Жазылған эссе өзімнің шығармашылық жолымдағы еңбегімді бөлісу мақсатында жазылған. Құрметті, әріптестер! Бүгін мен сіздермен жетістік формуламмен бөліспекшімін. Адам шыр етіп дүние есігін ашқанда, ол есті болып туылмайды. Көріп, біліп, жан-жағын тани бастағаннан-ақ жетістікке жетуге талпынады. Қазіргі заманда бал дүниеге келе сал жетістікке жетемін, танымал боламын деп келетін тәрізді. Оған бар жағдай жасалған: ақпараттық құралдар, интернет желісі,түрлі кітаптар т. б. Ал, осындай қарқынды заманда мен қалай жетістікке жетпекпін? Оқушыларды қалай тәрбиелеймін? Жалпы, жетістікке жету деген не? Көп ақша, зәулім үй, қымбат киім, саяхат па? Әлде, «Атың шықпаса, жер өрте» деген қазақ мақалын алдыға тартып, жетістікке ұмтылу ма?
Эссе.doc
Өтінішсауалнама
1 Автордың атыжөні
Қалдыбаева Гүлжан Алтынбекқызы
Туылған күні, айы, жылы
2
3 Жұмыс орны
25.01.1987
№6жббм
4
Лауазымы
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
5 Педагогикалық өтілі
6
7
8
Категория
Телефон
Eemail
12 жыл
1
87766886032
Ms.gulzhan87@mail.ru Менің жетістік формулам
Құрметті, әріптестер! Бүгін мен сіздермен жетістік формуламмен
бөліспекшімін. Адам шыр етіп дүние есігін ашқанда, ол есті болып туылмайды.
Көріп, біліп, жанжағын тани бастағаннанақ жетістікке жетуге талпынады. Қазіргі
заманда бал дүниеге келе сал жетістікке жетемін, танымал боламын деп келетін
тәрізді. Оған бар жағдай жасалған: ақпараттық құралдар, интернет желісі,түрлі
кітаптар т. б. Ал, осындай қарқынды заманда мен қалай жетістікке жетпекпін?
Оқушыларды қалай тәрбиелеймін? Жалпы, жетістікке жету деген не? Көп ақша,
зәулім үй, қымбат киім, саяхат па? Әлде, «Атың шықпаса, жер өрте» деген қазақ
мақалын алдыға тартып, жетістікке ұмтылу ма?
Алъберт Энштейннің «Жетістікке жетуге ұмтылма, пайдалы болуға тырыс»
деген тұжырымын негізге ала отырып, басты жетістігім «ұстаздық» демекпін.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» Жолдауымен танысып шығып, жаңа заманның лебін байқадық.
Жаңа дәуірдің келе жатқанын айқындадық. Расында, бұл Жолдау – заман талабы
тудырған Жолдау екен. Дүние түрленіп, ғарыштық жылдамдықпен өзгеріп барады.
Жаһандану бүкіл дүниежүзін қамтыған құбылыс болғандықтан, одан қашып
құтылу мүмкін емес екені баяғыда белгілі болды. Демек, бұл үрдіске тек төтеп
беру керек. Төтеп беру үшін, әрине мемлекет дамуында ұлттық құндылықтарға
табан тіреу керек. Ұлтты, мемлекетті құрайтын жеке адамдар. Осынау үлкен
өнеркәсіптік революция жағдайында адами капиталдың алар орны айрықша.
Елбасының биылғы Жолдауындағы басымдық берілген міндеттердің бірі де осы
адами капитал болып отыр. Адами капиталдың жаңа сапасы бүгінгі күнгі өзекті
мәселе екені даусыз. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай ақ
заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар
қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деп көрсетілген
Жолдауда. Кез келген қоғамда жастардың бет түзейтін идеалы болуы болашақ
үшін маңызды десек, Елбасы Жолдауында қандай адам мемлекеттің құнды
капиталы бола алатынын нақты көрсетіп берді. Мемлекет болашағының кілті –
қазіргі жаңа технологияларды меңгерген, сонымен бірге түптамырынан
ажырамаған, салты мен дәстүрін, тарихын білетін нағыз сапалы азаматтарда. Сол
адами капиталды дайындап, болашағына жол сілтейтін, келешегімізді кемел
біліммен сусындататын – ұстаздар қауымы. Елбасы өз Жолдауында мұғалім
мәртебесіне ерекше тоқталып өтеді. Қазақта «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы»
деген сөз бар. Ендеше, баланы тәрбиелейтін мұғалімнің білікті болуы – міндет.
Кейінгі кезде, мұғалім беделінің төмендегені жиі айтылып, олардың біліктілігі де
сынға жиі алынатын болды. Сондықтан Елбасы «Педагогтарды оқыту және
олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады» деп қадап айтып отыр. Сәйкесінше, білікті ұстаздан білім алған сапалы ұрпаққа, яғни
жаңғырудың негізі бола алатын адами капиталға қол жеткізе аламыз. Демек, бұл
Жолдау бізге қай салада болсын бәсекеге қабілетті маман дайындауды
міндеттеуде. Жалпы алғанда, Жолдауда көрсетілген 10 басты міндеттің ең негізгісі
де осы – жетінші басымдық, жетінші міндет болса керек. Олай деуге негізгі себеп –
барлық он міндетті де осы жетінші басымдықта атап көрсетілген заман талабына
сай жетілген білікті адами капитал жүзеге асыра алады. «Біз саяси тұрақтылық пен
қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды
жаңғырта алдық» деген Елбасы, алдағы уақытта жаңа заманға сай болу үшін
Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғырын негізге алуды ұсынды. Байқап
қарасақ, биылғы Жолдау «100 нақты қадам», үдемелі индустриялықинновациялық
даму, «Рухани жаңғыру» сияқты бағдарламаларда көрсетілген бағыттардың заңды
жалғасы болғанын байқаймыз. Елбасы әлемдік аренадағы Қазақстанның келісті
бейнесін жасау мақсатында ұзақ мерзімді стратегиялық саясат ұстанып отырғанын
тағы бір дәлелдеп берді.
Ұстаз жүгіауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген
сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың
ыстық лебі есіп тұрғандай. Қасым Аманжолов: «Мектеп – кеме, білімтеңіз деп
тектентекке айтпағанау, сірә?» Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік
сәулесі болса, олмұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп,
жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат
атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе? Сондықтан да ұстаздардың еңбегіұлы
еңбек.
Қырық жылдан бері ұстаздық жолында еңбек етіп жүрген жан қай кезде де
жаңашылықты қабылдап, бала тәрбиелейді.Ұстаздық еңбектің қырсырын біліп,
ешқашан қабақ шытып, шәкірт тәрбиелеуге еш қиналмайды, әрдайым жайдары
көңілкүймен үздіксіз білім береді. «40 жыл тәжірибең болса да, 40 минуттық
сабағына дайындал» деген ұстаныммен ұстаздық жолдың қиыншылығы мен
қызығын атқарады.
Ұстаз ұстаздық қызметпен қатар аяулы жан, үлгілі ана , ардақты әже атанып,
ғұмыр бойы бала тәрбиелейтін бақытты тұлға.
Ал бала тәрбиесі күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас
адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға мәлім. Ұлы
ғалым,философ Әбу Насыр Әл Фараби Адамға ең бірінші білім емес тәрбие
керек.Тәрбиесіз берілген білім адамның қас жауы,ол келешекте оның өміріне қауіп
төндіреді»десе,Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай таза болып туады,оның
үстіне шимайды қалай салсаң,қағаз бетіне солай түседі,бала тәрбиесі сол
сияқты,өзің қалай тәрбиелесең,солай болады»деген екен.
рпақ… Бала … Бүкіл адамзат болмысының тірлігінің мәні. Қай заманда, қай ғасыр,
қай қоғамда болмасын адамдар тірлігінің мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын
көпірі, аманат етер асылы оның ұрпағы. Сондықтан да күллі адамзат дүниесіне
ортақ мүдде ұрпақ тәрбиесі.Ал сол ұрпақтың азамат болып шығуына бағыт
бағдар беріп, үнемі қадағалау – бүгінгі ұстаздар қауымының жауапты жұмысы деп
білемін. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді
бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», деген. Мемлекет болашағының кепілі
жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Әр балажеке тұлға. Біріне – бірі ұқсамайды, жаңалықты асыға күтетін талант иесі.
Қорытындылай келе, менің жетістігім жақсы, жауапкершілігі жоғары, бәріне
сыйлы, табысты азаматты тәрбиелеп шығару!
Эссе. "Менің жетістік формулам"
Эссе. "Менің жетістік формулам"
Эссе. "Менің жетістік формулам"
Эссе. "Менің жетістік формулам"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.