«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »
Оценка 4.9

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

Оценка 4.9
Научно-исследовательская работа
docx
география
10 кл
25.04.2019
«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »
Алматы қыз балалар «Білім-Инновация» лицейі География пәні мұғалімі Кенжебаева Жанна Онгарбековна Кіріспе Зерттеу тақырыбының маңыздылығы Сіздердің алдарыңызға ұсынып отырған ғылыми жобамның тақырыбы «Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, пробле- малары және шешу жолдары » деп аталады. Тақырыбым өте ауқымды әрі тың тақырып. Егеменді Қазақстан елі үшін маңызды мәселелердің бірі - өзінің тамақ өнеркәсібін дамыту. Қазіргі кезде Қазақстанда тамақ өнеркәсібі саласының көптеген түрі бола тұра, өзіміздің Отандық өнімімізді емес, шетелдік тамақ өнімдерін тұтынуымыз артып отырғаны мені де алаңдатады.Мені де осы мәселе толғандырғандықтан осы тақырыпты таңдадым.» Теңізге қосылған тамшыдай болса да »зерттеу тақырыбымның маңыздылығын ашып көрсетуді мақсат еттім. Жұмыстың мақсаты. а) Қазақстанда тамақ өнеркәсібі бола тұра неліктен шетел өнімдерін пайдаланамыз? ә) Шетелдік тағамдардың сапасының төмендігі,адам ағзасына тигізетін зиянды әсері, тамақ өнеркәсібі проблемасын шешу жолдарын ашып көрсету. Сондықтан осы жобамда еліміздің тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары оны шешу жолдарын мүмкіндігінше қарастырдым. 1 «Ас–адамның арқауы» демекші, тамақ өнеркәсібі халықтың азық-түлік өнімдеріне деген қажетін күнделікті қамтамасыз етіп отыратын өндірістің маңызды саласы болып табылады. Ең негізгі тамақ өнеркәсібінің қуаты ет, сүт, нан-тоқаш, ұн, жарма, кондитерлік өнімдерге негізделген. Тәуелсіздігімізді алған алғашқы жылдары нарықтың қатал заңына төтеп бере алмаған бірқатар мекемелермен бірге тамақ өнеркәсібі де тоқырауға ұшырап, жабылып қалған еді. Кейіннен бұл өнеркәсіп салалары шетел инвесторларын қабылдап, өз жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік алды. Соның бір айғағы - шетелдік жетекші фирмалармен біріккен бірқатар тамақ өнімдері кәсіпорындары құрылды, олардың қатарында: «Кока-Кола Алматы Ботлерс» біріккен кәсіпорны (сусындар), «Беккер және К» (шұжықтар), «Сұлтан» АҚ (макарондар), «Фудмастер» (Сүт өнімдері), «Филипп Морис» АҚ (темекі бұйымдары). Тамақ өнеркәсібі өнімдері елдегі өңдеуші өнеркәсіп саласының үштен бір бөлігін құрайды. Соңғы 10 жыл ішінде бұл саладағы кәсіпорындар саны 3,2 мыңнан, 6,7 мыңға жетіп, екі еседен артық өсті. Қазіргі күні өзіміздің Семей қаласында да бірқатар тамақ өнеркәсіптері жұмыс істейді. Солардың екі-үшеуіне тоқтала кетейін. Мысалға: Семей ет комбинатын алсақ, бұл комбинат 1934 ж. 5 қарашада ашылған. Одақ құрамында болғанда ол қуаты 250 мың ірі қара, 750 мың ұсақ малдан түрлі өнімдер өндіріп, Одақтан асып, аты шетелге белгілі болған. 2 Сол кездерде өз өнімдерін 58 жыл бойы Одақтың түкпір-түкпіріне және Мәскеудің ырқымен шет елдерге, тіпті, Вьетнам мен Кубаға дейін жөнелтіп келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан мен тылды қамтамасыз етіп отырған да осы ет комбинаты болатын. Соғыс жылдарында аянбай еңбек етуі арқасында «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Бұл комбинат ет өнімдерін шығарудан Одақта Ресей, Украинадан кейін 3-орын алды. Ол кезде сойылатын мал Семей, Павлодар, ШҚО, Талдықорған, РСФСР-дан жеткізілген. Кезінде бұл «ет алыбы» да тоқырауға ұшырап,жабылып қалған еді. Қазір қайтадан жанданып келеді. 1992 ж. шілдеде комбинат «Сарыарқа» АҚ болып қайта құрылды. 1994 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеде өндіретін өнімнің сапасы үшін «Бриллиант жұлдызын»жеңіп алған. Бүгінгі күні комбинат пайдаланып жүрген жаңа қондырғылар Австрияның Вена қаласынан әкелінген. Комбинат ұжымы Полтова қаласындағы осы сала қызметкерлерімен әріптестік қатынас орнатқан екен. 2000 ж. Семей ет комбинаты мен Монғолиядағы Байөлкеде «Ет-Транзит» деп аталатын біріккен кәсіпорын қатарға қосылды. Семей ет комбинаты Қазақстандағы «Качество 3 года» деген сертификаты бар бірден – бір комбинат. Қазір бұл комбинат өндірген өнімдерін Өскемен, Павлодар, Астана, Қарағанды, Алматыға шығарады. 3 Қорғаныс және ішкі істер министрлігінің тапсырмаларын орындайды. Соңғы рет 1999 ж. Астанада «Агропродэкспро-99» II халықаралық Қазақстандық көрмеде «Қазақстанда шығарылған» деген сайыста Алтын және қола медальдарына ие болды. Қазіргі күні осы ет алыбының құрылғанына биылғы жылы 75 жыл толып отыр. «Прииртыш құс» фабрикасы кезінде дүрілдеп тұрған шаруашылық болатын. Бұл фабрика қаладан 18км жерде Прииртыш кенті маңында 1983 жылы құрылған еді. Алғашында фабрика үйрек өсіруді қолға алды. Өйткені оған дейін қалада 1967 жылы ресми түрде ашылған «Семей құс» фабрикасында тауық өсірілетін. Бірақ үйрек өсіру тиімсіз болғандықтан, 1984 жылдан бастап бұл фабрика жедел әдіспен өсірілген-бройлер деп аталатын шібилер өсірумен айналысты. Құс фабрикасы нарықтық экономика кезінде жұмыс істеуін тоқтатты. 1996 жылы «Диас» фирмасының қарауына көшіп, қайтадан іске кірісті. Шығаратын өнімдері құс еті және тауық жұмыртқасы. 1999 ж. Семейдің ұн-құрама жем комбинатымен бірлесіп жұмыс істеді. Сол кезде 300-ден аса адам жұмыс істеп, 10 цех іске қосылған болатын. Ал 2002 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Прииртыш құс» фабрикасы деп аталып, «Ардагер» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істеп келеді. 4 Фабрика бірнеше цехтан тұрады. Ең негізгісі-құс өсіру және құс сою цехы болып табылады. Фабриканың ең үлкен цехтарында Германиядан әкелінген жаңа жабдықтар орнатылған. Жаңа жабдықтардың тиімділігі сол –жұмыртқаны өзі жинайды, әрі электр қуатын да аз жұмсайды. Мамандар инкубация цехына түскен жұмыртқаларды обоскоп аппараты арқылы қарап зерттейді. Жұмыртқаның сапасы тексерілген соң АТМ препараты арқылы ауруға қарсы шаралар жүргізіледі. «Прииртыш құс фабрикасы» қазір тәулігіне 210 мың жұмыртқа, 35000 тауық етін өндіруге қол жеткізіп отыр. Былтыр Германиядан тауықтардың жаңа түрі әкелінген екен. Сол 18000 тауық және 2000 әтеш қазір күтімде тұрған көрінеді». Бұл фабрика сыртқа қоқыс шығармайтын, экологиялық жағынан таза кәсіпорынға жатады»,- дейді мамандар. Өлкеміздегі тағы бір белді кәсіпорындардың бірі - «Асқар және Д» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгінгі таңда бұл кәсіпорында 50-ден астам адам еңбек етіп келеді. «Аштық - өзек талдырады, сусын-шөл қандырады»- демекші, компания қымыз ашытып, күнбағыс майы мен түрлі сусындар шығарумен шұғылданады. Тәулігіне 16 тонна күнбағыс тартылып,сағатына 700 құты сусын, 400литр қымыз жасалады екен. Бұл компания шығарған өнімдер Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан облыстарының тұтынушыларын қамтамасыз етіп отыр. 5 Осындай өз өнімдеріміз бола тұра, шетелдің арзан қолды, сапасыз, құнары төмен өнімдерін алуымыздың себебі неде? Біздің елімізге көбінесе шеттен келетін тағамдар Ресей мен Қытайдан әкелінеді. Ойымды жинақтай келе, мынадай қорытындыға келдім. Қоғам байлығы-толыққанды, жан-жақты сауыққан, денсаулығы мықты адамдар болса, адам ағзасын нығайтатын күштің негізі халық тұтынатын тағамдарда жатыр. Қазіргі күні халықтың көпшілігінің, әсіресе балалардың денсаулығы төмен, қаны аз, бұл дегеніміз-туберкулезге жол ашылды деген сөз. Қазір жиі кездесетін рак, бауыр аурулары осындай себептен ұлғая түсетін көрінеді. Дәрумендердің жетіспеушілігінен түрлі инфекциялық аурулар туындап, балалардың бойы өспей, салмағы төмендеп, мешел ауруларының көбеюі-адам ағзасында қажетті қоректің жетіспеушілігі салдарынан болады. Тамақ мәселесімен шұғылданып жүрген Тағамтану академиясының президенті академик Төрегелді Шарманұлы Шарманов «Қазір адамдардың дұрыс тамақтанбауы салдарынан-адамдардың өлімі көбейіп, жасының ұзақтығы кемігенін, бүкіл елдегі ең нашар көрсеткіш біздің елде екенін, адамдардың өмір сүруінің орташа жас ұзақтығы 68-69 жастан аспайтынын, қазір шетел тағамдарының көбейіп кеткендігін, олардың сапасы төмен ғана емес, адам ағзасына қауіпті қоспалары барлары да жиі кездесетінін» жиі айтады. 6 Қытайдың кондитерлік өнімдері адам ағзасына өте зиянды екендігі дәлелденіп отыр. Қазір кез-келген дүкенге барсақ, дүкен сөрелерінен көретініміз-Ресей, Украина конфеттері, түріктердің печеньелері, Ресейдің шұжықтары, сыр, майлары мен мойенез, соустары, Қытайдың жеміс-жидектері т.б. Тамақ өнеркәсібінің проблемаларын айтқанда, басқаны айтпай-ақ өз өлкемізге тоқталсақ, өз өлкемізде жоғарыда айтып өткен 75 жылдық тарихы бар Семей ет комбинаты, Үржар ауылындағы ет комбинаты бола тұра, шұжық және ет өнімдерінің 40% Ресейден келеді екен. Кондитерлік өнімдердің 65%-ы Ресей мен Украинадан ағылып жатқандығы белгілі. Себебі, олардан әкелінетін шұжық пен еттің, қант-конфеттің бағасы біздікінен 10-15%-ға төмен. Ал мұндайда тұтынушының 5 тенге арзан болса да сапасыз тауарларға жүгіретіні белгілі. Сонымен қатар Ресейден шығатын ұн, кеспе т.б. өнімдер де осылай арзанырақ болады. Ал өзіміздің Отандық өнімдердің бағасын дүкендерде алыпсатарлар көтеріп жіберіп отыр. Қазіргі күні шет елдерде сапасы жоғары, адамға пайдалы тауарлар қымбат тұрады. Бизнесмендер пайда табуы үшін арзанын алып, қымбатқа сатады. Қанша миллиардтаған теңге, салық жасырын шетке кетеді, сонымен қатар валюта да шетке ағылып жатыр. 7 Шетелдің арзанқол тауарлары өзіміздің Отандық өнімдерді еріксіз саудада ығыстыра бастады. Осы проблемаларды шешу жолдары-Отандық кәсіпорындарды,шағын және орта бизнесті нығайту. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егемендік алғаннан бастап-экономиканың тірегі-кәсіпкерлікті дамытуда екенін айтып келеді. Отандық тағам өнеркәсібінің поблемасын шешу жолдары: • Отандық кәсіпорындардың жұмыс көлемін ұлғайту. • Қосымша жұмыс орындарын ашу. • Шеттен тауар алуды азайтып, өз өнімдеріміздің бәсекелестікке қабілетін арттыру. • Отандық тауар өндірушілерді қолдау, нарықта адал емес бәсекелестіктен қорғау. • Кеденшілер қырағы болу керек. • Шетелден келетін тауарларға салық салып, олардың елімізге өтпеуін қадағалау. • Қазақстанның әлемдік сауда ұйымына кіру мүмкіндігі. • Отандық өнімдердің мемлекеттік стандартқа сәйкес келуі. Ғылыми жұмысымды қорыта келгенде,осы айтылған мәселелер дұрыс жолға қойылғанда өз өнімдеріміздің «бағы» жанар еді деп ойлаймын.
Алматы қыз балалар.docx
Алматы қыз балалар «Білім­Инновация» лицейі География пәні мұғалімі  Кенжебаева Жанна Онгарбековна Кіріспе Зерттеу тақырыбының маңыздылығы      Сіздердің алдарыңызға ұсынып отырған ғылыми жобамның  тақырыбы «Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, пробле­ малары және шешу жолдары » деп аталады.      Тақырыбым өте ауқымды әрі тың тақырып.  Егеменді   Қазақстан   елі   үшін   маңызды   мәселелердің   бірі   ­ өзінің тамақ өнеркәсібін  дамыту. Қазіргі   кезде   Қазақстанда   тамақ   өнеркәсібі   саласының көптеген   түрі   бола   тұра,   өзіміздің   Отандық   өнімімізді   емес, шетелдік   тамақ   өнімдерін   тұтынуымыз   артып   отырғаны   мені   де алаңдатады.Мені   де   осы   мәселе   толғандырғандықтан   осы тақырыпты   таңдадым.»   Теңізге   қосылған   тамшыдай   болса   да »зерттеу   тақырыбымның   маңыздылығын   ашып   көрсетуді   мақсат еттім.                                     Жұмыстың мақсаты.     а)   Қазақстанда   тамақ   өнеркәсібі   бола   тұра   неліктен   шетел өнімдерін пайдаланамыз?     ә)   Шетелдік   тағамдардың   сапасының   төмендігі,адам   ағзасына тигізетін   зиянды   әсері,   тамақ   өнеркәсібі   проблемасын   шешу жолдарын ашып көрсету. Сондықтан   осы   жобамда   еліміздің   тамақ   өнеркәсібінің   дамуы,   проблемалары   оны   шешу   жолдарын   мүмкіндігінше қарастырдым.                                                                             1                                                                                          «Ас–адамның   арқауы»   демекші,   тамақ   өнеркәсібі халықтың   азық­түлік   өнімдеріне   деген   қажетін   күнделікті қамтамасыз   етіп   отыратын   өндірістің   маңызды   саласы   болып табылады. Ең   негізгі   тамақ   өнеркәсібінің   қуаты   ет,   сүт,   нан­тоқаш, ұн, жарма, кондитерлік өнімдерге негізделген. Тәуелсіздігімізді   алған   алғашқы   жылдары   нарықтың   қатал заңына   төтеп   бере   алмаған   бірқатар   мекемелермен   бірге   тамақ өнеркәсібі  де тоқырауға ұшырап, жабылып қалған еді. Кейіннен   бұл   өнеркәсіп   салалары   шетел   инвесторларын қабылдап,   өз   жұмыстарын   жақсартуға   мүмкіндік   алды.   Соның бір   айғағы   ­   шетелдік   жетекші   фирмалармен   біріккен   бірқатар тамақ   өнімдері   кәсіпорындары   құрылды,   олардың   қатарында: «Кока­Кола     Алматы   Ботлерс»   біріккен   кәсіпорны   (сусындар), «Беккер   және   К»   (шұжықтар),   «Сұлтан»   АҚ   (макарондар), «Фудмастер»   (Сүт   өнімдері),   «Филипп   Морис»   АҚ   (темекі бұйымдары). Тамақ   өнеркәсібі   өнімдері   елдегі   өңдеуші   өнеркәсіп саласының   үштен   бір   бөлігін   құрайды.   Соңғы   10   жыл   ішінде бұл   саладағы   кәсіпорындар   саны   3,2   мыңнан,   6,7   мыңға   жетіп, екі еседен артық өсті. Қазіргі   күні   өзіміздің   Семей   қаласында   да   бірқатар   тамақ өнеркәсіптері   жұмыс   істейді.     Солардың   екі­үшеуіне   тоқтала кетейін.   Мысалға:   Семей   ет   комбинатын   алсақ,   бұл   комбинат 1934   ж.   5   қарашада   ашылған.   Одақ   құрамында   болғанда   ол қуаты   250   мың   ірі   қара,   750   мың   ұсақ   малдан   түрлі   өнімдер өндіріп, Одақтан асып, аты шетелге белгілі болған.                                                                                2 Сол     кездерде   өз   өнімдерін   58   жыл   бойы   Одақтың   түкпір­ түкпіріне  және Мәскеудің  ырқымен   шет елдерге, тіпті, Вьетнам мен Кубаға дейін жөнелтіп келді.  Ұлы   Отан   соғысы   жылдарында   майдан   мен   тылды қамтамасыз   етіп   отырған   да   осы     ет   комбинаты   болатын.  Соғыс жылдарында   аянбай   еңбек   етуі   арқасында   «Еңбек     Қызыл     Ту» орденімен марапатталды . Бұл   комбинат   ет   өнімдерін   шығарудан   Одақта   Ресей, Украинадан кейін 3­орын алды. Ол кезде сойылатын мал Семей,   РСФСР­дан   жеткізілген. Павлодар,   Талдықорған,   ШҚО, Кезінде   бұл   «ет   алыбы»   да   тоқырауға   ұшырап,жабылып   қалған еді. Қазір қайтадан жанданып келеді.  1992   ж.   шілдеде   комбинат   «Сарыарқа»   АҚ   болып   қайта құрылды.   1994   жылы   Парижде   өткен   халықаралық   көрмеде өндіретін   өнімнің   сапасы   үшін   «Бриллиант   жұлдызын»жеңіп алған. Бүгінгі   жаңа қондырғылар   Австрияның   Вена   қаласынан   әкелінген.   Комбинат   комбинат   пайдаланып   жүрген     күні ұжымы   Полтова   қаласындағы   осы   сала   қызметкерлерімен әріптестік қатынас орнатқан екен. 2000   ж.   Семей   ет   комбинаты   мен   Монғолиядағы Байөлкеде   «Ет­Транзит»   деп   аталатын   біріккен   кәсіпорын қатарға қосылды. Семей   ет   комбинаты   Қазақстандағы   «Качество   3   года» деген сертификаты  бар бірден – бір комбинат. Қазір   бұл   комбинат   өндірген   өнімдерін   Өскемен, Павлодар, Астана, Қарағанды, Алматыға шығарады.                                                                                      3 Қорғаныс   және   ішкі   істер   министрлігінің   тапсырмаларын орындайды.       Соңғы   рет   1999   ж.   Астанада     «Агропродэкспро ­99»   II «Қазақстанда   Қазақстандық халықаралық   көрмеде   шығарылған»   деген   сайыста   Алтын   және   қола   медальдарына   ие болды. Қазіргі   күні   осы   ет   алыбының   құрылғанына   биылғы   жылы 75 жыл толып отыр. «Прииртыш   құс»   фабрикасы   кезінде   дүрілдеп   тұрған шаруашылық   болатын.   Бұл   фабрика   қаладан   18км   жерде Прииртыш кенті маңында 1983 жылы құрылған еді.  Алғашында   фабрика   үйрек   өсіруді   қолға   алды.   Өйткені оған   дейін   қалада   1967   жылы   ресми   түрде   ашылған   «Семей құс» фабрикасында  тауық өсірілетін. Бірақ   үйрек   өсіру   тиімсіз   болғандықтан ,   1984   жылдан бастап   бұл   фабрика   жедел   әдіспен   өсірілген­бройлер   деп аталатын шібилер  өсірумен айналысты. Құс     фабрикасы   нарықтық     экономика   кезінде   жұмыс істеуін   тоқтатты.   1996   жылы   «Диас»   фирмасының     қарауына көшіп,   қайтадан   іске   кірісті.   Шығаратын   өнімдері   құс   еті   және тауық жұмыртқасы.  1999   ж.   Семейдің   ұн­құрама   жем   комбинатымен   бірлесіп жұмыс істеді. Сол кезде 300­ден аса адам жұмыс істеп,   10  цех іске   қосылған   болатын.     Ал       2002  жылдан   бастап   бүгінгі   күнге дейін   «Прииртыш     құс»   фабрикасы   деп   аталып,       «Ардагер» АҚ­мен бірлесіп жұмыс істеп келеді.                                                                                     4 Фабрика   бірнеше   цехтан   тұрады.   Ең   негізгісі­құс   өсіру және құс сою цехы болып табылады.               Фабриканың   ең   үлкен   цехтарында   Германиядан   әкелінген жаңа   жабдықтар   орнатылған.   Жаңа   жабдықтардың   тиімділігі сол   –жұмыртқаны   өзі   жинайды,   әрі   электр   қуатын   да   аз жұмсайды. Мамандар   инкубация   цехына   түскен   жұмыртқаларды обоскоп   аппараты   арқылы   қарап   зерттейді.   Жұмыртқаның сапасы   тексерілген   соң   АТМ   препараты   арқылы   ауруға   қарсы шаралар жүргізіледі. «Прииртыш   құс   фабрикасы»   қазір   тәулігіне   210   мың жұмыртқа,   35000   тауық   етін   өндіруге   қол   жеткізіп   отыр. Былтыр   Германиядан   тауықтардың   жаңа   түрі   әкелінген   екен. Сол   18000   тауық   және   2000   әтеш   қазір   күтімде   тұрған   Бұл   фабрика   сыртқа   қоқыс   шығармайтын, көрінеді». экологиялық   жағынан   таза   кәсіпорынға   жатады»,­   дейді мамандар. Өлкеміздегі   тағы   бір   белді   кәсіпорындардың   бірі   ­   «Асқар және   Д»   Жауапкершілігі   шектеулі   серіктестігі.   Бүгінгі   таңда бұл кәсіпорында 50­ден астам адам еңбек етіп келеді. «Аштық   ­   өзек   талдырады,   сусын­шөл   қандырады»­ демекші,   компания   қымыз   ашытып,   күнбағыс   майы   мен   түрлі   Тәулігіне   16   тонна сусындар   шығарумен   шұғылданады. күнбағыс   тартылып,сағатына   700   құты   сусын,   400литр   қымыз   компания   шығарған   өнімдер   Шығыс жасалады   екен.   Бұл   Қазақстан, облыстарының тұтынушыларын  қамтамасыз етіп отыр.   Солтүстік   Қазақстан,   Орталық   Қазақстан                                                                                     5                 Осындай   өз   өнімдеріміз   бола   тұра,  шетелдің   арзан   қолды, сапасыз,   құнары   төмен   өнімдерін   алуымыздың   себебі   неде? Біздің   елімізге   көбінесе   шеттен   келетін   тағамдар   Ресей   мен Қытайдан әкелінеді. Ойымды   жинақтай   келе,   мынадай   қорытындыға   келдім. Қоғам   байлығы­толыққанды,   жан­жақты   сауыққан,   денсаулығы мықты   адамдар   болса,   адам   ағзасын   нығайтатын   күштің   негізі халық тұтынатын тағамдарда жатыр. Қазіргі   күні   халықтың   көпшілігінің,   әсіресе   балалардың денсаулығы   төмен,     қаны   аз,   бұл   дегеніміз­туберкулезге   жол ашылды   деген   сөз.   Қазір   жиі   кездесетін   рак,   бауыр   аурулары осындай себептен ұлғая түсетін көрінеді. Дәрумендердің   жетіспеушілігінен   түрлі   инфекциялық аурулар   туындап,   балалардың   бойы   өспей,   салмағы   төмендеп, мешел   ауруларының   көбеюі­адам   ағзасында   қажетті   қоректің жетіспеушілігі салдарынан болады. Тамақ   мәселесімен   шұғылданып   жүрген     Тағамтану академиясының   президенті   академик   Төрегелді   Шарманұлы Шарманов «Қазір адамдардың дұрыс тамақтанбауы салдарынан­ адамдардың   өлімі   көбейіп,   жасының   ұзақтығы   кемігенін,   бүкіл елдегі   ең   нашар   көрсеткіш   біздің   елде   екенін,  адамдардың   өмір сүруінің   орташа   жас   ұзақтығы   68­69   жастан   аспайтынын ,   қазір шетел   тағамдарының   көбейіп   кеткендігін,   олардың   сапасы төмен   ғана   емес,   адам   ағзасына   қауіпті   қоспалары   барлары   да жиі кездесетінін » жиі айтады.                                                                                    6 Қытайдың   кондитерлік   өнімдері   адам   ағзасына   өте   зиянды екендігі дәлелденіп отыр. Қазір   кез­келген   дүкенге   барсақ,   дүкен   сөрелерінен түріктердің конфеттері,   көретініміз­Ресей,   Украина   печеньелері,   Ресейдің   шұжықтары,   сыр,   майлары   мен   мойенез, соустары, Қытайдың жеміс­жидектері т.б. Тамақ   өнеркәсібінің   проблемаларын   айтқанда,   басқаны айтпай­ақ   өз   өлкемізге   тоқталсақ,   өз   өлкемізде   жоғарыда айтып   өткен   75   жылдық   тарихы   бар   Семей   ет   комбинаты, Үржар   ауылындағы   ет   комбинаты   бола   тұра,   шұжық   және   ет өнімдерінің  40% Ресейден  келеді  екен. Кондитерлік  өнімдердің 65%­ы Ресей мен Украинадан ағылып жатқандығы белгілі. Себебі,   олардан   әкелінетін   шұжық   пен   еттің,   қант­ конфеттің   бағасы   біздікінен   10­15%­ға   төмен.   Ал   мұндайда тұтынушының   5   тенге   арзан   болса   да   сапасыз   тауарларға жүгіретіні белгілі. Сонымен   қатар   Ресейден   шығатын   ұн,   кеспе   т.б.   өнімдер де осылай  арзанырақ болады. Ал   өзіміздің   Отандық   өнімдердің   бағасын   дүкендерде алыпсатарлар көтеріп жіберіп отыр. Қазіргі   күні   шет   елдерде   сапасы   жоғары,   адамға   пайдалы тауарлар   қымбат   тұрады.   Бизнесмендер   пайда   табуы   үшін арзанын алып, қымбатқа сатады. Қанша   миллиардтаған   теңге,   салық   жасырын   шетке   кетеді, сонымен қатар валюта да шетке ағылып жатыр.                                                                                    7                                                                                       Шетелдің   арзанқол   тауарлары   өзіміздің   Отандық   өнімдерді еріксіз саудада ығыстыра бастады. Осы   проблемаларды   шешу   жолдары­Отандық кәсіпорындарды ,шағын және орта бизнесті  нығайту.                Елбасымыз   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев   егемендік алғаннан   бастап­экономиканың   тірегі­кәсіпкерлікті   дамытуда екенін айтып келеді. Отандық тағам өнеркәсібінің поблемасын шешу жолдары:  Отандық кәсіпорындардың жұмыс көлемін ұлғайту.   Қосымша жұмыс орындарын ашу. Шеттен   тауар   алуды   азайтып,   өз   өнімдеріміздің бәсекелестікке қабілетін арттыру.  Отандық   тауар   өндірушілерді   қолдау,   нарықта   адал емес бәсекелестіктен  қорғау.   Кеденшілер  қырағы болу керек. Шетелден   келетін   тауарларға   салық   салып,   олардың елімізге өтпеуін қадағалау.  Қазақстанның   әлемдік   сауда   ұйымына   кіру мүмкіндігі. Отандық   өнімдердің   мемлекеттік   стандартқа   сәйкес  келуі. Ғылыми   жұмысымды   қорыта   келгенде,осы   айтылған мәселелер   дұрыс   жолға   қойылғанда   өз   өнімдеріміздің   «бағы» жанар еді деп ойлаймын.

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »

«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуы, проблемалары және шешу жолдары »
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.04.2019