Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"
Оценка 4.6

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"

Оценка 4.6
Лекции
docx
воспитательная работа
4 кл
10.02.2017
Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"
Публикация является частью публикации:
Жандостык 12сш Абдрасилова Н -.docx
Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі        Достық көбіне бала кезден басталған достық болады екен. Достық   деген   сезім   ­   сені   шынайылыққа,   адалдыққа,   Алланың   ақ жолынан   адаспай   жүруге   үндейді,   бойыңдағы   көреалмаушылық, жауыздық, қастандық деген сезімдерің сөніп, оның орнына имандылық, мейірімділік, бауырмалдық деген сезімдер пайда болады.  Бұрынғылар   айтқандай,   адамның ­   адамсыз күні жоқ. Сондықтан   ел жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда  т.б. жерлерде  болсын ұғысып, түсінетін, жақын жүретін  сырлас  жан  іздейді.  «Көп  ақшаң  болғанша, көп  досың болсын»­ деген сөзде бар.   Ежелден ата­бабаларымыз көршілес елдермен  аралас­құралас  болған, достық   қарым­қатынаста   болуды   мақсат   еткен.   Бүгінгі   таңда, Қазақстанымызда   әр   түрлі   ұлт   өкілдері     тату­тәтті,   достық   пен   өмір сүруде. Достық адамдардың ең алдымен бір­біріне сенуінен басталады. Ол   артқан   сайын,   достық   та   қатая   түседі.   Ал   бір­біріне   сенімі   жоқ, дегенмен өздерін  дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде   жоқ.   Сондықтан   өсіп   келе   жатқан   жастарымызға   ұлттық   рухта тәрбие бере отырып, өз халқын сүюді, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу керекпіз.Тәрбиелей отырып өзге ұлттардың тарихын. Ұлттық дәстүрін, өнері мен мәдениетін әсіресе тілін білу өте қажет.  Халық арасында   достық   туралы   мақал­мәтелдер жеткілікті:   «Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас», “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”,   “Досы   жақсының,   өзі   де   жақсы”,   “Дүниеде   адамның   жалғыз қалғаны   — өлгені,   қайғының   бәрі  соның  басында”.   Достыққа   қарама­ қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш­қызығын, ырыс­бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы   Достық   ұғымы   мемлекеттер   арасындағы   саяси, экономикалық,   мәдени   мүдде   тұрғысынан   ынтымақтастық   орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.          Адамдар арасындағы достыққа келер болсақ, ол өзара адамдардың бір­біріне қалтқысыз сенуі арқылы ортақ қөзқараста болатын қасиеті.        «Дос»­үнемі қасыңнан табылатын, қиындықта көмек қолын созатын жан. Содан болар:«Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы»­дейді халқымыз.     Қай кезде,қай жаста болса да,адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен,байсалдықпен қарау қажет.      Кейбір достар бүгін достасып, ертең қоштасып жатады, енді біреулері бүгін табысып, ертесі шабысып жатады. Нағыз достықтың бір белгісі­ шыдымдылық. Кез­келген адамның өз келешегі болады. Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады. Егер досың көңілді қалдырса,бірден әзәзіл сөзге еріп, қолды бір­ақ сілтеп кетіп қалуға асықпаған абзал. Екінің бірі дос бола бермейді. Нағыз досқа ие адамның ниеті таза, адал болады.     Ал, ұлы ақын әрі ойшыл Абай:        «Жаман дос көлеңке басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды   бұлт   алса,   іздеп   таба   алмайсың»­деп,   жалған   достың   кейпін шебер   бейнелеп   көрсеткен.   Достық   жайлы   ұлы   философ   та,   ақын­ жазушылар да, ұстаздар мен психолог­педагогтар да, тіпті батырларымыз да толғап өткен. Оған дәлел: Досым, саған сенемін.  Сеніп өтем! Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.  Достық деген — адамның көрігі екен,  Достық деген адалдың серігі екен.      Ал, мақалдардан: «Жақсы дос ашып айтар, жаман лос қосып айтар», «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды»          Өзіңе лайық дос ізде. Егер досыңның көңілі сенен ешбір себепсіз қалар болса,  қайтадан оның көңіліне қарауға әрекет етпе, шын дос сені түсінеді, жөні ­ жоқ ашуға бой алдырып ренжімейді. Саған түсінікпен қарайды.

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"

Баяндама: "Бала тәрбиесиндеги отбасының роли"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017