ДОКЛАД: «ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТА В СИСТЕМЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ »
Оценка 5

ДОКЛАД: «ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТА В СИСТЕМЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ »

Оценка 5
Педсоветы
docx
воспитательная работа
Взрослым
16.02.2019
ДОКЛАД: «ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТА В СИСТЕМЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ »
Доклад чтобы формировать студентов для профессионального образования в колледже. Преподаватель должно студентов по вопросам профессиональной компетенции находят отражение в трудах отечественных и зарубежных ученых педагогов, психологов, занимающихся вопросами профессиональной подготовки. Студент, постоянно совершенствующий себя в соответствии с требованиями общества, владеет профессиональными знаниями.
«ФОРМИРОВАНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ ».docx
«ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТА В СИСТЕМЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ »  «КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ »          Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан­2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру  жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті  дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы  жоғары елге айналуымыз керек. Барлық  жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», –  деп  атап көрсетті             Қазіргі таңдағы кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге  қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан­жағына бағыт­бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге,  әлеуметтік­саяси  оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті, өз  қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын,  жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік  мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда еліміздегі білім беру саласының бағыт­бағдарын  айқындайтын Білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы қабылданғаны бәрімізге белгілі. Бағдарлама бірнеше мақсаттар мен міндеттерден туындап отыр, соның ішінде  техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты: қоғамның және экономиканың  индустриялық­инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік  білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу, педагог  мамандығының беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық  меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін­өзі  көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті,  кәсіби құзыретті, функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар  аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті.  Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын  шешуші фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек. Еліміздегі әлеуметтік­экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік  деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика  теориясы мен практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын, жүйелерін,  әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі жаңа басымдықтар –  ізгіліктік педагогика, студенттердің тұлғалық әлеуетін анықтау және дамыту,  әлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым­қатынастарды ұйымдастырудың ерекше  формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тәрбие жұмыстарының  талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып  қалыптасуына зор ықпал етеді. Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы техникалық және кәсіптік білім  жүйесінде бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби  құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр түрлі пікірлер жиі айтылуда. Болашақ кәсіби құзіретті маман осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы,  жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт ­ бағдар  беруші болып шығуы ­ бұл қазіргі заманның талабы. Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ кәсіби маманның ­ қазіргі  студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық  белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін  сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер  болып табылмақ. Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер кәсіби маман даярлау  мәселелерімен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар,  психологтар еңбектерінде көрініс табуда. “Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960­1970 жылдардағы шетел  әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. “Кәсіби  құзыреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының  кеңдігімен, интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”, “кәсіби мүмкіндіктер”  және т.б. түсініктерді біріктіреді.  Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары  “құзыреттілік” және “құзырет” сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге  тырысқан. “Құзыреттілік” – хабардар болушылық, абыройлық; “құзырет” – жеке  тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы. Ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Кәсіби құзыреттілік  competenens ­ қабілетті, белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің,  тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері»,­ деген анықтама берілген. Г.Ж. Ниязова зерттеу жұмысында «құзыреттілік» ұғымына «Білім беру құзырлары ­ бұл  студенттің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және  әлеуметтік іс­әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы»,­ деп анықтама береді. Б. Т. Кенжебеков құзыреттілік жөнінде: «Құзыреттіліктің бар­жоғын адам еңбегiнiң  нәтижесiне қарап пайымдау кажет. Кез ­ келген қызметкер, өз әрекетiмен кәсiби iс­ әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға жауап беретiн жұмыстарды орындаса ғана,  кәсiби кұзыреттi болып саналады»­, деп анықтама береді.  Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына –  студенттердің жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген  білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде  дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз. Сонымен педагог­психолог, ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге  қабілетті, кәсіби оңтайлы маманнның бойында белгілі бірқұзіреттіліктер қалыптасуы  қажет: бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу,  елжандылық, т.б); мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының  мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); оқу­танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай  білу, ізденушілік­зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай  білу); коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым­қатынас тәсілдерін білу,  мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас  дағдылары болуы); ақпараттық­технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық  обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте  білуді жүзеге асыра білу қабілеті); әлеуметтік­ еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік­қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу,  шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне  сәйкес ықпал ете білу қабілеті); тұлғалық өзін­өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси  қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).  Сонымен, кәсіби құзыреттілік дегеніміз ең алдымен студенттің функционалдық  сауаттылығы мен кез­келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады.  Студент қоғам талабына сай өзін­өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, кәсіби білімді, жаңа  технологияларды меңгерген, ортамен қарым­қатынасқа тез бейімделе алатын,  ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда  ғана кәсіби құзыретті маман бола алады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан­2050»  Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауы. Астана,  14 желтоқсан, 2012ж. 2.Ш.Х.Құрманалина,Б.Ж.Мұқанова. Педагогика. А., 2007 3. Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и  реализация. М., 2002 4.Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. — М., 1998 5.Омарова Л.Т. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін  қалыптастырудың педагогикалық шарттары

ДОКЛАД: «ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТА В СИСТЕМЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ »

ДОКЛАД: «ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТА В СИСТЕМЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ »

ДОКЛАД: «ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТА В СИСТЕМЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ »

ДОКЛАД: «ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТА В СИСТЕМЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ »

ДОКЛАД: «ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТА В СИСТЕМЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ »

ДОКЛАД: «ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТА В СИСТЕМЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ »
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.02.2019