Сценарий Нового года в детском саду казахской школы
Ход мероприятия: Жургизуши: Жана жылдын таны нетккен арайлы,ак мамык орап алды манайды. Армысындар,халайыкБармысындар ,халайык. Жана Жылда жуп жазбай,бирге карсы алайык.
Сабак максаты: Балалардын сыйластык тын кундылыгын туралы тусиниктерин кенейту.Журектин жылуын сыйлаймын. Залды асемдеп безендируЖана жыл мерекеси балабакша
жана ж.docx
Жалпы орта білім беретін Мереке мектепбалабақшасы
Мерекелік ертеңгілік
"Міне келді, Жаңа Жыл!" 20162017 оқу жылы
"Міне келді, Жаңа Жыл!"
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамық орап алды маңайды.
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық,
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Мен Шахерезадамын. Менің ертегі еліме қош келдіңіздер! Жаңа жылдарыңызбен!
Жаңа жыл құтты болсын!!!
Мереке: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл.
Атаәже, анаәке
Құтты болсын жаңа жыл!
Орынбасар: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр,
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
Рустам: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Мұрадым: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән,
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жібек: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам мол болсын.
Төрле, төрле, жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Жүргізуші: Менің ертегі еліме келген кішкентай ханшайым Жанерке ән шырқап
береді. Қошеметтеп қарсы алайық!
Ән: «Қошақаным» Жанерке
Жүргізуші: Менің сарайымда ескі жыл жүр, Бәріміз іздеп, табайықшы! Ол үшін
сахна төріне маймылды шақырамыз.
Ескі жыл маймыл: Шынар (Менімен бірге үнді елінен үнді арулары келді,
сіздерге өнерлерін көрсетпекші) Жүргізуші: Үнді қыздарын қошеметтеп қарсы алайық!
Би: «Үнді биі» (Амангүл, Ямур)
Жүргізуші: Бұл не шу, не айқай!? Балалар қараңдаршы менім ертегі еліме тағы да
қонақтар келе жатқан сияқты. Қонақтардың көңілкүйлері жоқ сияқты, сұрайықшы
не болғанын...(Әтеш пен тауық сахнаға келеді)::
Жүргізуші: Неге сендердің көңілкүйлерің жоқ? Біреу ренжіттіме сендерді?
Әтеш: Біз теңізді аралап, орманды аралап келе жатқанда қарақшылар ұстап алды.
Жүргізуші: Бұл менің қарақшыларымғой. Ендеше, сендердің көңілкүйлеріңді
көтеру үшін қарақшыларымның биін тамашалайық!
Би: «Пираты» (Рустам, Абылайхан, Мереке, Алиби, Аят)
Жүргізуші: Үнді аруларымен билеп жүргенде жамылғымды жоғалтып
алдыппын.....Балалар менің жамылғымды көрмедіңдерме? Жамылғымды жоғалтып
алдым....Ал сендердің неге көңілкүйлерін жоқ? Менің қарақшыларым әдемі билеп,
өнер көрсетті.
Әтеш: Жоқ, ұнады, біз орманда сенің ертегі еліңде өтетін Жаңа жыл кешіне келе
жатқанда балапандарымызды жоғалтып алдық.....
Жүргізуші: Қандай балапандар ол?
Тауық: Ол балапандар жұмыртқаның ішінде болатын.... Келе жатқан жыл біздің
жылымыз емеспе, Жаңа жыл кешіне келе жатқанбыз....Біздің балапандарымызды
көрмедіндерме?
Ата: Міне сенің, жамылғың Шахерезада. Біз орманнан мына жұмыртқаны тауып
алдық, оның үстінде сенің жамылғың тұр екен.
Жүргізуші: Бұл жай жамылғы емес, сиқырлы жамылғы. Орманнан тауып алып
келгендеріңізге көп рахмет.
Ата: Ия, біз жұмыртқаны орманда тауып алдық, бірақ ішінде бір дыбыс естіледі.
Сол үшін жұмыртқаны жарайын деп едік, жара алдмадық.
Жүргізуші: Ендеше, мен жарып көрейін. Қанеки, бәріміз сиқырлы сөзді
айтайықшы, балалар....
Бәріміз сиқырлы сөз: «Ахалаймахалай, бууух!»(3рет)Жұмыртқадан балапандар
шығады.
Әже: Жұмыртқаны орманнан біз тауып алдық, тамаша болдыго, сендердің
балапандарыңызды тауып бердік, Міне сендердің балапандарыңыз....!
Әтеш: Рахмет, тауып бергендеріңізге. Ендеше, бәріміз бірге би билейік!
Жүргізуші: Келе жатқан Жаңа жыл «тауық» жылының құрметіне
балапандарымыздың биін тамашалайық!
Би: «Балапандар» (Еркеназ, Айзере, Саяна, Інжу, Нұртілек, Шынболат, Айша,
Жанэль, Анель, Інжу, Мейрамгуль, Кәусар)
Кәусар: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып.
Аят: Тауда туып,тауда өскен,
Шырша келді ортаға,
Бәріміз бір дауыспен
Дейік енді шыршаға,
«Қуант,бізді таңырқат!»
Мөлдір: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Аман: Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр,
Сақалының ұзыныай,
Кесіп алсам шіркінай.
Құралай: Аяз ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды,
Жеттің бізге таң ата.
Жүргізуші: Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір бәрі әзір.
Кел, Жаңа жыл, біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Ертегі елімізге келген Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз бірге шақырайық балалар!
«Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар»
Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балаларым,
Балаларым балғыным,
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алысалыс жолдардан келемін,
менің балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.
Ақшақар: Иә, Аяз ата, балалардың өнерлерін тамашалайық!
Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесіне келген өзбек қыздарымызды ортаға шақырайық!
Би: «Өзбек биі» (Дарина, Сабина, Құралай, Мөлдір)
Нұрхат: Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Абылайхан: Жасыл желен жамылған, Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Айша: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Рамазан: Жаңа жылға арналады әніміз,
Жаңа жылға арналады сәніміз,
Бақыт болып Жаңа жылым келгенде,
Қуанышпен қарсы аламыз
Жүргізуші: Менім аспаздарымда шетінен өнерлі ....Қане, балалар, қошеметтеп
қарсы алайық.
Би: «Аспаздар биі» ( Алишер, Айбол, Орынхан)
Алиби: Жылдың әнін бастайын,
Аяз Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Анель: Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз,
Аяз Ата келгенде,
Би билеп, ән саламыз.
Мейрамгуль: Аппақ,аппақ жапалақтап ,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман,Қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
Орынхан: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр,
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр
Жүргізуші: Менің ертегі еліме келген кішкентай ханшайым Сезім ән шырқап
береді. Қошеметтеп қарсы алайық!
Ән: «Ойыншықтар» Сезім
Жүргізуші:Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын,
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа Бақыт, Жаңа Жыл!
Аяз атадан сыйлық алайық. Балалар бәріміз Аяз Атаға барайық.
Ертегі еліміздің Жаңа жылы да аяқталып қалды. Жаңа Жыл құтты болсын,
отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!
Бала бакшадагы Жана Жыл мерекесi
Бала бакшадагы Жана Жыл мерекесi
Бала бакшадагы Жана Жыл мерекесi
Бала бакшадагы Жана Жыл мерекесi
Бала бакшадагы Жана Жыл мерекесi
Бала бакшадагы Жана Жыл мерекесi
Бала бакшадагы Жана Жыл мерекесi
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.