БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Оценка 4.8

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Оценка 4.8
Образовательные программы
docx
биология
Взрослым
08.04.2017
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бұл мақалада мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Биология сабағында қәзіргі заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып сабақ өткізудің тиімді жақтары жазылған.Биология – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Биология – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты.
НАРМАНДАХ статья 2017.docx
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Орындаған: Нармандах Ж., биология  пәнінің оқытушысы, б.ғ.,магистры  Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы,­ деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін.  Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне  мамандық. Ұстаз әлемді шар­тарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші,  бағыт­бағдар беруші, ата­ананың сенімді көмекшісі. Мақсаты – оқушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Мұғалімдерге   қойылатын   талаптардың   бірі   –   оқытудың   жаңа   технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. АКТ – ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті   шартқа   айналды.   АКТ   –   ның   дамуы   кезеңінде   осы   заманға   сай   білімді   шәкірт тәрбиелеу   мұғалімнің   басты   міндеті   болып   табылады.   Қоғамдағы   ақпараттандыру процестерінің   қарқынды   дамуы   жан­жақты,   жаңа   технологияны   меңгерген   жеке   тұлға қалыптастыруды талап етеді. «АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың   қорын   жасау,   сақтау   мен   өңдеу,   оларды   жан­жақты   таратуды,   одан   қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық­аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ – ғажататындар:   ЭЕМ,   дербес   компьютерлер,   терминалдық   құралдардың   жинақтары, жергілікті   есептеу   жүйелері,   мәтіндік   және   графикалық   ақпараттардың   құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын   құралдар   мен   құрылымдар,   машиналық   графика   жүйелері,   программалық кешендер,   жергілікті   желілер,   әлемдік   деңгейде   ақпарат   алмасуын   қамтамасы   зететін қазіргі кездегі байланыс құралдары. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:  Интерактивті тақта;  Мультимедия;  Интернет кеңістігі;  Электронды оқулық. Биология – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық  технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат  оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту  мұғалімнен зор міндеттерді талап етеді. Оқу жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдануда күтілетін нәтижелер:       Электрондық оқулықтармен жұмыс істеуге үйрену, Интернет желісінен алған ақпаратты тиімді қолдануға үйрену, Ақпараттық технологиялар арқылы, білім сапасын көтеру, Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, Ақпараттық мәдениетті дамыту, Сабақта уақытты үнемдеу. Өзімнің әр сабағымда АКТ­ны жүйелі түрде, ұтымды пайдаланып отырдым. АКТ  құралдары арқылы биолгия пәнінен  «Адам іс­әрекетінің қоршаған ортаға әсері»  тақырыбындағы сабағымды өткен кезде интерактивті тақтаны, компьютерді, үнтаспаны  пайдаландым. АКТ­ны қолданудың бір ерекшелігі оқушылар тапсырмаларды орындағанда  интерактивті тақтадан көреді әрі тыңдайды.  Биология сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада  көрсетуге, түрлі мысалдар құрастыруға, биологиялық сергіту сәттерін ұйымдастыруға,  бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге болады. Мұндай  сабақ уақытында сыныптағы қарым­қатынас жақсарады. Тапсырманы оқушылар өз  сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқыныш жойылады, аса күрделі  тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады.  Жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану арқылы оқушының сабаққа деген  қызығушылығының, танымдық қабілетінің артуын , өзіне деген сенімділігін, яғни олардың  білім, білік, дағдыларының арттыру мәселесін айтқым келіп отыр. Слайд­презентацияларды қолдану арқылы өзіндік ізденісін дамыту, оқулықтағы мәтінге қосымша суреттер, қызықты  генетикалық есептерді  көре отырып, оқушылар түртіп алу әдісімен жұмыстанады және  берілген биологиялық есептерді символдармен жазады, оны шығаруға, жауабын табуға  талпынады. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,­ дейді.  Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы  шығармашылық қызмет пен өзін­өзі басқару, өзін­өзі ұйымдастыру жағдайындағы  біліктілікті қажет етеді.Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің  келер күнгі келбеті. Пайдаланған әдебиеттер: 1. С.Дайырбеков. Ш.Ерматов «Білім берушінің Ақпараттық технологияны  қолдануда біліктілігін жоғарлату мәселелері» «Білім. Образование» ғылыми­ педагогикалық журнал. Алматы­2009 ж.№6. 2. Аюбаева Т. Ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде / Қазақстан мектебі.­ 2008 №11. ­50 бет. 3. Уразова А.Қ. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану – заан  талабы. Library.wksu.kz сайтынан. 2016 жыл. 4. Кәсіптік білім беру №2.2014 жыл.

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.04.2017