Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"
Оценка 4.6

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"

Оценка 4.6
Лекции
docx
воспитательная работа
4 кл
10.02.2017
Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"
Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі
Публикация является частью публикации:
Бала тәрбиеси 12Абдрасилова Н.docx
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,   дұрыс   білім   алуына   жағдай   жасау   —   ата­ананың   басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ­түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты.   Олай   болса,   өз   бақытымызды   бағалай   білейік.   Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген  күнінен  бастап  тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру ­ шынында да оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата­анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар.  Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер   жедел   дамып   келе   жатқандықтан   тәрбиесі бірқалыпты   жағдайға   ауысып,   өзін­өзі   тәрбиелеуге   қажеттілігі артады. Баланы  ұжымда, ұжым арқылы  тәрбиелеу ­ тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі ­ ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік   ұйымдасқан,   ынтымақты,   өлеуметті,   рухани   таза   ұжымда болуы   қажет.   Екіншісі   ­   тәрбиеленушінің   педагогтың   ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы. Педагог   ­   тәрбиеші   қосарланған   ұғымына   А.С.Макаренко   қарсы болып,   оны   ұжымның   жан­жақты   тәрбиелік   әсерімен   бекітуді ұсынған. Тәрбие, тәлім­тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез­құлқын   қалыптастырып,   өмірге   бейімдеу   мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. жастар   тәрбиесі     бір­бірімен   жалғасып, Бесік   тәрбиесі,   балдырған   тәрбиесі,   өрен   тәрбиесі,   жасөспірім тәрбиесі,   өз ерекшеліктерімен    жүзеге   асырылады.    Тәрбиенің   мақсаты   адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. Бірлескен   іс­әрекетте,   орынды   ұйымдастырылған   ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді, жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді. Тәрбие   процесінде   мұғалім,   мектеп,   отбасы   және   қоғамдық ұйымдардық   күш­қуатын   үйлесімді   педагогикалық   бірізділікке бағыттау. Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл   принцип   мектеп   мұғалімдерінің,   отбасының   және   қоғамның педагогикалық күш­жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді. Бала   тәрбиесінде   отбасының   рөлі   көп   жағдайда   жаңа   әлеуметтік қатынастарға   байланысты.   Ол   ата­аналар   мен   мектептің   және қоғамның   арасындағы   нарықтық   еңбек   жағдайында   қатасады. Отбасындағы   тәрбиеге   көмек   ретінде   елімізде   демеушілер   мен қайырымдылық   жасаушылар,   әлеуметтік   құқық   қорғау   бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы да ұмытылуда. Тұлғаның   сапаларын   қалыптастыру   бір   мезгілде,   кешенді   түрде жүргізілетіндіктен,   педагогикалық   ықпал   да   кешенді   сипатқа   ие болуы тиіс. Жасөспірімдердің   өздеріне   сын   көзбен   қарамауы,   жауапкершілік сезінбеуі   ата­аналары   мен   мұғалімдерді   босқа   мазасыздандырып отырған жоқ. Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті ­ оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау. Өзін­өзі   тәрбиелеуді   көбіне   ұнамсыз   жайды   сезініп,   сонымен күресуден бастайды. Біреуі ­ бойындағы берекесіздіктен, екіншісі ­ дөрекіліктен,  үшіншілері   ­   тұйықтықтан,  ұялшақтықтан   арылғысы келеді. Мақсат қою, күш­жігер жұмсау, өзін­өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру ­ өзін­өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері. Оқушылар өзін­өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете   алмайтындықтан,   оларға   жиі­жиі   көмек   көрсетуге   тура келеді.   Олар   өзінің   ойлау   ерекшелігі   мен   мінез­құлқына   талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін­өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікіртапастар өткізеді. Міне,   осы   тұрғыдан   жаңашыл   мұғалімдердің   тәрбиешілер   мен балалардың   бірлесу   іс­әрекетінің   идеясы   шығармашылық ынтымақтас­тықтың   шешуші   шарттарының   бірі   болады.   Сонымен тәрбие   мазмұны   қоғамның   әлеуметтік­саяси,   экономикалық жағдайын бейнелейтін міндеттерге тәуелді. Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ең алдымен олардың мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді.   Өйткені   тәрбие   әдістері   олардың   мақсаттарына байланысты.   Осыған   орай,   әрбір   баланың   және   ұжымының ерекшеліктерін   еске   алып,   мұғалім   тәрбие   жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын   осындай   мақсатпен   ұйымдастыру   мұғалім   мен окушылардың іс­әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017