Оқушыларды сауаттылыққа баулу. Мәтінмен таныстыру Жамбыл
Ардақты ақын 1846-жылы Жамбыл тауының етегінде туыпты. Сондықтан оның есімін жамбыл деп қойыпты. Ол екі заманда өмір сүрді. Екі дәуірдің бар шындығының куәсы болып, көрген, білген, көңілге түйгендерінің барлығын шыншылдықпен, үлкен толғаныспен өмір бойы жырлап өтті.
Диктант.Жамбыл.pptx
Диктант
6сынып
Жамбыл
Ардақты ақын 1846-жылы Жамбыл тауының етегінде
туыпты. Сондықтан оның есімін жамбыл деп қойыпты.
Ол екі заманда өмір сүрді. Екі дәуірдің бар шындығының
куәсы болып, көрген, білген, көңілге түйгендерінің
барлығын шыншылдықпен, үлкен толғаныспен өмір
бойы жырлап өтті.
Көшпелі ауылдағы кедей баласына оқып білім алуға
жағдай жоқ еді. Жамбыл медресе, мектеп есігін ашқан
емес. Ол жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады,
бірте- бірте ойынан суырып өлең шығаратын қабылеті
көріне бастады. «Ақын болдым он үште, алтын құстай
тарандым»,-деп өзі айтқандай, бала кезінен ақын
атанып, атақты сүйінбай ақынға келіп, өзінің ақындық
өнерін сынатады. Жас баланың дарынын бірден
байқаған қарт ұстаз өлеңмен бата беріп, жол болсын
айтады. Содан бастап жамбыл ақындық өнер жолына
біржола түседі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с
договором-офертой сайта. Вы можете
сообщить о нарушении.
Продолжая использовать наш сайт, вы соглашаетесь с политикой использования Cookies. Это файлы в браузере, которые помогают нам сделать ваш опыт взаимодействия с сайтом удобнее.