Бізді не қоршап тұр
Оценка 5

Бізді не қоршап тұр

Оценка 5
Разработки уроков
docx
окружающий мир
2 кл
03.05.2017
Бізді не қоршап тұр
1-САБАҚ. Бізді не қоршап тұр? (топсеруен) Сабақтың мақсаты: оқушыларды қоршаған әлемнің алуан түрлілігі және әдемілігімен таныстыру; тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығару сияқты зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру. Сабақтың көрнекілігі: альбом, қарындаштар, табиғи материалдар жиналған папка.1-САБАҚ. Бізді не қоршап тұр? (топсеруен) Сабақтың мақсаты: оқушыларды қоршаған әлемнің алуан түрлілігі және әдемілігімен таныстыру; тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығару сияқты зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру. Сабақтың көрнекілігі: альбом, қарындаштар, табиғи материалдар жиналған папка.
Дүниетану.docx2.docx
Күні Сыныбы 1­САБАҚ. Бізді не қоршап тұр? (топсеруен) Сабақтың мақсаты: оқушыларды қоршаған әлемнің алуан түрлілігі және  әдемілігімен таныстыру; тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарын  бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығару сияқты зерттеу  жұмыстарының қарапайым дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру. Сабақтың көрнекілігі: альбом, қарындаштар, табиғи материалдар жиналған  папка. Сабақтың барысы: Топсеруенге дайындық. а) Топсеруеннің мақсаты мен міндеттері қойылады.  ә) Сынып оқушылары бірнеше топқа белініп, зерттеу нысанын таңдайды. Зерттеу, бақылау жұмысы. Ағаш, бұта, шөптерді бақылау жоспары: Қандай ағаштарды керіп тұрсыңдар? Ағаштың діңіне қарап, оның  а) түсін анықтаңдар. Ағаштардың діңдерінің жуандығын салыстырыңдар.  Жапырақтардың түстері қандай? Пішіндері қандай? ә) Бұталарға қараңдар. Олардың ағаштардан қандай айырмашылығы бар?  Олардың сырт көрінісінен қандай өзгешелік байқадыңдар? Өсімдіктердің ішінен шөптерді тауып, оларды ағаш және бұталармен  б) салыстырып, айырмашылығын табады. Олар несімен ерекшеленеді? Шөп қандай бөліктерден тұрады? Мұғалім оқушыларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа зерттеуге тапсырма  береді. 1­топ ағаштарды зерттейді. Көргендерін және ағаш туралы алған жаңа  мәліметтерін пайдаланып, әңгіме құрастырады. 2­топ бұталар туралы әңгіме құрастырады. 3­топ шөп туралы әңгіме құрастырады. Тыныштық минуты. Оқушылар үн­түнсіз аспан, күн, құстарды бақылайды. Сонан кейін  көргендерін әңгімелейді. Әңгімелесу. Оқушылармен мынадай сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі. 1. Тірі және өлі табиғат бір­бірімен қалай байланысты? 2. Адамдар табиғаттан не алады? 3. Қандай сезім мүшелері табиғатты және оның сұлулығын сезінуге  көмектеседі? 4. Өз өлкеңнің табиғи байлығы туралы әңгімеле.  5. Сурет салу. Өз өлкесінің табиғатының сұлулығын бейнелеу. Пікірталас. Қоршаған әлемге қалай қарау керек? Топсеруенді қорытындылау. 1. Топсеруенде көргендеріңнен неге қуандыңдар,  ал неге ренжідіңдер? 2. Сен қоршаған әлемге қамқоршы, жақсы дос бола аласың ба? Дүниетану Күні: 05.09.2013ж Сыныбы:  2 «А» Тақырыбы: Табиғат және адам Сабақтың мақсаты: экология және адам өміріндегі оның рөлі туралы ұғым  қалыптастыру; оқушыларды эколог мамандығымен таныстыру. Сабақтың көрнекілігі: «Экология», «эколог» сөздері жазылған кестелер; балалардың  топсеруен барысында салған суреттері; қарындаштар және жұмыс дәптері. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. «Табиғат» сөзіне топтастыру жасау.  Денсаулық        емделу         ауа                 тамақ демалыс жәндіктер        баспана су        өсімдіктер       киім          жануарлар Оқушылар «тірі және өлі табиғат арасында байланыс бар» деген қорытынды шығарады. Жаңа тақырыппен жұмыс. Оқулықтағы мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс істеу. Тақтаға сурет ілінеді. ­ Суретте нелер бейнеленген? Не байқадыңдар?  ­ Оқушы жауаптары: ­ Көл. Көлдің айналасы шашылған қоқыс, өлген құс, балықтар. ­ Зауыт бейнеленген. Зауыттың мұржаларынан қара түтін будақтап шығып жатыр. ­ Сынған ағаштар. Бүлінген табиғат.  ­ Мұғалім: ­ Ал осыны қалпына келтіру үшін не істеу керек? ­ Табиғатта бүлінгендерді қалпына келтіру керек. Ағаш отырғызып, гүлдер өсіру  керек. Жануарларға қамқорлық жасау керек. Қоқыстарды өзен­көлге төкпей,  арнайы коқыс төгетін жерлерге төгу керек. ­ Тақтаға «экология», «эколог» деген сөздер жазылған кесте ілінеді. Оқушылар экология және эколог туралы білетіндерін ортаға салады, мұғалім оларды  толықтырады. Экология – тірі табиғаттың ортасы мен байланысын зерттейтін ғылымның бір  ­ саласы. Эколог ­ табиғатты бүлінуден сақтайтын, қорғайтын адам (мамандық иесі). Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Экологиялық ережелермен жұмыс. Оқушылар экологиялық ережелерді толықтырады. Осыдан кейін оқушылар топсеруенде салған суреттерін тақтаға іледі, сурет бойынша  қорытынды шығарады. Бақылау күнделігімен жұмыс. Сабақты қорытындылау. ­ Қалай ойлайсыңдар, біз эколог бола аламыз ба? ­ Өзен­көл мен теңіз, мұхиттарда балықтар қырылып, құс, жәндік, жануар,  өсімдіктер жойылып кетпеуі үшін не істеу керектігін естеріңе түсіріңдер. Бұған  кім кінәлі? Жер планетасы үшін сен қандай жақсылық істер едің? Сабақ соңында оқушылар  ­ табиғат, табиғат құбылыстары туралы білетін өлеңдерін оқиды. Мәселен:  Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр!  Жау, егіннің көгі өссін!  Сұлудай бұраң құракты,  Айдын шалқар көлі өссін! Ой мен қырдың шалғыны  Жатқан малды жасырсын!  Табиғаттың көркіне  Таңғалып, жан бас ұрсын! Б.Майлин  Үйге тапсырма беру. Күні: 06.09.2013ж.                        дүниетану   №2 Сыныбы:  2«А»  Тақырыбы:  Адам – табиғаттың бір бөлігі. Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның дене мүшелері мен ішкі  ағзаларын ажырата білуді үйрету; адамның табиғаттың бір бөлігі  екендігін ұғындыру. Сабақтың көрнекілігі: «Адамның дене мүшелері. Ішкі ағзалары» және  «Жануарлар» суреттері. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық.  Үй тапсырмасын тексеру.  Жаңа материалмен жұмыс. Адам денесі қандай бөліктерден тұрады? Адамның қандай ішкі  ағзаларын білесің? (Оқушы жауаптары тыңдалады, толықтырылады).  «Венн диаграммасын» толтыру. «Венн диаграммасы» Мұғалімнің басшылығымен оқулықпен жұмыс. а) Оқушылар өздерінің денесінен дене мүшелерін көрсетеді. ә) Мұғалім суреттен адамның ішкі ағзаларын көрсетеді, ал оқушылар сол  ағзалардың орналасқан орнын өздерінің денелерінің сыртынан көрсетеді. Мұғалім әрбір ішкі ағзаның қызметін түсіндіреді. Өкпе ­ тыныс алу органы. Ойлау бастағы мимен байланысты. Жүрек ­ бойға қан жүргізуші басты ағза. Басқа ағзалардың жұмысы жүрекпен байланысты. Ең бастысы, сабақта дені сау адамның ағзалары белгілі тәртіппен жұмыс  істейтінін атап кеткен дұрыс. Сондықтан адам организмін дұрыс сақтап,  салауатты өмір сүру керектігі айтылады. б). Кез келген жануар мен адамның денесіне салыстыру жұмысы жүргізіледі. Бақылау күнделігімен жұмыс. 1. Жұппен жұмыс. 2. Өздік жұмыс.  Сабақты қорытындылау. ­ Адам дүниеге келген соң қалай дамиды? ­ Осы сабақта адамның қандай ішкі ағзаларымен таныстың? Өз организміңнің құрылысын не үшін білуің керек? ­ Үйге тапсырма беру. Құстар мен жануарлардың ағзаларынын жұмысы туралы оқып келу. Күні: 12.09.2013ж.     №3 сабақ             Дүниетану Сыныбы:  2 «А» Сабақ тақырыбы:  Өмір сүру үшін  адамға не қажет? Сабақтың мақсаты: адам өмірінде ауаның қандай маңызды орын алатынын  түсіндіру; адам өміріне қажетті жағдайлар туралы түсініктерін  қалыптастыру; логикалық ойлау, бақылау, қорытынды шығара алу  дағдыларын дамыту. «Адам ­ табиғаттың бір бөлігі» деген түсінікті  қалыптастыра отырып, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; Сабақтың барысы:  Психологиялық дайындық.  Үй тапсырмасын тексеру. Сызба құрастыру: Адам ­ табиғаттың бір  бөлігі тамақтанады өседі өледі Дүниеге  келеді келеді          ұрпақ  қалдырады Оқулықтағы мәтінді оқу. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Мәтіннен негізгі ойды табады.  ­ «Бізді ауа қоршап тұр», «Ауасыз тіршілік жоқ» дегенді дәлелдеңдер. Оқулықпен жұмыс. а) ә) Мазмұнымен жұмыс. б) Адамға тіршілік үшін мыналар керек: а) ә) су; б) в)  Топпен жұмыс. «Мен саған рақмет айтамын, Табиғат!» деген тақырыпта қысқаша әңгіме  құрастырылады. ­ Сен табиғатқа борыштысың ба? пицца;  ауа; жарық пен жылу. ­ «Адам ­ табиғаттың бір бөлігі» деген шындыққа сәйкес келе ме? Осыған  келісесің бе? Сабақты қорытындылау. Рефлексия (ойды жалғастыр). ­ Қызық көрінді... ­ Толқыдым... Үйге тапсырма беру. «Адам өміріне не қажет?» мәтінін түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.8 бет. Күні: 13.09.2013ж    №4 сабақ Сыныбы: 2 «А» Сабақ тақырыбы:  Адам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алады Сабақтың мақсаты: оқушыларды өздерін табиғаттың және қоғамның бір бөлігі екенін  сезінуге үйрету; адамның табиғаттан не алатынын түсіндіру; жер бетінде адамдар әртүрлі  және оларға тіршілікке қатысты заттың бәрінің ортақ екенін түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: суретшілер салған портреттер және жануарлардың суреттері. Сабақтың барысы: «Өзім туралы бір ауыз сөз» тіл дамыту жаттығуы. Мысалы: «Мен адаммын. Шашым қара,  ұзын, көзім қой көзді, бойым орташа, тәттіні жақсы керемін». «Мен анама тартқанмын. Менің шашым анамдікіндей қара, арықпын, жануарларды жақсы  көремін». Біз өзіміз туралы айттық. Жер бетінде өсімдік, жануарлар әлемі бар. Ал жалпы  – тіршілік атаулының ішіндегі саналысы – адам. Жаңа материалмен жұмыс. Оқушыларға қойылатын тірек сұрақтары арқылы әңгіме жүргізіледі. 1. Адам туралы айтыңдар. Оның қандай жақсы және қандай жаман қасиеттері бар? 2. Адам қоршаған әлемге қалай қарайды? 3. Адам өсімдіксіз және жануарларсыз өмір сүре ала ма? Әңгімеден соң оқушылар  мұғалімнің басшылығымен «Адам. Өсімдіктер. Жануарлар» деген сызбаны толтырады. Осыдан кейін оқушылар «Адам ­ табиғаттын бір бөлігі» деген түсініктерін  қорытындылайды. — Адам ауамен тыныс алады, тамақтанады, еседі, ақыл­ойы дамиды,  ұрпақ  қалдырады. Сондықтан адамға да ауа, жарық, жылу, қорек қажет. Енді адам  жануардан несімен ерекшеленетіні жөнінде айтайық (адам ойлайды, сөйлейді, еңбек  етеді). Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мұғалім оқиды, сонан соң оқушылар оқиды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. ­ Адамға қол, аяқ, бас не үшін керек? ­ Олар қандай қызмет атқарады? Үйге тапсырма беру. Адамның табиғатта өзін ұстауы туралы ереже құрастыр. 3. Адам мен жануарды салыстыру. «Венн диаграммасын»  «Венн диаграммасы» 4. Қорытынды жасау. Адам ­ ақылды. Ол табиғатты зерттеп, оны қорғайды. Жер бетінде болып  жатқан өзгеріс, жаңалықтардың бәріне жауап береді. 5. «Білімпаздар үшін» рубрикасы. Біз өзімізге қажеттінің бәрін Жерден аламыз. Бағбан жеміс ағашын өсірсе,  егінші егіншілікпен айналысады. Жеміс­жидек, дәнді дақыл, көкөністер ­  азық. Адамдар сонымен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Қазақ  халқы үй жануарларын төрт түлік мал деп атайды. Оларға түйе, жылқы,  сиыр, қой, ешкі жатады. Төрт түлік малдың ауыл шаруашылығына тигізер  пайдасы мол. Бақылау күнделігімен жұмыс. 1. Ұжымдық жұмыс. Ережелер құрастырып, дәптерлеріне жазады. Өздік жұмыс. 2. Сабақты қорытындылау. ­ Адам ақылды болғандыктан, ол қоршаған әлемде өзін қалай ұстау қажет? Үйге тапсырма беру. Адамның табиғатта өзін ұстауы туралы ереже құрастыр. Күні:   19.09.02013ж       дүниетану Сыныбы: 2 «А» сыныбы Сабақ  тақырыбы: Адам еңбегімен құрметті. Сабақтың мақсаты: жаз бен күз мезгілдеріндегі адам еңбегі туралы түсініктерін  қалыптастыру; адам еңбегіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сабақтың көрнекілігі: «Егістік пен бақшадағы еңбек», «Бақтағы жұмыс», «Ауыл  шаруашылык машиналары» атты картиналар. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Сұрақ: ­ Адам не үшін еңбек етеді? (Оқушы  жауаптары  тыңдалады). ­ Енді көзімізді жұмып, бір сәт «Ешкім не жаз мезгілінде, не күз мезгілінде еңбек  етпесе,...» деп ойланып көрейік. Онда не болады? (Оқушылардың пікірі тыңдалады). Пікірталас.    «Адам міндетті түрде еңбек ету керек» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру.  Пікірталас барысында оқушылар еңбектің арқасында адамның көп жетістіктерге  жететіндігіне көздерін жеткізеді. Адам тамақтанады, киінеді, баспана салады. Еңбек  адамды ақылды, мейірімді, қамқор болуға баулиды. Қорытынды: Адам төрт мезгілде де еңбек етеді. Бақ, егістік, бақша, гүлзарларда еңбектенеді.  Көкөністер мен жемістерді өсіреді. Баспаналарын жөндейді. Малға азық дайындайды. Қысқа азық дайындайды. Табиғатқа қамқорлықпен қарайды. Оқулықпен жұмыс. 1. Балалар мәтінді қарындашпен белгілеп отырып оқиды  2. Мәтін мазмұны бойынша жұмыс. а) Адам жаз мезгілінде бақ, бақша, егістік пен саябақтарда қандай еңбек атқарады? ә) Ал күзде ше? б) Бақшадағы күзгі жұмыс басқа мезгілдегі жұмыстардан қалай ерекшеленеді? Бақылау күнделігімен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы оқушы лар өз беттерімен орындайды, орындай алмай қиналған балалар жұппен немесе оқулықтың көмегімен орындайды. Сабақты қорытындылау. а) Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру. ә) Сергіту жаттығуы. б) Қорытынды. Еліміздің экономикасының өркендеуі үшін көптеген адамдар ауылда,  қалада аянбай еңбек етеді. Сондыктан біз олардың еңбегін кұрметтеуіміз керек. Біз де  сапалы білім алып, алдағы уақытта Отанымыздың өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз. Үйге тапсырма беру. «Менің бақтағы, бақшадағы, саябақтағы еңбегім» тақырыбына мәтін құрастырып, сурет  салып келу. Дүниетану  Күні: 20.09.2013ж Сыныбы: 2 «А» Сабақ  тақырыбы:  Сенің еңбегің Сабақтың мақсаты: оқушылардың еңбек туралы алған түсі­ніктерін кеңейту;  еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру; еңбексүйгіштікке баулу, адам  еңбегін сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. 1. Қ. Мырза Әлидің «Өзің пісірген ас тәтті» өлеңі оқылады. 2. Өлеңнің мазмұны талданады.  Жаңа материалмен жұмыс. 1. Әңгіме жүргізу. ­ Ақын Қ. Мырза Әлидің өлеңі жалпы нені насихаттап отыр? ­ Үйдегі еңбек. Біз де үйде анамызға көмектесеміз: ыдыс жуамыз, үй және есік алдын сыпырамыз, төсек жинаймыз. Еңбек адамды шыңдайды. ­ Адам жастайынан еңбек етуге үйренуі тиіс. Жалқаулық адамды аздырады. 2.Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы мәтін оқылады. Оқушылар мәтіннің мазмұнын талдап, «Адам  еңбектің арқасында табиғаттың байлығын игеріп, дәулетке кенеледі» деген  қорытынды жасайды. 3.«Еңбек не береді?» сызбасын құрастырады.  4.Оқулықтағы суретпен жұмыс. Мамандықтар туралы әңгіме жүргізіледі.  Жаңа сабақты бекіту. Оқушылар  үйде атқаратын жұмыстары туралы, яғни ата­аналарына, ересектерге қалай көмек көрсететіндерін айтады.  Сабақты қорытындылау. ­ Әрбір адам неге еңбектену керек?  Үйге тапсырма беру. Болашақта қандай мамандык иесі болғың келеді? Сол  мамандық туралы ­ оқып, біліп келіңдер. Күні Сыныбы 9­10­11­12­САБАҚТАР.   Көкжиек.   Көкжиектің   негізгі   және  аралық   тұстары. Жергілікті   жерді   бағдарлау.  Құбылнама.   Топсеруен   (практикалық   жұмыс). Жергілікті белгілер бойынша бағытты анықтау Сабақтың мақсаты: оқушыларды тұсбағдарды қолдана білуге, жергілікті белгілер бойынша   бағытты   анықтай   білуге  үйрету,   байқампаздық   пен   әуесқойлықтарын дамыту. Сабақтың көрнекілігі: тұсбағдар, альбом, қарындаштар. Сабақтың барысы: Мұғалімге   бұл   сабақтарды   табиғат   аясында   өткізген   тиімді   болады.   Мұғалім оқушыларды алдын ала топсеруеннің міндеттерімен және бағытымен таныстырады, жол бойы кәргендерін бақылауға тапсырма береді. Мұғалім   оқушылардың   қоршаған   табиғаттың   кеңістігі  туралы   алған   білімдерін толықтырады. Көкжиек, көкжиек сызығы туралы түсіндіреді. ­  Адам қай жерде жүрседе,оны кеңістік қоршап тұрады. Біз  оның жартысын ғана кәреміз. Біздің айналамыздағы көз жететін кеңістік көкжиек деп аталады. Көкжиек ­ аспан мен жердің көз жететіндей түйіскен жері. Адам төбеге қарай көтерілген сайын, көкжиек кеңейе түседі. Құбылнама және оның құрылысымен таныстырады. Құбылнама терістікті көрсетіп тұратын магнитті тілі бар, жер жағдайын көрсететін аспап екені түсіндіріледі. Практикалық   жұмыс   жүргізіледі.   Оқушылар   көкжиектің  негізгі   тәрт   тұсын ажыратады. Тәрт негізгі тұс: солтүстік ­ С,  оңтүстік ­ О, батыс ­ Б, шығыс ­ Ш. Негізгілердің   арасында  орналасқан   көкжиектің   тәрт   аралык.   тұстары:   солтүстік­ батыс (СБ), солтүстік­шығыс (СШ), оңтүстік­батыс (ОБ), оңтүстік­шығыс (ОШ). Содан   кейін   балалар   жергілікті   жердің   көкжиегін   анықтайды,   суретін   салады, альбом мен дәптерлеріне белгілейді. Мұғалім сыныпқа келген соң оқушылардың топсеруеннен  алған білімдерін бекітеді. Үйге тапсырма береді. Топсеруеннің екінші сабағында алдыңғы сабақта алған білімдері пысықталады. ­ Кеңістіктің көзге кәрінетін бөлігі қалай аталады? ­ Кәрінетін бөлігінен кәрінбейтін беліктің қандай айырмашылығы бар? ­ Көкжиек сызығы дегеніміз не? ­  Көкжиектің негізгі және аралық  тұстарын ата.  Мұғалім оқушылардың білімдерін бағалап,   жаңа   сабақтың  тақырыбымен   таныстырады.   Оқушыларға   бұл   сабақта өздігінше бақылағандарын талдап, қорытынды жасауға тапсырма беріледі. Әңгіме   барысында   оқушылар   адам   өзінің   тұрған   жерін  күнге   қарап,   түнде жұлдыздарға   қарап,   жергілікті   жердің  белгілеріне қарап, көкжиектің тәрт тұсын бағдарлай білу керек деген қорытындыға келеді. Сабақтың келесі кезеңінде мынадай өзекті сұрақ қоюға болады: ­ Күн бұлтты болып, ал түнде Поляр жұлдызы кәрінбесе,  көкжиек тұстарын қалай табуға болады? ­ Құбылнаманың көмегімен. Мұғалім құбылнама және оның құрылысымен таныстырады. Практикалық   жұмыс   барысында   оқушыларға   тұсбағдардың  жанында   темір   заттар болмауын ескерткен жөн. Тоғай, орман ішіне кіргенде құбылнаманың қалпын таныс пунктке бағытты белгілеп қою керек. Бұл қайтарда кері бағытты дұрыс табу үшін керек болады. Егер адам өзіне таныс пунктінің бағытын білмесе, онда оған құбылнама да көмектесе алмайды. Құбылнаманы пайдалана білу дағдылары сыныпқа келіп,  оқулықпен жұмыс істеу барысында бекітіледі. Бақылау күнделігімен жұмыс. Үшінші   сабақ   та   табиғат   аясында   өтеді.   Бұл   сабақта   оқушылар   табиғи «құбылнамамен» танысады. Оқушылар ағашта  өскен мүк пен  қына,  құмырсқаның илеуі,   қайың,   қарағайдың  діңдері   және   т.б.   арқылы   көкжиектің   тәрт   тұсын анықтайды (жергілікті жердің ерекшелігіне қарай). Практикалық жұмыстан соң қалған жұмысты сыныпта жалғастырады. Оқулықпен жұмыс. а)   Суреттерге   қарап,   оларды   өзінің   табиғат   аясындағы  бақылауларымен салыстырып, қорытынды жасайды. ә) Топта өзекті тапсырмаларды шешеді. 1­топтың тапсырмасы: Сен   ауылдан   (қаладан)   орманға   (тоғайға)   оңтүстік   жақтан  кірдің.   Сен  қайтарда қандай бағытпен қайтасың? 2­топтың тапсырмасы: Саяхатшылар саяхатқа шықты. Олардың бағыты ­ шығыс жақ. Олар үйге қайтарда бағыттарын қалай анықтайды? Ол қандай бағыт? 3­топтың тапсырмасы: Жаңбырдан соң ғимараттың қай қабырғасы бірінші құрғайды? Неге? 4­топ ­ эксперт тобы. Олар балалардың айтқандарынан қорытынды шығарып, аралық тұстардың бағытын табудың ережесін еске түсіреді. Бақылау күнделігімен жұмыс. Өздік жұмыс. Үйге тапсырма беру. Оқулықта берілген мәтінді түсініп оқу. Бақылау күнделігіндегі тапсырманы аяқтап келу. Күні Сыныбы 13­САБАҚ. Сурет және жергілікті жердің планы Сабақтың   мақсаты:  жергілікті   жердің   планын   құруды   үйрету,   масштабпен таныстыру; жеке суреттерді планмен салыстыру, жергілікті жердің планы туралы ұғымдарын кеңейту; оқушыларды планды оқи білуге үйрету, топографиялық диктант арқылы оқушылардың білімдерін бекіту. Сабақтың көрнекілігі: сызғыш, өшіргіш, түрлі түсті және жай қарындаштар, дәптер немесе альбом беттері. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жаңа материалмен жұмыс. 1. Жұмыс әртүрлі заттарды: текше, өшіргіш, қорап және  стақанды қараудан басталады.   Мұғалім   оқушылардың   назарын   оқулықтағы   текшенің   суретіне аударады. ­ Текше, өшіргіш, қорап, стақандарды планда бейнелей аласыңдар ма? 2. Практикалық жұмыс. а)  Оқушылар текшені, сонан соң өшіргішті, қорапты, стақанды қарындашпен айналдыра сызады. Осы заттардың планы шықты. План ­ бұл сызба. ә) Сабақтың келесі кезеңінде оқушылар алған білімдерін оқулықтағы мәтінмен салыстырады. б)  Оқулықтағы   сурет   бойынша   жұмыс.   Мұғалім   оқушыларды   шартты белгілермен   таныстырады.   Олардың   өзара   орындарын  көкжиек   тұстары бойынша   анықтау   керек.   Масштабты  пайдаланып,  арақашықтықты  өлшеуге болады. Жұмыс  шартты   белгілермен   таныстырудан   басталады.   Алдымен   заттың суретіне, содан кейін шартты белгісіне назар  аударылады. Жұмыс барысында оқушылар планды шартты белгілермен толтырады. Сабақты қорыту. Жергілікті   жердің   планы   туралы   алған   білімдері   бойынша  оқушыларға сұрақтар қойылады. Топографиялық диктант алынады. Біздің мектеп оңтүстік тұста орналасқан. Ал оның батысын да  бақ тұр. Бақ 90 метр жерді алып жатыр, ал оның ар жағында  гүл, бақша жалғасып жатыр. Мектептен солтүстікке қарай тау  созылып жатыр, ал шығысында спорттық алаң, артында жол бар (мұғалім мәтінді өзі құрастыруына да болады). Диктантты әртүрлі әдіспен алуға болады: а) Мұғалім оқиды, ал оқушылар шартты белгілердің көмегімен жазады. ө) Мәтін тақтаға жазылады, ал оқушылар шартты белгілерді пайдалана отырып, суретін   салады.   Оқушыларға   шартты  белгілер жазылған кестені  қолдануға рұқсат беріледі. Дәптермен жұмыс. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. Күні Сыныбы 14­САБАҚ. Ауа. Ауаның қасиеттері Сабақтың   мақсаты:  оқушыларда   ауаның   құрамы   және   қасиеттері   туралы   білім қалыптастыру. Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: «Ауаның құрамы» атты тірек сызба, орман бейнеленген сурет, тәжірибе үшін шар, бір стақан су. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Оқулық бойынша жұмыс. 1)  Оқушыларға   жаңа   сабақты   түсіндірместен   бұрын   оқулықта   берілген   сұрақтар қойылады. Оқушылар өз күштерімен жауап беруге тырысады. 2)Тәжірибе арқылы айналаның бәрінде ауа бар екенін дәлелдеу. 1­тәжірибе. Шарды үрлеп, сонан соң оның желін шығарады. Сұрақ: Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті? 2­тәжірибе.   Екі   ұртыңды   ауамен   толтыр   да,   екі   саусағыңмен  ұртыңды   бас.   Не байқадың? 3) Мұғалімнің түсіндіруі. ­ Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз ­ Жерді  қоршап тұр.  Осы  қабатты атмосфера   деп   атайды.   Ол   біздің  планетамыз   Жерді   Күннің   радиациясынан қорғайды. Егер ауа  қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді. Енді ауа суда да, топырақта да  бар екеніне мысал келтіріңдер. Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге толтырады. Негізгі сөз Ауаның қасиеттері Ауа Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ,  иісі  жоқ, жылы, суық, қатты, т.б. ­ Ауаның құрамы қандай? Тақтаға тірек сызбасы ілінеді. Азот 78 % Көмір қышқыл газы 1 % Оттегі 21 % ­ Сонымен ауа дегеніміз не? ­ Ауа ­ газдардың қоспасы. 4) Оқушылар   «Ауа.   Ауаның  қасиеттері»   мәтінін   оқиды.   Осы  сабақта   алған білімдерін  оқулықтағы мәтінмен салыстырады.  Ауа туралы алған білімдерін бекітеді. 5) Мұғалімнің   басшылығымен   тәжірибе   жасалады.   Жұмыс  майшаммен жүргізілетін болғандықтан, қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуы тиіс. Тәжірибенің нәтижесін кестеге жазады. Сабақты қорытындылау. ­ Ауа туралы не білдіңдер?  Дәптермен жұмыс. Үйге тапсырма беру. Күні Сыныбы 15­САБАҚ. Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы Сабақтың мақсаты: ауаның тазалығын сақтау туралы ұғым қалыптастыру; табиғат пен адам өміріндегі ауаның маңыздылығын түсіндіру; ауаны неден және қалай қорғау керектігін ұғындыру. Сабақтың көрнекілігі: ауаның құрамы және қасиеттері туралы сызба. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Үй тапсырмасын тексеру. ­ Ауаның қасиеттерін айтыңдар. Оқушылар бір­бірінің жұмыс дәптерлерінде орындаған  тапсырмаларын өзара тексереді. Пікірталас ұйымдастыру. ­ «Ауа таза болу керек» деген пікірді қалай түсінесіңдер? Жаңа сабақты түсіндіру. 1) ойды тапқызу (ауа өсімдік, жануар, адамның тыныс алуы үшін қажет). Рөлдік ойын (ойынның бірінші бөлімі). Сынып 4 топқа бөлінеді. 2) Оқулықтағы   мәтіннің   бірінші   бөлігі   оқытылады.   Осы  бөлімнен ең негізгі 1. Адамдар 2. Балықтар 3. Құстар мен аңдар 4. Өсімдіктер Әр топ таңдап алған тақырыбы бойынша ауаның маңыздылығын айтады. Рөлдік ойынның екінші бөлімі. Сынып 3 топқа бөлінеді. 1­топ ­ адам 2­топ ­ экологтар 3­топ ­ жануарлар Экологтарға   адамдардың   үстінен   жануарлардың   шағымы  түседі.   Адам   жаңа комбинаттар,   зауыттар,   жаңармай   колонкаларын   салу   керектігін   айтады. Жануарлар  адамның  жете  ойламағандығынан  көптеген  жануарлардың  қырылып жатқандығы туралы айтады. Жануарларды қорғау туралы әңгімені экологтар көтереді. Әңгімені қорытындылай келе тақтаға немесе плакатқа сызба сызылады. Ауаның ластану себептер Түрлі қалдықтар, улы газдар, пайдаланылған газ, радиация, Ормандағы ағштарды кесу және  әрт т.б.  Мұғалім әңгімеге араласпай, оқушылардың өздерін сөйлетеді. Пікірталас соңында оқушылар Жердегі тіршілік атаулының бәрі адам әрекеттеріне тәуелді екендігіне, сондықтан адам ауа кеңістігін қорғап, оның тазалығын сақтауы тиістігіне көздерін жеткізеді. Ауа ­ тіршілік көзі. ;3) Оқулықтағы мәтіннің екінші бөлігі бойынша жұмыс. ­ Бұл бөлімнен қандай жаңа мағлұмат алдыңдар?  Дәптермен жұмыс. Оқушылар «Ауа тазалығын сақтаңдар» деген тақырыпта сурет салады. Сабақты қорытындылау. ­ Ауаны ластанудан не үшін қорғау және сақтау керек?  ­ Таза ауаны сақтап қалу үшін не істеуіміз қажет?  ­ Үйге тапсырма беру.  ­ Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру, жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. Күні Сыныбы 16,17­САБАҚТАР. Су. Судың қасиеттері Сабақтың   мақсаты:  оқушыларды   судың   қандай   күйде   болатынымен   таныстыру; практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету. Сабақтың көрнекілігі: сызба, глобус, жартышар картасы. Сабақтың барысы: 1. Сабаққа дайындық. Сабақ үнтаспа арқылы Е. Өтетілеуұлының «Су» атты өлеңін тыңдатудан басталады (мұғалімнің мәнерлеп оқуына да болады). Су Су ­ тіршілік негізі,  Онсыз өмір сүрмейсің. Гигиена ­ егізі  Су деп және білгейсің. Су ­ табиғат байлығы  Өзен­көлге барғайсың.  Кемі екі рет әр күні,  Суға түсіп тұрғайсың. Үйде ванна, душ болса,  Салқын сумен құйынғын.  Ыстық сумен шомылсаң,  Суық сумен жуынғын. Су сергітер денеңді,  Е. Өтетілеуұлы Онымен дос болғайсың.  Судан кейін сен енді  Ісіңді оңай жалғайсың. Айналаңды қоршаған,  Табиғатты сүйе біл.  Қауіп­қатер төнсе оған,  Қамқорға алып сүйе біл. Білгін бұны, балалар,  Сусыз ­ құрғақ далалар,  Сусыз ­ қараң далалар.  Ескертеміз бар ұлға,  Ескертеміз бар қызға,  Суды босқа ағызба! Өлеңнің мазмұны бойынша қойылатын сұрақтар: 1. «Су ­ тіршілік көзі» дегенді қалай түсінесің? 2. Судың қандай пайдасы бар? 3. Сен тұратын жерде суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады? Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. 1. «Су» сөзіне топтастыру жасау. Жаңбыр       Сел       Көл Өзен  Қар Тұман 2. Практикалық жұмыс. Су туралы мұғалімнің түсіндіруі. 1 және 2­топ оқушылары су сұйық күйде кездесетінін дәлелдейді. 3 және 4­топ оқушылары су қатты күйде кездесетінін дәлелдейді. 5 және 6­топ оқушылары су газ күйінде кездесетінін дәлелдейді. 7­топ ­ эксперттер тобы. Олар қорытындысын шығарады. Оқулықпен жұмыс. 1. Оқушылар мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап береді. 1. Мәтінді оқыту. 2. Мәтінде берілген мағлұмат пен өздерінің алған білімдерін салыстырады, талдайды, сызба құрастырады. мөлдір ағады  иісі жоқ  дәмі жоқ  түсі жоқ Дәптермен жұмыс. Сызбаны   толтыру.   Егер   оқушыға   тапсырманы   орындау  қиындық туғызса, парталас оқушымен ақылдасады, кеңес сұрайды. Сабақты қорытындылау. 1. Су табиғатта қандай күйде кездеседі? 2. Су қандай жағдайда сұйық күйден қатты және газ күйіне өзгереді? Үйге тапсырма беру. «Су» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру, су туралы сурет салу. Күні Сыныбы 18­САБАҚ. Су ­ еріткіш. Лабораториялық жұмыс Сабақтың   мақсаты:  судың   еріткіш   қасиетін   тәжірибелер  арқылы түсіндіру;   қандай   заттардың   суда   еріп,   қандай   заттардың   ерімейтінін анықтау. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. 1. Судың қасиеттері туралы не білетіндіктері сұралады. 2. Судың қай бөтелкеде бар екенін анықтату (сірке суы су, жаңармай). Жаңа сабақты түсіндіру. 1. Оқулықтағы мәтінді оқушылардың оқуы. 2. Оқулықта   берілген   тәжірибелерді   жасау.   Қажетті   заттар  алдын   ала   дайындалып қойылады. 3. Тәжірибенің   қорытындысын   шығару.   Сұрақтарға   жауап  беріп,   тапсырмаларды орындайды. Логикалық тапсырма. Жүк артқан екі түйе жолға шыкты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, судан әрең өтіп келе жатқан екінші түйеге қулана қарады. Неге? Қандай жағдай болды? ­ Суда барлық заттар ери ме? Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Жаңа сабақты бекіту. Кесте толтыру. Жақсы ериді Нашар ериді Ерімейді Сабақты қорыту. а) «Табиғаттағы су» тақырыбына эссе жазғызу.  Су ­ адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика).  Су ­ қозғалтқыш (паровоз, пароход). Су ­ жол (өзен, теңіз көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы). Су ­ бұзушы (сел, дауыл, су тасқыны).  Су ­ тіршілік. ә) «Бес жолды өлең» құрастыру.  Зат есім (1). Су. Етістік (2). Ағады, қоректендіреді.  Сын есім (3). Мөлдір, таза, иіссіз.  Сөйлем (4). Су ­ бұл тіршілік көзі.  Мәндес сөз (1). Тіршілік. Сабақты қорытындылау.  Үйге тапсырма беру. Оқулықтағы мәтінді оқып, тапсырмаларын орындау. сұрақтарға жауап беру. Күні Сыныбы 19­САБАҚ. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы Сабақтың мақсаты:  су қоймаларын ластау, су қоймаларын  ластанудан сақтандыру шаралары туралы әңгімені жалғастыру; суды үнемдеп пайдалану және оны босқа шығындауға болмайтындығын түсіндіру. Көрнекілігі: «Табиғаттағы су айналымы» плакаты, сызба. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Су туралы жазылған кәркем шығармалардан (өлең, әңгіме, ертегі) үзінді оқыту.  Өз біліміңді тексер. ­ Су табиғатта қандай күйде кездеседі?  Кесте толтыру. Судың күйі Қатты Сұйық Газ тәрізді Түрлі күйде болуының себептері Температура 0 градустан төмен болған кезде Температура 0 градустан жоғары болған кезде Температура, 100 градуста қайнайды. Буға айналады. Пікірталас ұйымдастыру. 1. «Су тіршілік ­ көзі» деген пікірді дәлелдеңдер. 2. Су Жер бетінен жойылып кетсе, не болады?  Қорытынды шығару. 1. Мемлекет тарапынан суды қорғауға қандай шаралар жасалынады? 2. Әрбір оқушы, әрбір адам суды сақтауы және қорғауы үшін не істеу керек? Оқулықпен жұмыс. «Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» мәтінін оқыту. Сабақты қорыту. 1. «Суға қауіп төніп түр» дегенді қалай түсінесіндер? 2. Оқушылар «Суға қауіп төніп тұр» тақырыбында сурет салып, оны қорғайды. Үйге тапсырма беру. «Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» мәтінін  оқып, сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларын орындау. Күні Сыныбы 20­САБАҚ. Топырақ. Топырақтың қасиеттері Сабақтың   мақсаты:  оқушылардың   топырақ   топырақтың  құнарлы   қабаты туралы   алған   білімдерін   толықтыру;   тәжірибе  арқылы   топырақтың   негізгі қасиеттерін,   топырақтың   құрамын  анықтау;   топырақтың   қалай   пайда болатынын   және   туған   өлкенің   топырағы   туралы   мағлұмат   беру; байқампаздықтарын, әуесқойлықтарын және ақыл­ойларын дамыту. Сабақтың көрнекілігі: тірек қағаздар, бір стақан су, сорғыш қағаз, таяқшалар, штатив, ұстағыш, топырақ қабаттары бейнеленген сурет. Сабақтың барысы:  Психологиялық дайындық. Кіріспе әңгіме. ­ «Жер» сөзі қандай мағынаны білдіреді? ­ Жер ­ құрлық, планета, үстіңгі қабат, топырақ. ­ Дұрыс. Бүгін біз топырақ, топырақтың құрамы, ОНЫҢ қасиеттері және пайда болуы туралы өтеміз. Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру. ­ Тақтаға   топырақтың   қабаттары   бейнеленген   сурет   ілінеді.  Оның   жанына «Топырақ ­ жердің өсімдік өсетін, құнарлы, беткі қабаты» деген плакат ілінеді. Топырақ дегеніміз не? ­ Топырақтың ең негізгі қасиеті қандай? ­ Топырақ неге құнарлы болады? ­ Топырақтың құрамында не бар? Жоғарыдағы   берілген   сұрақтарға   жауап   беру   үшін   оқулықтағы   мәтіннің бірінші бөлігі оқытылады. а) Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу. ә) Оқушылар мәтіннен топырақтың құрамын баяндайтын жерді белгілейді. 3. Практикалық жұмыс топ бойынша жүргізіледі.  Әр топ  өз тәжірибесін орындап, топырақтың қасиеттерінің бірін дәлелдейді. Нәтижесінде мынадай сызба шығады: Оқушылар жұмыс дәптерлеріне топырақтың қасиеттерін жазады. 1. Мұғалім   жер   бетіндегі   алғашқы   топырақтың  түзілуі  туралы   әңгімелейді (мәлімет тарихи деректерден алынады). 2. Оқулықпен   жұмыс.   Мәтіннен   қарындашпен   топырақтың  түзілуі   туралы баяндаған жерді белгілеп отырады. 3. Топырақ өсімдік пен жануарлар үшін маңызды рөл  атқаратындығы туралы айтылған жерді белгілейді. 4. Алынған мәліметтерге мысалдар келтіріп, олардың дұрыстығын дәлелдейді. Кестені толтырады. Топырақ қабаттары Үстідгі қабат Жоғарғы қабат Топырақ асты Борпылдақ қатты Қатты қабат Түсініктемелер Гумус пен шірінді. Олар шіріген өсімдіктерден түзіледі. Жоғарғы   қабаттағы   жануарлар   мен  өсімдіктердің қалдықтарын бунақденелілер қайта өңдейді. Топырақ асты қабатында микроорганизмдер аз. Бұзылған тастардан тұрады. Топырақ түзуші қатты жыныстар орналасқан. Сызба құрастыру. «Топырақтың түзілуіне не қатысады?» өсімдіктер жануарлар микроорганизмдер Дәптермен жұмыс. Сабақты қорытындылау. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беріледі.  Үйге тапсырма беру. Зерттеу жұмысы: 1. Қазақстан жерінің топырағы қандай? 2. Топырақ өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қалай әсер етеді? Күні Сыныбы 21­САБАҚ. Топырақты қорғау Сабақтың мақсаты:  оқушыларға жалпы адамзат тіршілігі  үшін топырақтың маңызын  ұғындыру;   топырақты  қорғау   мен  оның   құнарлылығын   арттыру жұмысын қолға алу керектігін түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: топырақ туралы сызба. Сабақтың барысы: Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сабақ өзекті сұраққа жауап беруден басталады. ­  Топырақты   неге   «асырап­сақтаушы»   деп   атайды?   (Оқушы  жауаптары тыңдалады). Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорытындылайды, өзі толықтырады. 1. Қазақстан топырағын зерттеу жұмысының қорытындысы шығарылады. 2. Топырақ өсімдік пен жануарлардың әлеміне қалай әсер ететіндігі түсіндіріледі (сызба арқылы түсіндіруге болады). Оқулықпен жұмыс. а) Оқушылар мәтіннің әр бөлімін оқиды.  ә) Оқушылар екі топқа бөлініп, мәтін мазмұны бойынша  кесте құрастырып толтырады: ­  бірінші топ топырақтың бұзылуы туралы айтылған  жерді тауып белгілейді, кестеге жазады; ­   екінші   топ   топырақты   тыңайту   жұмысы   туралы   айтылған   жерді табады, кестеге жазады. 1­топ. Бұзу 2­топ. Топырақты қорғау өсімдіктер ағаштарды қатарлап егіп,  «тірі бөгеттер» жасау беткейлерге өсімдік, ағаштар отырғызу, т.б. жаңа көшет топырақты өңдеу жаңбыр су ағыны жыралар жел адамдардың іс­әрекеті ормандарды отау Тарихи анықтама. Бір сантиметр  қалыңдықтағы топырақтың түзілуіне 205­300 жыл, ал 20 см   топырақ   түзілу   үшін   5­6   мың   жыл   кетеді.  Сондықтан   топырақты бұзылудан сақтап, оны қорғау шараларын қолға алу қажет. «Топырақтың пайдасы» дидактикалық ойыны. Сынып   3­6   баладан   бірнеше   топқа   бөлінеді.   Әр   топ   кез  келген жануардың атын таңдап алады. Жануарлар:  қасқырлар,  түлкілер, аюлар, еліктер,  қабандар,   саршұнақтар,   атжалмандар,  тышқандар,   қой,   жылқы, көбелектер,   құстар,  т.б.  Әр  топ  өзіне  тиесілі   жануар  үшін  топырақтың маңызы туралы әңгімелейді. Бәрі соңынан қорытынды шығарады. Дәптермен жұмыс. Сабақты қорытындылау. ­   Топырақ   мүлдем   жойылып   кетсе,   онда   не   болады?   Көз  алдарыңа елестетіп, әңгімелеңдер. Үйге тапсырма беру. «Топырақты  қорғау» мәтінін  оқып, мәтіннің мазмұнына  сай  сурет салып келу. Күні Сыныбы 22­САБАҚ. Өсімдік ­ тірі организм Сабақтың   мақсаты:  оқушыларды   өсімдіктердің   алуан   түрлілігімен таныстыру; өсімдіктерді топқа бөлуді үйрету. Сабақтың   көрнекілігі:  «Жапырақты,   қылқан   жапырақты   өсімдіктер, пальмалар» атты кесте, әртүрлі өсімдіктердің жапырақтары. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жұмбақ Үйі де жоқ, Күйі де жоқ. Бірақ Жауыннан да, Дауылдан да Қымсынбайды. Ыстыққа да, Суыққа да Шын шыдайды. Шешуін айта ғой, Балалар білсін жайды. ­ Жұмбақта үйі де, күйі де жоқ қандай тіршілік иесі туралы айтылған? ­ Жұмбақтың шешуі: өсімдік. ­ Өсімдік қандай жерлерде өседі? ­ Өсімдік барлық жерде де өседі: шөлде де, суда да, тіпті суық жерлерде де. Жаңа материалмен жұмыс.  1. Оқулықпен жұмыс. а) Мәтін бөлік бойынша оқытылады. ә) Мәтіннің мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі. б)  Оқушылар жапырақты, қылқан жапырақты ағаштардың жапырақтарын, қылқандарын   (суреттерін   көрсетуге   де  болады)   және   суреттен   пальманың жапырағын қарап, өз пікірлерін білдіреді. ­ Өсімдіктер неліктен жапырақты және қылқан жапырақты деп аталады? ­ Пальма несімен ерекшеленеді? ­ Жапырақтар бір­бірінен қалай ерекшеленеді? (Мөлшері, пішіні, түсі). Жапырақтарды   көрсетіп,   олардың   қандай   ағаштардың  жапырақтары   екені анықталады. Оқушылар үш топқа бөлінеді.  1­топ ­ жапырақты өсімдіктер;  2­топ ­ қылқан жапырақты өсімдіктер;  3­топ ­ пальмалар. 1­топтың   тапсырмасы   мен   сұрақтары: болатынын еске түсіріп баяндау. 2. Барлық өсімдіктерге не ортақ? 3. Өсімдіктің тіршілігіне, өсіп­өнуіне не қажет?  Жапырақтардың   қандай  1. 2­топтың тапсырмасы мен сұрақтары: 1. Қылқан жапырақты ағаштардың жапырағы қалай аталады? а) тікенек 2. Қандай қылқан жапырақты ағаш жапырағын қысқа қарай түсіреді? а) қарағай 3. Қылқан жапырақты ағаштар туралы жұмбақтарды еске түсіріңдер. ә) балқарағай    б) шырша б) қылқан ә) ине Мысалы: Дауылға да, аязға да,  Шыдап бағар мізбақпай.  Тау етегі тұрағы,  Жап­жасыл боп тұрады. (Қарағай) Қысы­жазы шешпейтін,  Көйлегі бар жасылдан.  Өзгертпейді еш кейпін,  Жаралғандай асылдан. (Шырша) 3­топтың сұрақтары: 1. Пальманың жапырақтары қандай болады? 2. Пальма басқа өсімдіктерден несімен ерекшеленеді? 3. Пальма қайда өседі? Әр топтың оқушылары жауаптарын дәлелді айтуға тырысады. Бір­бірінің жауаптарын толықтырып отырады.  Дәптермен жұмыс. 1. Әр топтағы өсімдіктерде не ортақ? 2. Өсімдіктің өсуіне не қажет? 3. Сабақты қорытындылау. ­   Өсімдіктер   ­   тірі   организм.   Олар   өздеріне   қажетті   қоректі  табиғат заттарынан алады. Су, топырақ, ауа, күннің жылуы, жарық өсімдіктердің өсіп­өнуіне көмектеседі.  Үйге тапсырма беру. Күні Сыныбы 23­САБАҚ. Өсімдік мүшелері қандай қызмет атқарады? Тамыр Сабақтың   мақсаты:  оқушыларды   өсімдіктің   жер   астындағы   мүшесі   ­ тамырдың   қызметімен,   оның   түрлерімен   таныстыру;   өсімдіктің топырақтағы   бөлігі,   оның   қызметі   туралы  түсініктерін   қалыптастыру; логикалық  ойлауларын   дамыту;  табиғаттағы   барлық   жануарлар   мен өсімдіктерге орынсыз зиян келтірмеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: «Өсімдік мүшелері» кестесі. Сабақтың барысы: Жаңа сабаққа дайындық. ­ Өсімдіктің мүшелерін ата? Өсімдіктің жер асты мүшесі қалай аталады? ­ Тамырдың қандай түрлерін білесіндер? ­ Тамыр   ­   өсімдіктің   жер   астындағы   мүшесі.   Ол   өсімдікті  топырақта бекітіп ұстайды және өсімдікті қорекпен қамтамасыз етеді. Жаңа материалмен жұмыс. 1. Кіріспе бөлім. ­ Тамыр өсімдікке қандай пайда әкеледі? ­ Тамыр   топырақтан   суды   сіңіріп,   оларды   сабақ   арқылы  жапыраққа, бүршікке, жемістерге жеткізеді. ­ Тамыр   өсімдікті   минералды   және   қоректік   заттармен  қамтамасыз етеді. 2. Негізгі бөлім. а)  Осы   жерде  өткен   сабақтарда   алған   білімдері   еске   түсіріледі.  Судың қасиеттері туралы алған білімдері пысықталады. ә) Оқулықтағы мәтін оқытылады. б)  Мәтіннен   тамырдың   өсімдіктің   тіршілігіндегі   алатын  орны, маңызы туралы баяндалған жерді тапқыздыртып оқыту. в)  Кесте   бойынша   жұмыс.   Оқушылар   өсімдіктің   жер   асты  бөлігі   ­ тамырдың алуан түрлі екенін әңгімелейді. Олардың сипаттамасы Тамырдың түрлері Пиязшық  Тамырсабақ  Түйнек  Тамыржеміс Оқулықпен жұмыс. Оқушылар  мәтін   соңындағы   сұрақтарға   жауап   береді,  тапсырмаларды орындайды. Дәптермен жұмыс. Сабақты қорытындылау. Оқушылар тамыр туралы алған білімдерін өздері қорытындылайды. Үйге тапсырма беру. Күні Сыныбы 24­САБАҚ. Сабақ Мақсаты:  өсімдіктің маңызды бөлігінің бірі ­ сабақ туралы  ұғым  беру; оқушыларға   сабақ   тамырдың   топырақтан   сіңірген   қоректік   заттарын өсімдіктің   басқа   мүшелеріне   жеткізетін   тасымалдаушы   екенін   және сабақта бүршік, гүл, жапырақтың  бекитінін түсіндіру; өсімдіктерге зиян келтірмей қорғауға алу керектігін ұғындыру. Көрнекілігі: «Өсімдіктер» атты кесте. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Тамыр,   оның   қызметі,   жалпы   өсімдіктердің   ауыл   шаруашылығына тигізетін пайдасы туралы алған білімдері пысықталады. Жаңа материалмен жұмыс. 1. Кіріспе әңгіме. ­ Сабақта өсімдіктің қандай мүшелері орналасқан? ­ Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді? 2. Негізгі бөлім. ­  Сабақ   тамырдың   топырақтан   сіңірген   қоректік   заттар  ерітіндісін жапыраққа,   бүршікке,  гүлдерге,  жемістерге  және  жапырақта  түзілген қоректік заттарды тамырға жеткізеді. Сабаққа бүршік, гүл бекиді. Сабақтың пішіні қандай болатындығын анықтау. Сабақ  Шырмалып өседі Тік өседі Жерге   төселіп өседі 3. Оқулықпен жұмыс. а) Мәтінді оқыту. ә) Сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау. б) Мәтіннің мазмұнын айту.  Жаңа материалды бекіту.  Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Сабақтары тік өсімдіктерді атаңдар. 2. Сабақтары шырмалып өсетін өсімдіктерді атаңдар. 3. Сабақ қандай қызмет атқарады? 4. Тамыр мен сабақтың, жапырақ пен сабақтың өзара байланысын түсіндіріңдер. Дәптермен жұмыс. Сабақтың суретін салу.  Үйге тапсырма беру. Сабақ Қатты таңқурай Жұмсақ жүзім Иілгіш ? Күні Сыныбы 25­САБАҚ. Жапырақ Мақсаты: оқушыларға жапырақтардың пішіндерінің әр­түрлі болатындығын түсіндіру;   оқушылардың   өсімдік   пен  адам   өміріндегі   жапырақтың   рөлі туралы   алған   білімдерін   тереңдету;   жасыл   желекті   қорғауға   деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сабақтың көрнекілігі: гербарий, «Орман», «Ағаш» атты суреттер. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. «Жапырақты сипатта» дидактикалық ойыны. Шарты:   мұғалім   оқушыларға   қандай   да   бір   өсімдіктің  суретін   көрсетеді. Оқушылар өсімдіктін атын айтады. Оның  жапырағының пішінін сипаттайды және түсінің қай кезде, неліктен өзгеретінін әңгімелейді. ♦ Сұрақтар мен тапсырмалар: Жапырақтар туралы не білесің?» тақырыпта әңгіме жүргізу. 1. Өсімдіктер   қандай   болады?   (Жапырақты,   қылқан   жапырақты 2. Өсімдіктердің бір­бірінен айырмашылықтары қандай? 3. Қандай   қылқан   жапырақты   ағаштың   жапырағы   күзде  түседі? өсімдіктер). (Балқарағай). 4. Жапырақтардың пішіндері қандай болады? Мысалдар келтіріңдер. 5. Күз   мезгілінде   ағаштың   жапырақтары   неліктен   (сарғаяды,  қызарады) түстерін өзгертеді? Егер оқушылар сұрақтарға жауап бере алмаса, онда оқулықтағы мәтінді оқыту керек.  Оқулықпен жұмыс. а)  «Жапырақ»   мәтінінің   бірінші   бөлімі   оқытылады.   Сұрақ­жауап   әдісі арқылы бірінші бөлімнің мазмұны ашылады. ә) Сөздік жұмыс. Крахмал ­ өсімдіктен алынатын, ұн тәрізді майда ақ ұнтақ. Оттегі ­ тыныс алу, оттың жануы үшін ауаның құрамына кіретін газ. Көмір қышқыл газы – газ, қышқылдық тотық. б) Сызба құрастырылады. Жапырақ Өсімдіктер тыныс алады. Оттегі бөліп шығарады. Көмір қышқыл газын сіңіріп алады. Қоректік заттарды өңдейді. Өсімдікті қоректік заттармен қамтамасыз етеді. в) Мәтіннің екінші бөлімін оқу. Жапырақ гщртрі Жасыл жапырақ Сары жапырақ Жапырақтар неге сарғаяды? Себептері Жарық, жылу Жапырақта хлорофилл түзіледі. Күн сәулесі жылуды аз береді. Жапырақта хлорофилл түзілмейді. Жарық аз. Өсімдіктердің қоректенуі баяулайды. Сабақты қорытындылау. «Бес жолды өлең» құрастыру. 1. Зат есім (1). Жапырақ. 2. Етістік (2). Тыныс алады, қоректенеді. 3. Сын есім (3). Жасыл, сары, қызыл. 4. Сөйлем (4 сөзден). Жапырақ айналадағы ауаны тазартады. 5. Мәндес сөз (1). Денсаулық.  Үйге тапсырма беру. Жапырақтар туралы мәтінді оқу. Жапырақты өсімдіктерден гербарий жинау, ол өсімдік жайында достарына әңгімелеу. Күні Сыныбы 26­САБАҚ. Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі? Сабақтың   мақсаты:  күзде   өсімдіктердің   тіршілігінде   болатын   өзгерістер туралы білімдерін тереңдету; табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: ағаш, бұта, шөптердің суреті. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Мұғалім ақындардың күз мезгілін суреттеп жазған бір өлеңін оқиды. Осыдан кейін   өлеңнің   мазмұны   бойынша   өсімдіктер   әлемінде   болатын   күздегі өзгерістер туралы әңгіме жүргізіледі. Жаңа материалмен жұмыс. 1. Жазғы   жапырақтар   мен   күзгі   жапырақтардың   түстерін  салыстырып сипаттаңдар. 2. Жапырақтардың түстерінің өзгеруіне не себеп болды? 3. Оқушылардың топсеруенде жинаған жапырақтары партаның үстіне жайылып қойылады. Сұрақ­жауап әдісі арқылы әңгіме жүргізіледі. ­ Жапырақтар қандай түстерге боялған? (Сары, сарғылт қызыл, қызыл). ­ Сарғайған жапырақтар қандай күйге ұшырайды? (Жерге түседі). ­ Қандай   қылқан   жапырақты   ағаш   өзінің   жапырағын  күзде   түсіреді? (Балқарағай қылқанын күзде түсіреді). Оқулықпен жұмыс. 1. Мәтін оқылады. 2.Сұрақтарға жауап беріледі, тапсырмалары орындалады. 1.Сурет бойынша қайыңның жазғы және күзгі бұтағын салыстыру. Дәптермен жұмыс.  Сабақты қорытындылау.  Үйге тапсырма беру. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру. Күз мезгіліндегі  өсімдіктердің жай­күйі туралы қосымша материалдар оқу. Күні Сыныбы 27­САБАҚ. Гүл, жеміс және тұқым Сабақтың мақсаты: өсімдіктің тұқым арқылы көбеюі туралы түсініктерін тереңдету. Көрнекілігі: үрмебұршақ, бұршақ, өсімдіктердің тұқымдары, мақта. Сабақтың барысы:  Психологиялық дайындық. Жаңа сабаққа дайындық. Кіріспе бөлімде жұмбақтар шешіледі. Жұмбақтар Біреуін бердім,  Онын тердім. (Тұқым) Аласа терек  Күлтеленген жалына,  Ұнаса керек,  Моншақ таққан малына. (Тары) Жүзін орап гүлменен,  Күнге қарап телмірер.  Тіспен шағып,  Тілменен Дәмін татқан ел білер. (Күнбағыс) ­ Тұқым деп нені айтамыз? ­ Тұқым арқылы не істейді? ­ Өсімдіктер   тұқым   арқылы   қалай   көбейеді?  «Ненің   тұқымдары?» дидактикалық ойыны.  қияр,   күнбағыстың Шарты:   мұғалім   қарбыз,   алма,   үрмебұршақ, тұқымдарының   суретін   немесе   өздерін   көрсетеді.  Оқушылар тұқымдардың   қандай   жеміс,   көкөніс,   дәнді   дақылдын  тұқымы   екенін анықтайды. Оқулықпен жұмыс. 1. Практикалық жұмыс. Үстел үстіне кішірек ыдыс  қойылады. Оның түбіне сулы мақта, ал оның үстіне үрмебұршақ немесе бұршақтың тұқымы салынады. Оқушыларға   тапсырма:  тұқымнан   үш   күннен   кейін   тамырдың  қалай пайда   болатынын   бақыла.   Оны   топыраққа  отырғызып,   одан   әрі бақылауыңды жалғастыр. 2. Мәтінді оқу. 3. Өсімдіктің тұқым арқылы көбеюін көрсететін сызба құрастыру. Тұқым ­ тамыр ­ сабақ ­ жапырақ ­ гүл ­ жеміс. 4. Сұрақтарға жауап беру. ­ Шырынды жемістерді ата. Оларды неге шырынды жемістер деп атайды? ­ Құрғақ жемістерді ата. Оларды неге құрғақ жемістер деп атайды? ­ Жемістердің тұқымдары қандай болады? (Ұсақ, ірі, жұмсақ және қатты). ­ Өсімдіктер қалай көбейеді?  Дәптермен жұмыс. а) Жемістерді сызық арқылы тұқымдарымен қосу. ә) Өздік жұмыс: алма және оның тұқымының суретін салу. Сабақты қорытындылау. ­ Өсімдік тұқымнан қалай көбейеді? ­ Өсімдіктің көбеюіне нелер және кім көмектеседі?  Үйге тапсырма беру. 1. «Жануарлардың   көмегі»   деген   тақырыппен   өсімдіктердің  көбеюіне жануарлардың үлесі туралы әңгіме құрастырып келу. 2. Өсімдіктің тұқымнан дамуын бақылауды жалғастыру. Күні Сыныбы 28­САБАҚ. Өсімдікке су қажет Сабақтың мақсаты: оқушылардың өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін   қалыптастыру;   кұрғақшылыққа  бейімделген   өсімдіктер туралы әңгімелеу; логикалық  ойлауларын  дамыту; «Су ­ тіршілік көзі» деген ұғымды талдау; суды үнемдеуге баулу. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Әңгіме жүргізу. Сұрақ­жауап   әдісі   арқылы   өсімдіктің   тіршілігіне   қажетті  нәрсе,  оның ішінде судың алатын орны туралы әңгіме жүргізіліп, сызба құрастырылады. жарық жылу өсімді к ау а топырақ ­ Бүгін біз өсімдіктің өсуі мен дамуында судың алатын орны  туралы  әңгіме жүргіземіз. Мына сұраққа жауап беріңдер: ­ Егер кез келген бір өсімдікке 2­3 күн су құймаса немесе өсімдікті 2­3 күн суғармаса, онда не болады? Топпен жұмыс. 1. Өсімдіктің барлық мүшелеріне су және онда еріген заттар қалай түседі? 2. Суреттен судың өсімдік мүшелеріне қалай тарайтынын көрсет. 3. Ылғал сүйгіш өсімдіктер қандай жерлерде өседі? Олардың тамыры қандай болады? 4. Құрғақшылыққа бейімделген өсімдіктер ше?  Оқулықпен жұмыс. Мәтінді тапсырмаларымен оқу. Сұрақтарға жауап алу. 1. Егер өсімдікті сусыз қалдырсаң, не болады? 2. Өсімдіктерді суғарудың түрлерін айтыңдар. 3. Қандай өсімдіктер туралы оқып білдік?  4. Сызба құрастыру. Өсімдіктер Ылғал сүйгіш өсімдіктер        Құрғақшылыққа бейімделген өсімдіктер ­ Осы өсімдіктердің айырмашылықтарын айтыңдар Бақылау күнделігімен жұмыс. «Өсімдікке су керек» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру. Сабақты қорытындылау. «Егер жер бетінде су жойылып кетсе, не болар еді?», «Су ­тіршілік көзі» тақырыптарына әңгіме, эссе, шығарма жазу. Үйге тапсырма беру. Тірек сөздерді пайдаланып, өлең құрастырып келу. Өсімдік... (тіршілік етеді). Сусыз... (өледі, қурайды). Құстар ... (көңілді ән шырқайды). Жануарлар (шөп жейді). Адам ... (осы байлықты қорғайды, өйткені су тіршілік үшін қажет). Күні Сыныбы 29­САБАҚ. Өсімдікке топырақ керек Сабақтың мақсаты:  өсімдіктерге   топырақтың   қажеттілігі  туралы   түсінікті қалыптастыру;   топырақсыз   өсімдіктің   өсіп­өне   алмайтындығы   туралы түсіндіру; табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Оқушылар су туралы жазып келген өлеңдерін оқиды.  Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. Оқушылар   өсімдіктер,   олардың   мүшелері,   топырақ   және  оның   қасиеттері туралы алған білімдерін естеріне түсіреді. «Топырақтың құрамы». Сызба құрастыру. Топырақтың құрам  су ауа шірінді құм са з ­ Топырақ дегеніміз не?  Оқулықпен жұмыс. 1. Мәтінді оқу. 2. Мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау. 3. Сөздік жұмысы  Шірінді ­ шірік, шіріген.  Құнарлы ­ топырағы шұрайлы.  Дәптермен жұмыс.  Топырақтың негізгі қасиетін жазу.  Өзекті сұрақ. 1. Құнарлы топырақты не үшін сақтау керек? 2. Топырақтың құнарлылығы азаймау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі? Тарихи анықтама. Ғалымдардың  айтуынша,   1   сантиметр   топырақ   түзілу   үшін  100 жылдай уақыт кетеді екен. Сабақты қорытындылау. Оқушылар сабақта алған білімдерін пысықтап, «Топырақ – өсімдіктер үшін тіршілік көзі» деген қорытынды шығарады. логикалық Күні Сыныбы 30­САБАҚ. Өсімдікке ауа, жарық және жылу керек Мақсаты:  оқушылардың   өсімдіктер,   олардың   тіршілік  жағдайлары туралы   алған   білімдерін   тереңдету;  ойлауларын, байқампаздықтарын   дамыту;   өсімдіктер   әлеміне  қамкорлықпен  қарауға тәрбиелеу. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. «Мен өсімдікпін» дидактикалық ойыны. Шарты: әр оқушы кез келген бір өсімдікті таңдап, сол туралы әңгімелейді. Әңгіме жүргізу. ­   Өсімдіктің   жақсы   өсуі   үшін   не   керек?   (Оқушы   жауаптары  тыңдалады. Қорытынды жасалады). Өсімдіктің тіршілігі үшін қажетті жағдайлар  ауа су жарық жылу Оқулықпен жұмыс. а) Мәтінді оқу. ә) Мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс.  б) Мәтіннен негізгі ойды белгілеп, қорытынды жасау. в) Сұрақтарға жауап беру.  Бақылау күнделігімен жұмыс. «Өсімдіктің   күзгі   және   көктемгі   тіршілігі»   тақырыбында  салыстыру жұмысы жүргізіледі. Ерекшеліктерін атайды. Кесте толтырады. Көктем Ортақ белгілері Күз Пікірталас ұйымдастыру. ­ Адам өсімдіксіз өмір сүре ала ма? ­ Егер Жер бетінде өсімдіктер болмаса, не болар еді? ­ Қорытынды жасау (адам мен өсімдік бір­бірінсіз тіршілік ете алмайды). Үйге тапсырма беру. Мәтінді түсініп оқып келу. Күні Сыныбы 31­САБАҚ. Дәрілік өсімдіктер Сабақтың мақсаты: оқушылардың дәрілік өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту; оқушыларды табиғатта өздерін дұрыс ұстауға үйрету. Көрнекілігі: дәрілік өсімдіктердің суреті. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жаңа материалмен жұмыс. 1. Тақтаға дәрілік өсімдіктердің суреттері ілінеді. ­ Суреттегі өсімдіктер қалай аталады? ­ Оларды неліктен дәрілік өсімдіктер деп атайды? 2. Жұмбақтар шешіледі. 1. Өзіне шап­шақ, Киген қалпағы аппақ, Балалар тұр қаптап. 3. Бұтаға ілген үлпершек,  Іші нәрлі қызыл сөл,  Теріп алып үлгерсек. 2. Саздауыт жерде өседі, Хош иісі аңқыған, Шипа өсімдік деседі. Жұмбақтардың шешулері: бақбақ, жалбыз, бүлдірген. ­ Осы өсімдіктер туралы не білесіңдер? ­ Бұл өсімдіктерді қандай ауруларды басу үшін қолданады? Оқулықпен жұмыс. 1. Мәтінді оқу. а) Қандай өсімдіктерді дәрілік өсімдіктер деп атайды?  ә) Тағы басқа қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер? б) Олар қайда өседі? Оқушылардың шығармашылық жұмысы. Оқушылар   мәтін   құрастырады.   Оқушылар   қандай   да  бір  дәрілік өсімдіктің рөлін алады да, соның атынан 1­жақта сөйлейді. Мысалы: ­ Мен шырғанақпын...  Бақылау күнделігімен жұмыс.  Қорытынды әңгіме. Табиғат аясында өзін ұстай білу ережелері пысықталады. ­  Ерте кездің  өзінде­ақ дәрілік өсімдіктерді  әртүрлі  ауруларды  емдеу  кептіріп,  өңдеуден үшін   пайдаланған.   Дәрілік   өсімдіктерді   жинап, өткізгеннен кейін дәріханаларда сатылады. Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктердің түрі өте көп. Олар:  шайқурай, қалақай, түймедағы, тікенжиде, итмұрын, долана, жусан, т.б. Табиғат  аясында адамдар өздерін дұрыс ұстауы қажет.  Сондықтан  мына ережелерді естеріңе сақтап алыңдар: 1. Гүлшоқтары үшін өсімдіктерді жұлуға болмайды. 2. Дәрілік өсімдіктерді олар қалың өскен жерден жинау керек. 3. Орманда, шалғында, жалпы табиғатта соқпақ жолмен жүр, өсімдіктерді таптама. 4. Сирек кездесетін дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды. 5. Жердің байлығы мен сұлулығы адамның қолында екенін ұмытпа. Сабақты қорытындылау. ­ Егер өсімдіктер сөйлей алса, онда олар не айтар еді? «Сен   білесің   бе?»   айдарымен   оқушыларға   дәрілік   есімдіктер  туралы Түймедағы,   өгейшөптің   қайнатпалары,   бал   қосылған   қарішомырдың қысқаша мәліметтер беріледі. 1. Жұпаргүл ас қорытуды жақсартады. 2. шырыны, сүт қосылған сәбіздің шырыны жөтелге көмектеседі. 3.Қайыңның шырыны организмді шынықтырады.  Сұрақ: ­ Төмендегі дәрілік өсімдіктер қандай ауруларды емдейді Ересектерден сұрап біл. 1. Итмұрынның жемісінен жасалған шай; 2. Жөкенің гүлдерінен жасалған шай; 3. Алоэ жапырағынан жасалған шай; 4. Қырмызыгүлдің гүлдерінен жасалған шай; 5. Жұпаргүл мен андыздың қайнатпалары; 6. Қалақайдың жапырағы.  Үйге тапсырма беру. «Дәрілік өсімдіктерді сақтаңдар» атты кітапша құрастыру. Күні Сыныбы 32­САБАҚ. Өсімдіктер қалай саяхат жасайды? Сабақтың мақсаты: өсімдік тұқымдары мен жемістерінің қалай саяхаттайтыны және тұқым мен жемістен жаңа өсімдіктің пайда болуы туралы білім беру. Көрнекілігі: жәндік, құс, жануарлардың суреттері. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. «Өсімдіктердің   жемістері   мен   тұқымдары   ­   нағыз   саяхатшылар»   деген сөйлемге тілдік жаттығу жүргізіледі. Жаңа материалмен жұмыс. 1. «Орман жиналысы» дидактикалық ойыны. Шарты:   оқушылар   өздерін   «орман   тұрғындарымыз»   деп  санайды.   Біреулері жәндік,   біреулері   аң,   біреулері  құстарболады.  Орман   тұрғындары   жел   мен адамды қонаққа шақырады. Әрбір  кейіпкер өзі туралы баяндайды. Мысалы: Нұрымға құстың рөлі тиді. Ол былай әңгімелейді: ­ Мен   Құспын.   Бұтақтан­бұтаққа   қонып   жүріп,   тәтті   жидектермен қоректенемін. Ал олардың сүйектері мен тұқымдары жерге түседі. Олардан жаңа ағаш өсіп шығады. Міне, мен қандай ақылдымын! ­  Мен   Желмін.  Жемістері   пісіп   тұрған   бұталарды   желпіп  шайқағанды жақсы   көремін.   Үйеңкі,   жөке,   қайыңның   жемістерінің  қанатшалары бар, ал  бақбақтың жемісі – жеңіл  парашюттар. Мен  қаттырақ  үрлесем болды, олардың бәрі ұша жөнеледі. Олар ұшып, жерге түседі. Одан жаңа өсімдік өсіп шығады. Міне, мен қандай кереметпін! Осылайша барлық кейіпкерлер сөйлеп шығады. Ойын  арқылы   өсімдік   жемістері   мен   тұқымдарының   саяхатқа   шығуына жел, адам және жануарлар көмектесетінін түсіну қиынға соқпайды. Оқулықпен жұмыс. а)  Суреттерге кара. Қандай жемістер мен тұқымдарды жел  ұшыратынын анықта. Дәлелде. ә)  Мәтінді  оқу. Мәтіннің мазмұнын ойындағы кейіпкерлердің  айтқандарымен салыстыр. Бақылау күнделігімен жұмыс. Оқушылар  өздік   жұмыс   жүргізеді.   Бір­бірінің   тапсырмаларын  өзара тексереді. Жемістер мен тұқымдардың саяхатын көрсететін сызба құрастыру. «Ойлан» айдары. ­ Тұқым тірі дене ме әлде өлі дене ме? ­ Пакетке салынған тұқымдар неге өсіп­өнбейді? ­ Тұқымның өсіп­өнуіне қандай жағдай керек? ­ Жемістер  мен   тұқымдар   қалай   таралады?   Оның   өсімдік  үшін   қандай маңызы бар? Бұл  жұмысты топ бойынша жүргізуге болады. Оқушылардың  жауаптары тыңдалады.   Оқушылар   сұрақ   қоюларына   да   болады.   Егер  оларды достарының   жауаптары  қанағаттандырмаса, қойып, толықтыруларына болады. «Тұқымдар  мен   жемістер   саяхаттайды»   тақырыбында   сурет   конкурсы өткізіледі. Салған суреттерінен көрме ұйымдастырылады. Үйге тапсырма беру.  онда   сұрақ Тұқымдар  мен   жемістердің   саяхаты   туралы   әңгіме  құрастырып  келу. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру. Күні Сыныбы 33­САБАҚ. Өсімдіктердің көбеюі Сабақтың   мақсаты:  өсімдіктердің   тұқым,   қалемше,   түйнек  мұртша, пиязшықтары арқылы көбеюі туралы білімдерін  тереңдету; байқампаздыққа баулу. Көрнекілігі:  өсімдіктердің   көбеюі   бейнеленген   суреттер  пиязшық,   картоп түйнегі, өсімдіктердің қалемшелері. «Өсімдіктің көбеюі» сызбасы. Сабақтың барысы: Қызығушылықтарын ояту кезеңі. 1. «Өсімдік» сөзіне топтастыру жасау. 2. Сұрақтарға жауап беру. а) Өсімдіктер қалай көбейеді? ә) Өсімдіктердің барлығы тұқым арқылы көбейе ме? б) Өсімдіктер тағы қандай тәсілдермен көбейеді?  Оқушылар   алдыңғы   сабақта   білгендерін,   бақылағандарын  және   мәтіннен оқығандарын әңгімелейді. Мағынаны тану кезеңі. Оқулықпен жұмыс. Сынып топтарға бөлініп, мәтінді бөлік бойынша оқиды. 1  Әр топ оқушылары өсімдіктердің  көбеюі және  көбею үрдісінің  табиғатта қалай   өтетінін   көрнекі   түрде   көрсете   отырып   баяндайды,   (мысалы: традесканцияның   қалемшелері,   пиязшық,  картоп т.б.). Оқулықтағы суретке қарап түсіндіруге де болады. Өсімдіктердің көбеюі туралы сызбаны оқушылар өз беттерімен толтырады.  ӨСІМДІКТЕРДІҢ КӨБЕЮІ қалемшемен  көз арқылы  сұлатпа  бұтақтар  пиязшықпен  шашу арқылы Бақылау күнделігімен жұмыс. 1. Оқушылар бірінші тапсырманы үйде орындайды. 2. Екінші тапсырманы өз беттерімен орындайды.  Рефлексия. Балалар   «Өсімдіктің   көбеюі»   сызбасын   құрастырады,   салыстырады, талдайды. Сұрақтар: 1. Өсімдіктердің көбеюіне қандай жағдайлар қажет? 2. Өсімдіктер қалай көбейеді? 3. Өсімдіктер жақсы өсуі үшін не істеу керек?  Үйге тапсырма беру. Мәтінді  оқып   келу.   «Өсімдіктердің   көбеюі»   деген   тақырыпта  эссе   жазып келу. «Мен Желмін, өсімдіктердің көбеюіне көмектесемін...» деп бастайды. Күні Сыныбы 34­35­САБАҚТАР.   Жануарлар  әлемінің   алуан   түрлілігі.  Хайуанаттар бағына топсеруен Сабақтың мақсаты:  оқушыларды жануарлар  әлемінің алуан  түрлілігімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. ­ Балалар, мен бір хат алдым. Сол хатты сендерге оқып бергім келіп тұр (сыртында жануарлар мен олардың іздері бейнеленген үлкен ашыкхат). Құрметті   екінші   сынып   оқушылары!   Біз   сендерді   жасыл   үйге   қонаққа шақырамыз. Мұнда көтпеген қызықтар бар! (Хатты көрсетеді). ­ жауаптары тыңдалады (жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар). Жаңа материалмен жұмыс. Мұғалім жаңа тақырыпты хабарлайды, яғни жануарлар әлемінің алуан түрлілігімен танысатындықтарын айтады. Оқулықпен жұмыс. а) Мәтіннің бірінші бөлігі оқылады (шөпқоректі жануарлар туралы мәлімет алады). ә) Мәтіннің екінші бөлігі оқылады (жыртқыш жануарлар туралы мәлімет алады). б) Оқушылар жәндік, балық, аңдар туралы әңгімелейді.  Сұрақтар мен тапсырмалар: Қалай   ойлайсыңдар,   хаттың   иелерін   біз   білеміз   бе?  Оқушы ­ Жануарлардың топтары бір­бірінен қалай ерекшеленеді?  Мұғалім оқушы жауаптарын тыңдайды, өзі толықтырады. 1. Шөпқоректілерге қандай жануарлар жатады? 2. Неліктен шөпқоректілер деп аталады? 3. Жыртқыш жануарларды ата. 4. Қасқырлар жемтігін қалай аулайды? 5. Аю қалай қоректенеді? 6. Талғаусыз қоректілер туралы не білдіңдер?  Бақылау күнделігімен жұмыс. а)   1­тапсырма   бойынша   жануарлардың   қай   топқа   жататындықтарын жазады   (құстар,   бауырымен   жорғалаушылар,  аңдар,   жәндіктер, балықтар, қосмекенділер). ә) 2­тапсырмада жануарларды қоректену түріне  қарай  топтарға бөледі (шөпқоректілер, жыртқыштар, қорек талғамайтындар). Сабақты қорытындылау. Оқушылар сабақта алған білімдерін жүйелеп, пысықтап,  жануарларды топтап, кесте толтырады. Үйге тапсырма беру. Жануарлар тіршілігі туралы қызықты мәліметтер оқып келу. Зерттеу жұмысын жүргізу. 1. Жер планетасында тағы қандай қосмекенділер тіршілік етеді? 2. Бақалардан басқа тағы қандай жануарларды ғалымдардың көмекшісі, деп атауға болады?  сабағында «Жануарлар  әлемінің   алуан   түрлілігі»   тақырыбының   екінші хайуанаттар паркіне немесе мектептегі жануарлар мүйісіне топсеруенге апаруға болады. Дүниетану 2 «А»сынып   41­сабақ Күні: 06.02.2014ж. Сабақ тақырыбы:  Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар Сабақтың   мақсаты:  жануарлар   әлемінің   алуан   түрлілігі   және   жануарлардың тіршіліктері   үшін   қажетті   жағдайлар   туралы  түсініктерін   қалыптастыру;   тіршілік атаулыға қамқорлықпен қарауға баулу. Көрнекілігі: жануарлар бейнеленген суреттер. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы әңгімеден басталады. Ойын ұйымдастыру. Мұғалім оқушыларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, олардың қай топқа   ­   аң,   құс,   балық,   жәндіктердің  қайсысына   жататындықтарын   айтуды талап етеді. Бұл жерде  өсімдіктің тіршілігі үшін қажетті жағдайлар (су, ауа, жылу, жарық) еске түсіріледі. ­ Ауа, су, жарық, жылу жануарлар үшін қажет пе? ­ Жылу, ауа, жарық және қорек жануарлар үшін аса қажет. Онсыз тіршілік жоқ. ­ Балалар, кейбір жануарлар жарықты аса қажет етпейді.  Мысалы, көртышқан мен жауын құрты жер астында тіршілік етеді. Топырақ іші жылы, ал жарықтың керегі   жоқ.   Ал   барлық  жануарлар   қоректенеді.  Жануарлар   немен,   қалай қоректенеді? ­ Кейбір   жануарлар   өсімдіктермен,   кейбіреулері   жәндіктермен,   жыртқыштар жануарлар  етімен қоректенеді. Мысалы,   түлкі   тышқан   мен  қояндарды аулайды, қасқыр қабанға шабуыл жасайды. ­ Күз түсісімен жануарлардың тіршілігінде өзгерістер болады? Неліктен? Оқушылар   мұғалімнің   көмегімен   жануарлар   тіршілігінде  болатын өзгерістерді әңгімелейді. Оқулықпен жұмыс. а) Оқушылар оқулықта бейнеленген жануарларды атап,  олар туралы не білетіндерін айтады. ә) Өздік жұмыс. «Өз үйіңді тап» дидактикалық ойыны. Сабақты қорытындылау. ­ Сабақ қалай өтті? ­ Қандай қиындықтар болды? Қиындықтарды қалай жеңдіңдер? Үйге тапсырма: тақырыптың мазмұнын ашып,түсініп оқу. Дүниетану  2 «А» сынып  42­сабақ Күні: 07.02.2014ж. Сабақ тақырыбы: Жануарлар қалай қоректенеді? Сабақтың   мақсаты:  оқушыларға   жануарлардың   қорегін  тауып   жеуге   қалай бейімделетіндігі,   олардың   қысқа   қалай   ,   дайындалатындығы   туралы   түсінік беру; қоршаған әлемді танып  білуге   деген   ынталарын   дамыту;   жануарларды қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: жануарлар бейнеленген суреттер, түрлі түст қарындаштар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.  а) Мұғалім В. Бианкидің «Қысқа дайындық» әңгімесін оқиды. Қысқа дайындық Орманда,   егістікте   жануарлар   қысқа   әрқалай   дайындалады. Қанаттылар   суық   пен   аштықтан   құтылу   үшін   жылы   жаққа   ұшып кетті.   Қалғандары   қорек   жинап,   індерін   толтырып  жатыр.   Әсіресе, тоқалтіс   тышқан   қатты   дайындалады.   Олардың   көпшілігі   қысқы індеріне   дәнді   дақылдарды   үйіп   жинайды.  Індеріне   бес   немесе   алты соқпақ   салынған.   Әр   соқпақтың  өзінінің  аузы   бар.   Жер   астында тышқанның   «жатын   бөлмесі»   және  бірнеше   қоймасы   бар.  Қыста тоқалтістер   аязды   күндері   ғана   ұйықтайды.   Сондықтан   олар   қоректі   көп жинайды. Кейбір індерде 4­5 кг дән жиналған.  Әңгіменің мазмұны талданады. 1. Жануарлар қысқа қалай дайындалады? 2. Тоқалтіс қалай дайындалады? 3. Тоқалтістің іні қандай? 4. Олар қай кезде ұйықтайды? ә) «Жануарлардың күзгі тіршілігі» тақырыбында сахналық көрініс көрсетіледі. Кірпі: ­  Қыста   маған   өте   қиын.   Құрт,   кесірткелердің   бәрі   жасырынып  қалады,   қоңыздар   да, бақалар   да   жоқ.   Мен   немен  қоректенемін?  Ұйықтаймын.   Алты   ай  ұйықтап,  ұйқымды қандырамын, сонан соң оянып, қыдыруға шығамын. Бақа: ­  Біз су қоймаларының түбіне, жапырақ немесе мүктердің  астына тығылып, қысқы  ұйқыға кетеміз. Тиін: ­ Мен саңырауқұлақ, бүр, жаңғақтар жинап аламын. Біз қысқы аязда бес­алтыдан бірігіп, бір  ұяда жатамыз.  Ұяның  аузын шөп­шаламмен бекітіп тастаймыз. Менің атжалман, борша тышқан сияқты достарым бар. Олар да қысқа қорек жинайды. Мұғалім: ­ Қысқа тек аңдар ғана емес, жорға торғай, балқарағай торғайы, көктеке сияқты құстар да қорек жинайды (аталған құстардың суреттері көрсетіледі). Топпен жұмыс. Әр топ өздерінің танымдық білімдерін ортаға салады, әңгімелейді, бірін­бірі толықтырып отырады. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы мәтін мен алған білімдерін салыстырады. Әр топ өздеріне бөлінген бөлікті оқып, өздерінің оқығандары бойынша әңгімелейді. Бақылау күнделігімен жұмыс.  Сабақты қорытындылау.  Үйге тапсырма беру. Кез келген бір жануардың қалай қоректенетіні туралы әңгіме дайында. Күні Сыныбы 38­САБАҚ. Жануарлар табиғатқа қалай бейімделген? Сабақтың   мақсаты:  оқушылардың   жануарлар,   олардың  тіршілік   жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту; табғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: жабайы жануарлар бейнеленген суреттер. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жұмбақтар шешіледі. 1. Төрт аяқты шалғы  Шауып кетер малды. Шешуі: қасқыр. 2. Ирең­ирең еткен, Судан да, жолдан да өткен.  Оны көрген жерден  Барлық адам безген. Шешуі: жылан. 3. Бауырын жазып шаба алмас,  Озып бәйге ала алмас.  Үстіне киген киімі  Жыртылмас та жамалмас. Шешуі: тасбақа. Жаңа материалмен жұмыс. ­ Жұмбақтардың шешулері қандай жануарларға жатады? (Жабайы жануарлар). ­ Бүгінгі сабақта жабайы жануарлардың күзгі тіршілігіндегі өзгерістер, олардың қысқа   дайындығы   туралы   мәліметтермен   танысамыз.   Жазушы   Николай Сладковтың екі ертегісін тыңдаңдар. Аққалақ, Тиін және Аю ­ Мен Аққалақпын. Қысқа қарай қайың сияқты аппақ болып кетемін. ­ Ал мен Тиінмін. Көктерек сияқты сұр тартамын. ­ Ал мен Аю шырша сияқтымын. Жазда да, қыста да түсім бірдей. Қоян мен Аю ­ Тиін қысқа қорек ретінде сақырауқұлақ, Борша тышқан жаңғақ жинап алады. Ал сен Аю бостан босқа тентіреп жүрсің. Қыста не жейсің? ­ Қыли көз Қоян, маған бола босқа қам жеме. Мен қыста өзімді жеймін. Кәне, менің майымды ұстап көрші. Мен бостан босқа тентіреп жүрген жоқпын. Қорегімді тауып, май жинап жүрмін. Саған да солай істе деп кеңес беремін. ­ Е­е­е, Аю, қайдағы май... Бізге, қояндарға майдың қажеті жоқ! Ертегілердің мазмұны бойынша қойылатын сұрақтар: 1. Ертегілерде қандай жануарлар туралы айтылған? 2. Күзде олардың тіршілігінде қандай өзгеріс болады? 3. Олар қысқа қалай дайындалады? 4. Жануарлардың барлығы қысқа қорек жинай ма?  Оқулықпен жұмыс. Сынып оқушылары 5 топқа бөлінеді. 1­топ жемін түнде аулайтын жануарлар туралы оқиды. 2­топ тез жүгіретін жануарлар туралы оқиды. 3­топ жәндіктер туралы оқиды. 4­топ денесіне май жинайтын аңдар туралы оқиды. 5­топ кеміргіштер туралы оқиды. Оқушылар   мәтінді   оқи   отырып,   бірден   «Түртіп   алу»   кестесін  толтырып   отырады. Мәтіннің ішінен білетіндерін «Білемін»  бөліміне,  жаңадан нені үйренгенін «Білдім» бөліміне, тағы да  осы  тақырып көлемінде не білгісі келсе, «Білгім келеді» бөліміне жазады. Білемін Білдім Білгім келеді Содан соң әр топ өздерінің бөлімдері бойынша басқа топтар ға сұрақ қояды. Қорытынды жасау. ­ Әрбір жануар қысқа қалай дайындалатыны туралы қорытынды жасаңдар. Әр топ оқушылары жұмысқа кіріседі: сурет салады, шағын әңгіме құрастырады, эссе жазады, т.б. Бақылау күнделігімен жұмыс. Оқушылар тапсырманы өздігінше орындайды. Мұғалім  өздігінше орындай алмаған оқушыға көмектеседі. Сабақты қорытындылау. 1. Қысқа қарай қандай жануарлар түлейді? Неге түлейді? 2. Қандай жануарлар қысқы ұйқыға кетеді? 3. «Қыскы ұйқы» дегеніміз не?  Үйге тапсырма беру. Бауырымен жорғалаушылар қысқа қалай дайындалатыны туралы оқып келу. Келесі сабаққа Қазақстанда мекендейтін құстар туралы мәліметтер жинау. Күні Сыныбы 39­САБАҚ. Құстардың алуан түрлілігі Сабақтың мақсаты:  оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту; табиғат қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жаңа сабаққа дайындық. Оқушылардың құстар туралы жинаған мәліметтері тыңдалады. Берілген мәтіннің мазмұны төңірегінде әңгіме жүргізу. Айдар айналада болып жатқан өзгерістерді, табиғатт бақылағанды жақсы көреді. Бірде ол хайуанаттар паркіне барды. Торда отырған алуан түрлі құстарды, олардың дауыстарын естіп, таң­тамаша болды.  Кенет көлшіктің ортасында ашылып тұрған аппақ гүлге көзі түсті. Гүл көз алдында ашылып, лезде ғайып болды. Гүл дегені аққу екен. Айдардың сол күні құстардың алуан түрлілігіне көзі жетті. Музыка әуенімен «Аққу» биінің элементтері орындалады.  Садақша мойнын иілтіп,  Көрген жанды сүйсінтіп,  Жүзгенде көлдің сәні өзі,  Судағы құстың нәні өзі.  Жердегі құстың серкесі,  Көктегі құстың еркесі  ­Аққу құсым сен бе едің? (Халық ауыз әдебиеті) «Құстар» сөзіне топтастыру құру |  «Құстардың   алуан   түрлілігі»   мәтінін   оқыту.   Мәтіннен   жаңа  мәліметтерді белгілеп отырады. ­ Құстар туралы өзіңнің біліміңді мәтіндегі ақпараттармен салыстыр. Мәтіннің мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі. Бақылау күнделігімен жұмыс. Құстарды сипаттап жазады. «Кім құстарды көп біледі?» сайысы өткізіледі. Шарты: оқушылар өздері білетін құстардың аттарын айтады. Кім көп айтады, сол жеңімпаз атанады. Өзекті сұрақ. 1. Құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді? 1.Үйіңнің жанында тіршілік ететін құстарға қандай жағдай жасайсың? Сабақты қорытындылау. «Егер біз болмасақ, құстарға кім көмектеседі?» тақырыбымен әңгіме өткізіліп, сабақ қорытындыланады. Үйге тапсырма беру. «Құстардың алуан түрлілігі» мәтінін оқып келу. Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін және Қазақстанда тіршілік ететін құстардың тіршілігі туралы әңгіме тауып оқу. Күні Сыныбы 40­САБАҚ. Құстар қалай өсіп­өнеді? Сабақтың   мақсаты:  құстардың   көктемдегі   тіршілігі,   олардың   көбеюі   туралы білімдерін толықтыру; құстарды қорғау тәрбиелеу. Көрнекілігі: құстар мен жәндіктер бейнеленген суреттер. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жаңа материалмен жұмыс. а) «Қалақай құрты мен Шыбын» ертегісі оқылады. Қалақай Құрты мен Шыбын ­ Жібер,   мені,   Шыбын!   Мына   ағаштағы   орын   менікі,   күнге  менің   де   қыздырынғым келеді! ­ Сен кімсің? ­ Мен Қалақай Құртымын. ­ Онда қалақайыңа барып қон. ­ Ағаштың қуысындағы үй менікі. Мен қыс бойы осы жерде қыстап шықтым. ­ Мен де ағаш қуысында ұйықтадым.  Сұрақ: ­ Жәндіктер қайда қыстап шықты?  ә) «Жыл құстары» мәтіні оқылады. Жыл құстары Күн жылынып, жәндіктер жер бетіне шықты. Жыл құстары да ұшып келді. Құстар ұя салып, жұмыртқа баса бастады  Жұмыртқаны жарып, балапандар да пайда болды. Құстар балапандарына қорек іздеп, құрт­құмырсқаларды аулап жүр. Көкшымшықтың бес балапаны бар. Ол балапандарын күніне  600 рет қоректендіреді. Сонда әр балапанға 120 үлес тамақ, яғни 40 таңертеңгі ас, 40 түскі ас, 40 кешкі ас тиеді екен. Сұрақ: 1. Көкшымшықтар немен қоректенеді?Сызба арқылы жұмыс жүргізіледі. өсімдік ­ жәндіктер ­ құстар Жұмбақтар шешіледі. 1. Екі басы жұдырықтай,  Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа) 2.Ат басты,  Арқар мүйізді,  Бөрі кеуделі,  Бөкен санды.  Қос қанатты,  Құмырсқа ізді,  Бота тірсекті.  (Шегіртке) 3.Ұшқанда өлең айтады,  Қонғанда жер қазады.  Мұны да ойлап көрейік,  Шешуін кім табады?  (Қоңыз) Сабақты қорытындылау. 1. Құстар мен жәндіктердің тіршілігі туралы не білдіңдер? 2. Қандай қорытынды шығардыңдар?  Үйге тапсырма беру. Құстар мен жәндіктер туралы жұмбақтар табу. Бақылау күнделігіндегі тапсырманы орындау. Мәтінді оқып келу. Күні Сыныбы 41­САБАҚ. Жануарлар қалай өсіп­өнеді? Сабақтың   мақсаты:  жануарлардың   көктемгі   тіршілігімен  таныстыру;   табиғатпен байланыс орната білу дағдыларын дамыту; табиғатқа қамқолықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілігі:  жабайы   жануарлар   бейнеленген   сурет,   «Табиғат  пен   жануарлар»   деген бейнетаспа. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жұмбақтар шешу. 1. Жапырақ жоқ бұтасында,  Қос емен өсіп тұр бір басында.  (Бұғы) 2.Жаз бойы орман кезеді,  Жеміс­жидек қорегі.  Апан ­ оның іні,  Қысқы ермегі ­ ұйқы.  (Аю) ­ Жұмбақтардың шешуі болған жануарлар қандай жануарлар? ­ Жабайы жануарлар. ­ Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? ­ Жабайы жануарлардың өсіп­өнуі.  Жаңа материалмен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді оқу. 1. «Жануарлардың жиналысы» ойыны. Шарты:   оқушылар   бірін­бірі   көретіндей   дөңгелене   отырады.  Әрбір   оқушы   өзін   бір жануардың орнына қойып, соның атынан сөйлейді. Мысалы: ­ Біз, бақалар, көктемде ұйқыдан оянып, уылдырық шашамыз... ­ Жыландар мен кесіртелер ... ­ Аю... ­ Кірпілер... ­ Бұландар... ­ Қояндар... Егер оқушыларға жануарлардың тіршілігі туралы әңгімелеу қиындық туғызса, онда алдымен оқулықтағы мәтін оқытылып, мазмұны ашылады. Оқушылар өздері таңдап алған жануар туралы мәтіннен тауып оқиды. Жануарлардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы пікірталас өткізеді. ­ Қасқырды орман санитары деп атайды. Өйткені ол ормандағы өлекселерді жейді. ­ Жануарлар өсімдіктердің өсіп­өнуіне көмектеседі. ­ 3. Жануарлардың балаларының атауларымен таныстыру. Зиянды құрттардың көзін құртады. Аққудың баласы – көгілдір. Еліктің баласы – еңлік. Жолбарыстың баласы – шөнжік. Аюдың   баласы   –   қонжық.  Бұғының   баласы   –   бұғышақ.  Түлкінің   баласы   – түлкішек, мыршай. 3. Бақылау күнделігімен жұмыс. Сызық арқылы әрбір жануардың баласын тауып көрсетеді. ► ■ 4. Жануарлар мен табиғат арасындағы байланысты қою. өсімдік —  дала, орман тышқандары —»  жыландар  өсімдік —*­ жәндіктер —  аю► ■ өсімдік —  жәндіктер —>  кірпілер  өсімдік —  бұлан —  қасқырлар т.б.  Сабақты қорытындылау. Мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап береді.  ► ► ► Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып келу. Жануарлардың тіршілігінде болатын түрлі жағдайлар туралы тауып оқу.   ҚР­ның  Қазақстан   Республикасының   Қызыл   кітабы,     Дүниетану 2 «А»сынып  52­ сабақ Күні: 14.03.2014ж.         Сабақ тақырыбы:  Жануарлар мен өсімдіктердің  қызыл кітабы. Өсімдіктер мен жануарлар көптүрлілігі. Сабақтың мақсаты: оқушылардың экологиялық білімдерін толықтыру, бекіту; табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Конституциясы, Қазақстанда сирек кездесетін жануарлардың суреттері. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жаңа материалмен жұмыс. «Адамдар   жер   бетіндегі   тіршілікті   сақтап   қалу   үшін   не  істейді?»   деген тақырыпта пікірталас жүргізіледі. Оқушы жауаптары: а)  Жойылып   бара   жатқан   өсімдіктер   мен   жануарларды  сақтап  қалу   үшін қорықтар құрады. ә) Адам табиғатқа зиян келтірмей өмір сүру керек. б)  Адам  жасыл орманды, көлді, таза ауаны сақтап, жануарларды қорғау  үшін ақылды болуы керек. «Хайуанаттар паркінде» ойыны. Шарты: оқушылар Алматы қаласындағы хайуанаттар паркіне сырттай саяхатқа барады.  Бір оқушы журналист, бір оқушы  парктің  директоры болып сайланады. «Журналист» «парк директорынан» интервью алады. Журналист:  Қазақстанда   Қызыл   кітап   1978   жылы   басылып  шықты.  Оған республикамыздағы   сирек   кездесетін   және   жойылып   бара  жатқан   жануарлар мен   өсімдіктер   енгізіліп,   қорғауға   алынды.  Алматының   хайуанаттар   паркінде Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар бар? Директор: Бізде сирек кездесетін және жойылып бара жаткан жануарлар өте көп. Бұлар: барыс, ақбөкен, қабылан, кішкентай аққу,  ергежейлі қосаяқ, кішкентай аққұтан және тағы басқа көптеген түрлер. Журналист: Ал қандай жануарларға жойылып кету каупі төніп тұр. Олар паркте бар ма? Директор: Иә, бар. Бұл жануарлар қорғауға алынған. Мысалы, тау арқары. Біз олардың   тұқымын   көбейтумен   айналысып   жатырмыз.  Қанаттылардың   ішіндегі үлкені бүркіт те ­жойылып бара жатқан түрдің бірі. Біз осылардың барлығының жойылып кетпеуі үшін бар жағдайды жасаудамыз. Журналист: Рақмет. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Оқулықпен жұмыс. ­ Қызыл кітап ­ қауіптің дабылы және тірі табиғатты  сақтау үшін күресетін нышаны.  Қызыл  кітап   туралы  айтқанда  сен қандай  сезімде боласың? Ал Қара кітап ше? 1. Жұппен  жұмыс (балалар мәтінді оқып, бір­біріне сұрақ  қояды, оқығандарын талдайды). 2.Мұғалім  оқушыларды   Қызыл   кітаппен   таныстырады.  Қара   кітап  туралы, яғни оған жойылып кеткен жануарлар мен  өсімдіктердің тізімі кіргізілгенін де түсіндіріп кетуге болады. Табиғатты қорғау туралы Заңның баптары оқылады. Бақылау күнделігімен жұмыс.  Сабақты қорытындылау. Сұрақтар: 1. Қызыл кітап пен Қара кітап не үшін пайда болды? 2. Олар неліктен осылай аталған? 3. Жердегі тіршілікке неге адам жауап береді?  Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып келу. Ересектерден табиғатты қорғау туралы интервью алу. Күні Сыныбы 43­САБАҚ. Отбасы мүшелері және олардың міндеттері Сабақтың мақсаты:  «Отбасы  –  қоғамның бір бөлігі» деген  түсінікті қалыптастыру; отбасы мүшелерінің арасындағы жылы қарым­қатынас туралы әңгімелеу. Көрнекілігі: бейнетаспа, суреттер. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жаңа материалмен жұмыс. ­ Балалар, сендер ата­аналарыңа кім болып келесіңдер? ­ Балалары боламыз. ­ Сендердің отбасы алдында қандай міндеттерің бар? Әрбір оқушы өзінің отбасы туралы әңгімелейді.  Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мұғалімнің оқуы. Әрбір бөлікті оқығаннан кейін, мұғалім оқуын тоқтатып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. «Отбасы» атты бейнетаспа көрсетіледі. Оқушылар   бейнетаспада   көрсетілген   отбасы   мүшелерінің  мінез­құлықтарындағы қателіктерді табады. Өзекті жағдаят. ­  Егер сен ренішті, келеңсіз жағдайға тап болсаң, басыңнан  өткен жағдайды бірінші кімге барып айтасың? Әжең мен анаңа ма, әлде атаң мен әкеңе ме? Неге? Оқулықтағы «Ана» мәтіні оқытылады. ­ Біздің елімізде аналарды қандай наградалармен марапаттайды? ­ Елімізде аналарға бала тәрбиелегені үшін көптеген наградалар беріледі. Олар: «Ана медалі», «Ана даңқы», т.б.  Ал көп  балалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталады. ­ Ананың қолын, жүрегін неге «алтынға» теңейді? ­ Аналардың қолынан кез келген жұмыс келеді.  Бақылау күнделігімен жұмыс. ­ Отбасы тату­тәтті тұру үшін не істеу керек?  ­ Бақылау күнделігіндегі тапсырма орындалады.  Сабақты қорытындылау. Сұрақтар: 1. Отбасы мүшелерінің бір­біріне қамқорлығы туралы не айтуға болады? 2. Отбасындағы өзіңнен кішілермен қандай қарым­қатынаста боласыңдар? Үйге тапсырма беру. Оқулықтағы мәтінді түсініп оқу. «Отбасы мүшелері кешкісін»  тақырыбында  әңгіме дайындап келу. Күні Сыныбы 44­САБАҚ. Ата мен әже. Туыстар Сабақтың мақсаты:  оқушыларға бір шаңырақ  астында  тұратын  ата­әже,  әке­ шеше,  аға­іні,  әпке­сіңлі,   қарындастар  деген  ұғымдарды   меңгерту;   әке­шеше, балалар арасындағы қамқорлыққа, сыйластыққа баулу. Көрнекілігі: «Шежіре» атты сурет, кесте. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. ­ Туысқан деп кімдерді айтуға болады? (Оқушылар өздерінің отбасы мүшелерін атайды). Жаңа материалмен жұмыс. Тақтаға бірнеше сөздер жазылады. Отбасы мушелері, ата, әже, жақын, туған­туыс, сыйлайды, жақсы көреді. Берілген сөздерді қатыстырып, «Отбасы» тақырыбында әңгіме құрастырады. Ата  ­ туыстық  қатынасты білдіретін  сөз, әкеңнің, анаңның  әкесі.   Ата  ­ ­ қадірлі   қарт,   жас  ұрпақ  үшін   ерекше   қадірлі.  Әже  ­  баланың  әкесінің   не анасының шешесі. Әже ­ жасы үлкен қария, отбасының бүтіндігін ойлайтын ел анасы.   Қазақ   отбасында   ата   мен   әжені   балалары   қартайғанда   қамқорлыққа алуға міндетті.  Балаларды  оқыту мен тәрбиелеу де жақсы жолға қойылған. Оқулықпен жұмыс. Сурет бойынша жұмыс. – Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар? – Отбасы мүшелері бір­біріне кім болып келеді?  Мәтінмен жұмыс. а) Оқушылар мәтінді іштей оқып шығады. ә) Мәтіннің бірінші бөлімін оқиды, содан соң оқығандары бойынша сұрақтарға жауап береді. Осылайша екінші бөлімді оқиды, сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың өздерінің отбасылары туралы әңгімелеуі. 1. Сенің отбасыңда неше адам тұрады? Олардың аттарын ата. 2. Сен оларды жақсы көресің бе? 3. Отбасы мүшелерінің қандай мамандықтары бар?  «Жеті ата» кестесін құрастыру және сызу. – Балалар, бір әулеттен тараған бірнеше ұрпақтың бірге тұруын үйелменді отбасы деп атайды. Қазір біз бір әулеттен  тараған бірнеше ұрпақты кесте түрінде сызып көрсетеміз. Ата, әже, әке, ана, ұлы, қызы, немере, шөбере.  Сабақты қорытындылау. 1. Өз туыстарың арасында қандай қарым­катынас қалыптасқан? 2. Ата­әжеңе қандай қамқорлық жасайсың?  Үйге тапсырма беру. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап келу. Күні Сыныбы 45­САБАҚ. Отбасы дәстүрлері Сабақтың мақсаты: қазақ отбасында болатын дәстүрлер туралы алған білімдерін кеңейту; халық тарихына, отбасы  дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Кіріспе әңгіме. Қазақ халқы салт­дәстүрге бай. Әдет, ғүрып, ишара, ырым, тыйым, дағды ­ бәрі осы   салт­дәстүрдің   көрінісі.   Салт­дәстүрдің  отбасы   үшін  тәлімдік,   тәрбиелік мәні зор. Қазақ. отбасында  бала тәрбиесіне  көп көңіл бөледі. Сондықтан бала дүниеге  келісімен,  оған  арнап  шілдехана   тойын   өткізеді.  Шілдеханаға  келген қонақтар балаға, оның ата­анасына арнап игі тілектерін  айтады,  құттықтайды, сыйлықтар   сыйлайды.   Одан   кейін   де  отбасылық  дәстүрлер   жалғасын   таба береді. Мұның бәрі бала тәрбиесіне әсерін тигізеді. Жаңа материалмен жұмыс. 1.1­сыныпта   қазақ   халқының   қандай   салт­дәстүрімен  таныстық?  Естеріңе түсіріңдер. 2. Дәстүр сөзін топтастыру. Тақтада орындау. 3. Оқулықтағы мәтіннен қандай дәстүр туралы білдіңдер? Сол дәстүрлерді атап шығыңдар. Оқулықпен жұмыс. а) Мұғалім дауыстап оқиды. ә) Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. б)  Жылу  жинау   дәстүрі   ­   жақсы   дәстүрлердің   бірі.   Ол  туралы  мысалдар келтіре отырып, жан­жақты түсіндіріледі. ­ Күннің сәулесі қандай болады? ­ Жылы, ыстық. ­  Күн   сәулесі   қандай   ыстық   болса,   адамдар   арасындағы  қарым­катынас  та сондай жылы, ыстық болуы керек. ­ Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылардың әңгімесі. Оқушылар   өз   отбасындағы   дәстүрлер   туралы   баяндайды  Әңгіме   іскерлік   ойыны түрінде өтеді. Сыныпта бір оқушы «журналист» болып сайланады. «Журналист» кез келген оқушыға келіп: «Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталады Сол дәстүрлер туралы айтып беріңіз», – дейді. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. Үйде ересектерден басқа да салт­дәстүрлер туралы сұрап біліп келу. Күні Сыныбы 46­САБАҚ. Дұрыс тамақтану ­ денсаулық кепілі Сабақтың мақсаты: дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту; тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау. Көрнекілігі: суреттер, жасанды жеміс, көкөністерді, су тағамдарының суреттері. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Бүгін сабақта мынандай маңызды сұрақтарға жауап береміз: 1. Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек? 2. Неліктен жемістер мен көкөністерді көп жеу керек? 3. Неліктен ас ішер алдында қолды жуып, тісті тазалау керек? 4. Жемістер мен көкөністерді неге жуып жеу керек?  Жаңа сабақ. Салауатты өмір сүрудің бір ережесі ­ дұрыс тамақтану. «Мынау не?» дидактикалық ойыны. Шарты:   мұғалім   оқушыларға   көздерін   жұмып   отыруды  тапсырады.   Оқушылар көздерін   ашқанда,   тақтада   пияз,   сарымсақ   немесе   лимонның   суретін   іліп   қояды. Мысалы: бір оқушы  лимонның түрін, түсін, дәмін, иісін, оның құрамында қандай дәрумендер бар екенін әңгімелейді. Оны басқа оқушылар толықтырады. Білімдерін тексеру. Дұрыс тамақтанудың диагностикалық картасы құрастырылады. Дұрыс тамақтану Дұрыс тамақтанбау Оқушылар   өз   беттерінше   дұрыс   тамақтану   және   дұрыс  тамақтанбаудың ережелерін жазады, неге екенін дәлелдейді.  Оқулықпен жұмыс. 1. Оқулықтағы мәтінді іштей оқыту. 2. Оқушылар мәтіннің мазмұнын өздерінің жауаптарымен салыстырады. 3. Мәтіндегі жаңа мағлұматты белгілейді. 4. Төменде берілген сұраққа мәтіннен жауап іздейді, табады. 1. Азық­түліктің қандай түрлері болады екен? 2. Өсімдік текті азық­түлікке нелер жатады? 3. Жануар текті азық­түліктерге нелер жатады?  Суретпен жұмыс. Бақылау күнделігімен жұмыс. «Тапсырманы   кім   жылдам   және   дұрыс   орындайды?»   дидактикалық   ойын арқылы бақылау күнделігіндегі тапсырмалар орындатылады. Ойынның қорытындысы шығарылады. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. Әр оқушы өзі үшін дұрыс тамақтанудың сызбасын сызып келеді. Тамақ  Пайдалы Зиянды

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр

Бізді не қоршап тұр
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.05.2017