3 сыныпқа арналған "Баланың айласы" тақырыбындағы ашық сабақты өткізу барысында балалар өз білімдерін ортаға салып әр түрлі жаңа технология елементтері мен жұмыс жасады. Балалар психологиялық даярлықтан бастап бес жол өлең құрап топтық талдау артылы топтық стратегиямен жұмыс жасай отырып түсінді
Жаухар 1.docx
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың көрнекті ақын, жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге
сүйене отырып ашу және шығармасындағы негізгі ойды таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға бағытбағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге,
шығармашылық жұмыста шапшаңдық танытуға, өздігінен қорытынды шығаруға
машықтандыру, таным белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Әңгіме арқылы жамандықтан аулақ жақсылыққа жақын болуға, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Типі: Сын тұрғысынан ойлау, дамыту технологиясы, ассоциация әдісі.
Әдістәсілдері: Ой қозғау, бес жолды өлең құрастыру,Венн диаграммасы, әңгімелеу, сұрақ
жауап.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, мәтінге байланысты плакатқа салынған сюжетті
сурет, сабаққа қатысты сызба нұсқалар
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі.
І. Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
4. Ой қозғау.
Мәтінмен жұмыс;
Сөздікпен жұмыс; /түртіп алу жүйесі INSERT/;
Оқулықпен жұмыс;
Дәптермен жұмыс.
5. Ой толғаныс.
Венн диаграммасы;
Бес жолды өлең жазу:
6.Сабақты қорытындылау.
7. Үй тапсырмасы.
8. Оқушыларды бағалау.
Сабақтың барысы.
1.Психологиялық дайындық.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Оқушыларға 6 жолды тақпақ айтқызу.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай сұрақ болса да.
Таппай оны қоймайық
Алға қарай самғайық,
Екілікті алмайық.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Әңгімеге байланысты суреттер салып келу мен мақалмәтелдер жинастыру.
Б.Сокпақбаев кім, оның қандай әңгімесін оқыдық? Қарт Мәуленге неге риза болып, не үшін рахмет айтты?
3. Ой ашар.
Жаңа сабақ топтық талдау арқылы меңгеріледі.
4.Топтастыру стратегиясы.
– Балалар, Ы.Алтынсарин кім және ол қай жерде, қай жылы дүниеге келген.?
– Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?
– Қандай оқулық жазды?
Ақын
18411889 ж.ж. .........................................................................................жазушы
Ұстаз................................................................................................................... Кел, балалар,
оқылық!
Қостанай облысында ...........................................................................................«Қазақ
хрестоматиясы»
дүниеге келген ......................................................................................................оқулығын жазды.
«Өнер, білім бар жұрттар»
Олай болса, оқулықтың 161 – бетін ашыңдар, Ы.Алтынсариннің «Баланың айласы» атты
әңгімесін өтеміз.
5. Ой қозғау.
Мәтінді оқымас бұрын, оқушылардың жалпы «айла» туралы ойларын біліп алу қажет.
Айла деген сөзді қалай түсінесіңдер?
А) Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды плакаттағы суреттер арқылы
таныстыру.
Ә) Сөздікпен жұмыс. Түртіп алу жүйесі.
Төре (төрелік) – шешім/ барлық мәселені шешетін ақсақал немесе ақылды еразаматты
айтамыз. /әкім/
Әйдік – үлкен
Ғалым – білімді, жаңалық ашқан адам.
Б) Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту.
В) Дәптермен жұмыс.
3 қатар жоспар бойынша дәптерге мәтінді көшіріп, өздерінің түсінгендерін баяндайды.
1 – қатар. Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы
2 – қатар. Жеміс ағашына жолығуы
3 – қатар. Итке жолығуы.
6. Ой толғаныс.
Венн диаграммасы
арқылы көрсету. Осы төмендегі диаграмма арқылы оқушылар мінездеме береді.
Ортақ қасиет
Бес жолды өлең жазу стратегиясы
1. Кім?
2. Қандай?
3. Не істеді?
4. Кім үшін?
5. Жалпы ойды түйіндейді. 6. Сабақты қорытындылау.
Оқушыларға үлестірмелі парақшалар таратып беру.
Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау.
7. Үйге тапсырма беру.
Әңгімені оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу, өзіңе ұнаған көріністің суретін салу.
8. Оқушыларды біліміне қарай бағалау.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Бастауыш, Ыбырай Алтынсарин, баланың айласы
Баланың айласы
Баланың айласы
Баланың айласы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.