Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны
Оценка 4.9

Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны

Оценка 4.9
docx
18.12.2019
Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны
Ерте жүктілік.docx

Тақырыбы: Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны

Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.

Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, бейнероликтер

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме

Түрі: пікірталас

Барысы:

І. Кіріспе

ІІ. Баяндама: «Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» Баяндамашы: Мектеп медбикесі А.Ж.Курмангалиева

ІІІ. Бейнеролик: «Кеш емес» Қымбат Әбділдинаның сұхбаты

ІҮ. Пікірталас

Ү. Слайд: «Ерте жүктілік және оның алдын алу»

ҮІ. Бейнеролик: «Журналистік зерттеулер»

ҮІІ. Қорытынды. Оюлы Қуаныш: «Жанайқай».    Рефлексия.

 

І. Кіріспе

           Атақты Шалкиіз жырау: «Қыз он бес жасқа келгенде, шашынан көп жаласы», – деген екен. Қырмызы қызыл гүлдей жайқалып өсіп келе жатқан қыз балаға, бой жеткенге кім қызыға қарамайды? Бірі «Менің келінім болса ғой» деп армандаса, екіншісі құмарта көз тастайды... Осындай нәпсіқұмар, арам ойлы адамдар ғой көбінесе жас қыздарды алдап-арбап, обалына қалатындар да, жезөкшелік жолға түсіретіндер де, ерте жүкті етіп, абыройын айрандай төгетіндер де. Әрине, жас қыздардың ішінде ненің халал, ненің харам екенін, оның зардап, зиянын түсінбей жақсы көрген жігітімен жыныстық қарым-қатынасқа түсіп, кәмелеттік жасқа толмай екіқабат болып қалатындар да көп. 

         Бұрынғының қыздары мектеп бітіргенге дейін «сүйіссе аяғы ауырлап қалады-мыс» деген қорқынышпен бойжетсе, бүгінгі жасөспірімдер баланың қалай пайда болатынын бесіктен белі шықпай жатып-ақ беске біледі. Жыныстық тәрбие қазақ қоғамы үшін беріге дейін жабық тақырып болып келгені аян.

        Алайда қанша ұялып, бетті басып, қашып кеткіміз келгенімен бәрібір айналып келіп алдымыздан шыға береді. Жастардың ерте бастан жыныстық қатынасқа түсуі қоғамдық қасіретке ұласып, бұл мәселе «қайтпек керек» деп әр ойдың құйрығынан ұстай алмай жүргенде қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Дәл осы «жабық тақырыпты» жылы жауып қойғысы келсе мынау дамыған заманда жасөспірімдер интернет желісі және теледидар арқылы әр түрлі жайттардан хабардар болып отыратыны хақ. Біз қанша тұсаулағанымызбен балалар өз беттерінше «үйреніп», «тәжірибе» жинақтауда. «Қоршаулы бақтың жемісі тәтті» әрине. «Қорыған жерге бала мен ит өш» екенін тағы да сіз бен біз жақсы білеміз. Нәтижесі…….Жаға ұстатарлықтай… 14-15 жасар қыздарымыздың аяғы ауырлап қалып жатыр… 7-сыныптың баласы жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан емделіп жатыр. Тағысын тағылар… Бұл қанша жасырып жапқанмен аяғы ашылып қала беретін ақиқат. Тіпті іші үрлеген шардай болып жасөскін қыздарымыз кешкі мектепте оқып жүр. ҰБТ-ға дайындалудың орнына бала емізіп жүргендері де жетерлік. Ақыр аяғында өзіміз тұмшалаған өтірігіміз өзімізді тұншықтырып жатқандай. Ақиқаты осы ғой. Статистика жөніндегі агенттіктің берген мәліметтеріне сүйенсек, елімізде жыл сайын 15-19 жастағы 10 мыңға жуық қыз баланың аяғы ауыр болады екен. Медициналық тексеруден өткен әр 100 мың жеткіншектің 1 466-сының гинекологиялық ауруға шалдыққаны анықталған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәліметіне қарағанда елімізде 14 жастағылардың жыныстық қатынасқа бару фактілері жиілеген.

           Кез келген қыз бала ерте жүкті болып қалғанында әлі әйел болып қалыптасып үлгермегендіктен, психологиялық дағдарысқа ұшырайды. Жасөспірім қыз «күнәсіне» қысылып, әке-шешесінің, туған-туыстарының қас-қабағына қарап, жабырқап жасиды, қайғыға батады, қорланып қысылады. Елдің көзіне түсуден қашады, тасада тығылып өмір сүреді. Жүктілігі енді біліне бастағанда оны жасыру үшін оны белдікпен (орамал, белбеу, шалмамен) қатты тартып тастайды да, іштегі баланың толық жетіліп, дамуына зиянын тигізеді. Содан туған баласы әлжуаз, кемтар да болып шығады. Орыстар мұндай баланы «Не желанный ребенок» (Құдайдан қаламаған бала), – «Некесіз заңсыз туған бала» деп атайды.

«Қызға қырық үйден тыйым, қала берді есіктегі күңнен тыйым» дейтін ата-баба дәстүрі көмескі тартқан тәрізді, бүгінде еркін өскен қыз балалар арасында  ерте есейіп, балиғатқа  толмай бала сүйетін жағдайлар кездесіп жататынын жасырудың қажеті жоқ сияқты...

— «Ауруын жасырған — өледі» демекші, міне, өзіңіз де куә болып отырсыз. Осындай жағдайға душар болғандардың  күніне 7-8-і акушер-гинекологтарға барады екен.  Бәрі де 15 пен 18 жас арасындағы кәмелетке жасы толмаған қыздар. Тіпті 14-тегілері де бар. Қыздар көбіне құрбыларымен келеді, аналары «елден ұят» деп қыздарының бойын тазалатқанды жөн көреді, ал оның одан арғы өмірі не болады, оған бас қатырып жатпайды. Ұятты ойласа, қыз баламен 13 жасынан ашық сөйлесіп, қате қадамнан сақтандыруы керек деген пікірдеміз.

 

ІІ. Баяндама: «Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» Баяндамашы: Мектеп медбикесі А.Ж.Курмангалиева

 

ІІІ. Слайд: «Ерте жүктілік және оның алдын алу»

ІҮ. Бейнеролик: «Кеш емес» Қымбат Әбділдинаның сұхбаты

 

Ү. Пікірталас

Ø Қыз балаңызбен үйде «Етеккір жайында» сырласасыз ба?

Ø Сіз қызыңыздың етеккірі келетін күнін, қанша уақыт келетінін бақылауда ұстайсыз ба және етеккір уақытында санитарлық-гигиеналық тазалық жайында әңгімелесесіз бе?

Ø Қыз балаңыздың ер балалармен қарым-қатынасы қалай?

Ø Егер сіздің қызыңыз өзінен үлкен жігітті ұнатты. Сіз оны білесіз. Қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

Ø Сіздің қызыңыздың құрбыларымен шынайы достығына күмән келтірмейсіз бе?

Ø Сіз қызыңыздың ұялы телефоны арқылы интернет желісіне еніп, қандай сайттарға кіретіні жөнінде хабардарсыз ба?

Ø Түнгі көше, ойын-сауық, би кеші дегенге көзқарасыңыз қалай?

Ø Сіздің қызыңыз сізден қыз балалармен болатын отырысқа сұранды. Бірақ та қызыңыз сізді алдап, жігітпен кездесуге кеткенін соңынан білдіңіз. Сіз не істер едіңіз?

Ø Сіздің қызыңызға сіз танымайтын бөгде бір жас аралығы алшақ ер жігіт сыйлық сыйлап, үнемі хабарласып, жиі қоңырау шалса, қандай шешім қабылдайсыз?

Ø «Қызым үйде, қылығы түзде» деген пікірге қалай қарайсыз?

Ø Қызыңыздың ең жақын құрбысы жеңілтек болса не істейсіз?

Ø Қызыңыздың гинекологиялық дамуы дұрыс па және сіз акушер-гинекологтан ақыл-кеңес алуға жүгінесіз бе?

Ø Гинекологиялық тексерістен қызыңызды өткізіп отырасыз ба?

Ø Жарты жылда бір рет гинекологиялық медициналық тексерістен, яғни скринингтен балаңызды өткізуге қарсы емессіз бе?

Ø Қазір қыздар арасында тәртіпсіздік, жағымсыз қылықтар көбейіп барады. Қыздар бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді?

Ø Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспауы үшін қандай талаптар қойған?

 

ҮІ. Бейнеролик: «Журналистік зерттеулер»

ҮІІ. Қорытынды. Рефлексия.

         Ерте жыныстық қатынасқа түскен көптеген жасөспірім қыздар ерте жүкті болып қалып, өзін де, ата-анасын да қайғы-мұңға батыруда. Олардың арасында ар-ұяттан айырылып, жезөкшелік жолға түсіп жатқандары да қаншама. Бұл – қазақ үшін ұлттық қасірет. Қазір қоғамымызда жайылып келе жатқан бұл індетпен көп болып күресейік, ағайын!

 

 

 

 

 

 

 

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш ортамектебі

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны

 

 

 

 

 

Өткізген:   мектеп психологы

 

Темирханова А.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы


 

Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны

Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны

Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны

Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны

Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны

Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны

Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны

Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.12.2019