«Бала тәрбиесіндегі ата ананың ролі
Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесі - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен өзінің ұрпағымен тікелей байланыстырады.
«Адамның бір қызығы бала деген, баланы медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын шен алсын деп бермедім деп», - Абай Құнанбайұлы айтқандай, адам ұрпағымен қымбат, адам баласының ең қызығы, бақыты, ұрпағының жалғасы.
«Балалы үй базар, баласыз үй мазар», - дегендей бала отбасы жалғастығы, ұрпағы. Ал тәрбие тал бесіктен емес құрсақтан басталады. Оның себебі болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адмгершілігі мол ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша. Ал қазақ отбасының өзіндік ерекшеліктері бар.
1.Халықтық сипат алуы: көп балалы болуды қалауы, ауыл қариялары, көрші-қолаң, тума-туыс, құрбы-құрдас және т.б. тәрбиеге баулуы;
2.Ізгіліктілігі: отбасындағы әрбір әрекет, қарым-қатынас, ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлер;
3.Жеке-даралығы: ұл мен қыз бала тәрбиесі.
Осы аталған қасиеттер тұтас қамтылған жағдайда тұлғалық қасиеттер қалыптасып, кемелдікке жеткізеді.
Әрбір ата-ана өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының білімді азаматы мен азаматшасы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі қажет. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қарым-қатынасы мазмұнды, сенімді болады.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы - ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, тәй-тәй басып, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған дұрыс. Қай заманда болса да бала тәрбиесі - басты байлық, ал ең асыл дүние - оның тәрбиесі. Әрбір мемлекеттің болашағы оның төл мектебінде шыңдалады.
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Осы қағиданы нақты ұғынған елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп әрдайым айтқан сөзі дәлел. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да кешеден бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы бала тәрбиесi - берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөль атқарады.
Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана, қала берді қоғам. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған.
Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады белгілі педагог А.С. Макаренко, «Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар - осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды. Дүниенің ең тамаша туындысы - тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Ал берекелі отбасының ата-анасы өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:
1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;
2. Жүйелі білім алуына көмектесуге міндетті;
3. Ұдайы ата-аналар жиналысына қатысуға, оқытушымен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;
4. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;
5. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.
Отбасында ата-ана баланың жеке басын танып білуге де міндетті.
1.Бала туралы жалпы мағлұматтарды;
2.Оқуға қабілеті мен әрекетін;
3.Баланың еңбекке әрекеті мен бейімін;
4. Баланың арнайы қабілеті
5. Баланың тәртібін
6. Баланың темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктерін.
Осы орайда отбасындағы ата-ааға жауапкершілік те туындайды.
1.Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;
2.Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
3.Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.
4.Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;
5.Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
6.Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.
Сонда ғана бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп
иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Оны жұмыс жүргізу формасы ретінде де көрсетуімізге болады.
Қорытындылай келе, белгілі жауынгер Б.Момышұлының «Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр» деген аталық сөздерінде үлкен мән жатқанын баса айтқымыз келеді. Отбасы – ана-ата – мектеп үштік ұғымы біріккенде сапалы білім мен саналы тәрбие болады.
Ата – аналармен тиімді жұмыс жүргізу жолдары:
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
3. Ата–аналар ұжымын құру.
4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру..
Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі:
1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Қазақстан Республикасының
Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және
оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи
құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті
анық көрсетілген. «Қазақстан-2030»
бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада
көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы
Заң», «Жоғары және орта білім тұжырымдамасында»
әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп,
қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп,
отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін
орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір
ұшы ата-аналар мен қоғамдастықпен мектептің
бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән
туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл
атқарушы отбасы.
Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді.
Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі
оның алғашқы ұстазы - ата-анасы.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда
сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің
жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің
мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді
әрі оған қатысады.
Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып
жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері
бар.
1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие
үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады.
Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен
таныстырады. Өзінің болашақта жүргізетін
жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен
және тәрбие жұмысының жоспарымен, ата-аналар
комитетінің жоспарлы атқаратын жұмыстарын, кезекті
мәселелерді бірігіп талқылайды.
2-кезең: Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық
ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер
арқылы іске асырады.
- тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға
арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
- қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен
анкеталық сұрақтар беру;
- сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне
байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеулер
жүргізу;
- психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы
кеңестер;
Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу.
Ата-аналардан оқу жылының басында 3 түрлі
сұраққа жауап алуға болады?
1. Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай
өзгерістер байқадыңыз?
2. Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан
қандай көмек керек?
3. Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз?
Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әртүрлі
сауалнамаларды алып қорытып, әрі келер жылғы ата-аналар
жиналысын жоспарлауға болады.
Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл
жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың
бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста
талдап түсіндіруге тырысамын.
Заң:
Ата-аналарға құқықтық білім беру негізінде
өткізілген жиналыста ата-аналар топтарға бөлінеді. Әр
топқа мынадай үлгідегі тапсырмалар беріледі:
а) Қазақстан Республикасының құқығы
жайлы балалардың құқығы қалай
қорғалған?
ә) Өз балаңыздың құқығы
бұзылған кезі болды ма? Сіздің әрекетіңіз, т. б
б) Ата-ананың бала алдында міндеті қандай? Сіз қалай орындап
жүрсіз?
Осы тапсырмалар төңірегінде ата-аналар ой бөліседі, пікір
алмасады. Пікірталас соңында заңгер ата-аналардың және
сынып жетекшісінің қорытынды сөзі айтылады.
- принциптер;
- ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрме
ұйымдастыру,
Оқырмандар конференциясын ұйымдастыру.
Формалары:
- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық
әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, сенбіліктер,
жөндеу жұмыстары);
- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға
ата-аналард қатыстыру (сыныптағы
іс-шараға қатысу және ата-аналар арасында әр
түрлі жарыстар ұйымдастыру);
- әр түрлі жорықтарға шығуды немесе дайындалуды
ата-аналармен бірге жүргізу;
- отбасылық ойын байқаулары;
- оқырмандар конференциясы (ата-аналар жиналысының хаттамасына
тоқталу);
- жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету
жұмыстарын жүргізу;
Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша
психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру.
Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің
нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала
өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.
Осы арада өзімнің ата-аналар жиналысында таныстыруды қалай
ұйымдастыратыныма тоқтала кетсем. Ата-аналар әртүрлі
қиындыларды біріктіру арқылы жұптарын табады. Әркім
өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада:
өлең, эссе, сурет салу, әңгіме жазу, т. б. Осылай
танысу ата-аналарды жақындастыра отырып, ұйымшылдығын
арттыруға көп көмегін тигізетініне көзім жетті. Сол
секілді әр жиналыстың басында өткен жиналыс пен
соңғы жиналыс аралығында өз отбасында қандай
елеулі, қуанышты оқиғалар болғанын
әңгімелейді. Бұл әрекет ата-аналардың
бір-бірінің қуанышына ортақтасуға,
жақындастыруға және ынтымақтастығын
арттыруға арналады.
Ұзын сонар баяндама оқып тыңдау сияқты ата-аналар
жиналысын өткізудің ескі формасын осы сияқты
жұмыстармен алмастырып түрлендіруге болады.
Сынып жетекшісі, отбасы салыстырмалы түрде тәрбиенің тыйым
институты, ал ата-аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен
мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі
тиіс.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе
табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына,
қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен
кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау
керек.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030»
бағдарламасында барлық қазақстандықтардың
өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және
әл-ауқатының артуы жөніндегі қазақ
халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт
«Халықтың көптеген топтарының бірлігі жекешіл
және қоғамдық негіздерін салиқалы
үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың
жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі»
деуінің өзі қоғамдық ұйым,
бірлестіктердің дамуына мүмкіндік ашып отыр. Жас
ұрпақты бір бағытқа бейімдеп, олардың іскерлік
қабілетін тәрбиелеп жетілдіретін ерікті
қоғамдардың бүгінгі ТМД елдерінде, тіпті Америка,
Ұлыбритания, Франция сияқты өркениетті елдерде де өмір
сүріп отырғанын жақсы білеміз.
Олай болса, жас ұрпақтың білім, білік дағдыларын
қоғамдық іске бейімдейтін саясатын тысқары ерікті
қоғамын құрудың мектептегі оқу-тәрбие
ісін жүйеге келтіру де пайдалы екені сөзсіз.
Ата-аналардың өзіне мектеп тарапынан алға қойған
мақсатымызды жүргізу үшін нақты педагогикалық
көмектер ұйымдастырған абзал.
Бұл-тәрбие саласындағы аса бір қажеттілік.
Тәлім-тәрбие беру барысында ата-аналардың да саяси сауатты,
көкірегі ояу болғаны жөн. Осы мақсатта мектебімізде
ата-аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды.
Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз алдына жұмыс жоспары
құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары
- Даралық Топтық
- Педагогикалық Ашық Сұрақ-жауап Жалпы лекция есік кеші
ата-аналар жиналысы
- Білім мекемелерінің ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі
- Педагогикалық лекция,
- консультация
- Ашық есік күні
- Сұрақ-жауап кеші
Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін
жұмыс түрлері:
1. Алғыс
2. Топтың жиналыс әңгімесі
3. Жанұямен жеке дара жұмыс
4. Оқушының мінездемесі
5. Қоғамдық негізде орындалатын жеке дара педагогикалық
тапсырма беру
6. Педагогикалық талап
7. Қиын жанұялармен жұмыс
8. Педагогикалық консультация, жеке әңгіме
Осы атқарылатын жұмыстардың мазмұнына жеке дара
тоқталатын болсақ:
1. Алғыс-қызметтің биік адамгершілік мотивтерін
жүзеге асырудағы табыстарды қолдап, көтермелеудің
шарасы. Ата-аналарға алғыс жариялау сынып жетекшісі мен мектеп
әкімшілігінің жанұяға назар аударуының қамқорлық
көрсеткіші.
2. Топтың жеке әңгімесі-жанұямен саралап жұмыс
істеудің жетерліктей тиімді әдісі. Әңгімелесу
тәрбие істерін жақсарту жолдарын бірлесіп іздестіру сипатында
болды. Тәрбиелік міндеттерді шешуде ата-аналармен толық
әңгіме жиналыс өткізу керек.
3. Жанұямен жеке дара жұмыс жүргізу-сынып жетекшісінің
ата-анамен араласуының күрделі түрі, баланың
даралық қабілеті мен отбасы туралы білімдерін нақтылай
түсуіне, жеке басты дамытудың жеке бағдарламасын жасау
үшін ұйымдастырылады.
4. Оқушының мінездемесі - жеке адамды дамыту туралы, оның
негізгі жеке даралық ерекшеліктері туралы құжат.
Ол-оның оқушылармен және ата-аналармен жеке
жұмысындағы педагогикалық қызметі, педагогтың
баланың қалыптасып келе жатқан жеке басы жөніндегі
мінездеме таныстыруы.
5. Қоғамдық негіздерде орындалатын жеке дара
педагогикалық тапсырма беру - ата-ананың мектептің
тәрбие жұмыстарына белсене қатысуы.
6. Ата-аналармен жеке әңгімелесуге қойылатын
психологиялық-педагогикалық талаптар-фактілерді жинақтау
қорыту, бақылауды талдау және қорыту,
педагогикалық тапсырма беру, мұғалімдер бөлмесінде,
дәлізде талқыға салмай, жеке талқылау.
7. Қиын жанұялармен жүргізілетін жұмыстар - бала
үшін күрестің әрқашан азап шегудің
куәгері болып көрінетін, оның ата-анасының жеке басына
қатысы жөнінен инабаттылықтың барлық нормаларын
барынша қатаң сақтау жағдайында өз әсерінің
үдемелілігін қамтамасыз етуге тиіс.
8. Педагогикалық консультация - ата-анамен жүргізілетін
педагогтың жұмыстары.
Жаңадан қабылданған ҚР-ның «Білім туралы»
заңын, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасын, 12 жылдық білім беруге
көшу ұстанымдарын орындай отырып, ҚР-ның әлемдік
білім беру кеңістігіне енуі үшін педагогтар қауымы өз
бойындағы күш-жігерін оқушыларға сапалы білім, үлгілі
тәрбие беруде аямайды деп сенемін. Тәрбиелі бала, баланың
болашағы деп шырылдайтын ата-ана, қоғамның өз
деңгейінде жүруіне әсер ете алатын ата-аналар мен сынып
жетекшілерінің жұмыстары жандана берсін демекпін.
Мектеп, оқушы, ата - ана:
үштік одағы.
Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін
қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар
күнделікті отбасылық өмірде, отбасының
дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі, мен
тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен
мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл
мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру –
табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп
үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе
ата - аналардың жұмыспен қамтылуына байланысты
уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен
түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата - аналар ортасынан
іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір
басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп –
қоғамның, отбасының және өзінің
өзара тәрбиелік іс - қимылын үйлестіруші
қоғамдық институт. Өзара іс - әрекеттің
мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті
мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген
түрде анықтаса, ал ата - аналар оларды іске асыру сатысында
ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата - аналар
қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара
ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге
бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы
қажет.
Мектептің ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары
әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл
нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық
тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен
өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін
бірі толықтырып отыруы өте маңызды. Оқушыларға
сапалы білім, саналы тәрбие беруде ата – ана - оқушы -
мұғалім үштік одағы тығыз жұмыс
атқарады. Әртүрлі формада ата – аналар жиналысы, оқулары
өткізіледі.
Бастауыштың әр сатысында оқыту мен тәрбиелеудің
негізі қалыптасады. Ата – ана, қоғам, мұғалім
бірлесе отырып, жоғарыда айтылған жұмыстар нәтижесінде
бастауышта білім мен тәрбиені қалыптастырып, алмастай өткір,
мықты, берік, өз ортасында үнемі жарқырап жүретін
жан – жақты, бәсекеге қабілетті, дүние жүзіне
танымал, ұлттық сана - сезімі оянған, Отанын, елін шын
жүрегімен сүйетін азаматты тәрбиелеп шығару –
біздің мақсатымыз.
Диагностикалық талдау жұмыстары ата - аналармен өзара іс -
әрекеттің ең қызықты әрі жауапты
бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата -
аналарын жан - жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім
дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін
анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты
тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Жетістік арқылы
тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір
– қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына
сүйенген түрде оқушыны, ата - аналарды мейлінше
тереңірек түсінуге деген мектептің ұмтылысын
көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін
отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында
пайдалану екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары
сөзсіз.
Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы ( педагогтар үшін жадынама)
Білім
мен дағды күнделіктегі ізденістің жиынтығынан жасалады.
( Д. И. Писарев )
Сынып ата - аналар жиналысының басты мақсаты - бүкіл сынып
ата - аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор
нәтижелі формасы және сынып жетекшісінің ата – аналар
жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.
Мектепте сынып ата - аналар жиналысында көбінесе мынандай жағдайды
көруге (елестетуге ) болады: жиналысқа қатысуға тиісті
болған 25 - 26 ата – ананың тек 30 % ғана келіп отырады.
Осыдан, біз, педагогтар, ата – ананың бала тәрбиесіне жауапсыз
қарайтынын байқаймыз. Сол себептен ата – аналарға бала
тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұгындыру
мақсатында жиналыстарды дұрыс, қызықты, мазмұнды
және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет. Жоғарыда
атап көрсетілген жағдайды өзгерту үшін жиналыстарды
қалайша қызықты және тиімді өткізуге болады?
Сынып ата – аналар жиналысына дайындалу және өткізудің
әртүрлі тиімді әдіс – тәсілдері бар. Осы әдіс -
тәсілдер арқылы педагогтар:
а) ата – аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;
ә) педагогика мен психологияның түрлі проблемаларына
қызығушылығын
арттыруға;
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын
таба алуға көмектеседі.
Ата - аналар жиналысы мектеп өміріндегі қажетті атрибуттардың
бірі. Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе,
енді жұмыс бастаған жас сынып жетекшісіне ең пайдалы
кеңес болары сөзсіз.
1. Ата - аналар жиналысын өткізу үшін барынша ыңғайлы
күнді және уақытты таңдаған жөн. Осы
уақытқа сіздердің оқушылырыңыздың, ата -
аналарының да ешқандай істері жоспарланған болмауы керек.
2. Ата – аналарды жиналысқа шақырудың тиімді
әдістерінің бірі – шақыру қағаздарын даярлау.
Шақыру қағаздарын түрліше безендіруге болады.
Мәселен: типографиядан шыққан варианты,
оқушылардың өз қолымен жасалған
нұсқасы немесе ата – аналар комитетінің көмегімен.
Ең бастысы, бұл шақыру қағаздары ата – ана
қолына жиналысқа 2 сағат қалғанда емес,
бәлкім алдын ала жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына
жиналыстың нақты тақырыбы, күн тәртібіне
қойылған мәселелер, байланысу үшін сынып
жетекшісінің, сынып ата – аналар комитеті төрағасының (
төрайымы ) телефон нөмері жазылғаны жөн.
Шақыру қағаздары сынып қорында жиналып, кез келген
мейрам, әсіресе оқу жылының аяқталуы немесе мектеппен
қоштасу кештерінің көркі болуы мүмкін.
3. Сынып ата – аналар жиналысына Сіздердің сынып
оқушыларыңызды қызықтыратын маңызды проблеманы
таңдаңыз және ата – аналармен бірге шешімін таба білуге
әрекеттеніңіз.
4. Әсіресе сыныпта ата - аналардың отыру қалпына мән
беріңіз. Ата - аналар жиналысына қатысушылардың бір – бірін
жақсы көре алуы және естуі үшін үстел мен
орындықтарды дөңгелек түрінде орналастыру керек.
5. Ата – аналар бірін - бірі жеткілікті жақсы танымаған
жағдайда ата - аналардың аты - жөні жазылған
визиткаларды дайындаған жөн.
6. Ата - аналармен жиналыс қатысушылырына арналған ережені ойлап
табыңыз. Мысалы:
- міндетті түрде сыртқы киімді шешу;
- проблемаларды талқылау барысында үндемей отыруға болмайды;
- ұсыныстарға, пікірлерге қарсы шыққанда өз
ұсыныстарын енгізу;
- бір - бірін аты - жөнімен атауға; т. б.
7. Жиналысқа шақырылғандардың уақытын
бағалай біліңіз.
Осы мақсатпен уақыт тәртібін ( регламент ) орнатыңыздар
және оның сақтауының қатал
қадағалыңыздар.
8. Жиналыс барысында ата – аналардың өзара қарым –
қатынаста болу үшін ойындар, әңгіме, пікіралысу
ұйымдастырыңыз.
9. Жиналысты еркін және ашық түрінде өтуіне ата -
аналарға кофе - брейк ұйымдастыру да тиімді.
10. Проблемалық мәселелерді талқылау барысында
педагогикалық және өмірлік тәжрибеге ие ең
беделді ата – аналар, мектеп кенесінің мүшелерінің пікіріне
сүйеніп, басшылыққа алыңыз. Жиналыста нақты шешім
қабылдауға қол жеткізіңіз.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.