Білім саласы бойынша жаңа реформалар енгізу.
Оценка 5

Білім саласы бойынша жаңа реформалар енгізу.

Оценка 5
Иллюстрации
doc
воспитательная работа
Детсад
03.04.2017
Білім саласы бойынша жаңа реформалар енгізу.
Қашықтықтан оқыту кезінде өзіме алған тағы бір жақсы нәрсе: сабақ беретін сыныптарымдағы әр оқушыны әр қырынан зерттеуге мүмкіншілік алуым болды. Егер де курсқа дейін тек өз жетекшілігімдегі сыныппен ғана тығыз қарым – қатынас жасап, тек өз сыныбымның оқушыларын зерттеген болсам, қазір мен сабақ беретін барлық сыныптардың оқушыларын жақсы тануға мүмкіншілігім бар. Сыныптағы әр оқушыны ішкі жан – дүниесін біліп, оның жұмыс жасаудағы қабілетін ескеріп отырған жағдайда сабақ беру процесі де жеңіл, қызғылықты, әрі жемісті өтеді. Өйткені сыныпта түрлі оқушылар бар: біреулері өте шапшаң, айтқанынды тез ұғып алады, біреулері топтық жұмыстарға тез бейімделеді, ал біреулері керісінше, жұмысты оңаша отырып жасап, жақсы нәтиже көрсетеді, т.с.с. Альберт Бандураның (1977): «...адамның мінез – құлқы бақылау, модельдер құру арқылы зерделенеді: басқаларды бақылай отырып, жаңа мінез – құлық қалай қалыптасатынын түсінуге болады және кейін бұл кодталған ақпарат іс – әрекет жасауға басшылық етеді» деген тұжырымдамасын басшылыққа алып, мен оқушының бойындағы бар қабілеттерін тану үшін алдымен бақылаудан бастадым. Сол арқылы сыныптағы топтық жұмысқа араласа алмай шеттене беретін оқушыларды аңғарып, топтық жұмыстарға баулыдым, сол арқылы мен оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, сабақта жалықтырып жібермейтін тапсырмалар беруге тырыстым: әр оқушының сыныпта орны ерекше, әр оқушы өзіне көңіл бөлгенді қалайд
Публикация является частью публикации:
Өзімнің іс-тәжірибем, есеп 2.doc

6 жыл еңбек өтілімде мен бесінші рет мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарына қатынасып отырмын. Соңғысы, яғни педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырған біліктілік арттыру курсының мен үшін кәсіби құзыреттілігімді дамытуда алатын орны ерекше. Асырып айтқан емес, мен осындай тәжірибемен бірінші рет танысып,  жаңа білім алуға деген құштарлығым арта түсті. Бұл курс маған оқу, бірлескен жұмыс, берілетін ақпаратқа сыни тұрғыда қарап, педагогикалық шеберлігімнің мүлдем жаңа көкжиегін ашуға көмектесті. Мен бұрынғыдай емес, әр сабағыма егжей – тегжей дайындалып баратын бодым. Ешкім мені оған мәжбүрлемейді. Керісінше, өзім келесі сабақта оқушыларды немен қазақтырсам екен, қандай әдіс – тәсілдерді пайдаланып, оларды қалай ынталандырсам екен деген ойлар өздігінен көкірегімде бұлқынып тұрады. Жасыратыны жоқ, оқушылардың көбінде «химия қиын» деген түсінік қалыптасып қалған. Мен де өз тәжірибеме үңіліп қарап отырсам, алдында да сабақ өткізгенде оқушыларды қызықтыруға, жаңа материалды әсірелеп, қосымша ақпаратпен қызықтырып өткізуге тырысатынмын. Бірақ, нәтиже ойлағандай болмайды. «Жаңа технология бойынша оқушы көп сөйлеу керек, мұғалім сөйлемеуі керек» деген тұжырымдарды барлық курстарда естіп, ұран ретінде жаттап алдық. Ал оған қалай келеміз? Қалай мен химияны оқушыға өзім түсіндірмей меңгертем? деген сауалдарым жауапсыз қала беретін. Енді түсіндім. Мен қанша қызықты материал алып келсем де, тіпті сол күнгі оқу материалының өзі қызықты әрі жеңіл болса да менің нәтижеге жетпейтінім, мен барлық материалды оқушының алдына дап – дайын етіп беріп, оқушының өзі ойлануына мүмкіншілік бермейді екенмін. Дайын материалды оқушы қабылдап алған соң, әрі қарай оған қызықсыз болатыны да содан екен ғой. Міне, осындай сұрақтардың жауабын тауып, мәселелерімді шешуде «Педагогикалық шеберлік орталығының біліктілік арттыру курсының» тигізген үлесі зор. Курс оқытудың жеті модулі бойынша теория беру, оны практикада қолдана білу және сол арқылы қазақстандық оқушыларға сапалы білім беретін ұстаздарды даярлап шығуға арналған.

Оқытудың жеті модулі оқушыны ойландырады, ойлана отырып нәтижеге жеткізеді, ойлана отырып жаңа білімді меңгертеді, дұрыс сұрақ қойып, дұрыс мағлұмат алуға көмектеседі, өз ойын еркін айтып ашылуға дағдыландырады, өзін және өзгені бағалай алуға үйретеді. Мұғалім осыған тек бағдар беріп отыруы қажет. Ол үшін мұғалім де осы жеті модульді жетік меңгерген, шебер ұйымдастырушы болуы шарт. Курс барысында біз шағын топтарда жұмыс істей жүріп, ойлау үдерісімізді дамыттық, пікірталасқа түстік, алға қойылған міндеттерді орындаудың барынша тиімді жолдарын табуға ұмтылдық. Әріптестерімізбен осыған дейін өз тәжірибеміздегі сыныпта туындаған немесе туындауы мүмкін мәселелерді, оны шешу жолдарын талқыладық. Ойымыз кейде бір жерден шығады, кейде қызу пікірталасқа да түсеміз. Бұның барлығы мұғалімнің ашылуына көп әсерін тигізгенін кейін практикада білдік. Оқудың алғашқа кезеңінде (алғашқы «бетпе - бет») біз осы жеті модуль бойынша барлық теорияны алдық та, жан – жаққа, яғни өз мектептерімізге  тарап кеттік. Барлығын оқып, біліп барған сияқты едік, әйтсе де мен үшін ең қиын да, ең жемісті оқу осы қашықтықтан оқыту кезеңінде болды. Бефель (Мэн штаты, АҚШ) өз зеттеулерінде «жай ғана дәріс немесе оқу арқылы оқушы жаңа мәліметтің тек 10 – 20 пайызын меңгереді, ал талқылау, практикада қолдану нәтижесінде жаңа білімнің 50-75 пайызын меңгереді, білім беруде 90 пайызын меңгереді» деп айтқан. Бұл тұжырымдама менің тәжірибемде толық дәлелденді. Біз тренерлерімізден жеті модуль бойынша теорияны алдық, оны түрлі тапсырмалар орындау арқылы аудиторияда қолдандық, ал енді сол білімді мектепте пайдалану барысында өз басым өте көп ойландым. Уақыттың тығыздығына байланысты біз бір сыныпты таңдауға тиіс болдық. Мен сабақ беретін сыныптардың ішінде қай сыныппен жұмыс жасасам ұтымды болар екен деп, 9 – шы сыныпты таңдадым. Өйткені 9 – сыныпта үш үздік оқушы (дарынды және талантты балаларды зерттеуде ыңғайлы) бар және бала санының көп болуы, топтық жұмыстарды жасағанда тиімді болады деп ойладым. Орта мерзімдік жоспарлауға енгізетін сабақтар сериясын белгілеп болған соң, әр сабақтың құрылымына осы жеті модульді кіріктіретіндей етіп сабақтарымды жоспарладым. Сонымен, орта мерзімді жоспарыма 9 – сынып химия курсының «Оттекті органикалық қосылыстар» тарауынан 4 сабақ енгіздім. Орта мерзімді жоспарды жасау үшін мен міндетті түрде оқыту бағдарламасына сүйендім. Тақырыптық – күнтізбелік жоспарымнан ерекшелігі - бұл жоспарға енген сабақтарымда оқытудың жеті модулі кіріктірілген. Сондықтан мақсатын былай алдым: «Оқушылардың көмірсутектер жайлы алған білімдерін пайдалана отырып, оттекті органикалық қосылыстар жайлы білімді өз бетімен  алуға бағдар жасау және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру». Флавелл және басқалар (1995) «егер оқыту үдерісін ұғыну деңгейіне ауыстыра алатын болса, онда біз балаларға өзіндік ойлау үдерісін жақсы түсінуге, өзінің оқуын бақылауы мен ұйымдастыруын игеруге көмек бере алар едік» деген пікірді ұсынған (Нұсқаулық, 81 бет). Сондықтан сабақтар сериясына енген әр сабақтың құрылымын жасауда мен көп ойланып, курс барысында үйренген әдіс – тәсілдерді ұтымды пайдалануға және сол арқылы тиімді сабақ өткізуді басты мақсат етіп қойдым.

Мен үшін алғашқы («тәуекел») сабағым ең әсерлі болды. Өйткені бұл сабақта мен оқушыларды алғаш рет бірлескен жұмыстарға, яғни топтық жұмыстарға тарттым. Бірден емес, біртіндеп мен көздеген нәтижеме жеттім: яғни сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орнады, оқушылар бұл сабақтың өзгешелігін аңғарды, модульдерді кірістіре отырып, жаңа білімді игердік. Оқушылар сабаққа кіріп келгенде біріктірулі тұрған парталарды көріп сайыс – сабақ болады екен деп қуанып кетті. Өйткені оқушыға сайыс – ол алынған білімді тексере отырып ойындар өткізу, жарысу екені мәлім. Алғашқы тапсырманы орындау барысында (топ ережесін құру) да олар сайысқа түскендей болды, дегенмен менің бағдар беруімнің нәтижесінде, келесі тапсырмалардың мазмұнын түсіну арқылы оқушы бұл сабақтағы ең басты өзгешелік – ол топпен жұмыс жасай отырып, біріге отырып, жарыспай, жаңа білімді меңгеру екендігін түсіне білді. Тағы бір өзгешелік оқушылар өздерін өздері бағалауға мүмкіншілік алды, сабақ барысындағы өз іс-әрекеттеріне есеп беруге үйренді, жалпы сабақтың өту барысына баға бере алатын болды. Бұл арқылы мен сыныптағы әр оқушының ойы мен үшін құнды екендігін білдірттім. Оқушыны сабаққа қатынасуға, топтық пікіралмасуларда өз үлесін қосуына ынталандырдым. Және де ертеректе мен сабақты өзім түсіндіріп, өзім көп сөйлесем, бұл сабақта мен оқушыларды әдеттен тыс көбірек сөйлеуге, көбірек ойландыруға арналған тапсырмалар бере отырып күтілетін нәтижеге жеттім.

Өткізген барлық сабақтарыма рефлективтік есеп жазып отырдым. Онда сабақта туындаған мәселелер, оны шешуде жасайтын болашақтағы іс-әрекеттерім, сабақтың өтілуіндегі сәтті жақтар, сәтсіз жақтар, сонымен қатар өзіме өзім ұсыныстар жазып отырдым. Бұл менің әр  сабағымның жүйелі болуына әсерін тигізіп отырды. Өйткені бір сабақта кеткен кемшіліктерімді келесі сабақта жібермеуге нұсқау жасап отырдым. Жалпы, шындығына келсем, осы курстан бастап мен күнделік жүргізе бастадым. Өйткені тренерлердің бізге қойған шарттарының бірі – мәдени күнделік жүргізу болды. Алғашқы «бетпе – бет» кезеңінің бірінші күнінен бастап біз мәдени күнделік жүргізуге үйрендік. Және қашықтықтан оқыту кезеңінде сол күнделікті жүргізуді одан әрі жалғастырдық. Кейіннен бұл менде әдетке айналып кетті. Өйткені әр өткен күніме шағын да болса есеп беріп, қорытынды жасап отыру арқылы мен уақыттың үнемделетінін байқадым. Бұл маған өте көп пайдалы болды.

Қашықтықтан оқыту кезінде өзіме алған тағы бір жақсы нәрсе: сабақ беретін сыныптарымдағы әр оқушыны әр қырынан зерттеуге мүмкіншілік алуым болды. Егер де курсқа дейін тек өз жетекшілігімдегі сыныппен ғана тығыз қарым – қатынас жасап, тек өз сыныбымның оқушыларын зерттеген болсам, қазір мен сабақ беретін барлық сыныптардың оқушыларын жақсы тануға мүмкіншілігім бар. Сыныптағы әр оқушыны ішкі жан – дүниесін біліп, оның жұмыс жасаудағы қабілетін ескеріп отырған жағдайда сабақ беру процесі де жеңіл, қызғылықты, әрі жемісті өтеді. Өйткені сыныпта түрлі оқушылар бар: біреулері өте шапшаң, айтқанынды тез ұғып алады, біреулері топтық жұмыстарға тез бейімделеді, ал біреулері керісінше, жұмысты оңаша отырып жасап, жақсы нәтиже көрсетеді, т.с.с. Альберт Бандураның (1977): «...адамның мінез – құлқы бақылау, модельдер құру арқылы зерделенеді: басқаларды бақылай отырып, жаңа мінез – құлық қалай қалыптасатынын түсінуге болады және кейін бұл кодталған ақпарат іс – әрекет жасауға басшылық етеді» деген тұжырымдамасын басшылыққа алып, мен оқушының бойындағы бар қабілеттерін тану үшін алдымен бақылаудан бастадым. Сол арқылы сыныптағы топтық жұмысқа араласа алмай шеттене беретін оқушыларды аңғарып, топтық жұмыстарға баулыдым, сол арқылы мен оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, сабақта жалықтырып жібермейтін тапсырмалар беруге тырыстым: әр оқушының сыныпта орны ерекше, әр оқушы өзіне көңіл бөлгенді қалайды. Оқушылардың өзіне жанама сұрақтар қою арқылы, сыныптағы мәселелерді шешуге тырыстым. Егер алғашқы сабағымнан қарапайым ғана мысал келтіретін болсам, топ ережелерін жасаудың өзінде берілген флипчартқа суретті басқа топтан әдемірек, көрнекілеу етіп салу, топ ережелерін құрғанда басқа топ айтпаған, оларды ерекшелейтін ережелер ұсынуды мақсат етіп отырған оқушыларды көрдім. Оны байқағаным – оқушылар сыныпты жағалап маркерлердің түстерін таңдай бастады, басқа топтың салып жатқан үлгілеріне ұрлана қарап, идеяларын өз топтарына жеткізуге, ережелерді таңдап, өздеріне қажетін емес, басқа топтарда жоғын жазуға ұмтылды. Яғни мен топтар арасындағы бәсекелестікті байқадым. Сондықтан  қорғау барысында бір топтың «Біздің топтың ережелері: ұялы телефондарымызды өшіріп қою, бірінші болуға ұмтылу, өзіңді еркін ұстау...» деп таныстырып өткеннен кейін, «Сен қазір топта отырсың. Егер мен берген тапсырманы орындай алмай жатсаң, сен қандай әрекет жасайсың?» дегенімде, ол оқушы бірден «Жанымдағы оқушыдан сұраймын, өйткені мен топта отырмын ғой» деп жауап берді. «Егер ол саған көмектеспесе ше?» деп сұрадым, сонда ғана оқушы топтағы басты ереже топ мүшелерінің бір-біріне көмек көрсетуі керек екенін ұғынғанын білдірді.  Міне, егер оқушы әр мәселенің шешу жолына өзі келе білетін болса, онда мұғалім еңбегінің зая кетпегені деп ойлаймын.

Әрине алдыңа келетін әр оқушыны зерттеп, әрқайсысының ішкі дүниесін түсінуге жол таба білу оңай емес. Мұндай үлкен жұмысты аз уақытта жалғыз атқару мүмкін де емес. Мен әріптестеріммен түрлі мәселелер бойынша жиі кеңесіп тұрдым. Мысалы бақылауға алған сыныпты жақсы танып білу үшін мен сынып жетекшісімен, мектеп психологымен тығыз қарым – қатынаста болдым. Сабақтар сериясындағы әр сабақтың құрылымын жасағанда әдістеме бірлестік жетекшісімен, бірлестік мүшелерімен міндетті түрде талдап, ол кісілердің ойын сұрап аламын. Сабақтарыма қатынасып, ұсыныстарын айтуды өтінемін. Мектеп мұғалімдеріне менің сабақтарыма қатынасқан ұнайды. Өйткені олар да менімен бірге өздеріне жаңаны танып білуде болды.  Мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау болды. Өйткені барлығы да ерте ме, кеш пе осы оқуды бастарынан кешетінін, сондықтан қазірден бастап психологиялық дайындалып жүргенін жасырмады.

Жасырмаймын, алдыға қойған мақсатымыз сондай болғандықтан, әр сабағымды өте әсерлі, ұтымды, белсенді іс – әрекеттерге толы етіп өткізуге тырыстым. Белсенді іс – әрекет нәтижесінде сыныпта мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында өздігінен-ақ белсенді диалог туындап отырды. Әр тапсырманың орындалуының нәтижесінде оны тексеру қажет қой: яғни оны оқушы мұғалімге сөз арқылы жеткізеді (ауызша жауап беру), қимыл арқылы білдіреді (мысалы, рөлдік көріністер) немесе жаттығулар арқылы орындайды (есептерді шығару жолын түсіндіріп отырады) және кері байланыс болу үшін мұғалім жағынан да кейінгі әрекет болады (құптау, ынталандыру, жанама сұрақтар қою). Бұның барлығының нәтижесінде нені байқаймыз, әрине диалогты.  Сабақтарымда пайдаланған тапсырмалардың негізгі бөлігі оқушыларды сыни ойлауға үйрету және диалогтық оқыту модульдеріне байланысты құрылды. Сол арқылы оқушылар жаңа білімді алдарындағы дереккөздерден өздері ала білуге, өз ойларын еркін айтып, түрлі дәрежедегі сұрақтарға қиналмай нақты жауап беруге үйренді. Оқушылар жаңа химиялық қосылыстарды сипаттауға, қасиеттерін алдын – ала болжауға, қасиеттеріне байланысты қолданылу саласын болжауға мүмкіншілік ала білді. Диалогтық оқыту арқылы сыни ойлау, қалай оқудың жолын үйрену арқылы сыни ойлау, оқыту үшін және оқуды бағалау арқылы сыни ойлау, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сыни ойлау тапсырмалалары жүзеге асырылды.

Сонымен, менің курс барысында өзіме түйіп, қашықтықтан оқыту кезеңінде тәжірибеме аз да болса енгізіп үлгергенім - балалардың өз бетінше ақпарат жинап, өз ойын еркін білдіріп, берілген тапсырманы шығармашылық тұрғыда орындауға ұмтылысын туғызып отырғаным. Оқушылар да бұндай белсенді оқыту түрін оң қабылдады. Заман ағымымен қатар келе жатқан интербелсенді ұрпағымызды бұрыңғы дәстүрлі оқытумен қызықтыру күннен күнге қиындай түсуде. Өйткені оқушы қазір өзіне қажет мәліметті өзге де дерек көздерінен жүз есе әсерлі етіп ала алады. Сондықтан мұғалім оқушыға тек теориялық білім ұсынушы емес, керісінше сол мәліметті өздері алуына жол сілтеп отыратын дарынды бағдар беруші болып қалыптасу қажеттілігі туындап тұр. Оқушының нені қажет ететінін біз сыныпта мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың орнап, сыныптағы диалогтың пайда болуының нәтижесінде білеміз. Сондықтан сыныпта үнемі бір – біріне деген сенім білдіру, бір – бірін тындау, бір – бірінің жақсы жақтарын көрсете білу атмосферасы қалыптасу қажет. Ол үшін оқушымен ашық сөйлесу қажет, оқушының өз ойын ашық білдіре алуына жағдай жасау қажет.  Менің тәжірибемде топтық сабақтар, интерактивті іскерлік ойындар, пікірсайыстар, сұрақ – жауап жүйесі, сыни ойлауға құрылған тапсырмаларды орындауға оқушылар ерекше қызығушылықпен белсене қатынасты. Белсене қатынаса отырып, өз ойларын жеткізе білуге дағдыланды. Оқу жылының аяғындағы бұл өзгеріс оқушыларға бір серпіліс алып келгендей болды.

Келешекте өз тәжірибемде әлі де жақсы нәтижелерге жету үшін мен:

·      Оқушылардың тақырып бойынша қызығушылығын арттыра білу;

·      Білімге деген құштарлықтарын арттыруға ынталандыру;

·      Сыныпта нәтижелі диалог орнату үшін, оқушылардың бір – бірінен үйрене білуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге және бағалауға үйрету;

·      Оқушыларды білім алуда туындаған қиындықтар мен түсініспеушіліктерді анықтай алуға үйрету;

·      Оқушыларды өз ойларын жинақтай білуге дағдыландыруды басты назарға алуым қажет.

Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сай республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту қажеттілігі туындауда. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің барлық мұғалімдері нақ осы курстан өтіп, жаңа бағдарламадағы 7 модульді өздері арқылы өткізіп, өз тәжірибелеріне енгізуге мүмкіндік ала білсе, қазақстандық білім беру үрдісі сенімді қолда болары анық. Мен жаңа оқу жылында дәстүрлі, ескі сарындағы сабақ беру тәсіліне қайта оралмайтыныма сенімді екенімді айтқым келеді. Өйткені ескіге қайта баруға жол жоқ: жаңашылдық бізді күтіп тұр!

 

 

Анықтамалық әдебиет:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

            Flavell, J.H., Green,F.L., and Flavell, E.R., (1995). Young children`s knowledge about

thinking. Monographs of the Society for Research in Child Developmen. [Кішкентай балалардың ойлау туралы білімі.] New York: Academic Press.

            Bandura, A., (1977). Social Learning Thory. [Әлеуметтік білім беру теориясы.] New York: General Learning Press.

           


Соңғысы, яғни педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырған біліктілік арттыру курсының мен үшін кәсіби құзыреттілігімді дамытуда алатын орны ерекше

Соңғысы, яғни педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырған біліктілік арттыру курсының мен үшін кәсіби құзыреттілігімді дамытуда алатын орны ерекше

Мен сабақ беретін сыныптардың ішінде қай сыныппен жұмыс жасасам ұтымды болар екен деп, 9 – шы сыныпты таңдадым

Мен сабақ беретін сыныптардың ішінде қай сыныппен жұмыс жасасам ұтымды болар екен деп, 9 – шы сыныпты таңдадым

Кейіннен бұл менде әдетке айналып кетті

Кейіннен бұл менде әдетке айналып кетті

Жасырмаймын, алдыға қойған мақсатымыз сондай болғандықтан, әр сабағымды өте әсерлі, ұтымды, белсенді іс – әрекеттерге толы етіп өткізуге тырыстым

Жасырмаймын, алдыға қойған мақсатымыз сондай болғандықтан, әр сабағымды өте әсерлі, ұтымды, белсенді іс – әрекеттерге толы етіп өткізуге тырыстым

Оқушыларды білім алуда туындаған қиындықтар мен түсініспеушіліктерді анықтай алуға үйрету; ·

Оқушыларды білім алуда туындаған қиындықтар мен түсініспеушіліктерді анықтай алуға үйрету; ·
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.04.2017