2-секция: Экология және география
С.А. Марганбаева
Павлодар педагогикалық университеті география-тарих мамандығының 3-курс студенті,
М.К. Омаров
ғылыми жетекшісі: Жаратылыстану жоғары мектебінің аға оқытушысы, география магистрі
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ҚАЛЫПТАСУЫ, КЕРІ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР.
Аннотация: Павлодар облысының табиғи шаруашылық жүйесінің қалыптасу тарихы мен деңгейі келтірілген. Экономиканың дамыған аумақтық ұйымдастырылуы, өндіргіш күштердің даму деңгейі және өндірістік қатынастардың сипаты қарастырылды. Статистикалық салыстыру әдісімен зерттеу мақсатының басты жетістігі. Табиғи экономикалық жүйенің қалыптасуына кері әсер ететін негізгі факторлар анықталды.
Кілт сөздер: Табиғи-шаруашылық жүйе, Павлодар, негізгі өндірістік дақылдар, даму тарихы, деңгейі, іс-шаралар, экологиялық жағдай.
Ғылыми мақалада таңдалған тақырып «Павлодар облысының табиғи-шаруашылық жүйесінің қалыптасуы», зерттеу барысында тарихи қалыптасуын, соңғы он жылда қандай жағдайда болды және қазіргі уақытта салыстырмалы түрде қандай деңгейде өзгергені туралы ізденіс жұмысы.
Бастамаға алынатын еңбек, статистикалық мәліметтермен дәйекті түрде ізденіс. Жоғарыда айтып өтілгендей зерттеу аумағы бұл Павлодар облысы және аудандары. Жан-жақты, экономикалық шоғырландырудың перспективалық орталықтары - Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, сондай-ақ жақын орналасқан Павлодар, Шарбақты, Успен және Баянауыл аудандарын жатқызамыз. Негізгі нысандар топырақ жамылғысы, өсірілетін ауыл шарушылық дақылдары, табиғи шаруашылық жүйенің дамуына кері әсер ететін факторлар және экологиялық жағдайын анықтаймыз. Анықтау барысында статистикалық мағлуматтарды қолдана отырып салыстыру арқылы мақсатқа жету.
Жұмыстың теориялық-практикалық маңызы тікелей тақырып мазмұнымен байланысты. Яғни ұсынылып отырған зерттеу, баяндама жұмысы Павлодар облысының ТШЖ-ін толықтай танып үйренуге мүмкіндік береді. Тақырып жалпы географиялық, экономикалық, геоэкологиялық бағыттарында да қарастырылды, өзіктілігі де осы болып табылады. Табиғи - шаруашылық жүйелер – ТШЖ қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінде қалыптасқан геожүйелердің ерекше түрі. ТШЖ-дағы табиғи және техногендік элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі және біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейді. Г.И. Швебс (Генрих Иванович Швебс – географ. География ғылымдарының докторы, 1929-2003) 1987 жылы экономикалық және табиғи ішкі жүйелер біртұтас бірлікті құрайтын, ал антропогендік фактор жүйені дамытудың ішкі элементі болып табылатын табиғи-шаруашылық жүйенің жалпы моделін ұсынды [7]. Автордың айтуынша, аумақтың кешенді дамуы екі типтегі объектілермен бетпе – бет келеді: бір жағынан, экономикалық қызметі нашар өзгертілген кешендер, олардың қасиеттері мен жұмыс істеуі табиғи жағдаймен анықталады, екінші жағынан, табиғи кешендерге қатысты табиғи және шарушылық құрылымдар. И.П. Герасимовтың (1968), Ф. Н. Мильковтың (1973), Г. Е. Гришанковтың (1974), В. М. Яцухоның (1995) және сондай-ақ Е. А. Позаченюк (1999) т. б, еңбектеріне сүйене отырып, барлық ТШАЖ-ны (табиғи-шаруашылық аумақтық жүйесі) шаруашылық әсердің дәрежесі мен бағытына байланысты үш түрге бөлдік;
1) табиғи әлсіз түрлендірілген;
2) конструктивті;
3) туынды құралдар, ТШАЖ-нің түрлі дәрежедегі деградациясының.
1938 жылдың басында Павлодар облысының негізі қаланды. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Республиканың аса ірі Ертіс өзені жағасында орналасқан [1]. Облыс еліміздің солтүстік-шығысында, Батыс Сібір жазығының оңтүстік шегінде орын алған, қазіргі кезде 124 755 км² (11-ші орын) аймақты алып отыр. Солтүстігінде облыс Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде – Қарағанды облысымен, шығысында – Шығыс-Қазақстан облысымен, батысында – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі. Облыс халқы 2021 жылғы ресми статистикалық мәліметтер бойынша 751 мың (4,1%, 9-орын) адамды құрайды. Мұнда 70-тен аса ұлт өкілдері тұрып жатыр.[5, 125-130 б.]
Қарастылып отырған аймақтың топырақ жамылғысы өте құнарлы болып келеді. Аймақтың көп бөлігі қара-қоңыр және қоңыр топырақты соқпақты қыр далада жатыр. Топырақтың осы құнарлылығының арқасында одан сан қилы өсімдіктер нәр алып, өсіп-өніп, бүкіл жануарлар дүниесі мен адамзатқа тіршілік пен шаруашылық үшін орасан зор ықпалын тигізеді. Павлодар облысы топырақтары үш топырақ аймақшаларына (оңтүстік қара, қою және ашық қоңыр топырақтар) бөлінген; алдыңғы екі топырақ аймақшаларында астық шаруашылығы дамыған, ішкі аймақшылық (шабындық кейіпті) топырақтар кең тараған (сурет 1).
сурет 1
Сурет 1. Р.Жампейісов. Павлодар облысының топырақ жамылғысының түрлері.
Күңгірт қара-қоңыр топырағының субзонасы аймақ субзонасының жалпы ауданы бойынша ең үлкен болып табылады (~50%). Павлодар, Лебяжин, Шарбақты және Ақтоғай аудандарының оңтүстік бөліктерін, Ақсу, Май және Баянауыл аудандарының көп бөлігін басып алады. Ылғалмен нашар қамтамасыз етілген субаймақтағы ауыл шаруашылығы мал шаруашылығына бағынады. Топырақтағы құрғақшылықтың қайталануы 50% жылға дейін жетеді. ГЫК (гидротермиялық ылғалдану коэффициенті) 0,5-тен 0,3-ке дейін. Жел эрозиясы барлық ауыл шаруашылығында өз ізін қалдырады, бұл арнайы жолақты топырақты қорғайтын ауыспалы егістерді кеңінен қолданудан және топырақтан қорғайтын құралдарды қолданудан көрінеді. Бұдан басқа, Баянауыл тауларының шегінде аумағы бойынша шағын, бірақ тік аймақтылықтың көрінуімен байланысты ерекше таулы орманды дала аймағы көрінеді.
Облыстың өсімдік жамылғысы, қызғылт қоңыр топырақ белдеміне тән селеулі-бетегелі астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Облыстың қиыр солтүстігін қайың мен көктеректен тұратын ормандар алып жатыр. Олар 44 мың га жерді қамтиды. Оңтүстікке қарай бетегелі-жусанды дала қалыптасқан. Оңтүстік-шығысындағы құмды өңірде қарағай ормандары, Ертіс өзенінің жайылмасында шалғындар мен тоғайлар тараған. Ертіс алабы – шабынды алқап. Баянауыл тауларында қарағайлы - қайыңды орман өседі, сонымен қатар сұңғат көлдер өте көп (Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл және т.б.). Облыс аймағында соңғы Баянауыл табиғи паркінің 80 гектар жеріне және «Ертіс» орманы резерватында 554 гектар жерге ағаш егілді. Баянауыл табиғи паркіне егілген бүршіктердің аумағы – 14 гектар жер. Павлодар, Үрлітүп, Максим – Горкий үш орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемелерібасқарма қарамағында. Жалпы мемлекеттік орман қоры көлемі 127520 га жер.
Павлодар облысының Ертіс жайылмасының ылғалдылығы дәрежесі және өсімдік жамылғысы бойынша топырақты жіктеу.
кесте 1
Топырақ түрі, ылғал дәрежесі бойынша |
Ауданы, га |
||||||
барлығы |
Соның ішінде |
||||||
Май ауданы |
Аққулы ауданы |
Павлодар ауданы |
Павлодар қаласы |
Ауылдық зона. Ақсу қ. |
Ақсу қала шегінде |
||
Дала |
2346,0 |
1245,0 |
772,0 |
160,0 |
- |
169,0 |
- |
Шалғынды дала |
33860,6 |
17614,0 |
11213,0 |
2826,6 |
- |
2207,0 |
- |
Шабындық |
155718,1 |
35426,0 |
30657,0 |
50773,6 |
989,5 |
37350,0 |
522,0 |
Ылғалды-шалғынды шалғын |
21001,8 |
6255,0 |
3762,0 |
4251,3 |
36,5 |
6697,0 |
- |
Шалғынды батпақ |
5582,0 |
563,0 |
718,0 |
1452,0 |
- |
2849,0 |
- |
Батпақты |
6262,0 |
367,0 |
377,0 |
2583,0 |
- |
2820,0 |
115,0 |
Басқалар |
25011,5 |
5054,0 |
5603,0 |
9500,0 |
211,0 |
4569,0 |
74,0 |
Барлығы |
249782,0 |
66524,0 |
53102,0 |
71547,0 |
1237,0 |
56661,0 |
711,0 |
Кесте 1. Сілтеме: stat.gov.kz), Динамика - Павлодар облысының аймақтары бойынша ТЖК. 1991-2019 жылдар.
Неліктен тек Ертіс жайылмасында орналасқан аудандардың топырақ жамылғысын қарастырдық деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл аудан топырақ түрлері бойынша жіктесек, облыстың негізгі топырақ субзоналары болып табылады. Жәнеде басым көпшілік ауыл шаруашылық; егіншілік пен мал шаруашылық осы аймақ топырағында орын алады.
Жалпы облыс аумағында негізгі сұранысқа ие көкеністер; картоп, сәбіз, бұршақ өндеріледі. Қазақстанның барлық облыстарымен салыстырғанда Павлодар облысының картоп және сәбіз көкеністерінің өсіруліу үлесі бойынша алдыңғы қатарда (сүрет 2). Павлодар сәбіз, картоптары Республиканың көптеген аудандарымен қалаларын алдыңғы сорттағы көкеністерімен қамтамасыз етіп келуде. Мысалы: ОҚО, Түркістан, Жамбыл, Тараз, Алматы, Қызылорда, Қарағанды т.б.
сүрет 2
Сурет 2, Павлодар ауданының 2010-2019 жылдардағы негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі [4].
Салыстырмалы түрде көріп тұрғанымыздай диаграммада айтарлықтай айырмашылықтар бар. Дақылдардың жалпы түсімі 2010 жылдан ағымдағы жылға дейінгі түсім көлемі шамамен 25% ға ұлғайған. Әрине бұл ТШЖ-нің азда болса дамығандығын айқындайды. Осы табиғат шаруашылық жүйелерін дамытушылық жолдарында елімізіңдің білімді де білікті азаматтары өз еңбектерін аямауда. Көптеген зерттеу жұмыстарымен бақылаулар жүргізуде. Республика аумағындағы барлық табиғи шаруашылық жүйелерін жан жақты қамтамасыз ету зертханалық орталықтар құрылған.
Мысалы, табиғи шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету зертханалық институт бөлімдері ашылған. Зертханалық бөлім, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің, География және су қауіпсіздігі институтында 2009 жылы ашылды. ТШЖ сумен қамтамасыздандыру зертханасы 2009 жылы құрылды. Су проблемалары зертханасының құрамындағы жеке тақырыптық бағыт ретінде География институтының сумен қамтамасыз ету проблемаларын 1995 жылы дамытты. Зертхананы жеке тақырыптық топтарға бөлу негiзімен тұщы су ресурстарының ластануына және тартылуына қатысты республика төңiрегiндегі өзектi су проблемаларын институтта болатын мәселелерді шешу шеңберiн кеңейту болып табылады [3, 157-160 б.].
Аумақтық айырмашылықтар ауылшаруашылық өндірісінде де көрінеді. Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының деректері бойынша ауыл шаруашылығы алқаптары облыстың барлық жер алаңының 89,5% - ын алып жатыр. Олардың құрылымында алаңы 8229,5 мың га жайылымдар және 1569,1 мың га егістік жерлер басым, тыңайған жерлер 1 млн гектардан астам жерді алып жатыр. Облыс аумағының жыртылуы -12,6%. Ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі егіс алаңдары облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық бөліктерінде орналасқан. Мәселен, Железин, Ертіс, Қашыр, Павлодар, Успен және Шарбақты аудандарына өңірдің барлық егіс алаңының 90,5% - ы тиесілі. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-батыс аудандарында мал шаруашылығы жетекші рөл атқарады [8, 50-62 б.].
Адамның шаруашылық əрекеті – табиғаттың өзгеруіне əсер ететін ерекше фактор. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Ол өзгерістерге кінəлі прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық əрекетінің əсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бəрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Экологтар Павлодар облысындағы ауаны зерттеп, мониторинг жүргізген болатын. Оның барысында үш кәсіпорнның заңа талаптарын бұзып отырғаны анықталған. Бұлар – Ақсу ферроқорытпа зауыты, КСП Стил және Алюминий Қазақстан зауыттары. Аталмыш үш кәсіпорынның әрбіріне бір млн теңгеден айыппұл салынды. Сондай-ақ, Еуразиаттық энергетикалық корпорациясына тұрғындар тарапынан түскен шағымдар бар. Мәселен, желді күндері Ақсу қаласы зауыт маңынан ұшқан күл-қоқыстың астында қалады. Мамандар бұл мәселені зерттеп, Еуразиаттық энергетикалық корпорациясына тиесілі күл-қоқыс төгетін аумақтың дұрыс қолданылмайтыныдығын анықтаған.
Павлодар облысының қазіргі заманғы геоэкологиялық проблемаларының шығу тегі әр түрлі және өткірлігі әр түрлі, ТШЖ тұрақтылығы мен халықтың өміршеңдігінің деңгейін анықтайды. [6] Айта кететін жайт, өтетін ірі өзен Ертісті Қытай, Қазақстан, Ресей мемлекеттері осы су көзін пайдаланады. Бұл тұщы судың ең маңызды көзі. Өзенді тиімсіз пайдалану және үлкен ластану аймақтың және қоршаған ортаның дамуына айтарлықтай проблемалар туғызады және халықтың үлкен алаңдаушылығының себебі болып табылады. Біздің елдің аумағында 2,5 миллионға жуық азаматтың экономикасы мен денсаулығы Ертіске тікелей байланысты. Лабораториялық зерттеулер бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда Ертіс өзенінің сапасы тұрақты болып табылады, сонымен қатар су ластануының индексі 1-2,5 көрсетеді, сондықтан 3 деңгейге қалыпты ластанған су сапасына жатқызуға болады. Өзен суын ластайтын негізгі заттар – мұнай өнімдері, мыс және мырыш. Олар Павлодар облысының территориясына Шығыс Қазақстан облысынан түседі. Ертіс су бассейні аймағында 250 мың гектар суармалы егістік бар. Онда 4 миллиондай тұрғын тұрады ғалымдардың зерттеуінше, Ертісті су бассейініндегі тұщы су қоры кейінгі 20 жылдық күрт азайып, елді мекендер Ертіс өзенінің суын пайдалунуға екі есеге арттырған [2, 231 б.].
Дегенмен экологиялық талаптарды сақтау барысында қатаң іс-шаралар жүргізілді. Орман мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Павлодар мемлекеттік мекемесінің 0,54 га жері орман өскіндерімен толықтырылған еді. Өкінішке орай өткен жылы (2020) болған бірнеше өрт оқиғасы тіркелді, өрт шарпыған орман аумағының көлемі 100 га жерді қамтыған еді. Қалпына келтіру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Бірақ, табиғаттың төтенше жағдайларына байланысты, климаттың күрт өзгеруінен, жергілікті тұрғындардың қарапайым сақтық шараларын елемегендіктен, соңғы 10 жыл ішінде 300 мың га орман резерватының 17 мыңы өртеніп кеткен.
Біз жоғарыда айтып өттік, ТШЖ-нің негізгі құрамдас бөліктерін және зерттеу аумағының табиғи-шаруашылық жүйесінің қалыптасуы мен даму қадамдарын. Қорытындалай келе, Павлодар облысы табиғи-шаруашылығы жүйесінің дамуына кері әсер ететін бірінші фактор экология екені анықталды. Демек, облыс аумағының экологиялық жағдайын бақылауда ұстауымыз керек. Себебі барлық тіршілік осыған тығыз байланысты. Сондықтанда ормандарды қорғау комитеттері құрылып, аймақтың табиғи қауіпсіздігін бақылауда ұстау қажет. Табиғи апаттық жағдайлардың алдын алу шараларын, қар тоқтату, орман алқаптарында қауіпсіздік ережелері мен талаптарын көрсету шараларын ұйымдастыру керек. Ертіс өзенін зиянды химиялық заттардан тазарту құрылғылары орнатылып, маусымдық тазалау жұмыстарын өткізу керекпіз. Келесі ұсыныс бізде бұл – ауыл шаруашылық дақылдарын, (техникалық дақылдарды да) өсіріп өндіруді арттыру. Бұл жанжықты өз пайдасын тигізеді. Біріншіден, Павлодар облысының топырағы жалпы егіншілік үшін өте қолайлы және өнімдар келеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, еліміздің басқа аймақтарының көкеністерінен сапалы болып келеді. Сондықтан бұл ұсынысымыз ТШЖ үшін өте қарқынды даму дәрежісін береді. Бұдан келтіретін зиянымыз жоқ; өсімдіктердің саны артуы арқылы фабрика-зауыттардан келген түтіндерден, ауаның ластануын азайтуда көмегін тигізеді. Жәнеде әрине, экономикалық жағынан өсу болжамы жасалынуда. Қазіргі уақыттың өзінде облыс аумағынан шығарылған ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс жоғары. Ішкі шағын өнеркәсіптік орындардыңда саудасы біраз жүріп, елеміздің біраз қажеттіліктерін тежеп өзін-өзі қамтамасыз ете алады деген болжам бар. Кейбір орта жастағы жоғары білімі жоқ азаматтарды жұмыспен қамтуы мүмкін. Егерде осы бойынша үлкен ауқымды деңгейде жұмыс атқарылса оң нәтиже берері сөзсіз деп күтілуде.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстанның физикалық географиясы: Оқулық // Ə.С. Бейсенова. – Алматы: 2014.
2. Экология және табиғатты пайдалану экономикасы. // Е.В. Гирусов, С.Н. Бабылов, А.А. Новоселов, Н.В. Чепурных. - M. 2000
3. Малковский И.М. //Қазақстанның табиғи-шаруашылық жүйелерін сумен жабдықтаудың географиялық негіздері. //Алматы, 2008.248 б.
4. Динамика - Павлодар облысының аймақтары бойынша ТЖК. 1991-2019 жылдар, stat.gov.kz ,
5. Павлодар облысының географиясы // Редакторы М.И. //Чуб - Павлодар, 1996 ж
6. Электрондық ресурс: http://cc-sauran.kz/expert/105-prirodno-hozyaystvennye-sistemy-kazahstana.html // қаралған күні 27.12.2020 ж.
7. Электрондық жарияланым: Табиғи және экономикалық территориялық жүйелер туралы түсінік // 2015 // қаралған күні 16.03.2021 ж.
8. Сельское, лесное и рыбное хозяйство Павлодарской области, 2008 – 2012. Стат. сб. Павлодар, 2013. 64 с.
9. Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.