ЭССЕ Мен неліктен информатика пәнінің мұғалімі болдым?
Оценка 4.7

ЭССЕ Мен неліктен информатика пәнінің мұғалімі болдым?

Оценка 4.7
Библиография +1
doc
информатика
Взрослым
01.04.2018
ЭССЕ Мен неліктен информатика  пәнінің  мұғалімі болдым?
Қалай болса да информатика сабағында оқу сапасын арттыру арқылы оқушылардың дамуына ықпал ету – әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігіне тікелей байланысты деп айта аламын. Жаңа ақпараттық технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты.информатика
ЭССЕ Балахметова Р Б.doc
ЭССЕ Мен неліктен информатика  пәнінің  мұғалімі болдым?          Өйткені информатика ғылымы қызық. Адамның табиғаты солай  жаратылған – ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді жақсы көреді.  Әдебиетті оқу оңай, ал информатиканы оқу қиын. Бұл мұғалімнің де қызық­ тыруына байланысты болуы мүмкін. Бірақ негізгі себеп мұнда емес.  Өйткені оқимын дейтін балаға мектеп те, мұғалім де сылтау бола алмайды.  «Мектеп дұрыс болмады» немесе «мұғалімі нашар» деген – жалқаудың  сөздері. Егер шынымен ғылымға ден қоятын бала болса, бірдеңе үйренемін деп талпынса, басын ауыртудан қорықпайтын болса, ешқандай қиындыққа  қарамайды. Жоғарыда  айтқандай, информатика пәнінен сабақ беру кезінде  шығарылуы қиынды қиындық келтіретін тапсырмалар, жауаптары  дәл   шықпайтын  есептер  кездеседі. Осындай  тапсырмалардың  шешімдерін   оқушылармен  бірлесе  отырып табу, шешу жолдарын талдау  мұғалімді  де,  оқушыны  да  шығармашылықпен  жұмыс істеуге жетелейді. Информатика   пәнін  оқушыларға  оқытып, еңгерту  арқылы  олардың  бойында өмірге  деген  дұрыс көзқарас, жақсы  әлеуметтік  жағдай  қалыптастыруға, әртүрлі   қаржылық  талдаулар  жасай білуге үйретуге болады.         Сонымен қатар,  информатикадан  алған  білімдері  арқылы  тәуелсіз   еліміздің экономикасын   көтеріп, өркендетуге  болатынын түсіндіруге  болады.  Информатика  пәнінің  мұғалімі  болып  жұмыс  істеу  арқылы   осылардың  бәріне  қол  жеткізуге  болады, балаларға да үйретуге болады.  Себебі болашақ ұрпаққа, ұлттың  ұл­қыздарына ғылым мен техниканың,  қоғамды дамытушы ғылым ­ информатиканы оқыту зор міндет. Ендеше, осы  міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – ұстаз. Информатика пәні мұғалімі мамандығын таңдап еңбек еткеніме 25 жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы  педагогикалық ұстанымым  –   үнемі жаңалыққа ұмтылып, әр оқушының  бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға  жетелеу. Ал ұстаздардың ішінде информатика пәні мұғалімдерінің жүгі ауыр. Информатиканы оқытуда оқушының шығармашылығын дамыту жолын  оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға  бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп  білемін. Қалай болса да информатика сабағында оқу сапасын арттыру арқылы  оқушылардың дамуына ықпал ету – әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен  құзіреттілігіне тікелей байланысты деп айта аламын. Жаңа ақпараттық  технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ  өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын  тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір  мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне  байланысты.

ЭССЕ Мен неліктен информатика пәнінің мұғалімі болдым?

ЭССЕ Мен неліктен информатика  пәнінің  мұғалімі болдым?

ЭССЕ Мен неліктен информатика пәнінің мұғалімі болдым?

ЭССЕ Мен неліктен информатика  пәнінің  мұғалімі болдым?
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.04.2018