"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ РЕКРЕАЦИЯ ТУРИЗМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ"
Оценка 4.7

"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ РЕКРЕАЦИЯ ТУРИЗМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ"

Оценка 4.7
Научно-исследовательская работа
docx
география
10 кл
25.04.2019
"ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН  ӨҢІРІ  РЕКРЕАЦИЯ  ТУРИЗМІНІҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ  МЕН КЕЛЕШЕГІ"
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ РЕКРЕАЦИЯ ТУРИЗМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ Кенжебаева Жанна Онгарбековна География пәні мұғалімі Алматы қыз балалар «Білім-Инновация»лицейі Алматы қаласы. Қазақстан ежелден бері күшті тарихи оқиғалардың Отаны болды, оның жаңғырығы Ежелгі дүниенің ең алыс түкпірлеріне дейін жетті. Бұл басқа мемлекетті билеушілердің қызығушылығын тудырды, олар барлау және миссионерлік мақсаттармен Орта Азияға түрлі елшіліктер жіберді. Біз үшін ең үлкен құндылықтар орта ғасырдағы еуропалық ұлы жиһангерлер Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, Марко Поло, оның әкесі мен көкелерінің біздің ел туралы құрастырған материалдары болып табылады. Шетелдіктер үшін, әсіресе, осынау ұлы жиһангерлердің отандастары үшін,олардың маршруттарымен жүріп өту, олар болған жерлерде болу, олар өздерінің кітаптарында тамсана жазған халықтардың ұрпақтарымен танысу аса қызықты болар еді. Әрине, еліміздің сұлу табиғат ошақтарынсыз, жануарлар мен өсімдік дүниесінің сирек те ғажайып түрлерінсіз, бай тарихи және мәдени ескерткіштерсіз, жергілікті тұрғындардың қызықты дәстүрі мен әдеп-ғұрпынсыз туризмді дамыту мүмкін емес. Бұл тұста ақиқатын айту керек, біздің республикамыздың осы жақтарын әлемдік туристік қоғамдастық әлі де аз біледі. Дегенмен, біз туристік мүмкіндіктеріміздің орасан зор екенін жақсы білеміз, сондықтан оларды, туризм индустриясы дамыған елдердегі сияқты, республиканың игілігі мен гүлденуіне тиімді пайдалана білуіміз қажет. Ұлан - байтақ елімізде әсем табиғатымен, тамаша ландшафтымен, туризм орталығы болуға сұранып тұрған жерлер өте көп. Қазақстанның қай жерін алып қарасаңыз да көркіне көз тоймайтын, бір -бірінен өткен сұлу табиғатымен адамды еліктірер жерлер өте көп. Соның бірі- Шығыс Қазақстан облысы. Мұнда Алтай таулы аймағы, Марқакөл қорығы, Рахман бұлағы, Барлық- Арасан, Батыс Алтай, Тарбағатай таулары , Қалба жоталары өзінің емдік қасиеті бар, пайдалы суларымен, әдемі табиғатымен, керемет флора мен фаунасымен әйгілі.Сондықтан осы аймақта рекреация
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ РЕКРЕАЦИЯ ТУРИЗМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН.docx
ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН  ӨҢІРІ  РЕКРЕАЦИЯ  ТУРИЗМІНІҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ  МЕН КЕЛЕШЕГІ Кенжебаева Жанна Онгарбековна География пәні мұғалімі Алматы қыз балалар «Білім­Инновация»лицейі  Алматы қаласы.           Қазақстан  ежелден  бері  күшті  тарихи  оқиғалардың  Отаны  болды, оның  жаңғырығы  Ежелгі  дүниенің  ең алыс  түкпірлеріне  дейін   жетті.  Бұл басқа мемлекетті билеушілердің қызығушылығын тудырды, олар барлау  және миссионерлік мақсаттармен  Орта Азияға түрлі  елшіліктер жіберді. Біз үшін ең  үлкен  құндылықтар  орта ғасырдағы  еуропалық   ұлы жиһангерлер  Плано Карпини,   Вильгельм   Рубрук,   Марко   Поло, оның әкесі   мен   көкелерінің біздің  ел  туралы  құрастырған  материалдары болып  табылады. Шетелдіктер  үшін,  әсіресе,  осынау  ұлы  жиһангерлердің  отандастары үшін,олардың  маршруттарымен жүріп өту, олар  болған  жерлерде болу, олар өздерінің кітаптарында тамсана жазған  халықтардың  ұрпақтарымен  танысу аса  қызықты  болар  еді.  Әрине,  еліміздің   сұлу  табиғат  ошақтарынсыз,  жануарлар мен өсімдік дүниесінің     сирек   те   ғажайып     түрлерінсіз,     бай     тарихи     және     мәдени ескерткіштерсіз,   жергілікті   тұрғындардың   қызықты   дәстүрі   мен   әдеп­ ғұрпынсыз  туризмді  дамыту  мүмкін  емес.  Бұл  тұста ақиқатын айту керек, біздің республикамыздың осы жақтарын әлемдік туристік қоғамдастық әлі   де аз біледі.   Дегенмен,   біз   туристік   мүмкіндіктеріміздің орасан   зор   екенін жақсы  білеміз,  сондықтан  оларды,  туризм  индустриясы дамыған елдердегі сияқты,   республиканың   игілігі   мен   гүлденуіне   тиімді   пайдалана     білуіміз қажет.    табиғатымен Ұлан ­ байтақ   елімізде  әсем  табиғатымен,  тамаша  ландшафтымен, туризм   орталығы   болуға  сұранып  тұрған  жерлер  өте  көп.  Қазақстанның қай  жерін  алып  қарасаңыз   да   көркіне  көз тоймайтын,  бір ­бірінен  өткен сұлу жерлер   өте  көп. Соның бірі­ Шығыс Қазақстан облысы.          Мұнда   Алтай   таулы  аймағы,   Марқакөл   қорығы,  Рахман      бұлағы, Барлық­ Арасан,   Батыс  Алтай,   Тарбағатай     таулары ,     Қалба жоталары өзінің   емдік     қасиеті     бар,     пайдалы   суларымен,     әдемі           табиғатымен, керемет  флора  мен   фаунасымен  әйгілі.Сондықтан осы аймақта рекреация  адамды   еліктірер туризмін     қалыптастыруға   болар   еді.Осындай   табиғаты   көрікті жерлерде емдеу­сауықтыру,демалыс үйлері салынады,сондықтан да мұндай  жерлерді   рекреациялық   аудандар   деп   атайды.Рекреация   (   латын   тілінен аударғанда қалпына келтір) деген мағына береді.              Рекреация­күш жинау,яғни,еңбек  етіп  шаршаған немесе  денсаулығы нашарлаған адамдардың тынығып,ем қабылдап,күш­қуатын қалпына келтіру деген сөз. [1]                 Шығыс   Қазақстанда     рекреациялық     орталықтар:     Катонқарағай ауданында   9   пантымен   емдеу   орындары   жұмыс    істейді.        « Рахман  қайнары »  шипажайы, Үржар  ауданында  «Барлық­Арасан» шипажайы   бар.       «Алтай   Альпілері»,       «Айгерім»,     «Алакөл»   демалыс базалары,  «Изумрудный»   емдеу­ сауықтыру  кешені   бар. «Рахман   қайнары»  шипажайында родонмен  емдеу,  Алакөл, Окуньки көлдерінде  балшықпен  емдеу  сияқты  емдеудің   түрлерін ұсынуға  болады. Мұнда  басқа  шет елдерден,  әсіресе   Германиядан  туристер келіп тұрады. Оларды аңшылық пен бұл жерлердің көркемдігі қызықтырады. Өлкемізде  рекреациялық  туризмнің  дамуына  қолайлы  жақсы  жерлер көптеп   кездеседі.Оларға   мына   жерлер   мысал   бола   алады.       Бесқарағай ауданындағы   Шошқалы   көлінің   шипалы   балшығы,   Жарма   ауданындағы Қалба  тауының  етегіндегі  емдік  қасиетті суы  мен  балшығы  бар  Арасан көлшігі,     Жаңғызтөбе     станциясындағы     Қарамолда   Баянбай   ата,   Абай ауданындағы    Шаған   өзенінің   оң  жағалауында      орналасқан     Қоңыр Әулие     үңгіріндегі   шипалы  сулар,  дертіне  дауа  іздеп   барып    басына түнейтін   Ақсуат   өңіріндегі қасиетті   Әулие   емші   Ырғызбай   ата,   Аягөз ауданының  Баршатас  ауылының  маңында  орналасқан  темірлі,  сульфатты, магнийлі,  минералды  сулардың  көзі ­ Әулиеқыз.   Бұл  судың  да  өзіндік емдік  қасиеті  бар.          Сонымен  қоса  тарихи – мәдени  орындар  да  өте  көп.   Ұлылар  мекені Жидебай  өңірі, алаш  арыстарының  ізі  қалған  Семей  қаласына  жоғарыда айтқан  қасиетті,  киелі  жерлерде  болуға  туристерді  тартуға  толық  негіз бар.             Сөзім   дәлелді   болу үшін солардың бір – екеуіне   тоқтала   кетейін. Қазақ    халқы  « қасиетті »,« кие »сөздеріне ерекше мән беріп, сол  жерлерге барып  тәуәп етіп отырғаны белгілі. Ондай  жер  Ақсуат өңіріндегі    Ырғызбай Досқана  ұлының   басы. Ол  кісі  ( 1787 – 1850 ж. )  өмір  сүрген     түрлі аурулардан   азап  шеккен  адамдарды  емдеп, XVIII  ғасырдың II жартысы, XIX ғасырдың  I  жартысында  Ресей,  Алтай,   Жетісу,  Тарбағатай өңірлеріне     есімі     кеңінен     танымал    емші      болған.  Ырғыз   ата бала жасынан   емдік   шөптерге   үйір   болып   өскен.      Ол  кісі аурулардың тамырын      ұстап,       алақанына,     тырнағына,  бет – әлпетіне     қарап аурудың    түрін    ажырата  білген.    Сонымен   қоса   көріпкелдік   қасиеті де   болған.    «Бүгін     алыстан     бір   ауру     адам     келеді»   деп     күні бұрын   болжап   біледі    екен.  Келген   адамды   құлан­ таза   жазылғанша тегін       емдепті.       Ауқатты       адамдардың       алмасына       қоймай       өтініп қалдырып      кеткен     дүниелерін    жоқ­ жітік,   кедей      адамдарға      үлестіріп      береді   екен.    Әулие  атаның  тірі    кезіндегі       мейірімі науқас      адамдарға      қандай       болса,  қазірдің      өзінде    оның     аруағы талай    адамдардың    ауруынан сауығып  кетуіне  септігін тигізгендігі  қалың көпшілікке  мәлім.    [2]      Ырғызбай   бабаның  қасиетін   таныған   ел   жиналып    1990  жылы   ол кісінің    басына    бұл    өңірде   бұрын – соңды    болып    көрмеген    күмбез орнатып,   емделуге   келгендер  үшін   қонақ   үй   салды.   Жылдың   қай мезгілінде   болмасын   Әулие  атаның   мазары   басынан   адам    үзілмейді. Әулие   атаның     басында     мұражай     ашылған.       Әулие     ата     мазарына келушілер     сонда     қойылған       журналға       қолтаңбаларын     қалдырады. Олардың   ішінде   республикаға   белгілі   адамдар   да   бар.        Ал Абай ауданындағы   қасиетті Қоңыр   Әулие үңгіріндегі шипалы су науқастанған   адамдарға,   сонымен     бірге     қазіргі     қоғамдағы   ауыр   дерт   – ішімдікке  салынған адамдарға  да  шипасын тигізіп келеді. Кеңес         Өкіметі тұсында   тиым салынған, аллаһқа, дінге,емшілікке сенбеу             салдарынан мұндай  жерлер  көп  адамдарға  белгісіз  болды. Қазір « өлгеніміз  тіріліп, өшкеніміз жанған   тұста » осындай  қасиетті  жерлерге  көпшілік  қауымға белгілі  болып  отыр.[3]           Сонымен  қоса  келген  туристерді  ұялмай,  мақтанып  қарсы  алатындай мәдени – тарихи  жерлеріміз  де  жоқ  емес.    Ондай  жер – Ұлы     Абай    елі, Абай    ауданына    ат    басын        бұрған  қандай мейман  болмасын      ең алдымен       Мұхтар   Әуезовтің   әйгілі   « Абай жолы »   эпопеясын   қайыра оқығандай  болады.    Абай  еліне  ең  алдымен     аяқ      басқанда     Мұхтар Әуезовтің         ата   –   қонысы     Бөрілі     қыстауы         көрінеді.           Бөрілідегі Мұхтардың    дүниеге  келген,  ата – анасы  тұрған  үй – бүгінде  мұражайға айналған.       Ұлы     Абайдың      Жидебайдағы      бұрынғы      тұрған  қыстауының Орнына        салынған      мұражай     бар.    Ұлы    Абайдың  150  жылдық тойында       салынған         қыстаудан        төменірек     жазықтағы    Абай мен Шәкәрімнің     алып     кесенесі     асқақтығымен,     айрықша     архитектуралық шешімділігімен    ерекше    көзге    түседі.  [4]      Өлкемізде    40    жыл     сынақ    алаңы    болғаны    белгілі,      оның халық денсаулығына     тигізген    зардабы  да  белгілі.  Қазір  Семей өңірі  ғана  емес, Қазақстанның  басқа  аймақтарында  да  онкологиялық  аурулар   ұшырасып  жатады.  Онкологиялық  ауруларға  жылқы  еті  бірден – бір  ем екен.   Біздің   аймақта   жылқы   шаруашылығын         дамытып,           болашақта жылқы    сүтімен,     етімен  емдейтін     шипажайлар  ашуға  болады,  сөйтіп ішкі  және  сыртқы  туризмді      дамытуға  негіз   бар.        Семей     өңірі     бай     тарихи     орындарымен   де     келген     қонақтарға қызықты   болар   еді.   Көпестер   тұрғызған   ғимараттар,   татар   мешіттері қалаға  келген  әр  адамның   есінде   ұзақ   сақталады.     Өлкемізде   орналасқан   Барлық – Арасан    шипажайымен  де    мақтана аламыз.    Ол   облысымыздың    Үржар    ауданындағы   Жарбұлақ     елді мекенінен     шығысқа     қарай     16     километр     жерде,     Арасан     өзенінің Барлық   тауынан,     Алакөл   ойысына   шығар   тұсынан    табылған    жер асты     су    көзі.    Барлық – Арасан   бұлағы   негізінде   1963   жылдан    бері бальнеологиялық   емдеу   орны    жұмыс    істейді.    Онда    тері,   буын,   ас қорыту,    жүйке   аурулары   емделеді.     Алакөл   көлінің   де  емдік   қасиетітінің   маңызы   зор.     Алматы   және Шығыс     Қазақстан     облысының       аумағында     орналасқан     тұйық     көл. Алакөл   суында   фтор     мен   бром     көп.   Жағалауында   демалыс     және емдеу  мекемелері   орналасқан. .  [5]         Қорыта келгенде,  соңғы  уақытқа  дейін  туризмнің   дамуына   мемлекет тарапынан  мүлдем    жеткіліксіз    түрде     көңіл     бөлінді.     Қазіргі    уақытта    ел    Президенті    де,    Өкімет  те  бұл  салаға  көп көңіл    бөле    бастаған    кезде,      көптеген      мәселелер  баспа  бетінде жедел     талқылана     бастады,      көптеген     мәселелерді        шешудің тәсілдері      мен     жолдары    байқалды,     бірақ    тұтастай     алғанда, бірқатар  мәселелер  әлі  де  қалыс  қалуда.  Негізгі  тежеуші  факторлардың бірі –    біздің     еліміз     жөнінде     әлсіз      хабардар  етілуі.  Дүниеде қызықты  жерлер  өте  көп,  сондықтан  туристердің  ынтасын     біздің    елге аудару    қарапайым   міндеттердің  бірі  емес.          жетіспеушілігі,    көңіл   Туристер    мен    туристік    бизнестің    назарын    аударатын  келесі  бір    нәрсе –   Семей   өңірінде     туризмнің     дамыған        инфрақұры­ лымының      көтерерлік   жерлер     аз,   орта   ­ ша     кластағы     қонақ     үйлердегі     қызмет     көрсетудің     сапасы       төмен, орталықтан     алыс     аудандарға     алып    жүретін  және  сенімді  байланыс орнататын  қызмет  жоқ,  сондай – ақ  салық  тәртібі  өте  тиімсіз.          Біздің   аймақтың   экологиялық   мәселелері   де туризмнің   дамуына   аса қолайсыздардың  қатарына  жатады.  Экологичлық  мәселелер әлемге  жақсы таныс  болғандықтан  біздің  ел  туралы  ой  қалыптасады.       Біздің  елімізде  қылмыс  саласында қолайсыз  жағдайлардың  жинақталып қалғаны, сондай – ақ  ндеттік орта ( жұқпалы аурулар ) болуы  жасырын  емес. Әрине,  бұл  жағдайлар  барлық  туристерді    үрейлендірмейді,      дегенмен, көпшілігі  дем  алуға  неғұрлым    қолайлы     жерді    таңдайды.          Туризм   дамуын   тежейтін   тағы   бір   фактор – тұрғындардың   тұрмыс деңгейінің  төмендеуі,  әлемдік  дағдарыс.  Елімізді  алып  қарасақ,  көптеген адамдардың    туристік    сапаларға     шығып        демалуға мүмкіндігі    жоқ.       Шекараның   ашылуына    байланысты     біздің    туристердің  үлкен   легі  алыс  шетелдерге  ұмтылды,  отандық  туристік  фирмалар  туристерді шекараның       аржағына     апаруға,     шоп   –   турларға     жұмыс   істейді.     Шоп туристер   елден  сыртқа  қарай  көп  мөлшерде    валюта   қорын   шығарады. Керісінше,   нақты   қолға   алып,тамаша табиғатымыздың       мүмкіндіктерін дұрыс   пайдалана   білсек,   олар   біздің экономикамызға  табысты  қызмет    етер     еді.       Осы проблемаларды болдырмас үшін  мынадай  ұсыныс  жасар  едім:   өз     өлкемізде   туризмді 1 Туристік қызметті реттейтін  жаңа  заң  қабылдау. 2 Туризмді   теледидардан    және   басқа   БАҚ – тан насихаттау   үшін туристік  фирмаларға  жеңілдіктер  беру. 3 Туристердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету. 4 Өлкемізде туристік мамандар  даярлайтын  оқу  орнын  көптеп  ашса. 5 Жоғарыда   айтып   өткен   Ырғызбай   ата,   Қарамолда   Баянбай   ата, Қоңыр  Әулие тағы  басқа  шипалы  жерлерге  өкімет  тарапынан  халықтың қолдауымен  демалыс  орындарын  ашу. 6 Осы заманғы  бәсекеге қабілетті  туризм  индустриясын қалыптастыру үшін  ұйымдастырушылық және инновациялық негіздерді дамыту. 7 Экономиканың   негізгі   секторы   ретінде   елдің   туристік   имиджін қалыптастыру.     Пайдаланған   әдебиеттер: 1 Ұ.Есназарова   «Қазақстанның    физикалық      географиясы»,   2004, 239­бет 2 «Қазақстан  Ұлттық  энциклопедиясы», 1­том, 240­бет 3 «Қазақстан­2030» бағдарламасы 4 М.Е.Белгібаев // «География  және  табиғат», А, №1, 2007 ж, 10­бет 5 Ж.Б.Шілдебаев   //   «География,     биология,     орта   экология     мектепте», А,  №1, 2008 ж. 6 А.Қисымова // «География,  биология,  экология  орта  мектепте» А, №4, 2008 ж. 7 «ҚР   туризмді     дамытудың     2007­2011     ж   арналған     мемлекеттік бағдарламасы. 8 Н.Ә.Назарбаев   «Қазақстан   өз дамуындағы   жаңа   серпіліс   жасау қарсаңында»  Жолдауы, 2006 ж. 9 «Қазақстан  Ұлттық  энциклопедиясы» 1­том,  270­бет. 10  О.Саяқов, Абай­Ақсуат,  «Әулие ата»

"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ РЕКРЕАЦИЯ ТУРИЗМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН  ӨҢІРІ  РЕКРЕАЦИЯ  ТУРИЗМІНІҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ  МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ РЕКРЕАЦИЯ ТУРИЗМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН  ӨҢІРІ  РЕКРЕАЦИЯ  ТУРИЗМІНІҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ  МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ РЕКРЕАЦИЯ ТУРИЗМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН  ӨҢІРІ  РЕКРЕАЦИЯ  ТУРИЗМІНІҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ  МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ РЕКРЕАЦИЯ ТУРИЗМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН  ӨҢІРІ  РЕКРЕАЦИЯ  ТУРИЗМІНІҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ  МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ РЕКРЕАЦИЯ ТУРИЗМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН  ӨҢІРІ  РЕКРЕАЦИЯ  ТУРИЗМІНІҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ  МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ РЕКРЕАЦИЯ ТУРИЗМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН  ӨҢІРІ  РЕКРЕАЦИЯ  ТУРИЗМІНІҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ  МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ РЕКРЕАЦИЯ ТУРИЗМІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ"

"ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН  ӨҢІРІ  РЕКРЕАЦИЯ  ТУРИЗМІНІҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ  МЕН КЕЛЕШЕГІ"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.04.2019