Сабақтың мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеттері: Денсаулықты сақтау,нығайту
Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру;
Денсаулығын күтуге,бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы:1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті «Ғажайып бақ»
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3. Дәйексөз.
«Жаны саудың – тәні сау»
4. Әңгімелесу. Денсаулық құпиялары
5. Шығармашылық жұмыс.
6. Топпен ән айту. «Денім сау болсың десең»
7. Үй тапсырмасы.
8. Соңғы тыныштық сәті.Тақырыбы: Денсаулық құпиялары.
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: денсаулық,қадірлеу,сақтау
- Сабақтың мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
- Міндеттері: Денсаулықты сақтау,нығайту
- Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру;
- Денсаулығын күтуге,бағалауға тәрбиелеу. Ресурстар: үнтаспа,релақсация жаттығулар жиынтығы,оқулық,дәйексөз,дәптер.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті «Ғажайып бақ»:Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.
Сіз өзіңіздің ішкі мүшелеріңізді сезініп,жүрек соғысын тыңдаңыз.Барлық мүшео\леріңізге ішкі қуаныш,күлкі толқынын жіберіңіз.
Айнала тыныштық.Өзіңізді жеңіл сезініңіз.Жеп-жеңіл мамық сияқтысыз.Жоғары көтеріліңіз.Көйлегіңіз қандай әдемі!Алдыңыздан соққан самал жел сізді биікке үйіріп көтеріп әкетті.Қандай тамаша!!!Еркіндік.Жүрегіңізді қуаныш билейді.Күнге қарай ұшып келесіз.Жерге қараңызшы,ол сізге қол бұлғайтын сияқты.Алдыңызда баспалдақБұл-сіздің арманыңыздың баспалдағы.Баспалдақпен жоғары көтеріліңіз,көтеріле беріңіз,сіз шаршамайсыз.Баспалдақ сізді басқа әлемге алып келеді.Бір кезде сіз ғажайып бақтың ортасында тұрсыз.
Алдыңызда алтын тақ тұр.Айналасыеа сәуле шашады.Бұл –сіздің өмірдегі өз орныңыз..Енді сіз өз өміріңіздің қожайыңысыз.
Айналаға қараңыз,қандай тамаша!Алуан түрлі хош иісті гүлдер,сіз көрмеген әдемі ағаштар тербеліп,сізге сәт спар тілейтін сияқты.Құстардың сайрағаны естіледі.Жүрегіңіздің қуанышын жасырмаңыз.Қасыңыздан құйрықтары сан құбылған тауыстар өтіп бара жатыр.Олардың біреуі сізге қарай бұрылды.Тұмсығыңдағы асыл тастармен безендірілген жалтжұлт еткен тәжді байқадыңыз.Ол-сіздікі!
Енді алдыңызға мақсат қойыңыз.Сізде үлкен күш-қуат бар!Менімен бірге іштей қайталаңыз:Мен қабілеттімін,ең ақылдымын,ең әдемімін,ең ерекшемін,ең күштімін,ең бақыттымын
Қайтадан жеңіл көтерілім,баспалдаққа келіңіз,төмен қарай түсе бастаңыз.
1,2,3-көзімізді ашамыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді
3. Дәйексөз.
«Жаны саудың – тәні сау» /плакатта,бірге оқу/
- Балалар, «Жаны саудың – тәні сау» қалай түсінесіңдер?/балалардың жауаптары/
- Иә,ойларыңыз дұрыс. Адамның ішкі ойы таза болса, дені сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан да жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің адамдығы үшін ғана емес, жанының сау болуы үшін де әрекеттер жасау керек. Ол үшін өз бойындағы жағымсыз қасиеттерден арылу керек.
/дәптердегі «Менің дәйексөздерім» айдарындағы осы дәйексөзді жазғызу/
4. Әңгімелесу. Денсаулық құпиялары
- Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті өттегін жеткізеді, дұрыс өсуіне көмектеседі. Таза ауа – денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза болса,ауа таза болады. Сондықтан да табиғатты сүю жанға саулық береді. Су , біздің тәнімізге азық,тазалық,жанымызға тыныс,сұлылық береді. Су болмаса өсімдіктер өспейді, ал өсімдіктер болмаса таза ауа болмайды. Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді. Табиғи суға шомылсаң денең шынығады. Сондықтан да келесі денсмауылық құпиясы – табиғи су.
/ өлең жолдарын бірге қосылып айтқызу/
Су – табиғат байлығы,
Өзен- көлге барғайсын,
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп алғайсың.
- Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы – спорт. Өткені, ол денені шынықтырады,сергітеді, тәңіне сымбаттылық,жаныңа кұш-құат береді, аурудың алдын алады. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы – жан сұлулығы.
Жақсылық айтып басқаға,
Ортаға ойды салғайсын.
Тек мақтанба, жасқанба,
Сұлу жанды болғайсың.
Өйткені жаныңның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді. .
5. Шығармашылық жұмыс.
/оқушыларға ақ қағаз,түрлі түсті қарындаштар тарату/
-Өздеріңді табиғаттағы, тіршіліктегі неге теңейсіңдер, ұқсатасыңдар?
1-тапсырма: Сол суретті салыңдар.
/2 мин/
2- тапсырма: Жариялау. Мысалы;
- Мен гүлдей әдемімін.
- Мен көбеліктей көріктімін.
- Мен судай тазамын
- Мен күндей нұрлымын т.б.
6. Топпен ән айту. «Денім сау болсың десең» Музыка 1 сынып
\өзгертілген\
7. Үй тапсырмасы. Дәптер,37 бет 1 сынып «Өзін-өзі тану» дәптер
8. Соңғы тыныштық сәті. Көздерімізді жұмамыз,бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Көріскенше !
Денсаулық құпиялары 1 СЫНЫП.docx
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Айтиев селосы
Айтиев бастауыш мектебі
Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна
Сынып:1
Тақырыбы: Денсаулық құпиялары.
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: денсаулық,қадірлеу,сақтау
Сабақтың мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде
мәнін ашу.
Міндеттері: Денсаулықты сақтау,нығайту
Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру;
Денсаулығын күтуге,бағалауға тәрбиелеу.
Ресурстар:
үнтаспа,релақсация
жаттығулар
жиынтығы,оқулық,дәй
ексөз,дәптер.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті «Ғажайып бақ»:Балалар, денелеріңді
түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді
жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.
Сіз өзіңіздің ішкі мүшелеріңізді сезініп,жүрек соғысын тыңдаңыз.Барлық
мүшео\леріңізге ішкі қуаныш,күлкі толқынын жіберіңіз.
Айнала тыныштық.Өзіңізді жеңіл сезініңіз.Жепжеңіл мамық
сияқтысыз.Жоғары көтеріліңіз.Көйлегіңіз қандай әдемі!Алдыңыздан соққан
самал жел сізді биікке үйіріп көтеріп әкетті.Қандай тамаша!!!
Еркіндік.Жүрегіңізді қуаныш билейді.Күнге қарай ұшып келесіз.Жерге
қараңызшы,ол сізге қол бұлғайтын сияқты.Алдыңызда баспалдақБұлсіздің
арманыңыздың баспалдағы.Баспалдақпен жоғары көтеріліңіз,көтеріле беріңіз,сіз
шаршамайсыз.Баспалдақ сізді басқа әлемге алып келеді.Бір кезде сіз ғажайып
бақтың ортасында тұрсыз.
Алдыңызда алтын тақ тұр.Айналасыеа сәуле шашады.Бұл –сіздің өмірдегі өз
орныңыз..Енді сіз өз өміріңіздің қожайыңысыз.
Айналаға қараңыз,қандай тамаша!Алуан түрлі хош иісті гүлдер,сіз көрмеген
әдемі ағаштар тербеліп,сізге сәт спар тілейтін сияқты.Құстардың сайрағаны
естіледі.Жүрегіңіздің қуанышын жасырмаңыз.Қасыңыздан құйрықтары сан
құбылған тауыстар өтіп бара жатыр.Олардың біреуі сізге қарай
бұрылды.Тұмсығыңдағы асыл тастармен безендірілген жалтжұлт еткен
тәжді байқадыңыз.Олсіздікі!
Енді алдыңызға мақсат қойыңыз.Сізде үлкен күшқуат бар!Менімен бірге іштей
қайталаңыз:Мен қабілеттімін,ең ақылдымын,ең әдемімін,ең ерекшемін,ең
күштімін,ең бақыттымын
Қайтадан жеңіл көтерілім,баспалдаққа келіңіз,төмен қарай түсе бастаңыз.
1,2,3көзімізді ашамыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді
3. Дәйексөз.
«Жаны саудың – тәні сау» /плакатта,бірге оқу/
Балалар, «Жаны саудың – тәні сау» қалай түсінесіңдер?/балалардың жауаптары/
Иә,ойларыңыз дұрыс. Адамның ішкі ойы таза болса, дені сау болады. Барлық
уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең,
өзіңді әрқашан да жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің адамдығы үшін ғана
емес, жанының сау болуы үшін де әрекеттер жасау керек. Ол үшін өз бойындағы
жағымсыз қасиеттерден арылу керек.
/дәптердегі «Менің дәйексөздерім» айдарындағы осы дәйексөзді жазғызу/
4. Әңгімелесу. Денсаулық құпиялары
.
Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті өттегін жеткізеді, дұрыс өсуіне
көмектеседі. Таза ауа – денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза
болса,ауа таза болады. Сондықтан да табиғатты сүю жанға саулық береді. Су , біздің
тәнімізге азық,тазалық,жанымызға тыныс,сұлылық береді. Су болмаса өсімдіктер
өспейді, ал өсімдіктер болмаса таза ауа болмайды. Таза судың болмауы біздің
денсаулығымызға зиянын келтіреді. Табиғи суға шомылсаң денең шынығады.
Сондықтан да келесі денсмауылық құпиясы – табиғи су.
/ өлең жолдарын бірге қосылып айтқызу/
Су – табиғат байлығы,
Өзен көлге барғайсын,
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп алғайсың.
Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы – спорт. Өткені, ол денені
шынықтырады,сергітеді, тәңіне сымбаттылық,жаныңа кұшқұат береді, аурудың
алдын алады. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы – жан сұлулығы.
Жақсылық айтып басқаға,
Ортаға ойды салғайсын.
Тек мақтанба, жасқанба,
Сұлу жанды болғайсың.
Өйткені жаныңның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді.
5. Шығармашылық жұмыс.
/оқушыларға ақ қағаз,түрлі түсті қарындаштар тарату/
Өздеріңді табиғаттағы, тіршіліктегі неге теңейсіңдер, ұқсатасыңдар?
1тапсырма: Сол суретті салыңдар.
/2 мин/
2 тапсырма: Жариялау. Мысалы;
Мен гүлдей әдемімін.
Мен көбеліктей көріктімін.
Мен судай тазамын
Мен күндей нұрлымын т.б.
Дәрігерден жылына 1
рет кеңес алу
Дұрыс тамақтану
Екпе егу
Салауатты өмір салты
Позитивті уақыт,көңіл күй
Күн тәртібі
Қара жорға
6. Топпен ән айту. «Денім сау болсың десең.»
7. Үй тапсырмасы. Дәптер,37 бет
8. Соңғы тыныштық сәті. Көздерімізді жұмамыз,бүгінгі өткен сабақты ой
елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы,
шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа,
шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.
Музыка 1 сынып
\өзгертілген\
1 сынып «Өзінөзі
тану» дәптер Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Көріскенше !
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құпиялары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.