Эссе на тему "Бабалар өсиеті"

  • docx
  • 19.05.2021
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Эссе Бабалар өсиеті.docx

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, П. Шевцов атындағы ЖОМ

ағылшын тілі пән мұғалімі

 

Даутова Айдана Женысовна

Эссе

Бабалар өсиеті

 

Өтсе де уақыт зымырап,

Тарихты қалай ұмытпақ.

Бабалардың мұрасын

Еске алап жүр жас ұрпақ, - дегендей бабалар өсиеті, бабалар сөзі әрбір қазақ баласының жүрегінде мәңгілікке сақталады, ешқашан  саналы ұрпақтың санасынан өшпейді. Бабалар өсиеті - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен - билерден, ақын - жыраулар мен сал - серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Мың жылда бір - ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып кетсе де, олардың аратында қалған мұрасы бүгінгі ұрпаққа өнеге. Қазақ елінің тарихында, аса бір елеулі оқиғалар кезеңінде, халықтың тағдырына қайраткерлік қызметімен үлес қосқан тұлғалар тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік өнеге болып сақталады.

Бабаларымыздың өсиеттерін, нақыл сөздерін, әжелердің ертегісі мен аңыз, әңгімелерін, танымдық, ұлттық ойындарын, жұмбақ, жаңылтпаштарын жаттап, естіп, үйреніп өскен өскелең ұрпақ жаман болмайды деп білемін.

Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес. Тәуелсіздік дегенде ұлан - байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған ардақты бабаларымыздың арқасында қазіргі ұрпақ, яғни біздер ешқандай уайым – қайғысыз бейғам өмір сүредеміз. 

Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды. Алты Алаштың айбынды әміршісі Абылай хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Баян, Олжабай, батырлар қостаған қазақ сарбаздарының қолы талай мәрте туған жер төсінде ат ойнатып, ата жауларымен кескілескен шайқастар өткізді. Арыстандай айбат, жолбарыстай қайрат көрсетті.

Сонау 1941 жылдың 22 маусымы күні таң алдында неміс фашистері елімізге тұтқиылдан соғыс ашқан кезде де, совет халқы адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болғанда да  қасық қаны қалғанша жаумен жан аямай шайқасқан аталарымыздың ерліктерін ешкім де, ешқашан да ұмытпайды деп білем. 28 панфиловшы батырлар, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев, Әлия мен Мәншүктің ерен ерліктері ұрпаққа үлгі болып, жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.

Қаншама жылдар өтсе де әр заманның бабалар өсиеті, сөздері, нақылдары мен ерен еңбектері, батырлықтары саналы ұрпақтың тәлім – тәрбиесіне, адамгершілігіне, жан – жақты қалаптасуына өз үлесін қосуда.

Кей бабалар өсиеті жазбаша түрде ұрпақтан ұрпаққа жетіп жатса, кейбірі ауызша таралып, болашақ өскелең ұрпақтың санасына құйылып жатыр.

Бабалар өсиеті арқылы адам бойында ұнамды, жағымды әдеттер мен мінез – құлықтар, жақсы қарым – қатынас, ынтымақ пен жарасымдылық, қайырымдылық пен ізгілік, еңбек сүйгіштік пен үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер, рухани қасиеттер қалыптасады.

«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі» бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырған әрбір өсиеті, сөзіб даналығы, шешендігі, батырлығы, ерлігі, жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі - өнеге, шежіре, тағдыр — тарих. Менің ойымша біздің ға­сыр­лар бойы жалғасып, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ата бабаларымыздың салт-дәс­түрі, әдет-ғұрыпы, ырым-тыйымдары­, өмір сүру салты тазалықты, адалдықты, қонақжайлылықты, батырлықты, ерлікті, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қа­рауды, ұятты өлімнен артық көру­ді, ел намысы үшін отқа түсуді на­сихаттайды.


 

Посмотрите также