материалдық байлықты қажет етті. Ресей шенеуніктерінің қазақ халқын ын құқығын корлау, басып — жаныштау, түрлі зорлық - зомбылық жасау күшейді.
Көтерілістің негізгі себептері:
Патшаның отарлау саясатының тиімсіздігі, орыстандыру саясаты, алым - салықтың артуы, қазақтардың қөп жерлерінен айрылуы, 1916 ж. 25 маусымдағы Қаз - ң, Орталық Азияның, және ішінара Сібірдің 19 - 43 жас аралығындағы «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмысына «реквизициялау туралы» Жарлығы көтеріліс оқиғаларының басталуына себеп, сылтау болды.
1. Қозғалыстың мақсаты:
қазақ халқына ұлттық және саяси бостандық әперу. Қозғ - ң қозғаушы күші: қазақ шаруалары, жұмысшы лар, кедейлер, қолөнершілер. Қатысты: байлар, болыс басқарушылар, билер. Демократияшыл зиялылардың өкілдері.
Сипаты: ұлт - азаттық.
2. Қозғалыстың басталуы мен басшылары. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы сол кездегі көзқарастар.
Қазақ зиялыларының әкі турлі көзқарасы болды көтеріліске:
1 топ: Қазақ зиялылырының батыл өкілдері - Тоқаш Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рысқұлов, Ә Жангелдин, С. Меңдешев, Б, Алманов, т. б. патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қолға қару алып, қарсылық жасауға шақырды.
2 топ: «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал - демократияшыл зиялылардың жетекшілері - А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, т. б. халықты Жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. Қарсы шыққан жағдайда қарусыз мыңдаған халық патша өкіметінің жазалау шаралапының құрбаны болады деп есептеді.
4. Қозғалыстың Жетісу мен Торғайдағы орталығы. Оқиғалардың барысы жөнінде айту.
Жетісуда – көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев, Т. Бокин.
Верный уезінің Үлкенсаз деген жерінде 11 болыстан 5 мыңдай адам қатысты. Шілденің 17 - сі онда әскери жағдай калыптасты. Сыдария обл. Әлие ата уезі, Мерке аймағы ошағы болды. Б. Әшекеевтің өмірімен таныстыру. Қозғалыстың Торғай уезіндегі көтеріліске Әбдіғаппар Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдиндер басшылық етті. Олар көтерілісшілерді өскери тәртіпке үйретті, Азаматтық билік орнады. Өскери кеңес жанында арнайы адамдар көтер - ді азық - түлікпен, қару - жарақпен қамтамасыздандырып тұрды. Ұстаханаларда қылыш, қанжар, семсер, қарулар жасалды. Көтеріліс болған жерлер: Татыр, Ақшығанақ, Доғал - Үрпек, Күйік, Батпаққара ауданында болды.
3. Еуразия экон-лық одағы-21ғ жаңа геосаяси шындығы.
Еуразиялық одақтың, бүгінде Еуроодақ бастан кешіп отырғандай, әлемдік экономикадағы түрлі дағдарысты ахуалдармен бетпе-бет келуі мүмкін. Дағдарысты ахуалдар біздің экономикаларымызда да пайда болуы мүмкін. Украиналық жағдай — біз үшін жақсы уақыт емес. Біздің идеямыздың күйреуін қалайтындар да аз емес. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойғанда осы сын-қатерлерді барынша ескеруге тиіспіз.
Бұл факторлар біздің шешімдерімізде қандай да бір «бұлдыр сағым» көзқарастар туындатуға тиіс емес. Өкінішке қарай, сараптамалық деңгейде алаңдатарлық «шыдамсыздықтар», ашық айтқанда, болашақ экономикалық одақты дағдылы қалыппен «тезірек қалқитуға» ұмтылушылық бар. Әрине, мазмұнға нұқсан келтіре отырып. Мен мұндай қарадүрсін көзқарастардың жақтаушысы емеспін.
Бәрі де геоэкономикалық немесе геосаяси конъюнктуралардың жаңа өзгерістері жағдайында еріп кетуі мүмкін ақшаңқан түспен жарқылдаған ақшақар соғып жатпағанымызды түсінуі керек. Шынайылық үшін еске сала кетейін, ТМД-дағы жекелеген интеграциялық бірлестіктер туралы бұдан дейін де «жылдам шешімдер» қабылданған болатын.
Бұрынырақта, сонау 90-шы жылдары, жалпы валюталық, кеден және экономикалық және басқа да кеңістіктер құру туралы түрлі форматтардағы келісімдерге қол қойылды. Солар қазір қайда? Олар кімнің есінде?
Олар тек тіпті, тарих оқулықтарында да көрініс таппаған табыссыз талпыныстар күйінде қалды. Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында біздің мұндай қателіктер мен бос ұрандатушылыққа құқымыз жоқ. Ашық айтайын, бүгінде кез келген асығыстық немесе жете ойласпаушылық оны іскер топтар мен миллиондаған адамдардың қолдауынан айыра отырып, интеграциялық үдерістердің түбіне жетуі мүмкін.
Қазақстанның экономикалық одақ құру туралы келіссөздер үдерісіндегі бірқатар қағидатты ұстанымдарының негізінде дәл осындай сенім жатыр. Биыл біз Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қол қоюдың тарихи белесіне шығамыз. Сонымен бірге, бүгін одан арғы стратегиялық іс-қимылдарды кем дегенде 15-20 жыл алға белгілей отырып, көкжиектен әрі көз тастаудың маңызы зор.
Ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақтың ХХІ ғасырдың бірінші жартысындағы басты миссиясының екі маңызды аспектіден тұратынын түсінудің маңызы зор.
Біріншіден, әлемдегі шешуші экономикалық макроөңірлердің бірі болу. Сарапшылардың есептеуінше, қазіргі жүзжылдықта «экономикалық тартылыстың» әлемдік орталығы Шығысқа, Азияға, соның ішінде, болашақ экономикалық одақтың аумағына қарай ауысады. Біз әлемнің ең ірі өндіруші массивтері — Еуроодақ пен Азия-Тынық мұхиты өңірі арасында орналасқанбыз. Бұл Шығыс пен Батыстың, Еуропа пен Азияның арасындағы геоэкономикалық көпір ретінде бізге табиғи бәсекелестік артықшылығын береді. Сонымен бірге, бір ареалдан екіншісіне тауарлар мен технологияларды беруде әншейін делдал болып қала алмаймыз.
Еуразиялық экономикалық одақ бірден трансұлттық бизнес үшін жаһандық инновациялар мен тартылыстардың жаңа орталығы ретінде құрылуы тиіс. Екіншіден, Еуразиялық интеграцияның маңызды құрамдас миссиясы әрбір қатысушы елдің әлемнің неғұрлым дамыған мемлекеттерінің қатарына енуін қамтамасыз етуінде.
Еуразиялық экономикалық одақ халықтар мен бүкіл ұлттық экономикалар үшін ауыртпалық емес, игілік болуы тиіс. Бізде еуразиялық интеграцияның халықтың әл-ауқатының, экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне тигізетін ықпалын өлшейтін индикаторлардың айқын жүйесі болуы керек. Тек осындай көзқарасты ұстана отырып қана, біз «еуразиялық таңдаудың» тартымдылығын қамтамасыз етіп, Еуразиялық экономикалық одақтың тағдыршешті мақсаттарына қатысты кез келген күмәнді біржола теріске шығара аламыз.
Еуразиялық интеграцияның бүкіл үдерісі дәл осынау маңызды екі бірегей өркениетті миссияны шешуге функциялық және практикалық тұрғыда бағындырылуы тиіс. Тек осылай ғана еуразиялық интеграцияның үзіліссіз табысын және оның мақсаттары мен міндеттеріне деген жалпыға ортақ қоғамдық қолдауды қамтамасыз етуге болады. Менің пайымдауымша, Еуразиялық экономикалық одақтың таяудағы 15-20 жылдағы даму стратегиясында келесі басымдықтарды қарастырған маңызды.
БІРІНШІ. Ол ұлттық экономикалар мен еуразиялық интеграцияның бүкіл кеңістігінің жеделдетілген инновациялық технологиялық серпілісі үшін арқаулық жағдайлар қалыптастыру. 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Еуразиялық инновациялық-технологиялық өзара іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеп, қабылдау маңызды деп санаймын.
Онда күш пен қаржыны шашыратып алмай, экономикалық өсімнің бірлескен нүктелерін белгілеу, неғұрлым перспективалы бағыттар бойынша бірқатар индустриялық консорциумдар құру маңызды. Мәселен, минералды ресурстарды тереңдетіп қайта өңдеуде, аэроғарыш, химия, машина жасау, агроөндіріс, энергетика, көлік салаларында. Біздің инновациялар саласындағы қызметтестігіміздің мәселелерімен айналысатын теңбе-тең негіздегі Еуразиялық инновациялық Кеңес тағайындау маңызды деп санаймын.
Екіжақты, сондай-ақ көпжақты негізде бірлескен ғылыми-зерттеу кластерлер құру қажет. Нақты жобалар экономикалық интеграцияның қозғаушы күшіне айналып, бәсекеге қабілетті өнімдер шығарып, жұмыс орындарын құрып, ұлттық бюджеттерге аударымдарды ұлғайтуы тиіс.
ЕКІНШІ. Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы, бүкіл Еуразия ауқымында, жалпықұрылықтық инфрақұрылымның озық буынына айналуы керек.
Бұл жерде бірқатар жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру маңызды. Мәселен, Біртұтас Еуразиялық Телекоммуникациялар Желісін құру, Минск — Мәскеу — Астана — Алматы бағыты бойынша жүрдек темір жол магистралын салу, қазіргі бар, әсіресе, батыста — еуропалық, шығыста -қытайлық көлік жүйелеріне шығатын автомобиль және темір жолдар желісін жаңғырту, сондай-ақ, «Еуразия» арнасының «Каспий-Қара теңіз» жобасын жүзеге асыру. Келісілген және біркелкі тарифтер бойынша бүкіл ұлттық экономикаларды газбен қамтамасыз ететін Бірегей ішкі газ тасымалдау желісін құрудың болашақ еуразиялық экономиканың беріктігі үшін маңызы зор. Энергетика кешенін терең интеграциялаудың жол картасы ретінде бірлескен «Еуразиялық энергетика» бағдарламасын әзірлеп, қабылдау қажет. Сондай-ақ, біз Ресеймен бірлесіп, бізде АЭС салуға тиіспіз.
ҮШІНШІ. Жалпыеуразиялық экономиканың негізін шағын және орта бизнес құру екені мен үшін барынша ашық мәселе. Бұл мүмкін деген экономикалық сипаттағы барлық жаһандық сын-қатерлерге икемді жауап беруді қамтамасыз етудің ең маңызды мәселесі. Қаржылық және сервистік қолдау институттарын жұмыс істеп тұрған Еуразиялық даму банкі базасында құруға болады. Еуразиялық интеграцияның ақпараттық-сараптамалық және ғылыми-тәжірибелік инфрақұрылымын құру қажет.
Еуразиялық экономикалық одақ механизмдерін қалыптастыру біздің елдеріміздің озық сарапшылары мен ғылыми әлеуеттерінің күшін тарту нүктесіне, мүдделерді үйлестіру көзқарастарын белгілеу алаңына айналуы тиіс.
Ұлттық аграрлық салалардың ғылыми-тәжірибелік әлеуетін біріктіре алатындай Еуразиялық аграрлық академия тағайындау орынды болмақ. Аграрлық сектордағы кооперация азық-түлік экспортына қуатты серпін береді, сонымен бірге ол біздің ауылшаруашылық тауар өндірушілер арасында бәсекелестік туғызбауы керек.
ТӨРТІНШІ. Еуразиялық экономикалық одақ мақсаттары оның құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктеріне айрықша талаптар қояды. Олар қатаң қағидаттарға негізделген, сонымен бірге, кез келген өзгерістерге тиісінше әрекет ете алатындай жеткілікті икемділікке ие құрал болып табылуы тиіс. Еуразиялық экономикалық одақ органдарын басқару құрылымы мен тәсілдері өзге интеграциялық құрылымдардан алынған әншейін бір көшірме болмауы тиіс екені белгілі. Менеджменттің біздің бірлестігіміздің ерекше миссиясына жауап беретіндей инновациялық модельдерін іздеу қажет. Бұл оларды бюрократиядан және ұлттық мемлекеттік аппараттар шенеуніктерінің қажет емес синекурасына айналуынан қорғайды. Сіздер менің Еуразиялық экономикалық одақтың ұлтүстілік органын Еуразия құрлығының дәл жүрегінде орын тепкен Астанада орналастыруды ұсынғанымды білесіздер.
Бұл жерде ешқандай асқақ ойлаушылық жоқ. Бұл кез келген ел үшін жүктеме. Мен мұны, біріншіден, бүкіл экономикалық кеңістікті реттеу алгоритмін теңдестіру қажеттілігі бойынша негіздедім. Екіншіден, Ресей «бәрін өзі үшін құруда» деген еуразиялық интеграцияға қатысты барлық сыртқы күмәндарды жоюдың маңыздылығы үшін. Басқа нұсқа ретінде мен осыдан жиырма жыл бұрын географиялық жағынан Еуропа мен Азия түйісетін өңірде орналасқан қаланы одақтың орталығы жасауға шақырғанымды еске сала кетпекпін.
Қазақстандық Атырау, Ақтөбе немесе ресейлік Екатеринбург қалаларының кандидатураларын зерттеуге болады деп есептеймін. Бірақ Астана бұл рөл үшін анағұрлым дайын.
Бүгін мұндай таңдауды мен қосымша жаңа еуразиялық агломерация, еуразиялық интеграция аумағының орталық бөлігінде жаңа өсу орталығын құрудың маңыздылығымен дәйектеймін. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың әкімшілік орталығының біртұтас экономикалық кеңістіктің шеткі нүктелерінен шамамен бірдей алшақтығы негізінде бүкіл реттеуші тетіктерді бекемдей алар еді.
БЕСІНШІ. Мен экономикалық интеграцияның біздің халықтарымыз арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың белсенділігін арттыратынына және оларды неғұрлым тереңдете түсетініне сенімім мол. ХХІ ғасыр мәдени сегментті ІЖӨ өсуінде қомақты пайыздар әкелетін ұлттық экономикалардың сөзсіз маңызды құрамдасына айналдырады. Бұл туризм, соның ішінде тарихи-мәдени экологиялық және медициналық туризм. Бұл инновациялық-индустриялық даму мен басқару жүйесі үшін айрықша маңызды білім беру қызметтері.
Бұл экономиканың көңіл көтеру, спорт сектор және ақпараттық өнім өндірісі. Сонымен бірге, мәдени-гуманитарлық интеграция үдерісінің қандай да бір сегменттің үстемдігінен еуразиялық кеңістіктегі рухани-мәдени алуандылықты жойып жібермеуі де маңызды. Мен біздің кез келген елімізде мәдениеттің ұлттық мазмұнының эрозиясына жол беруге болмайды деп есептеймін. Сондықтан мүше мемлекеттердің мектептері мен жоо-ларында бір-біріміздің тарихымызды, әдебиетімізді мәдени мұралар мен тілді оқып-үйренуді ынталандырудың маңызы зор.
Бізде болашақта пайда болатын еуразиялық хабар тарату құрылымдары интеграциялық үдеріске қатысатын барлық елдердің мемлекеттік тілдерін пайдалануы маңызды деп санаймын. Ол бізді жақындата түседі және сенімді арттырады. Сондай-ақ Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қою күнін Еуразиялық интеграция күні деп жариялауды ұсынамын.
2билет
1. XVI – XVII ғғ. Қазақ–жоңғар қарым–қатынасы.
Жоңғар агрессиясының басталуы. Ор бұлақтағы қырғын шайқас. Цеван-Рабтанның жорығы. Қазақтар мен Аягөздің жеңіліске ұшырауы. Ұлы апат жылдары. Батурн мен Галдан Церонның жорықтары. Әбілхайырдың Орда басына қазақ жүздерін біріктіруі. Аңырақай шайқасы мен оның зардаптары. Қазақтардың атам замандағы жоңғарларға қарсы болған шайқастың нәтижесі. Жоңғарлармен болған шайқастардағы Абылайдың, билердің, батырлардың алған орны.ХV ғ. – ХVІІІ ғ. ІІ жартысындағы экономика мен қоғамдық жүйе. Шаруашылықтың негізгі белгілері. Генезис және көшпенділер эволюциясы. Қазақстан – Евразиялық көшпенділердің орталығы. Қазақстандағы егін шаруашылығының дамуы және оның ерекшеліктері. Кәсіп пен үй кәсібі. Ақша айналымы. Сауда. Қазақстанның экономикалық дамуындағы Сырдария маңындағы қалалардың маңызы. Қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымы. Өндірістің негізгі құралдарына жеке меншіктің қатынасы. Сот пен қазақтардың құқықтары.
ХV ғ. – ХVІІІ ғ. І жартысындағы қазақ халқының мәдениеті. Қазақ халқының мәдениет өзіндігі мен ерекшеліктері. Дүниежүзіліклік көшпенділікті қабылдау, оның менталитеті этика — эстетикалық кейіп. Қазақ халқының заттық мәдениет мінездемесі. Тұрағы. Киімі. Тағамы. Халық шығармашылығы. Батырлық дастан. Жыраулар, ақындар, салдар, серілер және олардың шығармашылығының ерекшеліктері. Музыкалық өнер. Қазақтардың әдеттері мен ырымдары. Нанымдары. Күнтізбе.
Қазақ тарихының шымыр да шоғырлы тұсы деп ХVІІ ғасырдың екінші және ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысы бекерге аталмаса керек. Осынау кезең қазақ ұлтының тарихындағы ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар халық санасына жоңғарлардың шапқыншылығынан туындаған қасірет пен жоқшылық жайлаған жылдар ретінде сіңіп қалды.
Жалпы адамзат тарихында орта ғасырдың соңын ала айқын байқалған акселерациялық нышандар, технократтық дамудың тебе көрсетуі, отты қарудың пайда бола бастауы, құрлықаралық ықпалдастықтың қарқын алуы енді ел болып, еңсе тіктей бастаған Қазақ Ордасына да әсер ықпалын тигізбей қалған жоқ. Дәл осы түс та Қазақ Ордасымен іргелес өңірде Жоңғар Ордасы да бой көтеріп, айбынды күшке айналып үлгерген. Ұлы дала экожүйесімен кіндіктес көшпенді өмір салты қалыптастырған Қазақ, Жоңғар Ордалары өздерін әлі де болса табиғаттың қарсыластары емес, табиғаттың бел баласындай сезінетін. Алайда, сол кездегі Қазақ, Жоңғар Ордаларының батысы мен шығысында аграрлық мәдениетін дәуірле тіп, технократтық дамуға тұяқ іліктіріп үлгерген елдер үшін көшпенді өмір салты жөй ғана анохранизм емес, олардың кең қарымды стратегиялық ындындарының жүзеге асуына әрі кедергі, әрі әлі де болса қауіпті күш еді. Мұндай ахуал, әсіресе, Ресей мен Қытайды алаңдатып, бүйірлеріне шаншудай қадалды. Олар қайтсе де, осынау тау суындай екпінді көшпенді екі мемлекетті бір-біріне айдап салу арқылы ғана аз шығынмен өз мақсаттарын жүзеге асыруға болатынын жақсы түсінді. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы әрекет барысында Ресей мен Қытай бәсекелес болды және қолданған қулық-сұмдықтары жөнінен бірінен-бірі асып түсті. Әсіресе, Ресей жоңғарлармен елшілік орнатып, отты қарулармен астыртын жасақтап, оларды қайтсе Қазақ Ордасымен арандатудың неше түрлі зымиян шараларын жасады. Ресей патшалығы ойластырған осы шаралардың ішінде, Жоңғар мемлекетінің Торғауыт, Дүрбіт, Хош ауыт сияқты іргелі тайпаларына Қазақ Ордасының жерін аттатып өткізіп, Еділ бойынан қоныс беру қазақ пен жоңғар арасындағы ғасырдан астам уақытқа созылған қан қасап соғыс өртінің тұтануына себепші болған.
2. А.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметі. Қазақ мемлекетінің құрылуындағы «Алаш» партиясының күресі.
Алаш қозғалысы – 20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 – 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш – сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы құзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемлекеттік Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған «Айқап» журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. Алаш қозғалысының басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс революциясы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылы ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ мемлекетінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 жылы пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемлекеттік тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.
3. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан ғылымы мен мәдениеті.
Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Кеңес Одағы жүйесінің күйреуі барысында республика ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды. Мұның себебі бірнешеу:
• Ғылыми зерттеулердің негізгі көздері мен бағыттарын белгілеу КСРО кезінде орталықтан жүзеге асырылды. Одақтық ведомстволар зерттеу институттарын көбіне республикалардың қалауынсыз жүргізіп келді;
• Республика ғылыми-техникалық әлуетінің басым бөлігі жалпы-одақтық ғылыми құрылымға тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде көңіл бөлді;
• Ғылым академиясы мен салалық ғылым мекемелері (КСРО энергетика және электрлендіру министрлігі 6 мұнай және газ өндірісі министрлігінің батыс қазақстандық институты, т.б.) өзара және академиялармен тығыз байланыста жұмыс істей алған жоқ;
• Экономикалық дағдарыс салдарынан ғылымды қаржыландыру едәуір қысқартылды;
• коммунистік қызметке арналған бағаны ырықтандыру ғылыми мекемелерді ұстап отыру мәселелерін одан сайын қиындата түсті;
• 90-жылдары белең алған құнсыздану ғалымдардың айлық жалақысын төмендетті, көптеген жас та дарынды мамандар бизнеске, шетелге кетті;
• XX ғасырдың 90-жылдарындағы республика ғылымының өрісі, оның жаңа технологиялармен жабдықталуы бүгінгі күн талабына жауап бере алмады.
Аталған кемшіліктердің орнын толтыру бағытында Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі нақтылы жұмыстарды қолға ала бастады. Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар:
1. электроника мен байланыс жүйесі бойынша,
2. ақпаратты және есепті техника бойынша,
3. биотехнология,
4. экология,
5. жаратылыс ғылымдары бойынша,
6. минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу,
7. жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары.
Бірақ бұл аталған шаралар дер кезінде материалдық ресурстармен қамтамасыз етілмеді. Елдегі экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған кері әсерін тигізді. Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкіл-одақтық жүйенің күйреуі мен құрылымдық құлдырауына қарамастан, өз тұрғыларын сақтап қалды. Жалпы алғанда, 1992—1994 жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен есте қалады.
1994 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі құрылды. Аталған құрылым ғылымға арналған бюджеттік ассигнадиялардан қаржыландыруға қабылданған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың бөрін дерлік сараптаудан өткізуге тиісті болды.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты.
1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді.
• жылы республикада ғылым мен ғылыми-техникалық саланы дамыту туралы заңдар базасын жетілдіруге арналған жұмыстар атқарылды. Осыған орай, «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпарат кеңістігін құру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президент жарлығы және Үкімет қаулысы шықты.
• жылы Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі деп аталады.
2001 жылы министрлік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға көшті. Ғылыми-зерттеу институттары мұндай бағдарламаларды қорғап, конкурстық негізде жеңіп алуы тиіс. Зерттеу бағдарламалары республикадағы ғылым дамуының басым бағытына сәйкес келуі қажет. Бағдарлама зерттеушілері істелген жұмыс жайлы жылда есеп беріп, егер ол алдын ала белгіленген талаптарға сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін. Ғылымды қаржыландыруға байланысты мұндай жағдай 2001 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңда анықталған.
Жаңа заң республика дамуының соңғы он жылдығында болған өзгерістерді ескере отырып даярланды. Осылайша бюджеттік қаржыландырудан басқа ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлердің өзге де қаржы көздерін тауып, қаражат тартуға мүмкіндіктері бар. Мысалы, грант түрінде арнайы ғылыми және қоғамдық қорлардан ала алады. Сөйтіп, жаңа заң қазір біздің мемлекетіміздегі ғылым мен ғылыми-техникалық саясаттағы өзгерістерге сәйкес келеді.
Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді.
Мәдениет
Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті.
Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды.
Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:
• Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;
• этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру;
• менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау.
Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:
• азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;
• мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей;
• тарихи-мәдени мұраны қорғау;
• ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;
• мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;
• мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;
• мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.
90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.
Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады:
• ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды;
• нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті;
• меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.
Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды.
Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.
Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде.
Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.
30 билет
1билет
XVIII ғ. қазақ–жоңғар байланысының шиеленісуі. Үшғасырлық күрестің нәтижесі.
Жоңғар-қазақ соғыстары– Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған. 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Тайыр ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.
1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады. Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты Наурызбай да қатысқан. Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты. Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды - башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады: шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сырдария өзенінен өтіп кеткен Орта жүз руларының көпшілігі Самарқанд қаласының төңірегіне, ал Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшіп кетті. Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды. Оның мәтіні мен әуенін ақын, әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Мына заман қай заман, бағы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман! Қарындас пен кара орман қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын.
Қазақтардың жеңілу себептері
Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап, Қазақ хандығының басшылығында ауызбірлік қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты Қазақ ауылдарының бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын. Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай геосаяси жағдайды қалмақтар дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы да есепке алынды. Бесіншіден, шабуылдың күтпеген жерден, тұтқиылдан жасалу да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр соңында, алтыншыдан, жоңғарлар жақсы қаруланған болат факторын, әрі соғыс қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді.
2. Қздағы азамат соғысы және кеңес өкіметінің орнауы.
Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Англияда «Алқызыл және ақ раушан» (1455 – 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүстік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 – 65), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 – 39) арасындағы азамат соғыстары болып өтті.
20 ж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы Қазақстанды да
қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы
болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында
Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және
экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды.Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар) болды. Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты.
Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан),
Орал және Жетісу майдандары құрылды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына «қызылдар» жағынан Михаил Фрунзе, Валериан Куйбышев, Василий Чапаев, Иван Белов, т.б., ал «ақтар» жағына Александр Дутов, Владимир Толстов, Борис Анненков, т.б. басшылық етті. Торғай далаларында «ақтарға» қарсы күресте Амангелді Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев, т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 жылдың күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауын (Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму) жүзеге асырудағы жаңа әлеуметтік саясат.
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.