Тақырыбы: «Біздің балаларымыздың денсаулығы біздің қолда»
Мақсаты:
Баланың денсаулығына үлкен жауапкешілікпен қарау;
Балаларға күнделікті жаттығу жасауға дағдыландыру;
Балаларды таза ауада жүруге, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.
Құрметті, Ата-аналар, бүгінгі «Бала денсаулығы – біздің қолымызда» атты семинар-практикумға қош келдіңіздер. Бүгінгі отырысымызды «Бала денсаулығы – біздің қолымызда» деген слайдтан бастаймыз. Назарларыңызды экранға аударыңыздар.
Тақырыбы: «Біздің балаларымыздың денсаулығы біздің қолда»
Мақсаты:
Баланың денсаулығына үлкен жауапкешілікпен қарау;
Балаларға күнделікті жаттығу жасауға дағдыландыру;
Балаларды таза ауада жүруге, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.
Құрметті, Атааналар, бүгінгі «Бала денсаулығы – біздің қолымызда» атты семинар
практикумға қош келдіңіздер. Бүгінгі отырысымызды «Бала денсаулығы – біздің
қолымызда» деген слайдтан бастаймыз. Назарларыңызды экранға аударыңыздар.
1 слайд (мақсаты: балаларымыздың денсалығын нығайту. Көптеген аурулардың алдын алу;
міндеттері: денсаулықты сақтау шаралары арқылы балаларды спортпен айналысуға
қызығушылықтарын арттыру)
2 слайд :таңертеңгілік жаттығу
3 слайд :серуен, гигиеналық шаралар
4 слайд :ұйқыдан тұрғаннан кейін шаралар( ұйқыдан тұрғаннан кейін жаттығу, денсаулық
жолымен жүру, ауызды тұзды сумен шаю)
5 слайд : назарларыңызға рахмет!
Кеңес«Дені саудың жаны сау»
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жолдауында «Салауатты өмір салты мен
адамның өз денсаулығы үшін, ынтымақты жауапкершілік қағидаты, міне осылар
денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұмысындағы, мемлекеттік саясаттың
ең басты мәселесі болуы тиіс »екенін атап көрсеткен.
Балалардың денсаулығын нығайтуда, спортқа әуестендіріп,күн тәртібі ережелерін сақтай
білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтыру, салауаттылыққа тәрбиелеу
мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты.
Жанжақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір
атаана мен балабақшаның міндеті.
Организимді шынықтыру бала денсаулығын күшейтудің ең негізгі жолы. Шынықтыру дене
тәрбиесінің маңызды бөлігі, ол табиғи факторлардың үйлестірілген әсерлеріне жүйелі
түрдегі жаттығулар арқылы орындалады.
Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы,бітімі үйлесімді,әрі сымбатты
келеді және ауарайының кез келген жағдайында жеткілікті дәрежеде серуендей алады.
Шынықтыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.Үзу немесе тоқтату салдарынан
организмді шынықтыру барысында қалыптасқан бейімделу реакциялары
жойылады.Сондықтан да,шынықтырудың жүйелілігі,яғни шынықтыру әрекеттері күнделікті
кез келген мезгілде жүргізілуі тиіс.
Денсаулық табиғаттың берген құнды байлығы,оны бастапқы күйде сақтау ол адамның жеке
салауатты өмір сүруіне байланысты екенін есте сақтай отырып, шынықтыру жұмыстарыжергілікті жердің климаттық жағдайларына сай жүргізілуі керек. Баланың дене
құрылысын шынықтырушы іс шаралар балаға ұнап , жақсы эмоция тудыруы мүмкін.
Балабақша педагогтары «Балабақшаға денсаулық үшін!» бағдарламасын өңдеп,іске
асырды.Бағдарламада алға қойған мақсат.денені жанжақты дамыту, дене құрылысын
шынықтыру, іскерліктерін қалыптастыру,денсаулық сақтайтын техналогияларды жүзеге
асыру.Жаңа инновациялық техналогиялар бойынша балалар төмендегідей әдістерін
күнделікті шынықтыру шараларында пайдаланылады.
Балаларға жалаң аяқ тұзды суға салынған алаша бойымен жүріп өту.
Жалаңаяқ жүру
Қабырғалы тақтай үстімен және қиыршық тастар үстімен жүріп өту.
«Тынысалужаттығуы»
«Кинезиолог»
Жаттығуларыбалаларғатиімдіжолдарарқылыұйымдастырылды.Педагогтардың кешенді
жұмыс бағдарламасының құрылымына енетін қосымша материалдар баланың дене
бітіміне,денсаулығына әсер етіп жанжақты дамытып,баланы еңбексүйгіштікке,ептілікке
тәрбелейтіні сөзсіз.
«Сергіту сәті» әуенмен
Ойын: Не пайдалы? Не пайдасыз? (балалар қандай тағам пайдалану керек? донер,
конфеттер,кола, балмұздақ; ет, көкөністер, жемістер, шырын, сүт, айран, ірімшік)(екі
себетке салғызу)
Атааналар, сіздерге үй тапсырмасы берілді, соларды шығып таныстырсаңыздар?
(атааналар шығып көрсетеді)
Атааналарға көп рахмет, біздің сөзімізді жерге тастамай әкелгендеріңізге. Міне сіздер
күніңіздің 12 сағатын бөлсеңіздер, ал балаларға оның тигізер пайдасыкөп. Әкелмеген ата
аналар да өз үлестерін қосады деген ойдамын. Әр атаана өз баласының денсаулығына
немқұрайлы қарайд деп ойламаймын, сондықтан да қалғандарыңыз балаларға
денсаулығына пайдалы құралдар жасап әкеп береді.
Ойын: «Не пайдалы? Не пайдасыз?»
(балалар қандай тағам пайдалану керек? донер, конфеттер,кола, балмұздақ; ет, көкөністер,
жемістер, шырын, сүт, айран, ірімшік)(екі себетке салғызу)
«Денсаулық жолымен»
Енді атааналар сіздерді ортаға шығып «Денсаулық жолымен» жүріп өтіңіздер. Кімде
чешки бар чешкимен, ал кіде жоқ аяқ киімдерін шешіп өтсін. Міне біздің табанымызда
көптеген нүктелер бар. Сол нүктелер денеміздің әр ағзасына жауап береді. Міне соларға
массаж жасаған кезде ағзамыз жаттығып, сергіп қалады.Бүгінгі ісшараны келесі ғұламалардың сөздерімен аяқтағым келіп тұр:
Егер біз мықты, дені сау ұрпақ өсіргіміз келсе, біз баланы «дені сау бала болсын деп
үйретуіміз керек». Дені сау балаол отбасының қуанышы.
«Денсаулықол бәрі емес, бірақ денсаулықсызештеңе керек емес» — Сократ
«Егер бір жыл алдыға ойласаңонда дән ек. Егер онжылға бұрын ойласаңағаш
отырғыз.Егер бір ғасыр бұрын ойласаң адамды тәрбиеле» шығыс даналығы.
«Мен қайтақайта қайталағаннан қорықпаймын: денсаулықты ойлау бұл атаананың ең
маңызды еңбегі. Балаларының өмірсүйгіштігінен, сергектігінен, еркіндігінен олардың
рухани құндылықтары, әлемді тануы, ақыл ойдың дамуы, өз күшіне сенімді болады» —
В.Сухомлинский.
«Дені саудың жаны сау», «Денсаулықты ақшаға сатып алаалмайсың» — мақалдар.