Қазақтың: «Ер қаруы — бес қару» деп аталатын мақалы «Жауынгердің бес түрлі қару жарағы бар» деген мағынаны білдіреді. Қазақ жауынгерлерінің «Ер қаруы — бес қару» дәстүрлі қару жарақ түрлері:
-Ату (жебелі садақтар),
-Түйреу (найза, сүңгі),
-Кесу (қылыш, семсер, сапы),
-Соғу (шоқпар, гүрзі),
-Шабу (балта, айбалта, шақан)
Ашық далада жау әскерімен кездескенде соғысты алыс қашықтыққа жеңіл қаруланған садақшылар бастаған. Алыстан атыс жүргізу арқылы олар дұшпан әскері мен аттарын шығынға ұшыратуға, шебін бұзуға тырысқан. Осыдан кейін айқасқа ауыр қарулылар, найзашылар, одан кейін шақасқа жекпе-жек өкілдері қылышкерлер, айбалташылар, шоқпаршылар бірнеше қосынға бөлініп кезек-кезегімен кіргізілген. Қазақ әскерлерінің жоңғарлармен салыстырғанда, зеңбіректерінің болмауы, соғыстың нәтижесіне белгілі дәрежеде әсер етті. Қазақ жауынгерлерінің білтелі мылтықтары өте аз болды.
Қазақтар шайқаста ерлігімен көзге түскен қатардағы жауынгерлер мен қолбасшыларды «батыр» атаған. Батыр атағы халық тарапынан жеке тұлғаларға қан майданда ерліктің ерен үлгісін көрсеткендерге ғана берілді. Бұл атақ мұрагерлікке қалдырылмады. Батыр атағын хан-сұлтандар да, билер мен қарапайым халық та ала алатын. Әрбір ру мен тайпаның маңызды жауынгерлік атрибуттарына: жасақтың туы мен ұраны жатады. Ұраны арғы ата-бабасының руындағы қасиетті саналатын тұлғаның есімімен аталды. Жауға тойтарыс беруде қазақтар әскери өнердің озық әдістерін қолданды. Қазақ жауынгерлері жауға қарсылық көрсетуде батылдық пен батырлық танытты.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.