Доклад на тему: "ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАЛАБАҚШАДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"

  • Семинары
  • docx
  • 31.01.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Адам іс әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаты бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты.
Иконка файла материала Сатарбаева4.docx
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАЛАБАҚШАДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ        Адам іс әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын  зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс­ әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі  құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс­әрекеттеріне еліктеу екені белгілі.  Ойынның шартты түрдегі мақсаты бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс­ әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл­ой, адамгершілік, дене  шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр.  Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі  психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.  Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен  білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да – ойын әрекеті болып  саналады  Айгөлек ойыны Ойынға қатысушылардың саны 10­15 балаға дейін. Ойынды көгалда, аулада,  алаңқайда ойнай беруге болады.Ойын шарты:Қатысушылар саны бірдей екі  топқа (А және Ә) бөлініп, бір­біріне қарама­қарсы тұрады. Екі топтың  арақашықтығы — 15­20 метрдей жер. Поезд. Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал  сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында  тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», ­ дейді тәрбиеші,  балалардың бәрі «шу­шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды.  Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін  жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп  хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан  жолға аттанады. Мені қуып жетіңдер ойыныБалалар бөлменің бір жағында немесе алаңда орындықтарда немесе  скамейкаларда отырады. «Мені қуып жетіңдер»,­дейді тәрбиеші және алаңның қарама­қарсы жағына қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешіні ұстап алғысы келіп,  оның артынан жүгіреді. Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, ол тоқтап қалады  да, «Жүгіріңдер, жүгіріңдер, қуып жетемін»,­дейді. Балалар өз орындарына  жүгіріп барады. Нұсқау.Ойынды басында балалардың өз тобымен өткізген тиімді, содан кейін  ойнайтындардың санын 10­12­ге дейін көбейтуге болады. Тәрбиеші  балалардың жанынан жылдам жүгіріп кетпеуі тиіс. Балалар тәрбиешіні  Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде,  жақсы жүгіретінің  айтып  оларды   мадақтап  қойған  жөн. Қалпақ және кішкене таяқша    Ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді, ол кішкене  таяқшаны алады да шеңбердің ортасында тұрады. Тәрбиеші оның басына ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді. Қалпақ  баланың мұрнына дейін кигізіледі, көздеріне тимей­ақ, оның көзін жабады.  Балалар қолдарын ұстасып, шеңбер бойымен жүгіреді де: «Бір, екі, үш, төрт  бес — кішкене таяқша тықылдайтын болады» ­дейді. Бұл уақытта ойын  басқарушы жүресінен отырып кішкене таяқшамен еденді тақылдатады. Соқыр теке  Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.  Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ  Қайда кеткен құлыншақ  Соқыртеке бақ­бақ  Мені ізден тап­тап  Деп тақпақтайды.  Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе  балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың  көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса  береді.  Бұндай   ойындарда   балалардың   ептілігі,   қимылдың   әдемілігі   дамып қалыптасады,   кеңістікті,   уақытты   бағдарлауға   үйренеді,   батылдық, тапқырлық,   қайраттылық,   достық,   жолдастық   көмек,   тәртіптілік,   ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс­әрекетке   деген   құштарлығын   ойын   арқылы   қанағаттандыратындықтан,ойынның   қай   түрі   болсын   балалардың   адамгершілік   тәрбиесінің   дамуында маңызды рөл атқарады.