«Балабақшада балаларға қазақ тілін үйретудің тиімді бір жолы – ойын»
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде және «Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, ғылымда да, білім беруде де қолданылуы үшін қолдан келетіннің бәрін істеу керек»
- деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тұжырымдамасы бар.Сондықтан да білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.
Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.1. Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту.2. Балалардың тыңдау зейінің қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру3. Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.Балаларды қазақ тілінде сөйлеуге қарым - қатынас жасауға қазақ тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:1. Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.3. Ойынның ойналу түрі, топ болып ойнау.4. Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.5. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Ұйымдастырылған оқу – қызыметі кезінде мынадай ойындарды ойнауға болады:1. Сиқырлы қоржын. (тақырыптар: «Жемістер мен жидектер дото», «Көкөністер», «Ыдыс - аяқ»«Ойыншықтар» т. б.)2. Үйде кім жоқ? (тақырып: «Отбасы мүшелері»)3. Аудармашы. (барлық тақырыптарға келеді. Мұғалім сөзді қазақша айтса бала орысшаға аударады, немесе мұғалім орысша айтып қазақша аудармасын сұрайды)4. Не жоқ? (тақырыптар: «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т. б.)5. Кімнің дауысы? («Үй жануарлары, Жабайы аңдар, Үй құстары!»тақырыптарына қолдануға болады.
6. Үстелде не жоқ? т. б. («Оқу құралдары», «Азық – түлік», «Киімдер» т. б.)
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.