"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі
Оценка 4.8

"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі

Оценка 4.8
Игры
docx
классное руководство
Детсад
12.05.2018
"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі
Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу.интеллектуадық танымдық ойын
Балабақша көшбасшысы.docx
Қарақия  аудандық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы МКҚК «Нұршуақ» балабақшасы "Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық технологияларды қолдану  арқылы балалардың білімін, даму деңгейін арттыру"   аудандық семинар­практикумда «Аққу» аралас тобында  өткізілген «БАЛАБАҚША КӨШБАСШЫСЫ» Интеллектуалды­танымдық ойынның конспектісі Әдіскер: Амирова Н.А Ералы станциясы 2018жыл, мамыр. Тақырыбы: «Балабақша көшбасшысы» интеллектуалды­танымдық ойын! Мақсаты:  Балаларды   заман   талабына   сай   әр   саладағы   білімдерін   кеңейте   отырып,білім   деңгейін байқау.   Ұлттық   мәдениет   құндылықтарын   бойларына   сіңіре   отырып,   тұлғалардың   тапқырлығын, шеберлігін,   танымдық   қабілеттерін   айқындау.   Сұрақтарға   толық   жауап   беру   дағдысын   қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу. Көрнекілік:  Интербелсенді   тақта,   слайд,   дидактикалық   ойындар,   топ   атауы   жазылған   қағаздар, қиылған жұлдызшалар, сертификаттар. Ойын барысы: Жүргізуші:  Құрметті   педагогтар     мен   қонақтар!   «Балабақша   көшбасшысы»   интеллектуалды­ танмыдық ойынына қош келдіңіздер!Бүгінгі ойынымызға білімді, тапқыр, алғыр, ақылды, логикалық тапсырмаларды жақсы орындайтын балалар қатысқалы отыр. Ендеше, қол соғып қатысатын топтарды ортаға шақырайық. (Балалар музыка әуенімен залға кіреді) 1. «Қыран» тобы  2. «Тұлпар» тобы Жүргізуші: Балалар,бүгін сендер өздеріңнің білімдеріңді, тапқырлықтарың мен жылдамдықтарыңды көрсетесіңдер.Әр дұрыс  жауап үшін бір жұлдызша аласыңдар.Қай топта көп жұлдызша жиналса, сол топ   «Балабақша   көшбасшысы»   ойынының   жеңімпазы   болады.Алдымен   ойынымызды   бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық: 1.Балабақша директоры Г.Сүйіндік Ойын кезеңі 6­бөлімнен тұрады: 1­бөлім: «Өнерпаз болсаң арқалан» (топ атауларын таныстыру) 2­бөлім: «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» 3­бөлім: «Көңілді тапқырлар» 4­бөлім: «Жақсы ән жаныңды жадыратады» 5­бөлім: «Мықты болсаң тауып көр» 6­бөлім: «Даналық ойдан дән ізде» 1­бөлім: «Өнерпаз болсаң арқалан» (топ атауларын таныстыру) «Қыран» тобы:  Ұшақтан да ұшқырмыз Жедел озған жүйрікпіз. Келіп тұрған жарысқа «Қыран» тобы боламыз. Қыран тобы! Алға! Алға! Алға! «Тұлпар» тобы Тұлпар болып самғаймыз, Қарсыластан қалмаймыз. Әрқашанда жүйрік болып, Бәрін жеңіп шығамыз!  Тұлпар тобы! Алға! Алға! Алға!  2­бөлім: «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» 1.  Аққудың  баласы қалай аталады? (көгілдір) 2. Төрт тізесі бар аңды ата (піл) 3. Жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын құс? (пингвин) 4.  Жүрегі ең кішкентай аңды ата (арыстан) 5.  Биыл Астанаға неше жыл? (20 жыл) 6. Тістері тілінде орналасқан жануар? (ұлу) 7. Балабақшамыздың аты қалай аталады? (Нұршуақ) 3­бөлім: «Көңілді тапқырлар» Дидактикалық ойын: «Пішіндерге ұқсас заттарды тап» Мақсаты:  Айналадағы   заттармен геометриялық пішіндердің ұқсастығын табу, танымдық қабілетін арттыру. Логикалық тапсырма: «Қызыл түсті пішіндерді сана» Логикалық тапсырма: «Жасыл түсті пішіндерді сана» Мақсаты: Логикалық қабілетін дамыту. 4­бөлім: «Жақсы ән жаныңды жадыратады» Ән: Мен әдепті баламын! Мақсаты: Шығармашылық қабілетін арттыру. 5­бөлім: «Мықты болсаң тауып көр» Дидактикалық ойын: «Жасырылған жеміс пен көкөністі тап» Мақсаты: Ойлау қабілетін қалыптастыру. Дидактикалық ойын: «Дұрыс байланыстыр» Мақсаты: Қоршаған ортадағы тіршілік иелерін және олардың мекендейтін жерлерін тану, атауларын дұрыс айтып, бір­бірімен дұрыс байланыстыру. 6­бөлім: «Даналық ойдан дән ізде» 1.Қабат – қабат қаптама, Ақылың болса аттама   (кітап) 2. Ерте тұрдым, Екі айыр жолға түстім. (шалбар) 4. Үй үстінде алтын тас, Алайын десем табылмас. (жұлдыз) 5. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (күн) 6.Алыстан қарасам аппақ, Татып қарасам тәтті­ақ (қант) Тапсырма: «Суретке қарап әңгімеле» Мақсаты: Сөздік қорын молайту. Жүргізуші: Жиналған жұлдызшаларды санап, жеңімпаз топты анықтайды. Ойынға қатысушыларға  қатысқанын растайтын сертификаттар табысталады.

"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі

"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі

"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі

"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі

"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі

"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі

"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі

"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі

"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі

"Балабақша көшбасшысы" интеллектуалдық танымдық ойынның конспектісі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.05.2018