Қазақстанның аласа таулары
Оценка 4.7

Қазақстанның аласа таулары

Оценка 4.7
Разработки курсов
docx
география
8 кл
22.01.2018
Қазақстанның аласа таулары
Қазақстанның аласа тауларын білу,таулардың ерекшеліктері мен ішкі,сыртқы күштердің жер бедерін өзгертудегі рөлін түсіну және аласа таулардың орнын анықтау үшін физикалық картаны қолдану Қазақстанның аласа тауларын біледі,таулардың ерекшеліктері мен ішкі,сыртқы күштердің жер бедерін өзгертудегі рөлін түсінеді және аласа таулардың орнын анықтау үшін физикалық картаны қолданады Қазақстан аумағының аласа тауларын,олардың пайда болу ерекшеліктері мен қалыптасуын,ең биік нүктелері мен географиялық орны туралы оқып білу Қазақстанның физикалық,тектоникалық,геологиялық карталары Қазақстан туралы фотосуреттер,видеороликтерСабақ жоспар
сабақ жоспар.docx
Сабақтың тақырыбы Сілтеме  Жалпы мақсаты Күтілетін нәтиже Негізгі  идеялар  Оқыту құралдары Тапсырмалары Қазақстанның аласа таулары Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер Қазақстанның аласа  тауларын білу,таулардың  ерекшеліктері мен ішкі,сыртқы күштердің жер бедерін  өзгертудегі рөлін түсіну және аласа таулардың орнын  анықтау үшін физикалық картаны қолдану Қазақстанның аласа  тауларын біледі,таулардың  ерекшеліктері мен ішкі,сыртқы күштердің жер бедерін  өзгертудегі рөлін түсінеді және аласа таулардың орнын  анықтау үшін физикалық картаны қолданады Қазақстан аумағының аласа тауларын,олардың пайда болу  ерекшеліктері мен қалыптасуын,ең биік нүктелері мен  географиялық орны туралы оқып білу Қазақстанның физикалық,тектоникалық,геологиялық  карталары Қазақстан туралы фотосуреттер,видеороликтер Сыни тұрғыдан ойлауға  сұрақтар «Ой қозғау» Кестемен жұмыс «Мәтінді кестеге салу» Сұрақ­жауап «Не ұқтым?» Жұмыс дәптері Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады) Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу.   2.Топқа бөлу: аласа таулар атауы арқылы топқа бөлінеді   І.Үй тапсырмасы:1.Жазықтар дегеніміз не? 2.Жазықтардың түрлері 3.Жазықтарға мысал  келтір ІІ. Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар (5 минут) 1.Сарыарқа,Мұғалжар,Маңғыстау қандай таулар? 2.Неліктен? 3.Аласа таудың биік таудан айырмашылығы ІІ. Жаңа сабақ: Оқушыларды топтастыра отырып картамен географиялық  орны,геологиялық құрылысы мен жер бедері,пайдалы  қазбалары,климаты,өзендері,табиғат зоналары, топырағы, өсімдік пен  жануарлары,табиғи ескерткіштері  І. Сарыарқа 1.  Географиялық орны: Қазақстанның аласа таулы өлкесі — Сарыарқа  немесе Қазақтың ұсақ шоқысы, Батыс Сібір жазығы.  Торғай үстірті. Сауыр­Тарбағатай,  Аягөз­Шар өзенінің  аңғары, Бетпақдала, Балқаш көлі, Тұран ойпаты. Ені — 1200 км,  батысы — 900 км, шығысы — 350 км 2. Геологиялық құрылысы, жер бедері: Палеозойдың магмалық және шөгінді жынысынан  (кварцит, гранит) құралған аласа таулы аймақ. Сарыарқадағы Қызыларай тауы оның ең биік  жері — Ақсораң 1565 м, Ұлытау 1133 м, Шыңғыстау 1305 м, Қарқаралы 1403 м, Көкшетау 947 м. Ұлытау — Сарыарқаның оңтүстік — батысында орналасқан шоқылы, орташа тау. Орташа  биіктігі 400 – 600 м. Ең биік жері – 1134 м. 3. Пайдалы қазбалары: Қарағанды, Екібастұз — көмір, Балқаш, Жезқазған — мыс, Жезді  — марганец, Жәйрем — полиметалл, Атасу, Саяқ, Қоңырат — темір, марганец, мыс, т.б. 4. Климаты: Қаңтар айының орташа температурасы – 14°­18°С (­40°С). Жылдық жауын­ шашын мөлшері ­200 – 300 мм, кей жерлерінде 370 мм Маусым айының орташа  температурасы (t°) + 20°+24°С (+35°С) 5.Өзендері: Есіл. Нұра. Сарысу.  Көлдері: Қорғалжын, Теңіз, Шортанды, Бурабай.        6. Табиғат зоналары: дала, шөлейт, шөл. 7. Топырағы: қара, қара қоңыр, қызғылт.                         8. Өсімдігі: қарағай, биші қайың, көк терек, боз, бетеге, ақселеу, жусан, арша.                     9. Жануарлары: бұғы, елік, ақбөкен, қасқыр, түлкі, қоқиқаз т.б. 10. Сарыарқанын табиғи ескерткіштері: Шайтанкөл. Қарағанды облысы Қарқаралы  тауының басында, ну орман ішінде теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы  – 75 м, ені – 50 м. Суы  мөлдір, түбі тастақ, суында сағымдардың көрінуіне байланысты  «Шайтанкөл» атанған. Оқжетпес, Жұмбақтас т.б ІІ. Мұғалжар тауы. 1. Географиялық орны: Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі  — Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен  оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы — 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450­ 500 м. Ең биік нүктелері — Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м).  2. Жер бедері мен геологиялық құрылысы: Мұғалжар тауы ескі таулардың қатарына  жатады, ол миллиондаған жыл бұрын пайда болып, уақыт өткен сайын оның шыңдары  мұжіліп, аласараған, көп жерлері тегістеліп, аласа төбелерге айналған. Мұғалжардың пайда  болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс  беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға  бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар — герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Ол, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара  палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады..  3. Пайдалы қазбалары: Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара  және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған.  Біршоғыр бойында көмір кені бар. Қ.Сәтпаев Орал­Ембі мұнай кен орнын ашқан. Орал­ Ембі өзен аралығында геологиялық­барлау жұмыстарын күшейту нәтижесінде  4. Климаты: Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес жазықтарға ұқсайды. Тау  аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°­2°С­ка болса да  салқындатып тұрады. Жылдық жауын­шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық,  кейде 38°С ­қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде ­40°С­қа дейін төмендейді.  Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады. 5. Өзендері: Мұғалжар өңірі су қорына тапшы, дегенмен бірқатар Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл,  Талды өзендері ағып шығады. Өзендері қар суымен қоректенеді. Жазда тартылып қалады. 6. Табиғат зоналары: дала, шөлейт, шөл. 7. Топырағы: ашық түсті қара қоңыр, қызғылт. 8. Өсімдіктері мен жануарлары: Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін  қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен  ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері  күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі.  Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар,  өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз  бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады.  Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң­құстардан тұрады. Дала мен тау  аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан  мекендейді. Өзен­көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі. ІІІ. Маңғыстау таулары    . 1. Географиялық орны: Маңғыстау түбегіндегі аласа таулар тізбегі Каспий теңізі  жағалауынан солтүстік­солтүстік­батысқа, шығыс­оңтүстік­шығысқа қарай тізбектеле  жатқан үш жотадан тұрады. Ең ірісі — орта тұсындағы Қаратау жотасы ұзындығы 130 км,  биіктігі 350 — 450 м, ең биік жері Бесшоқы тауы (556 м). Қаратау көлденең жатқан бірнеше ойпаңдар арқылы Шығыс Қаратау, Батыс Қаратау және Қаратаушыққа бөлінеді. Олар сай,  жыра, шатқалдармен тілімделген. Маңқыстау таулары Сарыарқаға қарағанда жас, бірақ  кұрылысы мен жер бедерінің жалпы сипаты жағынан көп ұқсастығы бар. Бұл таулар құм,  кристалды тақтатастардан, қара — әк тастан (Қаратау) және ақ әк­тастан (Ақтау) түзілген.  Маңқыстау тауларының оңтүстігінде Қарақия немесе Батыр ойысы орналасқан. Ол —  Қазақстанның, бүкіл ТМД елдерінің теңіз деңгейінен ең төмен (­132 м) жаткан жері. 2. Геологиялық құрылысы, жер бедері: Қаратау жоталары пермь мен триастың  қатпарланған құмтас, тақтатас, әктас және конгломерат жыныстарынан түзілген. Төбесі  тегіс немесе сәл белесті келеді. Аласа таулы қырқаларды юра мен бордың құмды­сазды  жыныстары жапқан ойысты жерлер қоршап жатыр. Екі жағынан Солтүстік және Оңтүстік  Ақтау жоталары өтеді. Олар Маңғыстау мегантинклиналінің қанаттарына сәйкес келетін  куэсталардан тұрады. Солтүстік Ақтау басқаларына қарағанда көбірек тілімделген және  биіктеу (322 м).                                                                                     3. Пайдалы қазбалары: Маңғыстау тауларында мұнай, тас көмір, фосфорит, марганец,  мыс және темір кен орындары барланған. 4. Су қоры: Су қоры тапшы. Терең жыралардың  түбінен шағын бұлақтар (Аманбұлақ, Тұщыбек, Шоң, Оңды, Дойдан, Ағашты, т.б.)  кездеседі.                                                                                                                                            5. Өсімдіктері мен жануарлары: Беткейлердің етегінде тасбұйырғын, Солтүстік және  Оңтүстік Ақтау жоталарында жусан басым өсетін шөлді өңір жатыр. Жыл бойы мал  жайылады. ІІІ.Сабақты бекіту: IY.Жұмыс дәптері

Қазақстанның аласа таулары

Қазақстанның аласа таулары

Қазақстанның аласа таулары

Қазақстанның аласа таулары

Қазақстанның аласа таулары

Қазақстанның аласа таулары

Қазақстанның аласа таулары

Қазақстанның аласа таулары

Қазақстанның аласа таулары

Қазақстанның аласа таулары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2018