Сабақтың тақырыбы: Диктант жазба жұмысы Сабақтың мақсаты:
А) Оқушылардың етістік тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау мақсатында жазбаша бақылау диктантын ала отырып, сауатты әрі көркем жазуға үйрету.
Ә) Емле ережелерін және орфографиялық заңдылықтарды сақтай білуге дағдыландыру.
Б) Ізденім паздыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу, есту қабілетін арттыру
диктант.docx
Бекітемін:
Қазақ тілі ( 6сынып )
Сабақтың тақырыбы: Диктант ( жазбаша бақылау жұмысы )
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушылардың етістік тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау
мақсатында жазбаша бақылау диктантын ала отырып, сауатты әрі
көркем жазуға үйрету.
Ә) Емле ережелерін және орфографиялық заңдылықтарды сақтай білуге
дағдыландыру.
Б) Ізденімпаздыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі: баяндау әдісі, өзіндік жұмыс
Сабақтың түрі: Бақылау сабағы
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Негізгі бөлімі
Оқушыларға диктант жұмысына алынатын мәтінді таныстыру.
Мәтіндегі жаңа жолдарды талқылау әрі күрделі, қиын сөздерді тақтаға
жазып көрсету.
Бұқтырма
Бұқтырма өзенін жергілікті халық Бұқтырма деп атайды. Бұл атаудың
мағынасын олар өздерінше былай түсіндіреді: ағысы қатты, асау, тау өзені
болғандықтан түсіп кеткен нәрсені, мейлі ол мал болсын, мейлі адам болсын
қайта тұруға шамасын келтірмей, бас көтертпей тастантасқа соғып бұқтырып
әкетеді. Бұқтырма өзені жағасында суға кетудің салдарынан адам, мал
шығыны жиі болады. Сондықтан халық оны Бұқтырма деп атайды, бұл өзен
аудан жерін шығыстан батысқа қарай аралап өтеді.Оған жолжөнекей тау
тастан шыққан мыңдаған бұлақ келіп құяды. Сондықтан ол біртебірте
молайып отырады. Осылай болғандықтан да, ел аузында «Бұқтырма қайдан
шығадыбұлақтан шығады, өзіненөзі шықпайды» деген нақыл айтылады.(99
сөз)
«Алтайдың алтын алқасы» Қ.Назырбаев
Тапсырмасы:
1. Мәтін ішінен етістіктерді теріп жаз!
2. «Бұқтырма» сөзіне фонетикалық талдау жаса!
ІІІ. Сабақты қорытындылау
Диктант
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.