Қазіргі таңда әр түрлі діннің бейбіт қатар өмір сүруі,діни бірлік, конфессияаралық келісім-кез-келген мемлекеттің гүлденуінің негізі болып табылады. Қазақстандағы қазіргі діни жағдайдың ерекше белгісі-конфессиялық плюрализм. Халықаралық алаңдағы жалпы тұрақсыздық жағдайында Қазақстан дамуыныңғ оның әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңаруының маңызды шарты елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау болып табылады.
мақала-Жансая.docx
ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ
Қазіргі таңда әр түрлі діннің бейбіт қатар өмір сүруі,діни бірлік,
конфессияаралық келісімкезкелген мемлекеттің гүлденуінің негізі болып
табылады. Қазақстандағы қазіргі діни жағдайдың ерекше белгісі
конфессиялық плюрализм. Халықаралық алаңдағы жалпы тұрақсыздық
жағдайында Қазақстан дамуыныңғ оның әлеуметтік, экономикалық және
саяси жаңаруының маңызды шарты елімізде этносаралық және
конфессияаралық келісімді сақтау болып табылады. Осы бағытта дін
саласында мемлекеттік саясаттыжүзеге асырудың тиімді жүйесі жолға
қойылған.
Мемлекет және діни бірлестіктердің өзара қарымқатынасының
қазақстандық үлгісі діндарлардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлауға,
қоғамдық және діни қызығушылықтар теңгеріміне, серіктестік қатынасқа
және өзара түсіністікте негізделген. Осыған байланысты дін бостандығы және
діни тағаттылық (толеранттылық) үрдісінің ілгерілеуіндегі Қазақстанның
тәжірибесі мемлекеттің либералдық және бейбітшіл саясатын өмірде жүзеге
асыруының үлгісі болып табылады.
Арождан бостандығы саласында Қазақстанның мемлекеттік саясатының
үш қағидатын атап көрсеткен жөнбұл бейтараптық, тағаттылық және
бірегейлік қағидаты Қазақстанда мемлекеттің және діни бірлестіктердің
құзіреттілік саласын жіне олардың міндеттерін бөлу арқылы жүзеге
асырылады[1].
Қазіргі таңда демократиялық мемлекеттердің діни ұйымдар мен
конфессияларға қатысты мемлекеттіік саясаты оның ішкі және сыртқы
саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Себебі діни сенім
бостандығы халықаралық құқықтық актілерге мойындалған және бекітілген
жалпы адамзат баласының фундаментальді құқықтарыныңбіріне жатады.
Мемлекетарлық қатынастарда діни және дінге қатысты мәселелер
маңызды орын алады. Мәселен, Америка Құрама Штаттары(Конгресс немесе
Сенат мүшелерінің пікірі бойынша) діни сенім бостандығы мен құқықтары
шектеледі деген мемлекеттерге экономикалық санкция жариялап отырады,
сонымен қатар, жылда осы мәселеге байланысты Конгерсс алдында түрлі
мемлекеттердегі сенім бостандығы жөнінде баяндамалар тыңдалады.
Халықаралық актілерге діни сенім бостандығы саласында белгілі
дәрежеде мемлекеттік заңдарға талапшарттар қояды, ал бұл қазіргі таңда
көптеген батыс мемлекеттерінің өзіне де,діни ұйымдар мен діни сенім
бостандығына қатысты ісәрекеттер мен заңдарына бірқатар қиыншылықтарды
туындатып отыр. Себебі, Еуропа елдеріндегі мұсылман қауымдастығының
көбеюі, олардың да сол елдерге ғасырлар бойы дәстүрлі болып келген діни
ұйымдармен қатар тең құқықтарға ие болу мүмкіндігіне алып келіп, батыс еуропалық мәдени идентификацияға (бірегейлік) қауіп төндіру мәселесін
туындатады.
Қазіргі таңдағы саясиқұқық ойлары мен мемлекеттілік құрылымда
либералдыдемократиялық идеялар мен құқықтық мемлекет идеялары басым
болып келеді. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларында діни сенім және ар
ождан бостандығы адамның негізгі құқықтары мен бостандығына
жатқызылады. Сол себептен, діни сенім бостандығы мен діни ұйымдардың іс
әрекетін реттеу жөніндегі заңнамалар ұлттық шеңберден шығып, халықаралық
құқықтық маңызға ие болады.
Жаһандық үрдістердің нәтижесінде түрлі құқықтық мәдениеттерідің
өзара араласуы, құқықтық жүйелердің бірігуі, еуропалық континенттік
құқықтық жүйесінің түрлі мемлекеттердегі діни ұйымдардың ісәрекетін
реттестіруде басты негіз көзі болуына алып келеді[2].
Жалпы тарихимәдени шарттарға байланысты көптеген мемлекеттерде
ұлттық идентификация діни идентификациямен қатар жүрді. Сол себептен
де, қоғамдық пікір белгілі бір ұлт өкілі өздерінің дәстүріне сәйкес келмейтін
дінді қабылдаса теріс көзқарас танытады. Осымен қатар, дәстүрлі емес
діндердің ісәрекеттері мен уағыздары жалпы халықты,әсіресе, жастарды
құндылықтарды теріске шығарып, қарсы тұруға, ұлттық дәстүрді жоюға алып
келеді.
Мемлекеттің басты мақсаттарының бірі территориялық тұтастық пен
ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдықсаяси тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар
ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтау болып табылады. Мәселен, бірқатар
мұсылман мемлекеттерінде және Грецияда прозелетизм орын алды, яғни
аталған мемлекеттерге дәстүрлі емес дін ұйымдар мен миссионерлердің іс
әрекеті заңсыз деп табылып, оларға рұқсат етілмейді.
Мемлекет өз терреториясындағы қоғамдықсаяси тұрақтылықты
қамтамасыз ету мақсатында діни ұйымдармен қарымқатынастарын реттеуге
міндетті. Алайда халықаралық құқық актілермен шектеулі посткеңестік
мемлекеттер өз терреториясындағы ұлттық мәдениетке деструктивті болып
табылатын және түрлі радикалды топтардың ісәрекеттерін тежеуде көптеген
қиыншылықтарға тап болып отыр. Ал, батыс елдерінде бұл принцип әр елдің
тарихимәдени ерекшеліктерін есепке алына отырып, ескеріледі.
Мәселен, көптеген батыс мемлекеттерінде белгілі бір діни ұйымдардың
сол мемлекеттің құрылымындағы, оның рухани және дәстүрлі мәдениетінің
қалыптасуындағы маңызды рөліне байланысты оған конституциялық негізде
ерекше статус беріледі. Сонымен қатар,сол діни ұйым елдегі өзге діни
ұйымдармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтар мен мемлекет
тұрғысынан қолдауға ие болады. Мемлекеттік немесе ресми шіркеулер білім
беру жүйесіндегі діни білім беру құқықтарымен өз діни ұйымдаррынан
мемлекеттік салық алу құыққтарына ие.
Қазіргі таңда батыс елдерінде, әсіресеі Германия, Франция, Англия
елдерінде мұсылмандық қауымдардың саны өсіп келе жатқаны белгілі. Соңғы жарты ғасырда әлемдегі террористтік ісәрекеттер осы дінді жамылған
мұсылмандар үлесіне тигендіктен батыс елдері, әрине, ислам дініне оң
көзқарас танытпайды және мұсылмандардың сол елдерде білім беру жүйесіне
енуі мен қоғамдық өмірге белсенді араласуын барынша болдыырмауға
тырысады [3].
Америка Құрама Штаттары және Канада елдерінің мемлекеттік
құрылымы мен руханимәдени өмірлері діни және мәдени плюрализм негізінде
қалыптасқандықтан, аталмыш мемлекеттер «ұлттық мәдениет» пен «дәстүр»
деген түсініктерге әлдеқайда кең қарайды. Ал дәстүрлі Еуропа елдеріне дәл
осы мұсылмандардың кеңінен таралуы олардың дәстүрлі мәдениетіне төнген
қауіп ретінде қарастырылады.
Мәселен, Бельгия Парламенті қоғамдық жерлерде, соның ішінде,
саябақтарда, мемлекеттік мекемелерде, көшеде адамдар бетін толықтай
жауып жүруге тыйым салатын заң қабылданды, бұл мәселе әлі де Сенаттың
қарастыруында жатыр. Дегенмен де, Бельгияның бірқатар қоғамдық
аймақтарында қауіпсіздік мақсаттарында паранджа сияқты бетті толықтай
бүркеу тәрізді бас киімдеріне тыйым салды.
Ұлыбританияда исламдық діни киім үлгілеріне тыйым салынбаса да, 2007
жылдардан бері мектептерде арнайы киім үлгілері дресскод талап етілді.
Англияда кейбір партиялар исламдық орамалдарға толықтай тыйым салу
жөнінде заң қабылдауға шақырады. Олардың пікірінше, бұл Британияны жікке
бөліп, әйелдерге мәжбүрленетін әрекет және қоғамға төндіретін қауіп ретінде
қарастырылады.
Испанияда, исламдық бүркенуге мемлекеттік деңгейде ұлттық тыйым
салу болмаса да, Барселона мен Каталонияның бірқатар қалаларында,
муниципалды мекемелерде, базарлар мен кітапханаларда толықтай бет
әлпетін көрсетпей жүруге тыйым салған заң қабылданған.
Қоғамдық жерлер мен мекемелерде исламдық хиджаб немесе паранджа
киюге заң жүзінде тыйым салу әрекеттері Дания, Нидерланды, Германия,
Ресей, Австрия, Щвейцария жіне т.б елдерінде орын алды. Алайда, аталмыш
заңдар діни сенім бастандығы жөнінде халықаралық құқықтық актілерге
қайшы келгендіктен, азаматтардың діни еркіндігін шектеу болып
табылғандықтан, мұны аталмыш елдердің Парламенттері мақұлдаған жоқ.
Дегенмен де, аталған мемлекеттердің бірқатар штаттары мен аймақтары діни
киім үлгілеріне заі жүзінде тыйым салды[4].
КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік мемлекеттердің қоғамдықсаяси
және экономикалық даму салалары мемлекеттік және саяси құрылымдарда
түбегейлі өзгерістерге алып келді.
Қазіргі ТМД елдерінің
аталмыш салалардағы даму бағытының
ерекшеліктері бола тұрғанымен де, барлығына ортақ жағдай –қоғамның
рухани өмірлеріндегі діни сенімге қатысты мәселелер, дәлірек айтсақ,
дүниетанымдық бағыттың әр алуандылығы, діни плюрализм мен дәстүрлі
мәдениет. Тәуелсіздік жылдарында, нарық экономикасы шарттарында шетелдік
миссионерлер де рухани дағдарысқа ұшыраған халықтардың сұранысын
қанағаттандыруға асығып, бірқатар жетістіктерге жетті. Халықаралық түрлі
адам құқығы және діни сенім юостандығы жөніндегі құқықтық актілер бұрын
діни плюрализммен ісі болмаған посткеңестік мемлекеттерге шексіз таралу
мүмкіндігін қамтамасыз етті. Нәтижесінде, дәстүрлі емес діндердің кеңінен
таралуы елдегі діни жағдайда одан ары өршіп, дінаралық қарымқатынастарды
шиеленістірді.
Бұрынғы одақтас мемлекеттердегі қазіргі таңда қалыптасқан діни жағдай
аталмыш мемлекеттердің конфессионалды саясатын демократизациялаудан
талап етеді. Бір жағынан конфессионалды құрылымдардың күшеюі байқалса,
екінші жағынан елімізде және жалпы достас мемлекеттерге дәстүрлі емес діни
ағымдар саны кеңінен таралып отыр.
Жаңа діни ағымдар рухани салада басым болуға ұмтылады, түрлі іс
шаралар арқылы өз қатарын көбейтуге тырысады. Ал, бұрынғы одақтас
мемлекеттерге дістүрлі болып табылатын ислам, православие, иудаизм,
буддизм діндері тарапынан бұл құбылыс теріс бағаланады. Дәстүрлі емес
діндер бәсекелестік заідары бойынша әрекет етіп, қоғамдық өмірді діндер
нарығына айналдырып отыр. Нәтижесінде мемлекет және дін аралық
қатынастарды күрделендіріп, өзге діндер арасындағы күрделі жағдайды
өршітеді [5].
Мемлекетконфессия аралық қатынастарды реттеу саласында
мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту және елдегі ұлттық мүддеге сай
дәстүрлі емес діни ағымдар мен ұйымдарды реттеу, сенім бостандығы мен
діни ұйымдар жөніндегі маңызды мәселелер 2011 жылдың қазан айында
қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында заңнамалық тұрғыда көрініс тапты.
Бұл Заңға шет елдердегі тәжірибені қарастыра отырып, олардың өз
тарихимәдени маңызы бар діндерді өзге діндер арасында бөліп көрсетіп,оған
қолдау көрсету тәжірибесі енгізілді. Аталған Заң қоғамда бірқатар пікірталас
тудырып отыр. Сондықтан, елімізде азаматтық қо,ғам мен құқықтық мемлекет
қалыптастыру барысында халықаралық қауымдастық пен ұйымдар алдындағы
талаптар мен құқықтық актілерді ескере отырып, ұлттық мүдделерге жауап
беретіндей конфессионалды саясатты одан әрі жетілдіре түсу қажет.
1.Сәуле Ибраева. Діни ағартубүгінгі күннің өзекті мәселессі
Әдебиеттер
//http://www.egemen.kz/2012/07/19/341854/
2. Zelkina A. Islam and security in the new states of Central Asia: How
genuine is the Islamic threat // Religion, state and society. Keston,1999. –
vol.27,N 34.P.364.
3.Нильсон Й. Альтернатива мусульманскому экстремизму//Азия и Африка
сегодня.2001.№9.С.4950. 4.Илеуова Г. «Исламский ответ» в Центральной Азии // Казахстан
Спектр.2002.№4.С.21.
5.Голикова В.И. Палитика Республики Казахстан в религиозной сфере.
Алматы,2011.С.45.
ДИН САЛАСЫНДАГЫ ШЕТ ЕЛДЕРДИН МЕМЛЕКЕТТИК САЯСАТЫ
ДИН САЛАСЫНДАГЫ ШЕТ ЕЛДЕРДИН МЕМЛЕКЕТТИК САЯСАТЫ
ДИН САЛАСЫНДАГЫ ШЕТ ЕЛДЕРДИН МЕМЛЕКЕТТИК САЯСАТЫ
ДИН САЛАСЫНДАГЫ ШЕТ ЕЛДЕРДИН МЕМЛЕКЕТТИК САЯСАТЫ
ДИН САЛАСЫНДАГЫ ШЕТ ЕЛДЕРДИН МЕМЛЕКЕТТИК САЯСАТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.