Баяндама
Оценка 4.9

Баяндама

Оценка 4.9
Раздаточные материалы
docx
история +1
Взрослым
15.01.2019
Баяндама
Публикация является частью публикации:
Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы.docx
Тарих пәнінен білім берудің сапасын көтеру әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы.    Тарих   –   мектептегі   оқу   пәні   ретінде   жалпы   негізгі   білім   беретін   барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік   сана­сезімді   және   адамгершілік­этикалық   нормаларды   қалыптастыра отырып,   оқытудың   дүниетанымдық   негізін   қалыптастырады.   Тарихи   білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай: ­         оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі  даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру; ­         бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін  оқытып, меңгерту; ­         оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат  жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту; ­         оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын,  бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу; ­         оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді  қалыптастыру; ­         эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу. Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың  жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс  пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін  сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен  таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып  үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше  оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа  педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен  тәсілдерді енгізу және т.б.        Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көп. Түрлі әдіс­тәсілдерді пайдалана  отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып  келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін  арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс­тәсілдерден мысалдар  келтіретін болсам. 5­6 сыныптар бейімделу сатысынан өтіп жатқандықтан және  тарих пәні аталған сыныптар үшін жаңа пән болғандықтан ойын сабақтарын  қолданамын,себебі ойын сабақтары оқушылардың пәнге деген  қызығушылықтарын арттырып, тақырыпты тез түсінуге көмектеседі. 8­9   сыныптарға ауызша лекция, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ,  жарыс, өзіндік жұмыс,өзіндік талдау, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді  қолданамын. Сурет­иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, жұмыс дәптерімен жекелей тапсырмалар, тірек­сызбалар, кластерлер,  хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек­конспектілер, Венн диаграммасы,  хронология жаттау арқылы жұмыс істеу әдістерінде қолданамын. Сонымен қатар күнделікті сабақтарды слайд, карта арқылы түсіндіруге тырысамын, себебі оқушыға ауызша түсіндіргеннен слайд арқылы түсіндіру жеңіл және бұл  оқушылар тақырыпты жақсы еске сақтайды. Сабақты бекіту үшін сабақ соңында  тақырыпқа қатысты бейнежазба көрсетуде оқушылардың сабақты түсінуіне де  септігін тигізеді.Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда  қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне  едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше  талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.    Мысалы: 1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер» жүздер Ұлы жүз Орта жүз Кіші жүз       территориясы ұраны Жүздерге енетін тайпалар             2. «Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер» 1. Территориясы______________________________                                                2. Қоғамдық құрылысы ________________________ 3. Ішкі саясаты _______________________________ 4. Сыртқы саясаты ____________________________ 5. Құлау себебі _______________________________ 6. Қорытынды _______________________________   3. Венн диаграммасын толтыру: 1783­1797 жж. Сырым Көтерілістің ортақ белгілері Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері 1837­1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері   4. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты­жөнін атап,  өмірбаянына тоқталу) Қабанбай                       Бөгенбай   5. «Бұл кімнің сөзі?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың  кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.       Міне, осы тәрізді әдіс­тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында  түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста  болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс­ әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік  көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың  алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім  алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның  пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен  ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты нақты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар беру керек.

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.01.2019