"ДОС БОЛУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ"
Оценка 4.8

"ДОС БОЛУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ"

Оценка 4.8
doc
27.04.2020
"ДОС БОЛУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ"
2 сынып.doc

«Барқытбел орта мектеп-бақша»КММ

 

 

Бекітемін:                                                                                                                 Тексерілді:

Мектеп директоры:                                                                              Оқу ісінің меңгерушісі:

               Д.О.Серикбаева                                                                                    Ковнашарова К.К.

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: «Дос болуды үйренеміз»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Өзін-өзі тану

Сынып: 2

Мұғалімі: Куватова Л.З.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

 

 

 

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: «Барқытбел орта мектеп-бақша»КММ

Мерзiмі:       05.02.2019 жыл                                                                                          № 21 сабақ                                 Тақырып:  Дос болуды үйренеміз

Құндылық:  дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік, қамқорлық

Мұғалiм:Куватова Л.З.

Сынып: 2

Оқушылар саны: 8

Сабақ мақсаты: «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: «дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

Дамытушылық: адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

1 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

}  Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін “Достық сыйы”ойыны арқылы  тексеру.

}   Өзін–өзі тану пәнін 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. 
1. Тәртіп 
2. Талап 
3. Тыныштық 
4. Тазалық 
5. Татулық 

2.Жағымды көңіл-күйге келу.  «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

    Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Барлығы таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға  көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

    Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және    жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді  ғана естейді. Нұр көздеріңізге  де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз  тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі  ой келеді.

    Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Ескерту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Үй тапсырмасын тексеру

№ 21 сабақ  «Жаман жолдас»     мәтінін “Т”ережесі арқылы оқушылардың ойын тексеру

3.Жақсы дос пен жаман дос» туралы видиоролик көрсету

4.ДәйексөзМұғалім өзі дауыстап оқып береді, сосын балаларға бірге хормен айтуға ұсынады. Бірінші ұл балалар қайталайды, содан соң қыз балалар қайталайды.Дәйексөзді дәптерге жазғызу.

«Достықты достық шақырады»

Абай Құнанбаев

Тапсырма “Тірек сызба”      Дос қандай болу керек?

 

 

 

5. Шығармашылық    жұмыс.

  1-тапсырма. Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер.

 

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау.

 

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар.

 

Адам – адамға..., жолдас, ... .

Досы жақсының, ... де жақсы.

Көп ақшаң болғанша, көп... болсын.

Дос – досқа ... .

Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың.

 

6. Топпен ән айту.    «Дос болайық бәріміз »          

 

 

 

7. Үй тапсырмасы

№ 22 сабақ  «Құм мен тас»   мәтінін оқу,  71 бет

 

 

8. Сабақтың қорытынды  сәтi. Кері байланыс:Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикермен белгілейді.

    Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды  жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға  да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Барқытбел орта мектеп-бақша»КММ

Барқытбел орта мектеп-бақша»КММ

Мектеп: «Барқытбел орта мектеп-бақша»КММ

Мектеп: «Барқытбел орта мектеп-бақша»КММ

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi

"ДОС БОЛУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ"

"ДОС БОЛУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.04.2020