Әдебиеттік оқу "Өнер алды -қызыл тіл" "Қарлығаш" Төле би
Оценка 4.8

Әдебиеттік оқу "Өнер алды -қызыл тіл" "Қарлығаш" Төле би

Оценка 4.8
docx
29.04.2020
Әдебиеттік  оқу "Өнер алды -қызыл тіл" "Қарлығаш" Төле би
Әдебиеттік оқу 3.docx

1-сабақ

Пән: Әдебиеттік оқу

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

5- тарау: Өнер

Күні:   09.01.2020 ж

Сынып: 3 «А» сынып

Лицей . 44

Мұғалімі: Халидуллина С И

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өнер алды – қызыл тіл. «Қарлығаш әулие» Төле би

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу  мақсаттары

 

3.2.4.1 – өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық

ерекшеліктерін анықтау;

3.1.4.1 – сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді

вербальды емес тілдік құралдарды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

l  мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

l  шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

l  берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

5-тарау өткен төрт   тараудан(1-4) алынған білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар алдыңғы өткен құрылымды (шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап,  жоспар құруды үйрену) ұстанып, әңгімелерді жоспарлап, мазмұнын айта және өз ойын жаза алуы керек.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Қызығушылықты ояту. Сыныпты қалыпқа келтіру. Ойсергек.

Күлімдеп күн бүгін, (қолын көтеріп, суретті нұсқайды) Қарады маған да. (қолын кеудесіне қояды)

Күлімдеп күн бүгін, (қолын көтеріп, суретті нұсқайды) Қарайды саған да. (қасындағы оқушыны нұсқайды)

Сәлем деймін достарға, Сәлем барша ұстазға! Тату болып халықтар, Аман болсын балалар! Топқа бөлу:

І топ: Батыр

ІІ топ: Би

Өткен тарауды қайталау айдары.

Шашылған сөздерден әр топ өз атына байланысты мақал-мәтел құрастыру.

Жұмыс ережесін келісу

*        Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

*        Уақытты үнемдейміз!

*        Нақты,дәл жауап береміз!

*        Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

*        Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

«Сиқырлы кубизм» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. Жұптастырып айтқызу.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

 

 

 

 

 

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

 

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Оқылымалды тапсырма. Аузы дуалы шешендердің бірі Төле

би туралы оқулықтағы мәтін тыңдалады.

Оқылым.

 «Қарлығаш әулие»

Автор айдарымен танысу. Төле би

Топтық жұмыс.

Тапсырма.

1.       Төле бидің «Қарлығаш әулие» атану себебін түсіндір.

   2. Төле бидің нақыл сөздерін түсініп оқы және өз сөзіңмен

қалай түсінгеніңді айт.

   3. Мәтінде берілген мына тіркестердің мағынасын

түсіндірме сөздікті пайдаланып жаз.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»      

«Қызғыштай қорыған құс»        

«Бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын»         

«Шын әулиенің өзі»          

Берілген нақыл сөздің бірін таңдап, соған қатысты

диалог құр.

Халқыңа адал бол,

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол!

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді. 

 

•                     Дескриптор:

l  мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

l  шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

l  берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау.

(Ұ) (Ө) «Суреттер сөйлейді» стратегиясы бойынша «Өнер» тақырыбына байланысты әртүрлі өнерлер туралы суреттер таратылады. Мұғалімнің қолдауымен суреттерге талдау жасалады.Сол суреттерге сүйене отырып шығармашылық жұмыс түрінде өзінің ұнататын өнері туралы сурет салу ұсынылады.

 

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Белсенді оқу тапсырмалары.

 

 

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

«Кім жылдам?» ойыны. Берілген нақыл сөздерді қандай тақырыпта қолдануға болады?

1.  Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл.

2.  Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады.

3.  Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.

4.  Жақсы туса – елдің ырысы, Жаңбыр жауса – жердің ырысы.

Кітап – білім бұлағы, Білім – өнер шырағы.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

            Оқушыларға  қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут  талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

 

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Жетістік баспалдағы» кері байланыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Пән: Әдебиеттік оқу Орта мерзімді жоспар бөлімі: 5- тарау: Өнер

Пән: Әдебиеттік оқу Орта мерзімді жоспар бөлімі: 5- тарау: Өнер

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.04.2020