Кіріспе
Халқымыздың «аяғына (ыдыс) қарап, асын іш» деген сөзінің маңызы бүгінде күрт артып барады. Рас, бабаларымыз бұл сөзбен ыдыстың тазалығына көбірек тоқталса, бүгін одан бөлек сапасына да қатаң назар аудару қажет болып отыр. Өйткені республикалық СЭС мамандары көтерме сауда орындарындағы арзанқол керамика және фарфор ыдыс-аяқтарынан қорғасын, мырыш, кадмий сынды адам денсаулығына қауіп төндіретін химиялық заттардың мөлшері қалыптан 20-30 есе артық екенін анықтапты. Санитарлардың айтуынша, мұндай ыдыс-аяқтардың беттеріндегі әсемдік бояулары да құйылған тағамның температурасына байланысты еріп, ағзаға зиян келтіреді. Ең қаупі - сапасыз ыдыстарды тұрақты пайдалану - асқазан қатерлі ісігіне де әкеледі екен...
Сапасыз әрі арзанқол ыдыс-аяқ, ойыншық, тағамдардың денсаулыққа қауіптілігі бірінші мәрте көтеріліп отырған жоқ. Жоғары мінберлерде де сөз болды. Сол үшін де кеден қызметінде «Янтарь - 1А» сынды радиациялық сәулелердің мөлшерін анықтайтын қондырғылар орнатылған. Алайда не мемлекеттік стандарты жоқ, не қорабы мен оны жасап шығарған фирманың таңбасы мен атауы да көрсетілмеген ыдыстардың бәрі контрабандалық жолмен әкелінетінін ескерсек, әлгі біз айтқан қондырғылардан пайда шамалы болып отырғанына көз жеткізуге болады. Көз жеткізудің екінші жолы - былайғы жұрт «барахолка» атап кеткен қара базардың ыдыс-аяқ сататын бөлігін бір аралап шығу. Стандарты да, сапасы да бар ресейлік қымбат ыдыстарды халықтың жұқалтаң қалтасы көтермесі белгілі, ал шығыстағы шекарадан еніп жатқан арзанқол ыдыс-аяқтың жайы жоғарыдағыдай.
«Сұлуынан - жылуы» дегендей, әдемілігінен гөрі, сапасы мен қауіпсіздігіне назар аударған абзал. - Бәрінің бетіне күйе жағуға тағы болмайды, дегенмен стандарты жоқ ыдыстардың көбінде ыдыс-аяқтарды безендіру техникасы сақталмаған.
Токсиколог дәрігерлерінің айтуынша, сапасыз ыдыс-аяқтардан улану - тамақтан уланумен бірдей. Алайда улану диагнозымен ақ халаттылар алдына барғанда, оның ішкен тамағы ғана тексеріліп, ыдысы көлеңкеде қап қояды екен. Токсикологтар ыдыс-аяқтарды да тексеруден өткізетін уақыт жетті деп есептейді. Әсіресе, пластмасса ыдыстарды қатаң бақылауда ұстау қажет. Өйткені оған деген сұраныстың жоғарылығы - сапасын да тым төмендетіп барады. Төмендеткені сондай - бүгінде пластмасса ыдыстарға формальдегидпен қатар, асбест те қосыла бастапты. Ыдыстың шыдамды, төзімді болуы үшін осылай еткен болар, алайда құрылыстың өзінде тыйым салына бастаған асбесттің ас үйде қолданылуы - өзіңді жыланға шақтырғанмен бірдей. Өйткені асбест те, формальдегид те адам ағзасындағы қатерлі ісіктердің пайда болуына, бүйрекке тас жиналуына, қуық жолдарының ауыр дертіне әкеп соғады. Пластмасса ыдыстарға, әсіресе, көп балалы отбасылар құмар. Шыны ыдыстарды шақ келтірмейтін бала пластмассаны қалай ұрғыласа да, тоздыра алмасы белгілі. Есесіне, сол ыдыс, баланың денсаулығын тоздырады.
Айтудың азы жоқ, десе де, қалтасы жұқалтаң халықты «қымбат ыдыс алмадың» деп тағы да айыптай алмайсың. Отандық ыдыс-аяқ өндірісі жолға қойылғанда, мұндай жағдай болмас та еді. Алайда цехтың шығарған ыдыс-аяқтарын базардан кезіктіре алмай жүрміз. Сатушылар отандық өнім іздегенге күле қарайды... Күлгеннен гөрі, жылаған орынды болар еді...
Біз сауалнама жүргізу арқылы ас үйде көбінесе алюминий, ЭМАЛЬДАНҒАН шойын ыдыстарды және тоттанбайтын темірден жасалатын ыдыстарды қолданатынын анықтадық. Осыған байланысты ыдыстардың пайдасы мен зиянына тоқталып өттік.
брошура.doc
ЫДЫСТАРДЫ КҮТУ
Әйел үшін өзөзін таза ұстаумен қатар, үйін, ыдыс
аяғын таза ұстаудың маңызы зор. Ол әйел
жанының ұқыптылығын көрсетеді. Негізі, ас үй
иелерінің тәжірибесі бойынша, ыдыстың күтімі
жақсы болса, көп жыл қызмет етеді. Ыдысты қолға
түскен нәрсемен жуа беруге де болмайды.
Сонымен ыдысты қалай күткен жөн?
• Эмальды ыдыстарды пайдаланғанда мұқият
болмасаңыз, оны құртып аласыз. Ыстық эмальды
ыдысқа бірден салқын су құймаңыз. Эмальды
ыдысты губкамен сабынды ыстық сумен жуыңыз.
Эмальды ыдысты бүлдіріп алмас үшін, пышақ тағы
сол секілді қатты затпен, қырғышпен қырмаңыз, ірі
түйірлі ұнтақпен жумаңыз. Кез келген кішкентай
сызылып кеткен жердің көлемі тез үлкейеді, тез
тот басып, асты бүлдіріп, өзіңізді улайды. Әрине,
қимасаң да, эмалі кеткен кастрөлді қолданыстан
шығарған жақсы. Тағыда есте ұстар жәйт, эмальды
ыдыстарғы қою тамақ пісіруге болмайды.
• Шойын ыдыстар бұқтырылып пісіретін және
қуырылып пісіретін тағамдар үшін пайдаланылады.
Қара қазан, ыдыстабақтар дұрыс күтілмесе онда
ол адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Содан сон ол тағамның дәмі мен түсін құртады.
Сондықтанда оның ішіне су құйып бірнеше күнге
қойып қоюға болмайды. Шойын ыдыстарды нейлон
губкасымен жуған жақсы. Одан соң қайнаған сумен
шайып, қағаз сүлгімен немесе жұмсақ шүберекпен
құрғатып сүрту керек. Жақсылап кептірген дұрыс,
әйтпесе, тот басады. Ас пісірген соң әрдайым
құрғақ болуын қадағалау керек.
• Жезден жасалған ыдыстарды сұйықтықтарды
қайнату үшін пайдаланған тиімді.
• Керамикалық ыдыстарды ыстық суда жуу керек.
Керамикалық ыдыстарды духовкада пісіретін
тағамдарға қолданған дұрысырақ. Алайда, есте
ұстайтын нәрсе, оны ыстық пешке бірден салмаңыз.
Кызбаған духовкамен бірдей жылытып , кейін
пайдалану керек.
• Қыш ыдыстарда майды сақтауға болмайды.
Өйткені мұндай ыдыс майды сақтай алмайды және
майдың иісін жағымсыз етеді.
• Шыны ыдыстар температураның бірден ауысуынан
әсер алып сынуы ықтимал. Яғни, ыстық суда жуып
бірден салқын суға салып шаюға болмайды. Ыстық
судан шыққан шыны ыдысқа бірден ыстық тағам
құйған дұрыс емес.
• Фарфор ыдыстары ерекше күтімді талап етеді.
Құрметті қонақтардан соң фарфор тәрелкесін
қайта салып сақтап қоюыңыз үшін, оны алдымен
жақсылап сүртіп құрғатыңыз. Және міндетті түрде
таза қағазбен ораңыз.
• Шыны және хрусталь ыдыстарын ыстық суда
жуса, қарайып кетеді. Хрусталь ыдыстарын жуып
болғаннан кейін кептіріп қоймай, оны құрғатып
сүру керек.
• Сабы ағаш және пластмасса пышақ,
шанышқыларды былғанған сәтте тезтез жуып,
сүркен дұрыс. Әсіресе, ыстық суда тұрыңқырап
қалса, желімі еріп, ажырап кетеді. Ал пышақтың
кесетін жері қарайып кетеді, сондықтан пышақты
мейілінше ыстық суда жумаған абзал, өтпей қалады.
• Алюминийден жасалған кастрөлдің пайдалануға
берілген кепілдік мерзімі — 2436 ай. Бірақ,
ыдыстың күтімі жақсы болса, көп жыл қызмет етеді.
Алюминийден жасалған кастрөлді ұнтақпен
тазартқан дұрыс. Ал егер қарайып кетсе, сірке суы
мен лимон қышқылын салып, су толтырып, 15
минуттай қайнатып алыңыз. Алюминий ыдыстарды
пайдаланғанда дастарқанға жалаң қойылмауы
керек, дастарқанда дақ қалдырады. Кейбір пысық
ас үй иелері алюминийден жасалған ыдысты
металл щеткамен жуады. Тіпті, қаспақты да солай
кетіреді. Эмальды, алюминий және күйдіруге қарсы
жамылғысы бар ыдысты осылай жууға рұқсат
етілмейді. Егер жусаңыз, ыдыс түбінің беткі қабаты
бүлініп, зиянды заттар тағамыңызға араласады,
одан соң ағзаңызды бүлдіреді. Ең дұрысы — тағам
күйген кастрөлге тұз бен ас содасын салып, су
құйып, аз уақыт қоя тұрыңыз, жеңіл тазартылады.
• Қасық, шанышқыларыңызды жуып болғаннан кейін
міндетті түрде құрғатып, я болмаса сүрткен жөн.
Олай болмаған жағдайда көгеріп кетеді.
• «Тот баспайтын» ыдыстар жеңіл жуылады әрі
әрқашан жаңа күйіндегідей жарқырап тұрады.
• Ал күйдірмеуге қарсы жамылғысы бар, яғни
тефлонды жамылғысы бар кастрөлге ерекше күтім
қажет. Бұл жамылғылар бүлінсе, зиянды заттар
бөледі. Сондықтан да қымбат жамылғыны
бүлдірмес үшін осындай ыдысқа ас пісіргенде ағаш
қасықтарды пайдаланған тиімді.
ЫДЫС САТЫП АЛАРДА ЕСКЕРЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР
Пластикке құмар болмаңыз
Пластикадан жасалған ыдыстарды алушылар
көктемде көбейеді. Өйткені ол табиғат аясына
шығып серуендеуде жеңіл әрі қолайлы, арзан ыдыс
түріне жатады. Дегенмен оның денсаулыққа зияны
шашетектен. Оның құрамындағы түрлі зиянды
қоспалар ағзаны уландырады. Егер бір реттік
мұндай ыдысты бірнеше рет пайдаланса, онда
салқын тағам сақтаса, құрамындағы улы заттар
тағамға сіңе бастайды. Осылай ауыр металл ағзаға
еніп, асқазан жарасын, жүрек ауруларын үдетіп,
қан тамырларының тарылуына жол ашуы мүмкін.
Пластиктен жасалған бір реттік ыдыстар ыстық
және салқын тағам салатын, микротолқынды
пештерде тамақ ысытуға арналған болып түртүрге
бөлінеді. Оларды осы қажетіне қарай дұрыс
қолдану керек. Ал орындары ауысып кетсе,
ағзаңызға өкпелемеңіз. Сынған, шеті жырылған ыдысты пайдалану да зиян.
Мұндай ыдыстан зиянды қоспалар көбірек бөлінеді.
Сондықтан ыдыстың бүтін болуына да мән беріңіз.
Бір сағатқа ғана жарайды
Ішкі бөлігі фарфор, сыртқы көрінісі пластмассаға
ұқсайтын мұндай ыдыстарды біздің елде кез
келген үйдің асханасынан кездестіруге болады. Ал
еуропалықтар мұндай ыдыстан әлдеқашан бас
тартқан. Өйткені меламин ыдыстардың
құрамындағы қоспалар денсаулыққа өте зиян
болып шықты. Мұндай ыдыстардан формальдегид
бөлінеді екен. Ол аллергиялық аурулар тудыратын
ауыр металл.
Меламиннің зияны ол ғана емес. Оның құрамын
дағы қорғасын, марганец, кадмий секілді химиялық
заттар тыныс алу жолдары, бауыр, асқазан, көз жә
не тері ауруларын қоздырады. Сондықтан
пайдаланған күнде де оған тек салқын тағам
салуға болады. Оның өзі бір сағаттан артық тұрмау
керек.
Тоңазытқыш үшін жаралған
Қазір жұқа, жеңіл әрі төзімді, жылтыр ақ түсті
металдан жасалған ыдыстар да үлкен сұранысқа
ие. Бірақ оны да жүз пайыз қауіпсіз дей алмаймыз.
Мұндай ыдыстардан никель мен хром бөлінетіні
анықталып отыр. Сондықтан оған қышқыл
тағамдарды салуға, сақтауға да мүлде болмайды.
Дегенмен салқын тағамдарды сақтау үшін
тоңазытқышта ұстауға болады екен.
Ең қауіпсіз ыдыс осы
Эмальданған ыдыстарды ең қауіпсіз және адам
ағзасына зиян келтірмейтін бірегей зат деуге
болады. Оған тамақ дайындауға да, сақтауға да
болады. Кейбір эмаль ыдыстардың көркін келтіруде
түрлі бояулармен әрлеп жатады. Сол кезде артық
қосылған бояулардан денсаулыққа зиян келуі
мүмкін. Бірақ оның ақ, көгілдір, қара, көк, сұр
түстілерінен қауіптенбеңіз. Ең маңыздысы,
жапсырмасында «ГОСТ» белгісі тұрсын, бұл
ыдысыңыз «подделка» емес деген сөз.
Одан уланатындар көп
Нан жабу, пирог пісіру кезінде аллюминийден
жасалған ыдыстарды пайдаланатындар көп. Десек
те бұл ең зиянды ыдыс болып табылады. Өйткені
қыздыра бастағаннанақ одан улы заттар бөлініп
шыға бастайды. Ондай ыдыстарға тамақты қуыруға,
қайнатуға, сүт пісіруге, сақтауға, тіпті су құйып
қоюға болмайды. Күнделікті өмірде аллюминий
ыдысқа пісірілген астан уланғандар көп кездесетіні
жадыңызда жүрсін.
Тек дайын асқа арналған
Фарфор, керамика және берік металдан жасалған
ыдыстардың зияны жоқ, дегенмен кейде олардың
күнделікті қолданыста ыңғайсыздық тудыратын
кездері бар. Мысалы, фарфор мен керамика
ыдыстарды отқа қойып, тамақ пісіре алмайсыз. Ол
тек дайын асты салуға арналған.
Егер фарфордан немесе керамикадан жасалған
ыдысыңыз қанық бояумен боялған болса, одан
қорғасын мен сынап бөлінуі мүмкін. Сондықтан
бояуы ақшылдау, әлсіз түсті ыдысты таңдауға кеңес
береміз.
Міне, ыдыстардың осындай зиянды жақтары бар.
Дегенмен асханаңызды ыдыстардан босатуға
асықпаңыз. Тек оларды орнымен пайдалануды
үйреніңіз. Мәселен, асты металдан жасалған
ыдыста пісіріңіз де, дайын болғанда эмальді
кастрюльге құйып алыңыз. Ыстықта ауыр металл
бөлетін ыдыстарға тек салқын салат қана салуға
болады.
Осындай ережелерін ұстансаңыз деніңіз де
сау, ыдысыңыз да аман болмақ.
Кез келген үй иесі үшін ыдысаяқ таңдау —
үлкен жұмыс. Таңдау көп. Таңдаған кезде
мынадай екі параметрге сүйенген дұрыс:
ыдыстың беріктігі және қауіпсіздігі.
Тел: 87163653601
email: osh_zanatalap@mail.ru
Жаңаталап негізгі мектебі
Пайдалы
кеңестер
Ыдысты дұрыс таңдау
және қауіпсіз күту 2014 жыл
БРОШЮРА
БРОШЮРА
БРОШЮРА
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.