"Бидай алкабы" сурет салу
Оценка 4.6

"Бидай алкабы" сурет салу

Оценка 4.6
Занимательные материалы
docx
изобразительное искусство
Детсад
06.11.2019
"Бидай алкабы" сурет салу
Мақсаты: 1.Тәрбиелік – воспитательная: нанның қасиетін жоғары бағалап, қастерлеуге тәрбиелеу. 2.Дамытушылық – развивающая: қағаз бетінде суретті үйлесімді орналастыруға үйрету; 3.Оқыту – обучающая: Пейзаж жанры туралы білімдерін бекіту. Балаларды бидаймен таныстыру. Бидайдан ұн, ұннан қамыр әзірлейтіні туралы айтып, әңгімелесу. Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, ӨТТШТ технологиясы. Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Бидай алқаптары, бидай масақтары бейнеленген суреттер, А4 форматындағы альбомдық парақтар, гуашь, қылқалам, қылқаламға арналған тұғырықтар, суы бар банкалар, салфеткалар.
18.10.19 сурет салу бидай алқабы.docx
Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе Өткізу күні/Дата проведения:  Тәрбиеші/Воспитатель:  Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество. Пән/Предмет: Сурет салу Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Нан қайдан келеді?»  Тақырыбы/Тема: «Бидай алқабы»  Мақсаттары/Цели:  1.Тәрбиелік – воспитательная: нанның қасиетін жоғары бағалап, қастерлеуге  тәрбиелеу. 2.Дамытушылық – развивающая: қағаз бетінде суретті үйлесімді орналастыруға  үйрету; 3.Оқыту – обучающая: Пейзаж жанры туралы білімдерін бекіту. Балаларды  бидаймен таныстыру. Бидайдан ұн, ұннан қамыр әзірлейтіні туралы айтып,  әңгімелесу.  Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы,  ойын технологиясы,  ӨТТШТ технологиясы.  Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Бидай алқаптары, бидай  масақтары бейнеленген суреттер, А4 форматындағы альбомдық парақтар, гуашь,  қылқалам, қылқаламға арналған тұғырықтар, суы бар банкалар, салфеткалар.  Көптілділік/Полиязичие: бидай – пшеница­wheat , нан – хлеб ­ bread, диқан­ хлебороб, земледелец ­ farmer. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы 1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:  Ғажайып сәт: Балалар суретке назар аударайықшы. Суреттен қандай жанрды  байқауға болады?  Тәрбиеші: дұрыс пейзаж. Пейзажда не бейнеленген? Еске түсірейік, пейзаж дегеніміз не?  Пейзаж­табиғаттың немесе қандай да бір жердің (орман, тоғай, дала және т. б.)  бейнесін бейнелейтін бейнелеу өнерінің жанры. 2.Негізгі бөлім/оснавная часть: Біздің пейзажымызды қарастырайық, онда не салынған? Балалар: Алқап. Бидай алқабы. Аспан. Суретші алқапты, аспанды қалай бейнеледі? Тәрбиеші: Неге алқап сары түсті? Балалар: себебі ол бидай масақтарынан тұрады, ал олар сары.  Балалар бүгін біз бидайдың масағы туралы мәлімет аламыз. ­Балалар мынау бидайдің масағы. Мынау дән мұртшалары, оны аршып көрсек ішінен дән шығады. Бидай негізі азық­түлік дақылы. Оның дәні,кебегі,сабаны құнарлы мал  азығы. Бидандан біз көптеген тағам түрлерін дайындаймыз. Ол бізге үлкен еңбекпен  келеді.Бидайды өсіріп,баптап өсіретін адамды диқаншы дейміз. Көптілділік: бидай – пшеница­wheat , нан – хлеб ­ bread, диқан­хлебороб,  земледелец ­ farmer. Балалар ендеше біз бүгін осы бидай алқабының суретін саламыз.  Көрсету және түсіндіру.  Алдымен сурет үшін фонды дайындаймыз.  Қалай ойлайсыңдар, біз сендермен қандай фонда бейнелейміз? (Балалардың  жауаптары). Тәрбиеші: Иә, балалар бізге көк аспан мен сары түсті бидай алқабы қажет.  Естеріңізге сала кетейік, аспан ашық болуы керек, ол үшін біз қағазға таза су жағып, көк бояудың тамшысын қосамыз: парақтың жоғарғы бөлігі­көк бояу, парақтың  төменгі бөлігі­сары. Қағаздың дымқыл бетіне қылқаламмен бояуды бастаймыз.  Парақ құрғағанша біраз күтеміз. Сергіту сәті:  Жайқалады ақ бидай, (Қолдарын жоғары көтеріп тербеледі). Басын иіп аққудай. (Бастарын иеді). Трактор мен комбайн (Қолдарын алға созып, тракторды жүргізеді). Жүргізуге мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайнды жүргізеді). Қылқаламға сары түсті бояуды алып, бидай масақтарын саламыз.  Балалардың назарын негізгі фон алқап болып табылатынына, ал алқапта көптеген  масақтар өсіп келе жатқанына аударамын. Балалар өз қалаулары бойынша бидай  масақтарын салады.  Жеке жұмыс: Арзуға бидай масақтарын дұрыс салуды үйрету.  Балалардың жұмыстарын талдау.  3.Қорытынды/итоговая часть: Балалар біз бүгін нені бейнеледік?  Пейзаж дегеніміз не?  Бидайдың бізге қандай пайдасы бар?  Балаларды мадақтау.

"Бидай алкабы" сурет салу

"Бидай алкабы" сурет салу

"Бидай алкабы" сурет салу

"Бидай алкабы" сурет салу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.11.2019