Бүгінгі жас маман-ертеңгі формациялы ұстаз
Оценка 4.8

Бүгінгі жас маман-ертеңгі формациялы ұстаз

Оценка 4.8
Научные работы
docx
администрации +1
Взрослым
16.05.2017
Бүгінгі жас маман-ертеңгі формациялы ұстаз
Бүгінгі әлeм дaмуының жaңa ұстaнымдaры білім бeру жүйeсінeн күн caйынғы экономикaлық, әлeумeттік жәнe мәдeни өзгерістeргe мейліншe бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді. Оқушыларыма жоғары талапты орынды қоя отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде іштей «қалай?», «неге?» деген сұрақты жиі қоятынмын, соның жауабын 2013 жылғы ақпан-мамыр айында оқытылған Үшінші деңгей бағдарламасына оқуға келгенде танысып, тапқандаймын. Бұл сұраққа қатысты жеке пікірім дәстүрлі оқытудан сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілге көшу қажеттілігінде. Ол үшін жеке түйсінуімше, өзім бірінші болып өзгеруім керек екенін педагогикалық шеберлік орталығында оқи жүріп көзім жетті.Бүгінгі әлeм дaмуының жaңa ұстaнымдaры білім бeру жүйeсінeн күн caйынғы экономикaлық, әлeумeттік жәнe мәдeни өзгерістeргe мейліншe бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді. Оқушыларыма жоғары талапты орынды қоя отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде іштей «қалай?», «неге?» деген сұрақты жиі қоятынмын, соның жауабын 2013 жылғы ақпан-мамыр айында оқытылған Үшінші деңгей бағдарламасына оқуға келгенде танысып, тапқандаймын. Бұл сұраққа қатысты жеке пікірім дәстүрлі оқытудан сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілге көшу қажеттілігінде. Ол үшін жеке түйсінуімше, өзім бірінші болып өзгеруім керек екенін педагогикалық шеберлік орталығында оқи жүріп көзім жетті.
ЭССЕ СЕРІКТІҢ.docx
Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі     Дайындаған:ІІІ деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі:                              Қылышбаев Серік Егінбайұлы                                                     Бүгінгі жас маман­ертеңгі формациялы ұстаз              Бүгінгі әлeм дaмуының жaңa ұстaнымдaры білім бeру жүйeсінeн күн caйынғы экономикaлық, әлeумeттік жәнe мәдeни өзгерістeргe мейліншe бейімделуді талап етеді.     Әлем   қазіргі   күні   «білім   қоғамын»   және   «білім   экономикасын»   құру бағытында.   Бұл   идея   бүкіл   білім   беру   жүйесіне   реформа   жүргізіп,   оны модернизациялауды   қажеттейді.   Оқушыларыма   жоғары   талапты   орынды   қоя отырып,   сын   тұрғысынан   ойлауға   үйретуде,   әрбір   оқушының   жеке   даралығына қатысты   проблемаларды   шешу   үшін   ынтымақтастық   жүргізуде   іштей   «қалай?», «неге?» деген сұрақты жиі қоятынмын, соның жауабын   2013 жылғы    ақпан­мамыр айында   оқытылған   Үшінші   деңгей   бағдарламасына   оқуға   келгенде   танысып, тапқандаймын. Бұл сұраққа қатысты жеке пікірім   дәстүрлі оқытудан сындарлы оқыту   теориясына   негізделген   тәсілге   көшу   қажеттілігінде.   Ол   үшін   жеке түйсінуімше, өзім бірінші болып өзгеруім   керек екенін педагогикалық шеберлік орталығында   оқи   жүріп     көзім   жетті.   Енді   біздің   білім   беру   жүйемізде   қандай өзгерістер   болуда,   қалай   дамуда,   басқа   елдермен   салыстырғанда   орны   қандай, олардан не үйренуге болады. Қазіргі таңда  көптеген мемлекеттер өздерінің білім беру   жүйесіне   болашақ   жастарының   сапалы   да,   саналы   білім   алуы   мақсатында алдыңғы қатарлы озық мемлекеттердің нәтижелі бағыттарын алып, тәжірибелерін енгізуде.  Қазақстан   Республикасының   елбасы     Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев «Білім мен   ғылымды   өз   дәрежесінде меңгерген   елдер   ғана әлемдік   дамудың алдында  болады. Ендеше  біз  халыққа білім  беру  және ғылымды дамыту, оларды реформалау     ісін     қарқынды     жолға     қоюымыз     керек»  деп     міндеттейді.   Осы пікірдің  өзінен­ақ  білім  беру  жүйесін реформалауда   басқарудың әдіс­тәсілдеріне жаңаша  құрылыммен  келу  керектігін   көреміз. Әлемде және Қазақстанда болып жатқан   өзгерістер   менің   мектебімде   де   көрініс   тапқанын   қалаймын.  Ол   үшін   не керек? Бүгінгі таңда білім берудің жаңа жүйесіне көшу барысында мектепке ойшыл, ғылыми   –әдістемелік   біліммен   терең   қаруланған,   педагогика   мен   психологияны терең меңгерген шебер кәсіби мұғалім керек. Сондықтан күннен–күнге болашақта педагог   мамандардың   кәсіби   дайындығына   қойылатын   талаптар   арта         түсуде. Стронгтың   пікірінше:   «Мектеп   жұмысы   мен   оқушы   жетістіктерін   өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім». Ұстаз беделі, мәртебесі, шеберлігі, кәсібилігі, білімділігі, ең алдымен, оның өз жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне байланысты. Егер «нені оқыту керек?» деген сұраққа мемлекеттік білім стандарты жауап берсе, «қалай оқыту керек?» деген сұраққа тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа инновациялық   білім   технологияларын   пайдалана   білуінен,   өз   іс­тәжірибесін машықтандыра,   жетілдіре   білуінен   іздеуі   қажет   деп   ойлаймыз.         Қазақстан Республикасының   педагог   қызметкерлерінің   біліктілігін   арттыру   курстарының деңгейлі бағдарламасының мазмұны «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?»     деген   мәселені   шешуге   бағытталған.  Бағдарламаның   мақсаты   – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен   дәлелдемелерін   нақты   жеткізе   алатын,   яғни   ойға   жүйрік,   тілге   шешен,   әрі жазбаша   түрде   еркін,   көркем   бейнелеп   жазуға   төселген,   бірнеше   тілді   қатар меңгерген бәсекеге қaбілетті жан­жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.   Ондай   «тұлға»   болашаққа   сенімді,   ынталы,   сыни   пікір   көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін, әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс. Әр  мемлекеттің өсіп­өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы­ұстаз берген білімі. Соңдықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері   хақ.   Жаңа   формация   мұғалімі   дегеніміз   кім?   Ол­ізгілігі   мол,   әр   іске жаңашылдықпен,   үлкен   ізденіспен   зерттеуші   ретінде   қарайтын,   ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы   адам.   Тарих   пәні   мұғалімі   ретінде   мен   де   өз   жұмыс   тәжірибемде оқушылардың   өзін­өзі   жетілдіруін   дамытып,   шығармашылық   мүмкіндіктерін   аша түсуді мақсат тұтамын. Тарих­бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын тарихи тәжірибесін баяндайды, тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын,   атқаратын   қызметін   дұрыс   анықтай   алады.   Қазақстан   Республикасының Президенті   Н.Ә.Назарбаев   Қазақстан   тарихын   оқып   үйренудің   қажеттігі   туралы: «Бұл –тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы­бергі тарихи жолын   ой   елегінен  өткізіп, «Кеше   кім  едік?  Бүгін  кімбіз?  Ертең   кім   боламыз?» деген   төңіректе   ойланасын   деген   сөз.   Бұл   ­әрбір   азамат   туған   елінің,   туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен саяси сана, дүниетанымын қалыптастыруда тарих пәні басты рөл атқарады. Тарих пәні сабағында тұлғаны дамытуға бағытталған жаңашыл жобалар   мен   технологияларды   енгізе   отырып,   оқушылардың   құндылықтары   мен ұстанымдарын   қалыптастыру   қажет   екені   түсінікті.  Соның   бірі­білім   сайысында, оқушылардың   ғылыми   жоба   жұмыстарында   оқушыларды   жан­жақты   ізденіспен әзірлеу.  Осы   мақсатта   «Зерттеушілік   қызметке   кіріспе»   үйірмесі     2003   жылдан бастап осы күнге дейін жалғасын табуда. Педагогикалық технологиялар­ұстаз бен оқушының   шығармашылық   қалыптастыру   тетігі.   Сол   себепті   мұғалім   үнемі ізденушілікпен, шығармашылықпен жұмыс жасауы тиіс. Осы мақсатта өз білімімді жетілдіруде   2013   оқу   жылында   ақпан­мамыр   айларында   Қазақстан Республикасының   педагог   кадрларының   біліктілігін   арттырудың   ІІІ­деңгейлі бағдарламасы бойынша  курстан өттім.  Курстан алған білімімді оқушыларға үйрету жолында   жаңа   технологиялардың   әдіс­тәсілдерін   сабақта   жүйелі   түрде   қолдана отырып,   оқушылардың   сыни   ойлауын   қалыптасыруда   шығармашылықпен   жұмыс жасаудамын.   Құмкешу   өңірі   көптеген   тарихи   мұраларға   бай,   осы   тарихи   мол мұраны   оқушыларыма   туған   жердің   орасан   мол   мәдени   мұрасын,   соның   ішінде ұлттық   тарих   үшін   ерекше   маңызы   бар   елеулі   мәдени­тарихи   және   сәулет ескерткіштерін,  қорымдарын  реттеу  қалпына  келтіру және келешек  жас ұрпаққа насихаттау мақсатында оқушым Ізбасты Әйгерім Абайқызы  бүгінгі таңда жойылып, ескіріп бара жатқан әулие қажының бірі «Құлке Қажы» әулие бейіті туралы зерттеу жұмысын жүргізіп, аудандық оқушылардың ғылыми жоба байқауында жүлделі ІІ­ орынды   иеленді.   Оқушыларым   тарих   және   құқық   пәндері   бойынша   жылда өткізілетін аудандық пән сайысына қатынасып жүлделі орындарды иеленуде, оған дәлел 2015­2016 оқу жылында тарих пәні бойынша 10 сынып оқушысы Муса Бекзат Бейсенбекұлы   ІІ­орынды   иеленсе,   құқық   пәні   бойынша   9­сынып   оқушысы Әмірғалиева Нарғыз  Нығметқызы ІІ­орынды иеленді. Білім мен тәрбие әрқашан күн тәртібіндегі басты өзекті мәселе болып келгендігі баршамызға белгілі. Қазір заман өзгерді,   талап   өзгерді.   Бүгінгі   бала   –ертеңгі   ел   болашағы.   Олай   болса,   білім деңгейімен   шығармашылық   қабілеті   жоғары   шәкірттерді   тәрбиелеу   ұстаздардың басты   міндеттері   екендігін   ұмытпауымыз   қажет.   Әрбір   оқушыны   оқытып, тәрбиелеуге   байланысты   мәселелерді   өздігімен   және   шығармашылық   ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. «Мұғалім­мектептің жүрегі»­ демекші мұғалімнің   жұмысының   нәтижесі   оқушының   білімі.   Олай   болса,   оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы ерінбей еңбек ету қажет деп есептеймін. Әрбір шәкіртімнің алған білімі мен жинақтаған тәжірибесі   бәсекеге   қабілетті   болса   екен.   Өйткені   бұл­заман   талабы. Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін жасалып жатқан қадамдар қарышты болып, ұстаздарымыз жаңа қоғам мұғалімі үдесінен шығып, еліміз де, жеріміз де, түлеп ұшқан шәкірттеріміз де әлемге танылып, Қазақстан атын асқақтатар күні де алыс емес шығар.  Лайым солай болғай!

Бүгінгі жас маман-ертеңгі формациялы ұстаз

Бүгінгі жас маман-ертеңгі формациялы ұстаз

Бүгінгі жас маман-ертеңгі формациялы ұстаз

Бүгінгі жас маман-ертеңгі формациялы ұстаз

Бүгінгі жас маман-ертеңгі формациялы ұстаз

Бүгінгі жас маман-ертеңгі формациялы ұстаз

Бүгінгі жас маман-ертеңгі формациялы ұстаз

Бүгінгі жас маман-ертеңгі формациялы ұстаз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.05.2017