Эссе

Оценка 5
Лекции
docx
МХК +1
Взрослым
19.02.2022
Эссе
Мұғалім мамандығына байланысты эссе
Эссе Анаргуль+++.docx

Эссе. «Мұғалім болу- кәсіп емес, қабілет»

Жалпакбасова Анаргул Женисовна

«К. Макпалеев атындағы ЖОББМ»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

                                                                           «Ұстаздық еткен жалықпас,

                                                                            Үйретуден балаға»  Абай.

Мұғалім!  Бұл сөздің мағынасы терең, мағынасы зор, ұстаздар алдында тұрған міндеттерге толық сәйкес келеді.  Ы. Алтынсарин  «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп  бекер айтпаған. Мұғалім  - барлық мамандық  иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар.  Мұғалімнің ең үлкен қуанышы – басқа адамдардың оның шәкіртін  мақтауы.

 Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің  мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген.  Ал мұндай міндетті атқару үшін  мұғалімнің бойында ерекше қабілет болу керек.

Мен 1986 жылы Павлодар қаласының В. В. Воровский атындағы педагогикалық училищесіне бастауыш сынып мұғалімі  мамандығы бөліміне оқуға түсіп, 1992 жылы аяқтадым. Сол жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін бастауыш сыныптарды оқытып келемін.

Ең алғашқы еңбек жолымды 1992 жылы Баянауыл ауданының  Ш. Айманов атындағы ЖОББ мектебінде бастады.  Мектеп  ұжымынан әрбір  ұстаздың  бойында  болатын  төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы  қасиеттерді  бойыма  сіңірдім. Мен  өзімнің  ұстаздарыммен  қатар  еңбек  етіп, баланың  бойына  ақыл — білім  дәнін  сеуіп,  аялап,  көңілін  табуды,  алаламай  сүйе  білуді  үйрендім.

          Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының  болашағы  үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың  бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың  бастаушысы, жүрегі - жылы, көңілі – дарқан адам. Бұл мамандық содан да киелі.   

    Мұғалім   білгенін  үйретуші  ғана  емес,  тұла  бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі ана  тәрізді  барлық  адамның  бойынан  жақсылық  іздейтін  ізгі  ниет  иесі.

Шәкірті  өзінен  оз­ған  ұстаз  – еңбегі  ақталған  ұстаз.  Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу.

   Мен  ұстаздықтың  ауыр  жүгін  арқалауды  өз  жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның  пікірімен  санасу,  оқушының кішкентай  қуанышын,  табысын  ба­ғалай  білу.

         Ұстаздық  қызметте,  шәкірт­термен  қарым — қатынаста  ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мә­дениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне  көзім  жетті.

Сондықтан  бүгін  білім  берудің  сапалы  болуы  үшін:  біріншіден,  ұстаздың жан- жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт.


 

Эссе. «Мұғалім болу- кәсіп емес, қабілет »

Эссе. «Мұғалім болу- кәсіп емес, қабілет »

шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт.

шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.02.2022