«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы
Оценка 5

«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы

Оценка 5
Раздаточные материалы +1
doc
классное руководство
6 кл—7 кл
16.01.2017
«Батыр  Бауыржан рух пен намыс  төресі» атты ауызша журналы
І бөлім . Жылдар тізбегі 1910 жылы 24-желтоқсан күні дүниеге келді; 1929 жылы ”Әулие Ата” тоғыз жылдық мектебін бітіреді; 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады; 1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді; 1933 жылы полктық мектепті бітіреді; 1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады; 1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шықырылады; 1940 жылы Украинаның Житомир қаласындағы 202-ші арнаулы танкке қарсы шабулдайтын дивизионның командирі болып тағайындалады; 1941 жылдың қаңтарына тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады; 1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасына қатысады; 1942 жылдың тамызынан бастап Панфиловшылар дивизиясында командир болады; 1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста дивизияны басқарады; 1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады; 1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады; 1946 жылы К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясының бірінші дәрежелі Суворов Жоғарғы Орденімен марапатталды; 1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады; 1950 жылдан бастап ”Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету” әскери академиясында аға оқытушы;«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы
Бауыржан ата.doc
Атырау қаласы № 4 облыстық  арнаулы шипажай  мектеп­интернатының математика және информатика пән мұғалімі                                                          Қарасаева Райгүл Құлқайырқызы 7 б  сыныбына  өткізілген   «Батыр  Бауыржан рух пен намыс  төресі» атты ауызша журналы Ашық тәрбие сағаты Жүргізуші: (сахна сыртынан оқылады). Сазды музыка ойнап тұрады Оқып көр Москваның шежіресін, Кетірген кердең жаудың кежіресін. Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен, Тапты ол тар қыспақта не бір шешім. Оқып көр Москваның шежіресін, Көз алдыңа елестер не бір есім. Оның бірі Сізге аға, Сізге іні, Еске алшы, ет бауырың елжіресін. Мол тартқан қан майданның ғаламатын, Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын. Жан аға, жақсы аға – жетпес баға, Кім сүймес Бауыржандай азаматын. Жүргізуші: Сәлематсыздар ма, кешіміздің қонақтары, кош келдіңіздер!         Кешімізді бастамас бұрын Ұлы Отан соғысындағы қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан   батыр   ағаларымыз   бен   апаларымыздың   рухын,   тірі   болса   100   жасқа   толатын   батыр Бауыржан рухын 1 минут үнсіздікпен еске  алайық!        Ия, қан майдан құрбандарына бас ие отырып, олардың бүгінгі ұрпақтары біздерге қалдырған кең  байтақ , азат елін, жерін қорғау, күту болашақ мына біздің қолымызда. Еліміз үшін, жеріміз үшін  құрбан болған батырларымызға мың тағзым дей отырып, «Батыр  Бауыржан рух пен намыс   төресі» атты ауызша журналын бастауға  рұқсат  етіңіздер! І бөлім . Жылдар тізбегі 1910 жылы 24­желтоқсан күні дүниеге келді; 1929 жылы ”Әулие Ата” тоғыз жылдық мектебін бітіреді; 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады; 1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді; 1933 жылы полктық мектепті бітіреді; 1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады; 1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шықырылады; 1940 жылы Украинаның Житомир қаласындағы 202­ші арнаулы танкке қарсы шабулдайтын          дивизионның командирі болып тағайындалады; 1941 жылдың қаңтарына тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады; 1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасына қатысады; 1942 жылдың тамызынан бастап Панфиловшылар дивизиясында командир болады; 1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған           шайқаста дивизияны басқарады; 1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады; 1945 жылдың 21­қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6­шы   гвардиялық әскерінің 9­шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады; 1946 жылы К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясының бірінші дәрежелі Суворов Жоғарғы  Орденімен марапатталды; 1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады; 1950 жылдан бастап ”Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету” әскери академиясында аға          оқытушы; 1955 жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник; Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту Ордені                     (2 рет)», «Ленин Ордені» мен «Отан Соғысының Ордені», «Әскери шайқастағы еңбегі үшін»,          «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Туы», «Халықтар достығы» және           «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған 1982 жылы 10­маусымда Алматыда дүниеден өтті. Бауыржан Момышұлы Алпамыс, Қобыландылардай бүкiл халық бiрауыздан батыр деп таныған дара тұлға — Халық батыры. Бiрақ, қазақ халқының ХХ ғасырдағы ержүрек ұлына Кеңес Одағының Батыры атағы оған ең соңғы болып 1990 жылы берiлдi.                                                                                                  ІІ бөлім.   «Халқы сүйген  қаһарман»    (Бауыржан  батыр туралы бір үзік сыр) 1. Батыр Бауыржанның қайсар мінезі мен шындықты сүйгіштігі, т.б. Үнемі  әскери қызметтермен жүріп, үлкен лауазымды адамдардың алдында мәлімдеме жасайды екен. Сол кезде Кеңес Одағының талай мансапты қызметтерін атқарған Анастас Микоянның: »Неге тегіңіз Момышев емес Момышұлы?» деген сұрағына   «Сіздің тегіңіз неге Микоев емес Микоян?» — деп, қарсы сұрақ қою арқылы жауап қайырады. 2. Соғыс өртi арасында жүргенде аты шығып, абыройы арта түскен Бауыржан Момышұлы соғыстың алдыңғы шебiнде жүрiп те қазақтың намысын қолдан бермеген азаматтығы, әсiресе, сол кезгi бiр оқиғада   ерекше   көрiнедi.   Бiрде   басшылық   даңқы   жер   жарып   тұрған   әскери   құраманың   қазақ офицерлерiн жаңа әскери бөлiмдер дайындау керек деген сылтаумен елге жiберiп, олардың орнына басқа ұлттың офицерлерiн әкелiп, Панфилов дивизиясының жақсы атын өздерi иемденбек болады. Сол   жиналыста   басқалар   не   дерiн   бiлмей   отырып   қалғанда   Бауыржан   Момышұлы   «Бiз   ешқайда бармаймыз, осы жерде майдан алаңында, Отан алдындағы борышымызды өтеудi жалғастыра беремiз» деп басшылықтың шешiмiн iске асырмай тастайды. 3. Осы бiр сұрапыл жылдары Бауыржан Момышұлы туған халқының болаша­ғын ойлап қоғамдық қайраткерлiк көрсете бiлдi. 1943 жылы наурыз айында Қазақстанның  Халық комиссарлары кеңесiнiң төрағасы   Нұртас   Оңдасыновқа:   «Жiгiттi   жауынгерлiк   қасиеттерге   тәрбиелейтiн   қазақтың   игi дәстүрлерi. Қазақ халқының өткен тарихындағы барлық жақсы дәстүрлер бүгiнгi таңда қайта салтанат құруға тиiс»,— деп  өз ұсыныстарын жазып хат жолдайды.  Ал, келесi 1944 жылдың қаңтарында Алматы қаласына келiп, төрт күн бойы сағат  12­ден бастап сағат 5­ке дейiн атақты ғалымдар мен қоғам қайраткер­лерi алдында соғыс психологиясы туралы әңгiме жүргiздi. Б.Момышұлының  бұл баяндамасын атақты ғалымдар мен өнер қайраткерлерi, атап айтқанда ғалым Қ.Сәтбаев, жазушылар М.Әуезов, Ғ.Мүсiрепов, музыка зерттеушiсi, композитор А.Жұбанов, тарихшы Ә.Марғұлан, атақты кинорежиссер Г.Рошаль және басқа да ұлт өкiлдерi, ресми орындардың қызметкерлерi тыңдады.  4. Б.Момышұлы ана тiлiмiздiң жағдайы нашар екенiн жүрегiмен сезiп, сонау 1944 жылы наурыз  айында мынадай өлең жолдарын жазған:                                 АНА ТIЛIН АРДАҚТА Көшеде бояу ерiн сылқылдаған, Былдырлап орысшалап жырқылдаған, Ұмытып ана тiлiн, салт санасын, Не қалды тiлiмiзде жыртылмаған. Отбасы түсiнiксiз жатқан былдыр, Газетте қазақ сөзi аз, шылдыр­мылдыр. Оқысаң алып кiтап шым­шытырық, Опырмау сандырақ па, бұл не былжыр. Ержеткендер сөйлейдi орысшалап, Кiм отыр сөз құрылысын қынап­сынап, «Мамасы» мен «папасы» шүршiт болып, Күйдiрдi­ау, шүршiтшелеп, бала жылап. 5.  Бейбiт өмiрге араласқан батырдың орындалмаған арманы көп болатын. Сол ойларының бiрi — Қазақстанның   Қорғаныс   министрi   болғысы   келгенi.   Бауыржан   Момышұлының:   Соғыс   халықтарға өздерiнiң   арасынан   ұлттық   қолбасшыларын   шығаруға   көмектестi.   Жуков,   Баграмян,   Ковпак,   т.б. Қазақ   халқы   менi   шыңдап   шығарды.   Мен   Әскери   министрлiктi   азаматтық   және   кәсiптiк жауапкершiлiкпен  басқаруға  дайын  едiм.  Мен өзiмнiң  адами­имани  рухтағы ғана  емес,  оған қоса материалдық құндылықтарды да қастерлейтiн жасампаз армия құрамын, – деп айтқаны белгiлi. Бiрақ, өз көлеңкелерiнен қорқатын жоғары жақта отырған билiк иелерi ел сүйген батырды министр қылмақ түгiлi жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардан  қатардағы қызмет те бермедi. 6.  Еңбекқор Бауыржан Момышұлы мойыған жоқ. 37 дәптер күнделiк жазған батыр, бейбiт өмiрдiң қаруы қаламды алып, қазақ және орыс тiлдерiнде көп­теген кiтаптар жазды. Осылайша қазақ әскери әдебиетiнiң негiзi қаланды. «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Бiр түннiң тарихы» және де басқа   кiтаптардың   авторына,   15   күнде   жазылған   «Ұшқан   ұя   атты»   кiтабы   үшiн   1976   жылы Мемлекеттiк сыйлық берiлдi. Кiтаптары көзi тiрiсiнде 1 миллион данадан аса таралды. Чех, поляк, испан, француз, ағылшын тiлдерiне аударылды.  7.   Ұлы Отан соғысы жылдары көзi тiрi адам туралы жазылған жалғыз кiтап Бауыржан Момышұлы туралы болды.  Ол  Александр Бектiң «Волоколамск тасжолы» атты    кітабы еді. Көркем шығарма жазылып болысымен, бiр апта­ның iшiнде басылып, бүкiл Совет Одағына тарап кеттi. «Артымызда Москва» кiтабы Кубаның бүкiл әлемге белгiлi басшысы Фидель Кастроның сүйiп оқитын кiтабына   айналды.   Бауыржан  Момышұлы­ның  Ұлы   Отан  соғысындағы  ұрыс  жүргiзу  әдiстерi   үлгi ретiнде қабылданып Кубаның әскери академиясында оқытылды.       8.  Бауыржан   атамыз   бейбiт   өмiр   орнаған   соң   да   батырлық   танытқан   кiсi.   Мысалы,   көп   адамдар қазақтың небiр жақсылары мен жайсаңдары «халық жауы» деп атылып кеткенiн бiлдi, бiрақ үндемедi. Ал, Бауыржан атамыз айтатын жерде тайсалмаған. Өткен ғасырдың басында «Оян, қазақ!» деп ұран тастаған Алаш қозғалысының ардақтысы атақты Мiржақып Дулатұлының қызы Гүлнәр апай былай дейдi: «Мен әрдайым Бауыржан Момышұлын ерекше жылы сезiммен еске аламын. Басқалар әкемнiң атын айтуға қорқып жүргенде Бауыржан ағамыз жұрттың көзiнше менiң әкемнiң өлеңдерiн дауыстап оқитын.   Мен   мұндай   кездерде   Бауыржан   аға   үшiн   қорқып   тұратынмын.   Ал,   ол   болса   дауысын қаттырақ шығарып: «Сенiң әкең мақтаныш етуге тұратын тұлға!» – дейтiн. 9. Қазақтың  Ұлы ақыны  Абай:  “Құлақтан кіріп бойды алар, Тәтті ән мен әсем күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсен менше сүй”,­ деп өзінің “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” өлеңінде өнерді терең толғаған.   “Өнер  адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі оның арманы мен қиялы жалпы болмысы, қай тілде айтсада аударусыз түсінікті, кім­кімнің жүрегіне жетіп жатады”,­ десе, Бауыржан Момышұлы өнер саласында қазақтың киелі аспабы домбыра туралы былай дейді:   “Домбыра   деген   қазақтың   қасиетті   дүниесі.   Өздерің   тарта   алмасаңдар   да,   қадірлей   білесіңдер. Баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңдіру осындайдан бастау алады. Домбыраның сырлы сазымен ауызданбаған бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады”,­ дейді. «Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді, ал халықтың жанын   түсінбеу   деген   тамыры   шабылған   ағашпен   тең.   Ондай   ағаш   жапырақ   жайып   сая   да   бола алмайды, жеміс те бермейді»,­деп Бауыржан атамыз қазақтың ән өнері мен музыка өнерінің адам өмірінен алатын орнын, нағыз Абайша суреттеп берген деп түсіне отырып, ата өсиетін жалғастырушы ұрпақтарының атынан  «Тойбастар» күйін орындап берейік. Жүргізуші:    Бауыржан Момышұлы бүкiл өмiрiн саналы түрде сүрген және өзiнiң қоғамдағы алар  орнын бiле бiлген жан. Сондықтан да, сонау 1947 жылы өзi туралы бiр шумақ өлеңмен бүгiнгi сiздер  мен бiздерге былай деп хат жолдаған:  Қадiрiн бiлмеппiз ғой тiрi кезде  Деп жылар сорлы халық мен өлгенде, Ұрпақ атар сексен мен жүздiгiмдi     Тарихтың түкпiрiнен сөз келгенде.  Ия, Батыр ата өзіңіз айтқандай біз Сіздің әрбір  сөзіңізді жадымызда ұстаймыз,  келесі «Ата мұрасы –  таусылмас қазына» бөліміне көшеміз. Бұл бөлімде көрермендермен байланыс жасағым  келіп тұр. Тақтадағы  Бауыржан батырдың  нақыл  сөздерінің мән­маұғынасын талдап берсеңіздер.  Ұтымды   жауапқа сыйлық беріледі. 5­8  сыныптан 1­1 оқушыдан.                     ІІІ бөлім .  «Ата мұрасы – таусылмас қазына»    ­ Ердің туы — намыс.   ­ Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.   ­ Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті.   ­ Жауды    өлтірсең — өлімнен    қүтылдың,    өлтірмесең — өлімге тұтылдың.   ­ Қырағының өзі де, көзі де батыр.      ­ Именіп жүріп көрген игіліктен қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.          ­ Ежелден ел тілегі — ер тілегі,    Адал ұл ер боп туса — ел тірегі.   ­ Екі сырттан қанға батып таласса, қарақұсқа жем болады.   ­ Айқаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен алғын.     ­ Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.    ­ Екі сөзді — ер емес, серт — ер серігі.   ­ Сабырлылық   алдында   дұшпан   сасады,   сабырсыздан   береке қашады.   ­ Ер бақыты ел қолында, ел бақьггы ерлер қолында.    ­ Өз қадірін білмеген — ер қадірін білмейді. Ер қадірін білмеген — ел қадірін білмейді.    ­  Белдескеннің белін сындыр,  Тірескеннің тізесін бүктір.  Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,  Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.   ­ Таяқтан тайсалмасаң,   Семсерден сескенбесең,   Жеңдім дей бер...    Жүргізуші:  Рахмет,   біз   яғни   еліміздің   ертеңі,   бабаларымыздың     мұрасын,   жақсы   дәстүрлерді бойымызға   сіңіріп,     жалғастырып,   жамандықтан   аулақ   болып,   жаны     таза   елжанды   ұрпақ   болып өсейік. Сол үшін Бауыржан атамыздың нақыл сөздер, жазылған кітапшаны ескерткіш ретінде бере отырып   әрбір   сөзді   сыныптарыңызда   талдап   атамыздың   әрбір   сөзі   өмірлік   ұстаным   болуына тілектеспін. Кешіміздің  келесі  бөліміне  көшейік. ІҮ  бөлім  «Атамен  сырласу» 1  хат:   Ассалаумағалейкум,  құрметті  Бауыржан  ата!  Мен   сіздің   «Жауынгердің   тұлғасы»   атты шығармаңызды оқи отырып, сіздің ержүрек, батыл, ақылдылығыңызды түсіндім. Сіз сияқты қазақтың батыр жігіттері күнде туа бермес. Біз сізді әрқашанда мақтан тұтамыз. Сіздің жасаған ерлігіңізді ешқашан да ұмытпаймыз. Оған біз, уәде береміз. Егерде сіз біздің келешегіміз үшін, болашағамыз үшін күрессеңіз, біз сіздің жасаған ерлігіңізді ақтауымыз керек деп ойлаймын. Бұл – біздің парызымыз.  «Парыздан мықты күш жоқ Парыздан берік сауыт жоқ Парыздан нәзік сезім жоқ Парыздан қатал қазы жоқ Парыздан асқан қасиет жоқ Парыздан асқан жаза жоқ Парыздан түзу соқпақ жоқ Парыздан өткір тіл жоқ Парыздан мөлдір тазалық жоқ Парыздан биік шың жоқ» деп өзіңіз айтқандай, парыз – бұл орындалуға тиісті міндет пен әрекет деп түсінемін.     Сіз – біздің еліміздің қаһарман батырысыз. Бауыржан ата, сіз қазақ халқы үшін майданға аттанып,  соғыстыңыз. Ал қазір біз тәуелсіздігімізді алып, егемен елде өмір сүріп, біздің ата­бабаларымыздың  тілегін ақтауымыз керек. Біздің еліміздің әрқашанда тыныш болуын мен бір Алладан тілеймін. Сау  болыңыз, Бауыржан ата! 2   хат:  Құрметті   Бауыржан   Момышұлы!   Сіздің   қазақтың   батыр   да   батыл   атақты   жауынгер екеніңізді   барлық   жұрт   біледі.   Сізді   тек   қана   жауынгер   ретінде   ғана   емес   қолыңыздан   қалам тастамаған жазушы деп те танимыз.                  Мен сіздің мінез­құлқыңызды «Жауынгер тұлғасы» атты шығар­маңыздан байқадым. Сіздің ұлтжанды, отансүйгіш, патриот, талапшыл, адал, ал ең бастысы намысшыл екеніңіз аңғаруға болады.          Ел намысын жерге таптатпай, ең соңғы деміңіз қалғанша халқымыз үшін күрестіңіз. Бізге үлкен өнеге   қалдырдыңыз.   Ал   біз   сіздің   үмітіңізді   ақтаймыз   деп   сенемін.   Сіз   біздің   жүрегіміздің   бір түкпірінен орын алып, мәңгілікке ұмытылмас, ғасырлар бойы естен кетпес тау тұлға болып қаласыз.           Құрметті Бауыржан Момышұлы, сіз – халқымыздың көрнекті жазушысы, халық қаһарманы және ержүрек батырысыз. Сіз Отанымыздың тілін, дінін, мәдениетін, тарихын сақтап қалдыңыз. Жақында сіздің «Қанмен жазылған кітап» жинағының үзіндісін оқыдық. Бұл үзіндіде сіздің отансүйгіштігіңіз, қайтпас қайсарлығыңыз баяндалады және де образыңыз жақсы суреттелген. Сіз туралы кітаптарды оқып батырлығыңыз бен тапқырлығыңызға таң қалдым.           Сіз өміріңізге қауіп төнсе де Отанымызды қорғап қалу үшін аянбай күрестіңіз. Сондықтан да сіздің есіміңіз біздің есімізде мәңгі сақталады.       3 хат: Ұлы Отан соғысы бір мың тоғыз жүз қырық бір – бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылдар аралығында болды. Осы жылдар аралығында қазақ халқы не көрмеді?! Соғыс басталғанда үлкен­кіші, жас­кәріге қарамай барлығы өз еркімен соғысқа аттанды. Олардың мақсаты қазақ даласын аман­есен келесі  ұрпаққа жеткізу болды. Батыр аға­апаларымыз түрлі қиындықтарға  төтеп беріп, біздің жеңіс мәресіне алып шықты. Майданда өз Отаны үшін жанын пида еткен, ерлік көрсеткен батырлар халық жүрегінде мәңгі өшпес із болып қалады. Олардың біз үшін істеген ерлігін ұмыту мүмкін емес! Соғыс уақытында қазақ халқы қаншама қасірет шекті. Ұлы тұлғаларынан айырылды.           Әзілхан Нұршайықов, Жұбан Молдағалиев, Қасым Аманжолов, Әбу Сәрсенбаев, Әбдіжәміл  Нұрпейісов, Бауыржан Момышұлы сынды майдангер­жазушыларымыздың аты тарихта алтын  әріптермен жазылады.          «Елін сүйген ерлік істейді»,­деген сөз бар. Барлық соғысқа аттанған батыр аға­апаларымыздың  ұраны осы болғаны сөзсіз.          Мен соғыс деген сөзді естігенде, жүрегіме қанжар тығылғандай сезімде боламын. Себебі,  соғыстың бізге әкелген қайіы­қасіретінің орнын ешкім түзей алмайды. Қазақ халқының көзінен қанша  тамшы жас тамғанын сонау мүмкін емес!         «Кешегі елге қатер төнгенде ол жауға қарсы шапты          Бізді жалмамақ болған ажалды өр кеудесімен қақты          Ол арыстанша алысты өлім соққысын өз үстіне алды          Денесін оқ пәршелесе де, ел намысын қорғап қалды», ­деп Ә.Сәрсенбаев «Сен құрметте оны»  өлеңінде батырларымыздың жас ұрпақ үшін, Отан үшін ерлігін жырлайды. Қазақ халқы  батырларымызды ұмытпай, оларды мәңгі есте сақтайтынына кәміл сенемін.          Біз жеңіске қол жеткізіп, қазіргі уақытта алаңсыз балалық шақ, бақыты ғұмыр кешудеміз.  Сондықтан мен ешқашан соғыс болмаса екен деп тілеймін.           Мен соғысты жек көремін      4. Ақыл, сөзді көңілге түйіп алғаймын, Көк жүзінде қыран болып самғаймын. Ұлы жолын Бауыржандай атаның Жаңа ғасыр ұланы болып жалғаймын. Тербейд мені бейбітшілік жыр әні, Қалықтасын халқымның ән­ұраны. Батыр ата атын мақтан етіп әрдайым, Өсіп келед Бауыржаншыл қыраны. Ата сөзін әрқашанда құп алам, Оттай лаулап жанатұғын мен болам. Егеменде, тәуелсіз Қазақстанымның Лаулап жанған Бауыржаншыл қыз болам!,­ 5. Жаса , Бауке,  шыңға біткен шынардай               (Б. Момышұлының рухына)  Жұмабай Төлегенов Заманында зымырындай көкке  өрлеп, Адамдықтың  ақ жаңбырын төккен көп Бұл тарихта   батыр,сұлтан, бектер  көп, Бір өзіңіз –қанат қаққан  кептер боп. Қаламсапты қолыма алып толғандым... Сен­Қаһарман, бәйтерегі орманның, Ақ  желкенін желкілдеткен арманның Мұраң да бар, жас ұрпаққа қалған мың Қыран  болып  ұштың да аға, қатардан, Алты алашқа «Баукең» болдың аталған. Момыш әке мұратынан от алған, Жалындайсың ел жадында, Қаһарман! Деп едің ғой: «Елді қорғау­ерге сын!» Ел Ұлының қолға ұстадың делбесін. Тау тұлғаңды заңғар тарих тербесін, «Бауыржан» боп таралуда елге есім. Қазақ болып қанат қақтың қырандай, Ұрпақтарға үнің жетті ұрандай, Ер боп туған еңсең төмен тұр аумай, Бар дүние жатыр дүлділ жыр арнай, Жаса , Бауке, шыңға біткен шынардай!      6 хат:  Атама хат Қайран, Бауыржан атам­ай! Тағдырыңыз неткен ауыр еді. Кезінде Мәскеудің айтақтауымен, кейде  өздерінің бастамасымен жергілікті белсенділердің Сізге тақпаған кінәсі, айтпаған ғайбаты қалған жоқ. Өз халқыңызды шексіз сүйгеніңіз үшін «ұлтшыл» деп, биліктің алдында бас имегеніңіз үшін  «басбұзар» деп жазғырды. Мәскеу түбінде фашистерді қалай талқандасаңыз, өзіңіздің жатыпатар  жауларыңызды да солай тас­талқан еткендей көрінуші едіңіз маған. Өкінішке қарай, олай емес екен…  Ортамызда Сізге, Сіздің аруағыңызға жат көзбен қарайтын адамдар әлі де бар екен. Бәзбіреулердің  жадында Сіз әлі күнге дейін «ұлтшыл» және бүгінгі тілмен айтқанда, «барып тұрған диссидент»  ретінде сақталып қалған екенсіз. Сіздің кезекті туған күніңізге — 2009 жылдың 24 желтоқсанына мен  алдын ала дайындалдым. Көзіңіздің тірісінде Сізді жақсы білген адамдардың естеліктері негізінде  мақала жаздым. Ондағы ойым – Сіздің жүз жылдық мерейтойыңызға арналған материалдар тізбегін  осы мақаламмен бастау еді.        Бірақ… Мен қызмет ететін Жамбыл облыстық орыс тілді «Знамя труда» газетінде осы мақаланы  баспай қойды. Сондықтан, басқа басылымдарға ұсынуыма тура келіп тұр. Ал, бұл хатты Сіз «Бекетім  мені ұмытып кетті, туған күніме ештеме істемеді» деп ойлап қалмасын деген мақсатта жазып  отырмын. Сізге хат жазып отырып, бір ғана нәрсені жалбарынып тіледім: бізді, біздің қасиетті  жерімізді, «мың өліп, мың тірілген» халқымызды жебей жүріңізші…                    Өзіңіздің Бекетіңіз, Таубұзар Момынқұлдың немересі.                                                    Ү бөлім.  Ұрпақтар үндестігі      Жүргізуші: Аты аңызға  айналған батырларға қазақ халқы кенде  болмағаны  тарихтан  белгілі.  Дегенмен қазақтың Бауыржаны  біреу ғана. Батыр  Бауыржан Момышұлының баласы Бағытжан   Момышұлының әке  туралы  естелігіне  құлақ  салайық. Бағытжан:  Өзімнің  шығармам "Во имя отцада" тек әкем жайлы емес, әкемнiң тұстастары, қарым­ қатынаста   болған   сыйластары,   қатарластары   арқылы   әке   образын   жасауға   тырыстым.   Одан   кейiн "Сыновья великого волканың" кейiпкерлерi де қазақтың марғасқа ұлдары. Әкемдi көбiне өте қатал, сұсты, бiрбеткей, алдына келген кiсiге дөрекiлеу, мiнездi деп көбiрек айтылып жатады, ол кiсiнiң айтқан әрбiр сөзiнiң астарында өсиет, өнеге жатқанына мән берiлмейтiн сияқты. Мәселен, "Дарвин маймылдан,  ал мен бөрiден жаралдым"  дейдi.  Көрдiңiз бе, Дарвин ғылымын  түкке алғыссыз  етiп тастайды. Мұндай афоризмдер ол кiсiде көп кездеседi. Сондықтан кейiнгi кездерi әкемнiң сыртқы келбетi, мiнез қайшылықтарына емес, әрбiр сөзiне, сөйлемiнiң түп­төркiнiне зерттеу жүргiзiп жүрмiн. Әсiресе, рухани, тән, жан, мәңгiлiк, рух жайлы жазғандары, әкемнiң тiршiлiк, табиғат, бақи туралы көзқарастарын­пiкiрлерiн зерделеп, зерттеп жатырмын. Әкем жайлы қанша жазсам да, зерттесем де, ұшы­қиырына жетер емеспiн. Ол кiсiнiң әке ретiнде,  азамат ретiнде әлi ашылмаған беттерi баршылық.     Жүргізуші: Батырдың  ұрпақтары  туралы айта  кетсеңіз? Немересі  Ержан   Ұлттық   университеттiң   журналистика   факультетiн   бiтiрген.   "Лениншiл   жаста", "Ұланда" бiраз жылдар қызмет iстедi. Қайта құру басталған тұста "Кәусар бұлақ" деген баспа ашып, кәсiпкерлiкпен айналыса бастап едi. Өкiнiшке орай, бұл бала жаңа заманға лайық нарыққа енiп кете алмады.  Кейбiр бiрге жүрген азаматтарынан бетi қайтып, басы тасқа тигендей болған соң, екiншi жоғары   оқу   орнына   түстi   де,   қазiр   сол   Алматы   Энергетика   университетiнде   аға   оқытушы. Шығармашылық адамға, әсiресе Ержан сияқты екi тiлде еркiн жазатын адамға бизнес­кәсiпкерлiк  деген қол емес екенiн дер кезiнде түсiндi­ау деймiн. "Қазақша жазсам шешесi, орысша жазсам әкесi жазып   бердi"   дейтiн   болды­ау   деп   қысылып   жүрiп,   жазғандарын   аса   жариялата   бермейдi,   әрi аудармамен де айналысты.                 Екi   немеремiз   бар.   Үлкенi   Нұрсұлтан   5­сыныпта,   Құдайдың   құдiретi,   әкемнен   аумайды. Атжақтылығы, тiптi екi қасының ортасындағы екi сызығына дейiн, қабағын түйгенi, кiсiнiң бетiне тiк қарағанда көзiңдi тайдырып әкетесiң. Көп сөзге жоқ, тұйықтау болып өсiп келедi. Бабасына ұқсаған тағы бiр қасиетi, есепке жүйрiк, шапшаң. Физика­математика мектебiнде оқып жатыр. Сабағы өте жақсы.  Әкемнiң туған күнiнен екi күн бұрын өмiрге келдi  де, Зейнеп ырымдап  бабасының туған күнiнде шiлдехана жасады. Мiнезi де бабасынан аумайды. Бес жасар Мадиярымыз әжесi Зейнептен аумайды. Күлуi де, жылауы да тез. Тез сөйлейдi. Құдайға шүкiр, отбасымызбен қазақшамыз, басқадай болуы мүмкiн де емес.                                              ҮІ бөлім    «Атаның ақ тілегі»       Жүргізуші:  Атақты «Ақиқат пен аңыз» роман­диалогының авторы, қадірлі қаламгеріміз Әзілхан Нұршайықовтың қойған сауалына батыр былайша жауап береді:       «Автор: Қазір елде сіздің құрметіңізге қойылған Бауыржан есімді балалар көп. Соларға қандай тілек айтар едіңіз?       Бауыржан: Маған білеміз деген жігіттер «Қазақстанда он үш мыңдай Бауыржан бар екен», — деп хабарлады. Мен әзілдеп, оларға: «Менің атым орыстың Иванындай болып бара жатыр екен ғой», — дедім.   Бұл   әзілім,   әрине.   Ал   мен   ол   цифрдың   анықтығын   білмеймін.   Білетінім   —   мен   қазіргі Бауыржандардың   ішінде   бірінші   нөмірлі   Бауыржанмын.   Міне,   мен   алпысқа   келдім.   Мені   сыйлап, қадірлеп, сәбилеріне менің атымды қойған ата­аналарға, олардың туған­туысқандарына шын ниетпен алғыс   айтамын.   Ал   Бауыржандарға   айтарым:   Азамат   боп   өсіңдер,   қарақтарым!   Қатарыңнан   кем болмаңдар.   Бірің   болмаса   бірің   менен   асып   кетсеңдер,   оған   ешқандай   дауым   жоқ.   Барлық Бауыржанға, барлық балдырғандарға ақ ниетпен батамды беремін!» Жүргізуші:   Әумин!   Бұл   —   жас   ұрпақтың   бәріне   өмірлік   бағдар   сілтейтін   аталы   сөз.   Барлық Бауыржанның бойтұмар етіп тағып жүретін қасиетті қағидасы. Романдағы әңгіменің осыдан қырық жыл бұрын қозғалғанын ескерсек, сол тұстағы он үш мың Бауыржанның қатарына бүгінде олардың қанша аттасы қосылғанын жобалай беріңіз.         «Батыр Бауыржан» әні  орындалады Қорытынды 1. Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңкты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы­XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға. 2. Балалық шағын Қаратау, Алатау қойнауларында өткізіп, асау заманмен арпалыса жүріп есейген,   қоғамның  небір  сұрапыл,  қиян   ­ кескі   кезеңдерінде  алған  бағытынан  қайтпастан  өз заманының биігіне көтерілген қазақ баласы көзі тірісінде бүкіл Кеңес Одағы мақтан тұтатын және шет елдер танитын аңыз ­ адамға айналды. 3. КСРО­лағы ірі әскербасы­маршалдармен бірге, өз қол астындағы мыңдаған қарапайым жауынгерлермен жұп  жазбай  жүріп Б. Момышұлы 1941 жылдың жазында басталған Ұлы Отан соғысына   1945   жылдың   көктеміне  дейін  үзбей   қатысып,   Елімізді   фашист   басқыншыларынан қорғап қалу жолындағы қан майданды қаһармандықпен қақ жарып өтті Қарапайым командирден даңқты қолбасшы тұғырына көтерілді. 4.   Бауыржан   Момышұлы   соғыстан   соңғы   жылдарда   аса   көрнекті   жазушы   ретінде танылды.   Оның   қаламынан   шыққан   әскери   және   көркем   шығармалар,   роман­әңгімелер, хикаяттар ел игілігіне айналды.    Көркем шығарма болсын, тарихи­деректі дүние болсын, қазақ және орыс тілінде еркін жаза білетін жазушы ол кезде некен­саяқ болса, соның бірі Баукең еді».              5. Бауыржан Момышұлы атақ­даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1­ші дәрежелі Отан соғысы, 2 рет   Қызыл   Жұлдыз,   Құрмет   белгісі»   сынды   орден­медальдармен   марапатталса,   халқының   шын мәніндегі қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Кеңес одағының батыры" атағы берілді.  «Жеңіс күні» хормен  орындалады

«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы

«Батыр  Бауыржан рух пен намыс  төресі» атты ауызша журналы

«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы

«Батыр  Бауыржан рух пен намыс  төресі» атты ауызша журналы

«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы

«Батыр  Бауыржан рух пен намыс  төресі» атты ауызша журналы

«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы

«Батыр  Бауыржан рух пен намыс  төресі» атты ауызша журналы

«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы

«Батыр  Бауыржан рух пен намыс  төресі» атты ауызша журналы

«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы

«Батыр  Бауыржан рух пен намыс  төресі» атты ауызша журналы

«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы

«Батыр  Бауыржан рух пен намыс  төресі» атты ауызша журналы

«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы

«Батыр  Бауыржан рух пен намыс  төресі» атты ауызша журналы

«Батыр Бауыржан рух пен намыс төресі» атты ауызша журналы

«Батыр  Бауыржан рух пен намыс  төресі» атты ауызша журналы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.01.2017