Экзаменационные задания по казахскому языку 4 вариант
Оценка 4.9

Экзаменационные задания по казахскому языку 4 вариант

Оценка 4.9
docx
22.05.2024
Экзаменационные задания по казахскому языку 4 вариант
10 сынып емтихан 4 вариант.docx

10 сынып бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша

аралық аттестаттау тапсырмалары

Емтихан мазмұны:

1)Тыңдалым

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау.

2)Айтылым

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану

3)Оқылым

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау

4)Жазылым

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

5)Тілдік бағдар

10.5.1.2 сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану;

Рубрика

10- сынып

 

Төмен деңгей  1-2 балл

Орта деңгей    3-4 балл

Жоғары деңгей  5 балл

Тыңдалым

10.1.5.1 мәтіннен автордың астарлы ойын анықтап, автордың көзқарасын 1-2 сөйлеммен   дәлелдеу.

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау.

 

 

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды  өз көзқарасы негізінде анықтау.

Айтылым

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қателіктер жіберу

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қолдану

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану

Оқылым

Әдеби  шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді.

Әдеби  шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 1-2 қате жібереді.

Әдеби  шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалай алады.

Жазылым

Қажетті  клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда  4-5 қате жібереді.

Қажетті  клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 1-2 қателік  жібереді.

Қажетті  клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазады.

Тілдік бағдар

Тәуелдік,  көптік жалғауларды қолдана алады,  мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды қолдануда 4-5 қате жібереді.

 

Тәуелдік,  көптік жалғауларды дұрыс қолданады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды қолдануда 1-2 қате жібереді.

 

Тәуелдік,  көптік жалғауларды дұрыс қолданады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды орынды қолданады.

 

 

10 - сынып.

1)Тыңдалым. 

Мәтінді тыңда. Берілген мәтін  бойынша автордың көзқарасын айқындайтын сөйлемдерді анықта.

Трейдерлер деген кім?

Кейбір адамдар қаржылық сауаты мен сарапшылық қасиетінің арқасында интернет арқылы ақша табады. Оларды трейдер деп атайды.

Трейдерлер – қор биржаларында немесе онлайн сауда платформаларында сауда жасайтындар. Әдеттегі, тар мағынада трейдерлер нарықты және олармен жұмыс істейтін активтің бағасын үнемі қадағалап, көптеген транзакциялар жасайтын «алыпсатарлар» деп аталады. Қарапайым тілмен айтқанда, сауда – бұл биржалық сауда, оның мәні баға айырмашылығынан пайда алу мақсатында қаржы құралдарын сатып алу-сату мәмілелерін жасау болып табылады. Биржалық сауданың объектілері валюталар, бағалы қағаздар, келісім-шарттардың әртүрлі түрлері және т.б.

Сауда-саттықты бастағыңыз келсе, ең алдымен менің ойымша жақсы, сенімді брокерді табу керек. Сенімділік дәрежесі әртүрлі ондаған брокерлік компаниялар ұсынылған көптеген рейтингтер бар.

Сауда алаңын таңдаған кезде оның тарихын және жұмыс үшін ұсынатын шарттарын зерделеу керек. Дағдарыс кезінде жақсы нәтиже көрсеткен компанияны таңдаған жөн. Форс-мажорлық жағдайдан кейін оның қаншалықты тез қалпына келгенін және клиенттердің қаражатын қалай қорғағанын біліңіз.

(134 сөз)

 

2) Айтылым.

Тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша монолог құрастыр.

 

3) Оқылым

Берілген мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. 

 

Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар

 

Қалдықтар – технологиялық процесстен немесе тұрмыстық пайдаланудан кейін одан әрі қолдануға жарамсыз деп танылған заттар.

Ғалымдардың айтуынша, жер шарының әрбір тұрғыны жылына шамамен 1 тонна қоқыс шығарады. Жыл сайын 200 миллиардтан астам пластик бөтелкелер мен 58 миллиард бір реттік пластикалық стақандар қоқысқа тасталады. Табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану, техникалық прогрестің дамуы және халық санының көбеюі экологияның күрт нашарлауына әкеліп соқты. Қоршаған ортаның тұрмыстық қалдықтармен ластануы адамға ауа, су және азық арқылы әсер етуде.

 Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін ескірген әдістер қолданылады. Қоқыстарды қайта өңдеу зауыттарының жеткіліксіз болуы, әлемдегі ең өзекті проблемалардың бірі. Көму немесе өртеу сияқты әрекеттер тек зиян тигізуде. Қоқыс үйіндісі метан газын шығарып, планетамызға қауіп төндіретін парниктік әсерді тудырып жатыр.

Қалдықтардың ең қауіпті түрі – радиоактивті қалдықтар. Олар радиохимиялық зауыттар мен атом электр станцияларынан шығады. Ластанудың бұл түрі жаһандық болып табылады, мұндай қалдықтар экологиялық апатты тудыруы әбден мүмкін.

(137 сөз)




1.    1-тапсырма. Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты анықтап, кестеге түсіріңіз.

 

Негізгі ақпарат

 

 

Қосымша ақпарат

 

 

Қосымша ақпарат

 

 

 

2-тапсырма. Мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.

________________________________________________________________________________

 

4) Жазылым

Эссе талабына сай оқылым мәтініндегі дерек негізінде, лексико-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, «Қалдықтардың экологияға тиізетін зияны» тақырыбында эссе жаз. Эссе жазуда сын есімдерді қызметіне қарай қолдан.

5) Тілдік бағдар

Эссе мәтінінен 4 сын есімді тауып, жасалу жолына қарай талда .

 

 

 

 

Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

дескриптор

Балл

тыңдалым

Мәтінді тыңдап, автордың көзқарасын айқындайтын сөйлемдерді анықтайды

 

1

Автордың көзқарасын айқындайтын сөйлемдерді анықтайды.

0,5

Айтылым

Тыңдалған мәтіндегі ақпараттарды бір-бірімен байланыстырып, ауызша мәтін құрастырып, ортақ идеяны түсіндіреді.

1

Мәтіннен күрделі сөздердің жасалу жолын анықтап, ауызша мәтін құрауда орынды қолданады

0,5

Оқылым

Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланысын айқындайды.

2

Негізгі (1), қосымша (2) ақпаратты анықтайды. Мәтін идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді

1

жазылым

Эссе құрылымына сай оқылым мәтініндегі дерек негізінде  лексико-грамматикалық нормаларды сақтай отырып эссе жазады. 

3

-Эссе құрылымн сақтап жазады (0,5 балл)

-көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдейді (1 балл)

- орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды- (0,5 балл)

2

Әдеби тілдің нормалары

 Эссе жазуда  сын есімдерді қызметіне қарай қолданады.  4 сын есімді тауып, жасалу жолдарын ажыратады.

 

1

Сын есімді қызметіне қарай қолданады (0,25 балл)

Сын есімдерден мысалдар келтіреді (0,25 балл)

Сын есім түрлерін ажыратып көрсетеді (0,25 балл)

Сауатты жазады (0,25 балл)

1

 


 

Емтихан мазмұны: 1)Тыңдалым 10

Емтихан мазмұны: 1)Тыңдалым 10

Оқылым Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді

Оқылым Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді

Айтылым. Тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша монолог құрастыр

Айтылым. Тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша монолог құрастыр

Бағалау критерийлері: Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері: Оқу дағдысы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.05.2024