Денсаулық
Оценка 5

Денсаулық

Оценка 5
docx
10.02.2022
Денсаулық
Жүгіруде тоқтап және тапсырманы орындау (кубқа немесе гимнастикалық орындыққа тұру); жоғары секіріп затқа қолын тигізу.
11.02.docx

№ 68 Ұйымдастырылған оқу қызметі  жоспарының

Педагогтың аты-жөні

Ахметова А.С.

Күні

11.02.22 ж.

Тобы

№ 1 кіші топ

Білім беру саласы

«Денсаулық»

Бөлім

Дене шынықтыру

Тақырыбы

Жүгіруде тоқтап және тапсырманы орындау (кубқа немесе гимнастикалық орындыққа тұру); жоғары секіріп затқа қолын тигізу.

Мақсаты

Жүру, жүгіру әр түрлі бағытта негізгі қозғалыстардың түрлерін қалыптастыру.

Сөздік жұмыс

слайдтан суреттерді көрсете отырып түсіндіру, ойын,сұрақ-жауап,әңгімелесу,мадақтау.

Көптілді компонент

Жүгіру –бегать, секіру –прыгать.

Ресурстар

Әр балаға екі жалаушадан,гимнастикалық орындық, доптар ,шығыршық,іздер,ойынға қажеттізаттар

Барысы

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Тәрбиеленушінің әрекеті

Кіріспе бөлім

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Көкке қолды созамыз,

Қанат қағып ұшамыз

Қарлығаштай самғаймыз.

Барлығы бірге қимылмен көрсетіп орындады.

Негізгі бөлім

-Жарайсыңдар,балалар! Біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Гимнастикалық орындық бойымен ішпен ,қолмен тартылып еңбектеу» -деп аталады. -Балалар сендер қалай ойлайсыңдар? -Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет? -Дұрыс айтасыңдар. Олай болса көгілдір экранға назар аударайық. -Егерде денің сау болсың десең не істеу керек? -Егерде денің сау болсың десең не істеу керек

-Жарайсыңдар балалар. Ендеше балалар бой жазу жаттығуларын орындайық. Түрлі жүріс түрлерін жүргізу. 1.Біз көңілді баламыз Жаттығуды жасаймыз, Денені тік ұстаймыз. 2.Түзу болсын арқамыз, Өкшемізбен жүреміз. 3. Аяқтың ұшымен де, Жүруді біз білеміз. 4.Жүгіреміз шеңберде, Адаспай бір-бірімізден. Тыныс алу жаттығуы. Жалпы дамыту жаттығулары: Балалар ,жалпы дамыту жаттығуларын музыка әуеніне қосылып доппен орындаймыз. Б.қ: қол доппен төмен .Доппен қолды алға созу,допқа қарау.Бастапқы қалыпқа оралу. Допты жоғары көтеру ,допқа қарау.Бастапқы қалыпқа оралу.5-6 рет. Б.қ: қол доппен алға созылуы. Қолды оңға ,допқа қарау. Бастапқы қалыпқа Допты жоғары көтеру,оларды оңға және солға бұлғау,бастапқы қалыпқа оралу. Алға еңкею,допты еденге қою ; бастапқы қалыпқа оралу;алға еңкею ,допты еденнен алу,бастапқы қалыпқа оралу. 4-5 рет. 8-10 рет орында жеңіл секіру,доптың айналасында жүру. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: 1.Іздермен жүру. 2.Гимнастикалық кілемшелерден қос аяқпен секіру. 3.Гимнастикалық орындық бойымен ішпен ,қолмен тартылып еңбектеу.оралу ,тура

Қимылды ойын: « Қаздар »

Қысқаша әңгіме, қаз өте сақ құс, ол балапан шығарған кезде, ата қаз балапандардың соңында жүреді. Егер қауіп төнсе, ана қаз екеуі екеулеп балапандарын қорғайды. Қаздар көк шалғында шөп жейді. Барлық балаларға сырнай үлестіріліп, ішінен ата қаз белгіленеді. Балалар шалғында жайылып жүрген қаздарды бейнелеп, баяу сырнай тартады. Тәрбиеші белгісімен қауіп төнгенде, ата қаз

сырнайды қатты 2-3 рет тартып белгі береді. Осы кезде балалар қанат қағып жүгіріп барып, ана қаздың жанына жиналады. Ойын қайталанып, ата қаз сайланады.

 

 

 

-Денсаулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 -Ерте тұру керек. -Шынығу керек

 

-Күнде жаттығу жасау керек. -Дұрыс тамақтануымыз керек. -Таза ауада көп серуендеп жүру керек.

 

 

Балалар түрлі жүріс түрлерін жасайды. Жай жүріс. Өкшемен жүру. Аяқ ұшымен жүру. Шеңберде жүгіру

 

 

 

 

Ойынға жаппай қатысады.

Қорытынды бөлім

Бүгін не үйрендік ? Қандай жаттығу ұнады? Қоштасу шеңбер

Сұрақтарға жауап береді. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау –саламат болайық.

 

Тексерді:

Ескерту:

 

Педагогикалық  қолдауына  мұқтаж болған  балалар:


 

Педагогтың аты- жөні Ахметова

Педагогтың аты- жөні Ахметова

Негізгі бөлі м -Жарайсыңдар,балалар!

Негізгі бөлі м -Жарайсыңдар,балалар!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2022