Биология пәнін үш тілде оқыту аспетілері
Оценка 4.7

Биология пәнін үш тілде оқыту аспетілері

Оценка 4.7
Научные работы +1
docx
биология
Взрослым
18.05.2024
Биология пәнін үш  тілде оқыту аспетілері
БИОЛОГИЯНЫ ПӘНІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ АСПЕКТІЛЕРІ Отарова А.Ө. Көптеген кеңес кезінен кейінгі елдер сияқты, Қазақстан, нарықтық экономика мен жаһанды бәсекелестік жүйесіне көше отырып, мемлекеттік биліктің барлық салаларында бірқатар реформалар жүргізді. Қазақстанда білім беру секторы да бірнеше реформалар жүргізді. Олардың кейбіреулері табысты болса, кейбіреулері – жоқ. «Үштілдік білім» идеясын алғаш рет Президент Н.А. Назарбаев 2006 жылғы қазан айында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII съездінде ұсынған болатын. Өз сөзінде Назарбаев: «Біздің барлық жалпы білім беретін мектептеріміз бен университеттерімізді ағылшын тіліне қарқынды оқытуды тереңдету бойынша арнайы бағдарлама жасайтын уақыт келді және біз 2007 жылы «Үш тілдік» атты мәдени жобаны кезеңді түрде жүзеге асыруды ұсындық», - деп айтқан болатын (Назарбаев, 2006). 2015 жылғы қараша айында жол картасы әзірленіп, 2015 – 2020 жылдарға арналған үш тілдікті дамыту үшін бекітілген болатын [ЗАҢ, 2015]. Осыған байланысты 2018 – 2019 оқу жылдарында қазақстан мектептері үш тілдік жүйеге көшірілетін болады. Ал 2023 жылы осы жүйеге көшу аяқталады. Бүгінгі таңда көп тілділіктің артықшылықтары мен пайдасы өте зор, бірақ қазіргі уақытта осылай ауысу шығындармен байланысты (Taomei Guo 2013).
Биологияны үш тілде оқыту әдістемесі.docx

Биологияны үш тілде оқыту әдістемесі

Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді маман даярлау үшін ең алдымен ақпараттар меңгерілетін тіл мәселесі маңызды орын алып отыр. Жалпы, қандайда бір саланы бір тіл арқылы меңгеру қиынға соғары анық. Соның барысында тұңғыш елбасының сындарлы саясатының нәтижесінде, көптеген жобалар іске асырылып келе жатыр. Ақпараттық технологияның қарыштап дамып тұрған сәтінде үш тілдік саясат Қазақстанның да әлем елдерінің қатарынан өз жүйелі орнын табуына әсерін тигізеді.

Жастар үшін де тілді жетік меңгеру көптеген мүмкіншіліктерге жол ашты. Атап атқанда: кәсіпті жетік меңгеруге, өзге елдердің жоғарғы оқу орындарында оқуға мүмкіншіліктер мен шет ел мамандарынан білім алу еркіндіктері қолға алынды. Бұл - әрине жастардың болашағына жасалған кең мүмкіншіліктер мен сапалы, нәтижелі жұмыстардың көрінісі.

Жаңа жобалар барысында жаратылыстану бағыты бойынша биологияның үш тілде оқыту  ой-санасы кең, креативті, конструктивтік құзыреттілігі дамыған тұлға қалыптастыруға негіз болды. Биологияны орыс тілінде оқыту білім алушыға жүйелі, әрі сапалы ғылыми материалдармен білімін шыңдауға жол ашты және бұл қазіргі таңда шешімін тапқан бірсарынды білім жобасы болып қоғам өміріне қалыптасты. Себебі, біз өмір сүріп жүрген қоғам орыс тілді білім бағдарламаларын меңгеруге қабілетті, бұған басты негіз КСРО кезіндегі мамандардың орыс тілін жетік меңгеруі. Қолжетімді материалдар мен әдебиеттер қорының молдығы орыс тілінде еркін ғылымды зерттеу мен кәсіпті игеруге өз септігін тигізді. Бұл аталған процестердің нәтижесінде ғылым салалары өз дәрежесінде сарындап дами түсті. Тұралап бір орында қалмады бастысы, себебі алпауыт көрші ел Ресей тілінің біздің білім саламызда еркін қолданылуы барлық есіктердің ашқанмен пара-пар болды. Техника, экономика, жаратылыстану мен медицина салалары қарыштап дами түсті, бұл тек бір тілдің біздің білім саламызға тигізген әсері еді!

Жаңадан тәуелсіздігін алған Қазақстанның экономикалық жағынан өсуі, өзге елдермен тәжірибе алмасуға мол мүмкіншіліктер тудырып қана қоймай, саясатты тұрақтандыруға, өз заң жобаларын, ғылыми қорларын дамытуға әсер етті. Оқу орындарындағы қазақ тіліндегі әдебиеттер санының аздығы, орыс тіліндегі әдебиеттерді аудару қажеттіліктерін тудырды. Атақты биология ғылымының негізін салушы, ғалым, зерттеушілердің еңбектерін білім ордаларында қолдану аясы кеңейді.

Ал, ағылшын тілі соңғы онжылдық барысында өте күшті қарқынмен білім жүйемізге әсерін тигізуде. Азия елдеріндегі әлемдік тілдердің алдыңғы қатарындағы орыс тілінен кейінгі бағыт, Еуропа мен Америка елдерінің ағылшын тіліне бет алды. Үдеріске адаптация ұзақ уақытты қамтуда, басты себеп қоғам өміріне жаңа шет ел тілінің енуі. Ағылшын тілінде пәндерді оқыту жүйесі білім алушыларға аса күрделілік тудырмады, ал білім беруші қауымға күрделі мәселе туындатты. Алайда, қазіргі замманның талабына сай маман болып, көштен қалмау үшін тіл меңзеру алдыңғы қатарлы мәселе. Ұстаздар қауымына арналған білім ордаларында арнайы ағылшын тілі курстары ұйымдастырылып, бұл процес толық бақылаумен қадағалануда.

Биологияны ағылшын тілінде оқыту: бала санасын жан-жақты етіп тәрбиелеп, дидактикалық қабілетін жоғарылатумен қатар, алған білімін кеңейту мақсатында өз еркімен ізденуге жол ашты. Атап атйқанда биология білім бағдарламасы бойынша өтілетін тақырыптар, арнайы тараулар незінде қарастырылып, әрбір тарау барысында кездескен терминдік сөздерді игеру негізгі әдістеме болды. Және білім алушының өтілген тақырыптар бойынша білімін толықтыру мақсатында интернет көздерінен ағылшын тілдіндегі материалдарды еш қиындықсыз игеруі. Ағылшын тілінде биологияны меңгеру 10-20 жыл бұрынғы жастармен салыстырғанда қазіргі жас ұрпаққа еш кедергі келтірмейді. Бұған басты фактор күн тәртібіміздегі ағылшын сөздігінің жиі қолдану ареалы. Ағылшын тілінде ғылымның игерілуі еркін экономика мен саясаттың жүйелі көрінісі. Еуропа мен Америка елдерінің тіл мәдениетін меңгеру барсында ғылыми кітапханамыздағы әдебиеттер саны артып, шет елдермен тәжірибе алмасу еркіндігін алдық.

Еліміздегі түрлі шет елдік фирма мен кәсіпорындардың жұмыс жасау да, өз кезегінде шет тілін жетік меңгерген маманды қажет етті. Қоғам дамыған сайын тіл мәдениетінің сферасы кеңейе түспек. Барша тіршілік атаулы коммуникация, яғни белгілі бір сөйлеу тілі арқылы байланыс орнатады. Бұның өзі тіл меңгеру барысында өзге бір дүниені толық меңгеру құқығына ие боласын деген сөзге сайып келеді. Биологияны ағылшын тілімен оқыту әдістемесі оқушыларға зерттеу жұмыстарын нақтылауға, зертханалық аппараттар еркін меңгеруге үйретті. Студенттер үшін ғылыми жұмыстарын жүргізу барысында көптен шет ел әдебиеттерін сауатты аудару мен пайдалы, нақты материалдар табуға септігін тигізуде. Шет ел мәдениетін игерген ел жастары қоғамға қажетті жағымды ұсыныстар ұсынуда. Тіл білу қандай кәсіпте болмасын негізгі – мотивация. Ал, мотивтер болса - тілді меңгеруге жұмсалған іс-әрекет.

Биология білім бағдарламасын ағылшын тілінде оқыту білім жүйесіне енуіне көп уақыттарды қажет етуде. Ағылшын тілін педагогикалық бағыт бойынша меңгеру мен кәсіби бағыттағы ағылшын тілін меңгеру екі бөлек дүние. Ағылшын тілін базалық деңгейде білген тұлға, кәсіби бағыттағы ағылшын тілін үйренуде көптеген қиындықтарға душар болуы мүмкіншілігі жоғары. Себебі, білім бағдарламасын игеру барысында көптеген терминдік сөздер мен ғылыми атауларды меңгеру процесі ұзық уақытты қажет етеді. Әрбір алған білімді практикада қолдана білгенде ғана ол тұлға бойында қалыптасып, өзге білім алушыға үйрете алады. Қандайда болмасын ғылым саласы арнайы ережелер, принциптер және сол салаға сай терминдік жүйеден құралады. Осы жүйелерді дұрыс қолдана білген жағдайда ғана кәсіпті ағылшын тілінде үйренуге болады. Қазақстанның кейбір жоғарғы оқу орындары мен мектептерінде осы аталған үш негізгі жүйені негізге ала отырып тілді меңгерудің түрлі жолдары ұсынылуда.

Жаратылыстану ғылым саласын зерттеуші ғалым өкілдері де басты еңбектері шет тілдерінде сақталған. Тілді меңгеруде жан-жақты ақпараттық материалдарды іріктеу барысында жеңіл жолдар қарастырылып отыр. Бұл әрине қуантатын жағдай, алайда әліде үйретуге мамандардың жеткіліксіздігін бүгінгі білім сапасының көрінісінен байқауға болады. Мамандар санын өсіруде, сапа да ерекше орынды алуы шарт. Жаһандану заманында ақпараттық және коммуникативтік қабілеті дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін де шет тілдерін қажетті деңгейде үйрену маңызды.

Биология білім бағдарламасын ағылшын тілінде меңгеру принцптері:

-      биология ғылым салаларының терминдік қорын ағылшын тілінде меңгеру жұмыстары;

-      тақырыпты бөлімдерге бөліп қарастыру барысында, ондағы ғылыми сөздерді ағылшын тілінде қарастыру;

-      тақырыпты түрлі ойындармен білім алушыға қызығарлықтай етіп өтілуі (сөзжұмбақтар, шет тіліндегі бейнероликтер, диаграммалар мен презентацияларжәне т.б) тұлғаның функционалдық қабілеттерін жетілдіруге әсерін тигізеді;

-      дыбыс арқылы берілетін және көру арқылы жүргізілетін тілді дамытуға арналған жүйелердің білім алушыға әсерін арттыру;

-      барша өтілген тақырыптар бойынша ғылыми білімді ағылшын тілінде қорытындылап, қайталау.

Жоғарыда айтылған принциптер биология ғылымын ағылшын тілінде тез және жеңіл меңгеруге жол ашатын қадамдар.

Еліміздің 2010 жылы Балон процесіне қосылуы, тарихи кезең болды. Білім бағдарламасын дәстүрліден инновациялық жүйеге алмасуы көрініс тапты. Кәсіпті игеруге өзгеше форматтар мен талаптар енгізілді. Бұл процесс Еуропа елдерінің бастамасымен құрылған білімді меңгерудің жеңіл технологиясы ретінде қарастырылды. Процесс барысында шет тілдерін меңгеру, шет елдермен білім мен тәжірибе алмасу кең ауқымда қаралды. Осының барысында үш тілді меңгеруші ел жастары шет елдерде білім алу мен тәжірибе алмасу, жұмыс істеу құқықтарын алды. Ғылым жүйесі жақсы дамыған Еуропа мен Америка, Азия елдерінде білім алушы жастар өз біліктіліктерін жетілдіріп, елге оралғанан кейін тың жобалармен айналысуда. Академиялық ұтқырлық жобасымен шет елдерде техникасы мен технологиясы дамыған елдердегі ақпартты игерген студенттер, болашақ мамандарды даярлауда үлкен септігін тигізуде. Жаратылыстану бағытындағы: экология, генетика, цитогенетика, эмбрионогия, физиология, анатомия және т.б ғылым салаларының елімізде дамып, өркендеуіне және арнайы зерттеу орталықтарының ұйымдастырылуына үш тілдік білім жүйесі айтарлықтай септігін тигізді.

Қорыта айтқанда, биология ғылым саласын үш тілде меңгеру ел жастарының айқын болашағын бағдарлауға мүмкіндік туғызады. Шет тілдерін меңгеру барысында тұлға тек сол ғылыммен шектелмей, өзге ел мәдениетімен қанығады. Еліміздің Болан процесі барысындағы білім жүесі де осы мақсатты көздеп отыр. Ақпараттың дамыған, нарық заманында ғылымды шет тілінде үйрену үлкен жетістіктің бастамасы. Білімді ұрпақ – бәсекеге қабілетті ел тірегі!


 

Биологияны үш тілде оқыту әдістемесі Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді маман даярлау үшін ең алдымен ақпараттар меңгерілетін тіл мәселесі маңызды орын алып отыр

Биологияны үш тілде оқыту әдістемесі Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді маман даярлау үшін ең алдымен ақпараттар меңгерілетін тіл мәселесі маңызды орын алып отыр

Биологияны ағылшын тілінде оқыту: бала санасын жан-жақты етіп тәрбиелеп, дидактикалық қабілетін жоғарылатумен қатар, алған білімін кеңейту мақсатында өз еркімен ізденуге жол ашты

Биологияны ағылшын тілінде оқыту: бала санасын жан-жақты етіп тәрбиелеп, дидактикалық қабілетін жоғарылатумен қатар, алған білімін кеңейту мақсатында өз еркімен ізденуге жол ашты

Бұл әрине қуантатын жағдай, алайда әліде үйретуге мамандардың жеткіліксіздігін бүгінгі білім сапасының көрінісінен байқауға болады

Бұл әрине қуантатын жағдай, алайда әліде үйретуге мамандардың жеткіліксіздігін бүгінгі білім сапасының көрінісінен байқауға болады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.05.2024