Диктанттар жинағы
Оценка 4.8

Диктанттар жинағы

Оценка 4.8
Контроль знаний
doc
русский язык
7 кл
18.02.2018
Диктанттар жинағы
7 сынып Жылына – 5 диктант Сөдер саны – 110 -120 сөз № Тақырыбы Сөз саны І тоқсан 1 Қалмен 129 сөз ІІ тоқсан 2 Ән құдіреті 110 сөз ІІІ тоқсан 3 Күнделік 110 сөз 4 Көкшенің кеудесінде 119 сөз ІҮ тоқсан 5 Ақан сері 117 сөз 6 Альпинистер 121 сөз ҚАЛМЕН Қалмен жаздай Есеттің ауылында болды. Сол кісінің сенімді бір жігіті. Көп сөзі жок, Есеттің айтқанын екі етпейді, тапсырған жұмыстарын бұлжытпай орындайды, өзі денелі, қарулы, Есет тобымен бірге бірнеше жорықтарға қатысып, ерлік көрсетіп, жұрт көзіне түсіп, ел аузына ілініп калған. Бірақ әлдімін деп ешкімге зорлық жасамайды, барынша адал, әділ, осы мінезімен де Есетке жағып калған. Әкесі мен шешесі де жалғыз баласына ырза, сыртынан қуанып, тілегін тілеп отырады. Баласы бірнеше барымтаға қатынасқанымен, әке-шешесінін алдындағы малы көбейген жоқ. Шешесі оған: — Қарағым, "бүлінген елден бүлдіргі алма" деген, олжаға қызықпа, біреуді жылатпа, адамның көз жасы жаман болады, — деп. ылғи құлағына кұйып отырады. Барымтада, әрине, байлардың малы алынады ғой, бірақ сонда да Қалмен шешесінін айтқанын істеп, үйіне мал айдап әкелген соң, сол баяғы бір-екі сауын нардан. жиырма шақты саулықтан басқа мал біткен емес. (129)7 сынып Жылына – 5 диктант Сөдер саны – 110 -120 сөз № Тақырыбы Сөз саны І тоқсан 1 Қалмен 129 сөз ІІ тоқсан 2 Ән құдіреті 110 сөз ІІІ тоқсан 3 Күнделік 110 сөз 4 Көкшенің кеудесінде 119 сөз ІҮ тоқсан 5 Ақан сері 117 сөз 6 Альпинистер 121 сөз ҚАЛМЕН Қалмен жаздай Есеттің ауылында болды. Сол кісінің сенімді бір жігіті. Көп сөзі жок, Есеттің айтқанын екі етпейді, тапсырған жұмыстарын бұлжытпай орындайды, өзі денелі, қарулы, Есет тобымен бірге бірнеше жорықтарға қатысып, ерлік көрсетіп, жұрт көзіне түсіп, ел аузына ілініп калған. Бірақ әлдімін деп ешкімге зорлық жасамайды, барынша адал, әділ, осы мінезімен де Есетке жағып калған. Әкесі мен шешесі де жалғыз баласына ырза, сыртынан қуанып, тілегін тілеп отырады. Баласы бірнеше барымтаға қатынасқанымен, әке-шешесінін алдындағы малы көбейген жоқ. Шешесі оған: — Қарағым, "бүлінген елден бүлдіргі алма" деген, олжаға қызықпа, біреуді жылатпа, адамның көз жасы жаман болады, — деп. ылғи құлағына кұйып отырады. Барымтада, әрине, байлардың малы алынады ғой, бірақ сонда да Қалмен шешесінін айтқанын істеп, үйіне мал айдап әкелген соң, сол баяғы бір-екі сауын нардан. жиырма шақты саулықтан басқа мал біткен емес. (129)
7 сынып.doc
7 сынып Жылына – 5 диктант Сөдер саны – 110  ­120 сөз Тақырыбы Сөз саны 129 сөз 110 сөз 110 сөз 119 сөз 117 сөз 121 сөз № 1 2 3 4 Қалмен Ән құдіреті І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан Күнделік Көкшенің кеудесінде ІҮ тоқсан 5 6 Ақан сері Альпинистер ҚАЛМЕН Қалмен жаздай Есеттің ауылында болды. Сол кісінің сенімді бір жігіті. Көп сөзі жок, Есеттің айтқанын екі етпейді, тапсырған жұмыстарын бұлжытпай орындайды, өзі денелі, қарулы, Есет тобымен бірге бірнеше жорықтарға қатысып, ерлік көрсетіп, жұрт көзіне түсіп, ел аузына ілініп калған. Бірақ әлдімін деп ешкімге зорлық жасамайды, барынша адал, әділ, осы мінезімен де Есетке жағып калған. Әкесі мен шешесі де жалғыз баласына ырза, сыртынан қуанып, тілегін тілеп отырады. Баласы бірнеше барымтаға  қатынасқанымен,  әке­шешесінін алдындағы  малы  көбейген  жоқ.  Шешесі оған:  —  Қарағым, "бүлінген елден бүлдіргі алма" деген, олжаға қызықпа, біреуді жылатпа, адамның көз жасы жаман болады, — деп. ылғи құлағына кұйып отырады. Барымтада, әрине, байлардың малы алынады ғой, бірақ сонда да Қалмен шешесінін айтқанын істеп, үйіне мал айдап әкелген соң, сол баяғы бір­екі сауын нардан. жиырма шақты саулықтан басқа мал біткен емес.    (129) ӘН ҚҰДІРЕТІ Балапанның нәзік қанатындай дірілдеп, нәзік көтерілген ән ырғағы бірте­бірте ширап, қатайып, әуелей берді. Берден ә дегенде елең етіп, қалт бұрылған қалпы серігінен көз алмай қарап қалды. Мұндай әсерлі, ашық дауысты  бұрын естіген емес­ті. Жүрегі езілердей  болып, елти,  елжірей  тыңдады.  Мына  дүниені ұмытып, өзге бір сырлы әлемге еніп кеткендей, өн мен түстей күйде  еді. Егіліп, әлденеге ағыл­тегіл жылағысы келеді. Біресе кеудесіне шым­шымдап жылы шуақ құйылып жатқандай, сол шуақтан көңілі шаттыққа толып, қуанышқа бөленгендей.  Бар ықыласы  сағыныш  сазды  әнге ауып,  ән  айтып отырған келіншекке сүйсіне, қызыға қарай берді. Қараған сайын толқыған сезімнін ыстық ағыны тұла бойына тарап, денесін жалын шарпып, діріл биледі. Көкке әбден көтеріліп, толысып алған ақ сағым ай алтын шарадай жарқырайды. Ай астында күміс сәулеге малынып, Сортаңдының жазығы көсіледі. (110 сөз). КҮНДЕЛІК Менің көзім енді ашыла бастағандай. Басқаларды, қоршаған ортамды ұға бастадым. Неге екенін, кейде маған бүкіл адамзаттың баласы дос болып  көрінеді, ал кейде туған шешем де қас сияқтанып кететін сәттер  бар. Ол,  сірә, менің адамдарға  соншалық шектен тыс жаным ашып,  есесіне  олардан  да  өзіме сондай жанашырлық күткендіктен болар. Жұртқа түсінікті болғым келеді.  Мен  олардың маған жаны ашығанын,  мені сыйлағанын қалаймын. Өйткені өзім оларды шексіз сыйлаймын. Мен жайында не ойлайтындарын жұрт мейлі айта берсін. Оларды тоқтату менің билігімдегі нәрсе емес. Алайда, олардың жасырын жаулықтары менің назарымнан тыс қала алмайды, бәрібір білем. Білем, сонан соң ерте ме, кеш пе, мәдениетке жата ма, жоқ па, әйтеуір бір қатты айтып тастаймын. Әйтпесе, пен ауырамын. (110 сөз). КӨКШЕНІҢ КЕУДЕСІНДЕ Азат тауын айналып, күнгей бетіне шыға келіп ем, мөлдір көк гауһар  жасаған күмбездей Көкше аспанға асқақтаған кербез бойымен көзімді тартып жүре берді. Сібірдің салқын самалды көктемінде, көктен күндіз де, түнде де арыл­майтын кілегей қоңыр бұлт, сол күні аспанның жерді жиектеген жағалауына шөгіп, жерден өзеннің жар қабағындай ғана жоғары тұр екен. Көктің кең биік сарайьінда одан басқа көзге ілінген шөкім бұлт  жок. Сондай  ашық  көгілдір аспанның астында  көрінген Көкше – аспан астынан өскен кішірек бір аспан секілді. Бірақ Көкше көктен гөрі көгірек!.. Көгілдір Көкшенің көркін көркемдірек көрсетіп тұрған басында оралған кілегей ақ, ұлпа бұлт пен етегін кемкере тоқыған бұйра сағым. Бұдан аттай он жыл бұрын, дәл осы арадан нақ осындай бейнемен көзіме шалынған Көкшеге мен ара қонып атпен зорға жеткен едім.  (119 сез). АҚАН СЕРІ Өмірдің күнделікті күйбеңіне көңіл бөлмей, бүкіл өмірін әуезді әнге, уытты жырға арнаған Ақанның жаны бала кезден­ақ сұлулыққа, әсемдікке іңкәр еді. Ол жігіт шағында әншілік, ақындық өнерінің үстіне қыран бүркіт, құмай тазы, аузымен құс тістеген жүйрік мінді. Аңшылықты да өнер деп танып қызықтаған ерекше нәзік сезім иесі. Осындай сегіз қырлы талант иесін елі "сері" деп мақганышпен атады. Ата­анасының туғанда қойған аты Ақжігіт болса да халқы оны еркелетіп "Ақан", "Ақан сері" деп атап кеткен. Елінің сүйіктісі, алақанына салып әлпештеген аяулысы — Ақанның өнерін көре алмай күндеген тас жүрек жауларының да болатыны тарихтан аян, Оның құмай тазысына у беріп, Құлагерін қастандықпен өлтірді. Қат­қабат өмір соққыларына ұрынып, сүйген жарынан  да айырылды.  Ақан сері өмірінің соңғы кезінде туған мекенінен де айырылып, өмірден түңілгендей күй кешті. (117 сөз). АЛЬПИНИСТЕР Көкпен тілдескен тау жоталары — өзінше бір ғажайып дүние. Шыңдар. Көз қызықтыратын аппақ қар мен жалтыраған мұз. Гүр  еткен  көшкін  мен  тыныштық. Жер  бетінде тіршілікке мүлдем ұқсамайтын  ерекше көрініс.  Сан  мындаған жылдар бойына адам баласы осынау мұзарт шыңдар кұпиясын  ашуға құмартып келген. Талай әрекеттері сәтсіз аяқталған. Осыдан екі жүз жылдай бұрын екі швейцар Альпінің Монблан шыңына бірінші рет көтерілді. Содан бері таудың адам әзер шығатын  шыңдарына  кетерілу  альпинизм деп  аталып кетті. Бұл ­ ер жүрек, батыл, мейірімді әрі төзімді жандардың кәсібі. Өздеріне өлім қаупі төніп тұрса да, солар ғана бақытсыздыққа ұшыраған адамдарды құтқаруға әзір тұрады. Альпинистердің   құрал­жабдықтары   ерекше:   желден,   жаңбыр  мен   қардан  корғайтын   сырт   киімі, істіктер қағылған аяқ киімі, арқан, мұз ойғыш, аяқ киімге бекітілетін ерекше имек темірлер, жартастар мен мұздарға арналған ілгектер. (121 сөз).

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2018