БАЯНДАМА ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оценка 4.8

БАЯНДАМА ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оценка 4.8
Исследовательские работы +5
docx
русский язык +1
1 кл—5 кл
22.10.2018
БАЯНДАМА ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Презентация - БАЯНДАМА ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АхметоваЖД -НОВЫЙ доклад -секция.docx
Қызылжар ауданы «№ 2 Бескөл  орта мектебі» КММ­сінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ахметова Ж.Д. БАЯНДАМА ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тамыз бөлімі) Қазақстан   Республикасында  білім   беруді   және  ғылымды   дамытудың 2016­2019   жылдарға   арналған   мемлекеттік   бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты   азаматты   қалыптастыру»   деп   атап   көрсеткендей   бүгінгі   таңда білім беру парагдимасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына»   бағытталған   білімге   көшуді   талап   етеді.   Білім   беру   жаңаша ұйымдастыру   ­   оның   философиялық,   психологиялық,   педагогикалық негіздерін,   теориясы   мен   тәжірибесін   тереңірек   қайта   қарауды   қажет етеді. Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге   қабілеттілік»   атты   Қазақстан   халқына   Жолдауында   да   бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз ­ білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің   орталық   буынына   айналдыру.   Оқыту   бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,­деген жолдар ­ соның дәлелі. 2016­2017 оқу жылы 1­сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылды. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1­сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқып бастады. Осы   бағдарлама   аясында   оқушыларымызға   заманауи   әдіс­тәсілдермен оқытып, ой­өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттігі бүгінгі күн талабы. Жаңартылған бағдарлама баланы сыни тұрғыдан ойлантып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді дей келе, мен, Бескөл ауылының №2 Бескөл   орта білім беретін мектебінде   жаңартылған оқу бағдарламасымен жаңа  2016­2017 оқу  жылын 29 оқушымен бастадым.  Қазақстан   Республикасының   Білім   Министрлігі   мұғалімдерді әдістемелік ресурстармен толықтай қамтамасыз етті: ­ оқу бағдарламасы  (бастауыш білім беру (оқыту қазақ  тілінде емес 1­4 сыныптар үшін) ­ оқулықтар ­ әдістемелік құрал (ОМЖ ­орта мерзімді жоспар; ҚМЖ –қысқа мерзімді жоспар, ҰМЖ ­ ұзақ мерзімді жоспар) ­ мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар (NIS бағдарламасынан) ­ бағалау жөніндегі ұсынымдар Сонымен қатар 1­ші сынып оқушыларына қажетті заттар таратылды: ­ 1­ші сыныпқа арналған Қазақ тілі оқулығы   ­ Бірінші –екінші нөмірлі жұмыс дәптері  ­ Модульді бекіту үшін нөмір үшінші дәптер Осы жаңартылған бағдарламалар бойынша қазақ тілді оқыту ерекшеліктері: 1) 1­сыныптан бастап қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі ­ үштілдігін оқыту  сөйлеу қызметінің төрт коммуникативтік дағдыларын дамытуға   мүмкіндік  береді. 2) Тілдік қолдауды қамтамасыз ету үшін: Пәнге тән терминологияны енгізіп және   қолданып,   оқушыларды   төрт   дағдының   барлығын   белсенді пайдалануға   ынталандыру   керек.   Ол   дағдылар:   Оқылым   –   жазылым   – айтылым – тыңдалым. 3) Жаңа  бағдарламада   оқушылардың   оқу  жетістіктерін   бағалау  жүйесі   де өзгерді.   Критериалдық   бағалау   ­   бұл   білімнің   мақсаты   мен   мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу­танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші   болатын,   айқын   анықталған,   ұжыммен   шығарылған,   білім процесінің   барлық   қатысушыларына   алдын   ала   белгілі   критериялармен оқушылардың   оқу   жетістіктерін   салыстыруға   негізделген   процесс. ( нәтижесі баға ретінде тіркелмейді). 4)   Оқу   бағдарламалары  спиральді   білім   беру   бағдарламасы  (Джером Брунер) моделіне негізделген. Оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқанда зерделенген материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым   жатыр.   Спиральді   білім   берудің   негізгі   ерекшелігі   :   әрбір қайталанып   оқыған   сайын   тақырыптың   немесе   пәннің   күрделілігі   арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған   ақпарат   тұрғысынан   қарастырылады;   оқушы   пәнді   қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; оқушыларды соңғы оқу мақсатына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. 5) Қазақ тілі сабақтарында бірінші сынып оқушыларының дербестігін  дамытуға мүмкіндік береді.   1­сынып қазақ тілі сабағымда оқушылардың оқыту мақсаты ­ 6­7 жастағы  бүлдіршіндерде буынмен оқу, тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау,  жатқа айту қабілеттерін қалыптастыру, сауатты жазу қабілеттеріне  дағдыландыру, байланысты сөйлеуін дамыту және т.б. болып табылды.  Сондықтан, бірінші сыныптықтарымның танымдық қызметінің оң  мотивациясын қалыптастыру ерекше маңызды болып саналды және оқу  процесі қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту қағидасы бойынша  құрылды. Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін   өмірінде   қажетке   асыра   білуі   керек.   Сол   үшін   де   бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.  Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істегенде ғана еліміздің саналы,  дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»   атты   Қазақстан   халқына   Жолдауы, ж. http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1700002017   31   қаңтар   2017 2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды  дамытудың 2016­2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://adilet.zan.kz/rus 3. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші  (негізгі) деңгей. 2012 ж. 4. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш   сынып   пәндері   бойынша   педагогика   кадрларының   біліктілігін   арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016 ж. 5. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения, 2012 ж. .

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.10.2018