ЭССЕ "Менің мамандығым кітапханашы"
Оценка 4.6

ЭССЕ "Менің мамандығым кітапханашы"

Оценка 4.6
Библиография
docx
воспитательная работа +2
Взрослым
11.04.2018
ЭССЕ "Менің мамандығым кітапханашы"
Менің мамандығым кітапханашы Мен кітапханаларды ақыл білім, адамгершілік, парасат, иман ордасы деп білемін, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті ең асыл құндылықтың ең жанкешті сақшылары ретінде санаймын. Ә.Кекілбаев Мен Баяш Олжас Ниетжанұлы 1995 жылдың 5 қазанында Жамбыл ауданы, Озерный ауылында дүниеге келіппін. 2013 жылы Ы. Алтынсарин атындағы РӘГК колледжіндегі бастауыш білім мұғалімі мамандығына оқуға түсіп, 2016 жылы тәмәмдадым. 2016 жылдан бастап Мектеп негізгі мектебінде кітапханашы болып жұмыс істеудемін. Осы уақыт аралығында мектеп оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мен дамыту жұмыстарымен айналысып келем. Мектеп ішілік іс-шараларға белсене араласып, өз білгенімді қызметтестеріммен бөлісіп олардан да үйренгенім аз емес. Мектеп ішінде «Кітап апталықтарын» өткізіп, оқушылармен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасап, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту жұмыстарын жүргізудемін.Мен Баяш Олжас Ниетжанұлы 1995 жылдың 5 қазанында Жамбыл ауданы, Озерный ауылында дүниеге келіппін. 2013 жылы Ы. Алтынсарин атындағы РӘГК колледжіндегі бастауыш білім мұғалімі мамандығына оқуға түсіп, 2016 жылы тәмәмдадым. 2016 жылдан бастап Мектеп негізгі мектебінде кітапханашы болып жұмыс істеудемін. Осы уақыт аралығында мектеп оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мен дамыту жұмыстарымен айналысып келем. Мектеп ішілік іс-шараларға белсене араласып, өз білгенімді қызметтестеріммен бөлісіп олардан да үйренгенім аз емес. Мектеп ішінде «Кітап апталықтарын» өткізіп, оқушылармен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасап, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту жұмыстарын жүргізудемін
ЭССЕ.docx
Менің мамандығым кітапханашы Мен кітапханаларды ақыл білім, адамгершілік, парасат, иман ордасы деп білемін, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға  тиісті ең асыл құндылықтың ең жанкешті сақшылары ретінде санаймын. Ә.Кекілбаев Мен Баяш Олжас Ниетжанұлы 1995 жылдың 5 қазанында Жамбыл ауданы,  Озерный ауылында дүниеге келіппін. 2013 жылы Ы. Алтынсарин атындағы  РӘГК колледжіндегі бастауыш білім мұғалімі мамандығына оқуға түсіп, 2016  жылы тәмәмдадым. 2016 жылдан бастап Мектеп негізгі мектебінде  кітапханашы болып жұмыс істеудемін. Осы уақыт аралығында  мектеп  оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мен дамыту  жұмыстарымен айналысып келем. Мектеп ішілік іс­шараларға белсене  араласып, өз білгенімді қызметтестеріммен бөлісіп олардан да үйренгенім аз  емес. Мектеп ішінде «Кітап апталықтарын» өткізіп, оқушылармен бірге  ертегілер әлеміне саяхат жасап, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту  жұмыстарын жүргізудемін.  Ел Президентінің Жолдауында: «Қазақстан ­ 2050» стратегиясы барлық  саланы қамтитын және үздік өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы дей  келе,оның жүзеге асырылуына абыройлы міндет деп көрсетті. Білім беру  саласындағы батыл қадамдарды нақтылады.Елбасымыз айтқандай  «Жалындаған жастар еліміздің ертеңі.»Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім  мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған  орай еліміздегі бірден ­ бір руханият ордасы ­кітапхананың алар орны ерекше. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп  дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана осы міндетті бірге  атқарады. Кітап ­ адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі, кез  ­келген елдің мәдениетінің ең бастысы ­ кітапхана. Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру  үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, жан­жақты білімді, тәрбиелі етіп  шығу жолдарындағы тұлға ұстаздан кейінгі кітапханашы. Кітап – мәңгілік парасаттың ең киелі ғибратты ­ деп Ә Кекілбаев ағамыз  айтқандай, сол кітап иелері қатарына кітапханашылар да жатады. Кітапханаға  жоғары оқу орнынан енді аттаған білімгерлерден бастап , ғалым – ғұлама оқытушыларға дейін, өздеріне қажетті әдебиетті іздеп осы киелі мекен –  кітапханаға соқпай кетпейді. Кітапхана жұмысы көзге көріне бермейтін ағысы баяу терең өзен секілді , түсінген кісі ғана ұғады. Кітапхана­оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де «кітапханашы»  маңызды буын болып саналады. Кітапхана мәдениет саласы ретінде ақпараттық білім беру және мәдени­ ағарту қызметінің негізі болып табылады. Кітапханада оқу феноменін тиімді  пайдалану мен дамытудың сан ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі  сақталған. Олар кітаптарда жинақталған адамзат жадының, ұлт жадының  алтын қоры, ал кітапханашылар – сол теңдессіз қазынаның шырақшылары  іспеттес. Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиет қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана  емес, өзінің қоғамның беделді мүшесімін деген әрбір адамның бойына  дарығанда ғана нұрлы болмақ. Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан шырағы биік парасаттылық пен  білімділіктің киелі ордасы. Кітапханашылар мамандығына баулу мен даярлау ісінде кешенді және жеке  арнайы оқулықтар тапшы.  Заманымыздың әр кезеңінде «кітапханашы қызметі» туралы ұғым жоғары  болуын көрсете білу Кітапханашы кітапханада тек кітап қана береді деген тар ұғым орнына ,  қоғамда кітапханашы мамандығының қажеттілігін мойындататын оң пікірлер  мен көзқарастар қалыптастыру Кітапханашы мамандығы туралы түсінік, жарнама терең мәнді, мазмұны  түсінікті, қажеттілігі жоғары болуына көңіл бөлінуі тиіс. Жаңа технологиямен жұмыс істей білуді үйрену. Жоспарлауды үйреніп, бағдарлама жасауды  меңгеруді талап ету. Тұрақты түрде кәсіби семинарлар өткізу, әлемдік  тәжірибеге назар аударып, ақыл –ойды , сана мен парасатты саптан өткізудің  маңызын түсіну. Сөйлей білу, оқырманмен тілдесу мәдениетін білу Кітапханашының ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты байсалды,  ұстамды, төзімді, кешірімді болуы тиіс. Кітапханашының ой­өрісі кең, жан­ жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқырмандарына  анық, тұжырымды дәл айтып түсіндіре білуі шарт Кітапханашы өз оқырмандарына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт.  Әрдайым олармен әдептілік қарым­қатынаста болғаны жөн. Әрбір  кітапханашы мамандығын өміріне серік етіп рухани байлыққа кенеліп, өзгеге қуаныш сыйлап, өзін ғасырдан ғасырға жеткен асыл қазынамыздың қожайыны. ­«Сөйлеу мәдениеті» кітапханашының басты құралы. Оқырмандарды кітаппен  кездестіре отырып, бүкіл адамгершілікке қатысты қасиеттерді тануға  үйретеді. ­Менің ойымша кітапханашыларымыз бесаспап маман болғанда ғана бүгінгі  күннің биік талаптарын орындай алмақ. Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану –кітапхана қызметінің  сапасын арттырып , оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейінің  көтерілуіне тиімді әсер етеді. Әдетте тұрақты түрде өткізіліп отыратын кәсіби семинарлар кітапханашылар  арасында өзара байланысты жақсартып, жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдерін  іздестіріп, табуға мүмкіндік береді.       Әр кітапханашы өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқарса , біздің еліміздің  кітапханалары өркениетті елдердің кітапханаларымен иық теңестіреріне еш  күмән жоқ       Айтылған талаптарды әрбір кітапханашы тұрақты ұстанып отырса, оның  күш­қуатты, көңіл­күйі әрдайым жоғары болады да, жұмысының сапасы артып еңбегі де әрдайым жана түседі. Авторы:Баяш Олжас Ниетжанұлы

ЭССЕ "Менің мамандығым кітапханашы"

ЭССЕ "Менің мамандығым кітапханашы"

ЭССЕ "Менің мамандығым кітапханашы"

ЭССЕ "Менің мамандығым кітапханашы"

ЭССЕ "Менің мамандығым кітапханашы"

ЭССЕ "Менің мамандығым кітапханашы"

ЭССЕ "Менің мамандығым кітапханашы"

ЭССЕ "Менің мамандығым кітапханашы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.04.2018