ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ СУ БАССЕЙІНІҢ ЛАСТАНУЫ БОЙЫНША АУДАНТАСТЫРЫЛУЫ
Алимбеков Ж.С.,Токанбаев А.Е., Асханбаева А.Т
Жетысуский государственный университет им. И. Жансугурова
E-mail: tokanbaev_ashat@mail.ru
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының төртінші индустриалды революция жағдайындағы бәсекелестікке қабілетін дамытудағы «жасыл экономикаға» көшуі бойынша су ресурстарын қорғау баяндалған. Талдықорған қаласы өңірінің су бассейінің ластану динамикасы зерттеліп, экологиялық аудандастыру келтірілген.
Кілт сөздер: экологиялық аудандастыру, сынама, ШРК ластану көрсеткіші.
Аннотация
В статье рассмотрены вопросы охраны водных ресурсов по усилению конкурентоспособности Казахстана в условиях четвертой индустриальной революции и переходе к «зеленой экономике». Исследованы динамика загрязнения водного бассейна Талдыкорганского региона, приведено экологическое районирование территории.
Ключевые слова: экологическое районирование, пробы, Предельно допустимый концентрация
Annotation
The article deals with the protection of water resources to strengthen the competitiveness of Kazakhstan in the fourth industrial revolution and the transition to a “green economy”. The dynamics of pollution of the water basin of the Taldykorgan region are investigated, the ecological zoning of the territory is given.
Key word: ecological distributions, probes, exceptional concentration
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» - деп атап көрсетті.
Жолдаудың «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту» бөлімінде төмендегі мәселелер басым бағыттар ретінде айқындалған:
- ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады.
- Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек.
- Кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізу қажет.
- Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің дамудың «жасыл» жолына көшуі бойынша стратегиялық міндет айқындалды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама үш кезеңдегі нақты мақсаттарды қамтиды: 2020, 2030 және 2050 жылдар.
Өз кезегінде, Тұжырымдама негізгі бағыты ретінде су ресурстарын орнықты пайдалану айқындалған.
«Жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасы аясында жекелеген өндіріс орындарында технологияларды экологияландыру, жаңа заманауи ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану, өндіріске аз қалдықты және қалдықсыз үрдістерді енгізу талаптары туындайды. Осы орайда Тұжырымдамада және Бағдарламаларда келтірілген дамыған елдердегі озық тәжиірбелерді, халықаралық стандарттарды өндіріске енгізу экологиялық пәндерді оқытуда лайықты орын алуы қажет. Қоршаған ортаға техногендік әсердің кешенді бағалануы, биосфера бөліктеріне салмақты модельді анықтай отырып, табиғатты оңтайлы пайдалану шешімдерін табу сипатында болуы көкейкесті мәселе.
Табиғат комплекстерін әр түрлі компоненттерін зерттеу, олардың арасындағы байланыстарды байланыстарды геохимиялық, физикалық географиялық және т.б. заңдылықтармен тұжырымдала қаралып салалық аудандастыру мәселелері айқындалады.
Геоморфологиялық, яғни геоқұрылымлылық зертеулермен, топырақ сапасы мен жер жамылғыларының сипатымен және басқа да анықтамалармен жаратылыстану ғылымдарының әрбір саласында (геология, тектоника және стратиграфия, геоморфология, география, метрология, климатология, гидрология, ботаника, зоология, ландшафттану т.б.) табиғи кешендердің аудандастырылуы жүргізілген[1].
Мәселен, Қазақстанның геоморфологиялық аудандастырылуы сызбасы бойынша Алматы облысы үш аймақтарда: А,Ә,Б (республикада 7 аймақ); үш провинцияда: ІІ, ІІІ, V (республикада 12 провинция); жеті облыста: 6-10, және 13 (республикада 36 облыс) орналасқан.
Территориялардағы табиғи ландшафтардың географиялық дифференциациясына негізделіп, жергілікті (провинциалық), геологиялық-геоморфологиялық және климаттық факторларға байланысты физика-географиялық аудандастыру сызбасы жеті зонадан, 46 провинциядан тұрады. Осы аудандастыру бойынша Жетісу жері Тұран жазығы өлкесіне жататын Мойынқұм және Бақаш маңы-Алакөл; Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай өлкесінің Жоңғар Алатауы және Батыс Жоңғар; Тянь-Шань таулы өлкесінің Іле, Шу-Іле, Іле Алатауы провинцияларынан тұрады.
Жалпы табиғи кешендерді аудандастыру деп аумақтарды жіктеу деп қарастыру қажет. Әртүрлі салаларда өңірлерді аудандастыру жүргізіледі. Мысалы: Әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағын экономикалық маманданым түрлері және оларды басым пайдалану бойынша аудандастыру Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу кезінде қала құрылысы режимдерін белгілеп, аумақтық-кеңістік дамуды негіздеу үшін аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау мен бағалау және оларды әлеуметтік-экономикалық маманданым бойынша жіктеу үшін арналған. Оны Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастыру мен тиімді пайдалануға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтау; облыстардың, аудандардың, қалалар мен жеке қоныстардың аумақтық даму схемаларын әзірлеу кезінде қала құрылысы жұмыстарын іске асыру; республикалық маңызы бар инженерлік, көліктік, әлеуметтік және т.б. инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған жобаларды әзірлеу; әлеуметтік-экономикалық даму, экологиялық жағдайды жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тарихи-мәдени мұра аумақтарын және табиғатты сақтау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау кезінде пайдалануға болады.
Әбір салалардағы табиғи кешендерді аудандастырудың өзіндік әдіснамалары мен әдістемелері бар (методология және методика). Оларды саладағы басшы орган немесе техникалық және ғылыми кеңестер бекітуі мүмкін.
Қазақстанда экологиялық аудандастыру туралы бірыңғай нормативтік құжат бекітілмеген. Алайда, болмағанымен ғылыми зерттеулерде, арнайы жобаларда кейбір нәтижелі еңбектер бар. Соның бірі – облыс аумағын табиғи-ресурстық әлеуетіне (потенциал), әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне, табиғи ландшафтардың антропогендік бұзылуына сүйене жасалған экологиялық аудандастыру[2].
Жалпы Іле-Балқаш бассейнінің аумағы 413 мың шаршы километр, оның 353 мыңы Қазақстан ауқымында (60 пайыз), Қытайда 35 % шамасында. Бассейннің орташа жылдық ағыны шамамен 26,5 млрд.м3 . Бассейннің жер асты сулар көлемі 17,4 км3 , оның 6,9 км3 бағдарланып зерттелген. Бассейн өзендерінің жылдық ағыны 20 – 21 км3 шамасында, оның ішінде Іле өзені бассейні 17 км3 (орташа шама). Іле-Балқаш және Алакөл су жинау бассейндерінен алынатын судың жалпы мөлшері 3,5 - 4 млрд.м3 шамасында, оның 3610 млн.м 3 жер үсті су көздері, қалғаны жер асты сулары.
Қаратал өзені. Ұзындығы 390 км. Су алабының ауданы 19,1 мың км². Бастауы Жетісу Алатауындағы Орталық жотасының солтүстік-батыс бетінің мұздықтары. Текелі, Шажа және Қора өзендері Текелі қаласының аумағында қосылған соң Қаратал аталады. Алматы облысы Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары жерімен ағады. Өзен бойында Талдықорған, Үштөбе, Текелі үлкен қалалар орналасқан. Алғашқы 160 км өзен өте жылдам ағады, ал келесі 230 км баяу ағады.
Балқаш-Алакөл алабындағы суының молдығы және арнасының үлкендігі жағынан Іледен кейінгі 2-орында. Жылдық орташа су ағымы Қаратал ауданыны Үштөбе тұсында 19,9 м3/сек. Суы ауылшаруашылық алқаптарын суаруға пайдаланылады.
Негізгі салалары Көксу, Быжы (кіші Быжы, Мұқры, Мақаншы суларымен), Құсақ, Балықты, Қараой өзендері. Ең ірі саласы Көксу өзені (ұзындығы 205 км., су жинау алабы 4670 шаршы км). Жоңғар Алатауының Беджінтау жотасынан (Қытаймен шекара) Сарноқай, Суықтөбе шоқыларынан Қарасырық (кей басылымдарда Қараарық деп те аталады) және Қазан (шағын көл) өзендерінің қосылуымен басталады. Сол жағынан ірі сала Көктал қосылады. Жоғарғы ағысы тар шатқалдардан өтіп Рудничный ауылының тұсында арнасы кеңейеді. Су ағысы өте қатты, көптеген құлама-сарқырамалары бар болғандықтан республикадағы рафтинг жарыстарын (үрлеме қайықпен) ең қолайлы орын болып табылады.
Өзен бойында Рудничный, Көксу, Талапты, Шаңырақ, Балпық-би елді мекендері орналасқан, Ешкіөлмес тауынан шығар жерде тоспа (плотина) орнатылып, Ескелді (оң жағы) және Көксу (сол жағы) аудандарына су каналдарына таралады. Тастөбе жотасының Түйемойнақ тұсында Қараталмен қосылады[3].
2017 жылы РМК «ҚАЗГИДРОМЕТ» Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі көрсеткіші бойынша Қаратал өзенінде судың температурасы 19,1 ºC, сутегі көрсеткіші 7,90, судағы еріген оттектің концетрациясы 9,90 мг/дм3, ОБТ5 1,66 мг/дм3. Ауыр металдар (мыс (2+) – 1,6 ШЖШ), биогенді заттар (жалпы темір– 4,4 ШЖШ), органикалық қосылыстар (мұнай өнімдері– 1,4 ПДК), бойынша нормадан асу жағдайлары байқалған.
2017 жылы Алматы облысы экология департаменті көрсеткіші бойынша
Сынама алу орны: Талдықорған қаласы Қаратал өзені, Сынақталатын сынаманың атауы: Қаратал өзені. Сұрыптау күні 29.08.2017 г. Сынақ жүргізілген күндері: 31.08.2017 г. – 07.09.2017 г.
Сынақ жүргізу жағдайы: температура 21,0 0С , ылғалдығы 73 % , атмосфера қысымы 712 мм сын.бағ.(кесте 1).
Кесте 1.
№
|
Анықталатын құрамның атауы, ө. б. /
|
ШРК/
|
СШРТ/ |
Нақты нәтиже/
|
ШРК, СШРТ артуы/ |
1 |
2 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
рН |
6-9 |
|
7.1 |
|
2 |
Жалпы кермектілігі, мг-экв/дм3 |
|
|
2,2 |
|
3 |
БПК5, мгО2/дм3 |
|
|
1.0 |
|
|
|||||
1 |
Жүзгін заттар, мг/дм3 |
|
|
197.0 |
|
2 |
Аммоний азоты, мг/дм3 |
|
|
0,22 |
|
3 |
Нитриттар, мг/дм3 |
3,3 |
|
0,03 |
|
4 |
Кальций, мг/дм3 |
|
|
40,0 |
|
5 |
Магний, мг/дм3 |
|
|
2,5 |
|
7 |
Хлорид, мг/дм3 |
350,0 |
|
10.4 |
|
8 |
Сульфат, мг/дм3 |
500,0 |
|
82,0 |
|
9 |
Гидрокарбонаттар, мг/дм3 |
|
|
67,0 |
|
10 |
Сілтілігі, ммоль/дм3 |
|
|
0.12 |
|
11 |
Құрғақ қалдық, мг/дм3 |
|
|
2,2 |
|
12 |
Хром (III), мг/дм3 |
0,5 |
|
2,2 |
|
Биогенді заттар |
|||||
1 |
Аммоний азоты, мг/дм3 |
|
|
0,22 |
|
2 |
Темір, мг/дм3 |
0,3 |
|
0,46 |
|
3 |
Жалпы фосфор, мг/дм3 |
|
|
7.1 |
|
Сынама алу орны: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі көпірі Қаратал өзені, Сынақталатын сынаманың атауы: Қаратал өзені. Сұрыптау күні 29.08.2017 г. Сынақ жүргізілген күндері: 31.08.2017 г. – 07.09.2017 г.
Сынақ жүргізу жағдайы: температура 21,0 0С , ылғалдығы 73 % , атмосфера қысымы 712 мм сын.бағ.(2-кесте).
Кесте 2.
№ |
Анықталатын құрамның атауы, ө. б. /
|
ШРК/
|
СШРТ/ |
Нақты нәтиже/
|
ШРК, СШРТ артуы/ |
1 |
Азот амоний, |
|
|
0,1022 |
|
2 |
Нитриттар, |
3,3 |
|
0,0103 |
|
3 |
Темір, |
0,3 |
|
0,2033 |
|
2018 жылы РМК «ҚАЗГИДРОМЕТ» Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі көрсеткіші бойынша Қаратал өзенінде судың температурасы 0-16,9 ºC шегінде, сутегі көрсеткіші 8,05, судағы еріген оттектің концетрациясы 11,40 мг/дм3, ОБТ5 1,24 мг/дм3. Ауыр металдар (мыс(2+) –1,7 ШЖШ, марганец (2+)– 1,2 ШЖШ), биогенді заттар (жалпы темір– 2,6 ШЖШ) бойынша нормадан асу жағдайлары байқалған.
2018 жылы Алматы облысы экология департаменті көрсеткіші бойынша
Сынама алу орны: Қаратал өзені Жаңаталап маңайы, Сынақталатын сынаманың атауы: Қаратал өзені. Сұрыптау күні 29.08.2018 ж. Сынақ жүргізілген күндері: 29.08.2018 г. – 07.09.2018 г.
Сынақ жүргізу жағдайы: температура 12,0 0С , ылғалдығы 55 % , атмосфера қысымы 652 мм сын.бағ. (3-кесте).
Кесте 3.
№
|
Анықталатын құрамның атауы, ө. б. /
|
ШРК/
|
СШРТ/ |
Нақты нәтиже/
|
ШРК, СШРТ артуы/ |
1 |
2 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
рН |
6-9 |
|
7.3 |
|
2 |
Жалпы кермектілігі, мг-экв/дм3 |
|
|
1,9 |
|
3 |
БПК5, мгО2/дм3 |
|
|
1.02 |
|
|
|||||
1 |
Жүзгін заттар, мг/дм3 |
|
|
197.0 |
|
2 |
Аммоний азоты, мг/дм3 |
|
|
0,27 |
|
3 |
Нитриттар, мг/дм3 |
3,3 |
|
0,05 |
|
4 |
Кальций, мг/дм3 |
|
|
37,0 |
|
5 |
Магний, мг/дм3 |
|
|
2,2 |
|
7 |
Хлорид, мг/дм3 |
350,0 |
|
9.4 |
|
8 |
Сульфат, мг/дм3 |
500,0 |
|
75,0 |
|
9 |
Гидрокарбонаттар, мг/дм3 |
|
|
69,0 |
|
10 |
Сілтілігі, ммоль/дм3 |
|
|
0.19 |
|
11 |
Құрғақ қалдық, мг/дм3 |
|
|
2,7 |
|
12 |
Хром (III), мг/дм3 |
0,5 |
|
2,7 |
|
Биогенді заттар |
|||||
1 |
Аммоний азоты, мг/дм3 |
|
|
0,22 |
|
2 |
Темір, мг/дм3 |
0,3 |
|
0,39 |
|
3 |
Жалпы фосфор, мг/дм3 |
|
|
6.1 |
|
Сынама алу орны: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі көпірі Қаратал өзені, Сынақталатын сынаманың атауы: Қаратал өзені. Сұрыптау күні 29.08.2018 г. Сынақ жүргізілген күндері: 29.08.2018 г. – 07.09.2018 г.
Сынақ жүргізу жағдайы: температура 14,0 0С , ылғалдығы 55 % , атмосфера қысымы 602 мм сын.бағ.(4-кесте).
Кесте 4.
№ |
Анықталатын құрамның атауы, ө. б. /
|
ШРК/
|
СШРТ/ |
Нақты нәтиже/
|
ШРК, СШРТ артуы/ |
1 |
Азот амоний, |
|
|
0,1022 |
|
2 |
Нитриттар, |
3,3 |
|
0,0103 |
|
3 |
Темір, |
0,3 |
|
0,2033 |
|
Гидрохимия көрсеткіші бойынша судың құрамын кешенді бағалаудың әдісі. Қаратал және Көксу өзендері бастауын мұздықтардан алатын тау өзендері. Гидрохимия құрамы бойынша гидрокарбонат, карбонат және натрий кальции, магнилі су объектілері. Химиялық құрамы бойынша және оттекке биохимиялық қажеттілік бойынша таза нормативті су объектісіне жатады(5 - кесте). Кермектілігі бойынша орта жұмсақтау топқа жатады[3].
Кесте 5. Су объектілерінің ластану дәрежесі бойынша жалпы жіктелуі
№ |
Дәреже |
Бағалау көрсеткіштері |
|||
|
|
|
|
БПК 5 |
|
1 |
нормативті таза |
≤1 |
≥4 |
≤3 |
|
2 |
қалыпты ластану деңгейі |
1,1-3,0 |
3,1-3,9 |
3,1-7 |
|
3 |
жоғары ластану деңгейі |
3,1-10 |
1,1-3,0 |
7,1-8 |
|
4 |
өте жоғары ластану деңгейі |
≥10 |
≤1,0 |
≥8,1 |
|
Суды ең көп пайдаланушы ауыл шаруашылығы болып табылады. Халық шаруашылығында пайдаланған барлық судың 70-75% -іне дейін ауыл шаруашылығының үлесіне тиеді. Суармалы егіншілікте суды дұрыс пайдаланбағанда су айналымының табиғи процесі бұзылады және судың сапасы нашарлайды: тұздылығы артады, тыңайтқыштар, пестицидтер араласады.
Сондықтан суды қорғау, үнемдеу шаралары жетілдіру, суғарудың озық үлгілерін қолдану. Тамшылатып суғару су үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі суғару жүйелерінің пайдалы коэффициенттері 0,5-0,7-ден аспайды. Судың көп бөлігі каналдарда, арықтарда жоғалтылады, буланады. Суды су көзінен алғаннан бастап тұтынушыға жеткізгенге дейін оның 62% - і ысырап болады екен.
Ақаба суларды тазартып егіншілікте қайта пайдалану да біраз су үнемдеуге мүмкіншілік береді. Бірақ, оның қазіргі деңгейі әлі мардымсыз.
Коммуналдық шаруашылықта да су үнемдеудің өте көп мүмкіншілктері пайдаланылмай келеді. Мұндай ауыз судан басқасын қайтарымды сумен ауыстыру, судың ысырабын жол бермеу, тұтынуға берілген суды есептеп, бақылап отыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс.Су қорын тиімді пайдаланудың маңызды бағыттарының бірі – су қорын ластамау(6 - кесте).
Кесте 6. Қаратал бассейні аумағының экологиялық аудандастырылуы мен бағалануы
әкімшілік аудандар |
Аудандағы ландшафттық -экологиялық аймақтың меншікті салмағы (%) |
Табиғи ортаның
экологиялық тұрақсызды |
Нашарлау процессінің басымдылығы |
||
Шиеле- |
қанағат- |
Тұрақты (III) |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Қаратал |
8 |
4 |
88 |
қалыпты |
Жайылымдықтардың тозуы, |
2. Көксу |
54 |
- |
46 |
күшті |
Жайылымдық- |
3. Ескелді |
49 |
- |
51 |
күшті |
Жайылымдық- |
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту» бөліміндегі басым бағыттар ретінде айқындалған табиғи ресурстарға деген мұқтаждығын шешу жолдарының негізгісі шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруды жетілдіру болып табылады. Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу, экономикалық өрлеудің қай саласында болмасын экологиялық талаптардың бұлжытпай орындалуы бүгінгі таңда аса қажет[5].
Эколог ғалымдар қоғанмың дамуының екі жолы болуы мүмкін екенін болжайды. Біріншісі – техносфералық траектория, екіншісі – ноосфералық жол. Егер, бірінші траектория «табиғат» пен «қоғамның» шиелінісіне, тіпті апаттарға соқтырса, екінші жол биосфераның сауығуына алып келеді. Алайда, ноосфералық траекторияны орындау оңай емесі анық. Ол үшін табиғат қорғау шараларын қаржылындыруды еселеу қажет, барлық даму салауатты экожүйелік басымдықта болуы, биосфера компоненттерін кең көлемді экологиялық мониторингімен және экологиялық-экономикалық басқаруды жолға қоюмен, адамзат санасын және өндірісті экологияландырумен, экологиялық дүниетаным және мәдениетпен қол жеткізуге болады.
Жоғарыда аталған проблеманы жүйелі түрде шешу үшін алдымен экологиялық сертификаттау және стандарттау мәселелері халықаралық талаптарға сай жаңалануы қажет. Қазіргі кездегі қолданыстағы стандарттар негізінен кеңес дәуірінде бекітілген. Евроодақтың қасынан құрылған экономикалық ынымақтастық және даму ұйымы байырғы кеңес мемлекеттеріндегі экологиялық саясат, экологиялық сертификаттау және стандарттау мәселелерінде олқылықтар бар екенін көрсетуде. Экологиялық стандарттау нысандары болып мыналар танылады: қоршаған табиғи орта объектілері, табиғи ресурстар мен құрылымдар; ластандыру көздері, өндірістер, технологиялық үрдістер, коммуникациялық кешендер; табиғат қорғау құрылыстары, өнімдер мен экологиялық қызметтер; экологиялық ақпарат өнімдері, бағдарламалары мен модельдер, әдістемелер және информациялау, цифрландыру мен информациялау базалары мен банкілері.
Аталған проблемалық мәселелер жоғарыда аталған Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі Тұжырымдамасындағы іс-шараларды іске асыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуге тиіс екенін көрсетеді[6].
Талдықорған қаласы, Қаратал, Көксу, Ескелді аудандарын экологиялық аудандастыру бойынша Талдықорған қаласы су бассейінің ластану деңгейін азайту бойынша арнайы бағдарлама құру қажет. Зерттеу жұмыстарын жалғастыру біріңғай мониторинг арқылы жүргізілуі тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар
2. Галаневич А.Г. Оценка воздействия на окружающую среду и экологическая экспертиза // Экологическая экспертиза. № 3, М. 1999.
5. Никаноров A.M., Хоружая Т.А. Экология. М.: "Издательство ПРИОР",1999.304с.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.