Дені саудың -Жаны сау

  • Домашнее обучение
  • docx
  • 18.05.2019
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

. . . . . . . . . . ... . . . . . ... . . .. .. .. . . . . . . . .. . . ... . . . . . .. .. . . . . .
Иконка файла материала Дені саудың - жаны сау-3.docx
№29 «Балауса» бөбекжайы Денсаулық күні: «Дені саудың – жаны сау» Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сәмиев Отаржан Қуандықұлы2016­2017 оқу жылы Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау» Мақсаты: Балаларға дене шынықтырудың қажеттілігін және пайдасын түсіндіру.  Дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы ояту.  Жылдамдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Керекті құрал­жабдықтар: жалаушалар, кегельдер, құрсаулар, хоккей таяқтары,  кіші доптар, көңілді әуендер, т.б. Кейіпкерлер: Сайқымазақ. Жүргізуші:  Сау дене, таза ақыл, адал көңіл                      Үшеуімен бақытты болар өмір.                      Келу үшін бақшаға,                      Ашу үшін тәбетті,                       Құру үшін сен саулық                      Керек жақсы денсаулық. Құрметті балғындар, спортшылар!  «Дені саудың –жаны сау» атты спорттық  шарамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі спорттық шарамызда өнерлерін көрсететін  топтарымызды ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер! (Ортаға топтар шақырылады. Топтар көңілді әуенмен өз орындарына тұрады.) 1­топ: «Ұландар» Ұраны: Ұлан тобы алға!              Биіктерге самға!              Жарыстарда топ жарып,              Жеңістерді жалға! 2­топ: «Қырандар» Ұраны: Қыран болып самғаймыз              Жарыстан еш қалмаймыз.              Жеңісті қолдан бермейтін,              Жау жүрек бала боламыз! ­ Балалар, жарайсыңдар, ендеше бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен танысып  өтейік: 1. «Жалаушаны тез жеткіз» 2. «Қар жинау» 3. «Хоккейшілер» 4. «Машиналар» 5. «Достық» ­ Балалар, қараңдаршы бізге қонақ келе жатырған сияқты (сайқымазақ келеді). ­ Балалар, бұл кім екен бізге мұңайып келген? ­ Сайқымазақ. ­ Саламатсызба! ­ Сайқымазақ, сен неге мұңайып жүрсің?­ Көңіл­күйім болмай, шаршап тұрмын, қасымда достарым да жоқ көңіл­күйімді  көтеретін. ­ Балалар, қанекей, Сайқымазақтың көңілін көтереміз бе? ­ Ия. ­ Ендеше Сайқымазақ, бізбен бірге бүгінгі сайысымызға қатыс, сонда сенің көңіл­ күйің көтерілер. Ең алдымен жалпы дамыту жаттығуларын жасайық. ­ Жарайды, қане менің соңымнан қайталаңдар мен көңілді жаттығу жасаймын.  (Көңілді әуенмен балаларға Сайқымазақ жалпы дамыту жаттығуларын жасатады) ­ Міне, жаттығу да жасадық, сайысымызды бастайық. ­ Тоқта Шарамызды бастамас бұрын әділ­қазылар алқасымен танысып алайық. Балабақша дене шынықтыру нұсқаушысы: Дюсенов Г. М. Балабақша қазақ тілі мұғалімі: Аккалиева А. Г. Балабақша әдіскері, новаторы, психологі: Гатауова Т. Х. 1. «Жалаушаны тез жеткіз»  Шарты: Екі топтың балалары нұсқаушының белгісі бойынша жалаушаны бір  қолына ұстаған күйде кегельдердің арасымен жүгіп барып қайтар жолда дәл солай  қайталап өтіп эстафетаны келесі балаға тапсырады да соңына барып тұрады. 2. «Қар жинау»  Шарты: а) Нұсқаушының белгісі бойынша балалар кегельдерді айналып өту  арқылы құрсаудың ортасында жатқан допты алып келеді. Осылай барлығы  қайталап шығады; б) Балалар жәшіктен алған доптарын кері орынына апарып қояды. Осылай барлығы қайталап шығады. 3. «Хоккейшілер»  Шарты: Екі топқа бір­бірден хоккей таяқтары беріледі. Белгі бойынша таяқты  ұстаған күйде жүгіріп барып құрсаудағы допты таяқпен алып келеді де саптың  соңына тұрады. 4. «Көліктер»  Шарты: Нұсқаушының белгісі бойынша балалар алдында жатқан құрсауды бел  тұсында көтеріп ұстайды. Жүгіріп барып, кері қарай жүгіреді. Осылай барлығы  қайталап шығады.  Бірінші келген топ жеңімпаз болады. 5. «Достық»  Шарты: Музыка ырғағымен жүргізіледі. Екі топтың балаларын қосамыз. Бірінші  топтың бір баласымен екінші топтың баласы жұп болып қолдарын ұстап тұрады.  Музыка қосқан кезде балалар қолдарын жіберіп билей жөнеледі. Музыка  тоқтағанда балалар жұптарымен қолдарын көтеріп тұрады. Жүргізуші: Жарысымыз соңына жетті. Әділ­қазыларға сөз берейік. Әділ­қазылар ұпайларына қарай алғыс хаттарымен марапаттайды.