ФИЗИКА
Оценка 4.7

ФИЗИКА

Оценка 4.7
Документация
docx
физика
8 кл
21.11.2018
ФИЗИКА
8 сынып «Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының дұрыс тұжырымдалған нұсқасын таңдаңыз. A) Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тебілу күштері де тартылу күштері де болады. B) Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тек тебілу күштері ғана болады, ал тартылу күштері ешқашан болмайды. C) Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тек тартылу күштері ғана болады, ал тебілу күштері ешқашан болмайды. D) Барлық денелер макробөлшектерден тұрады. [1] 2. Ішкі энергияны өзгертудің бір тәсілі суретте көрсетілген. Колба ішінде ауа бар.
8 сынып 1 токсандық.docx
8 сынып    «Физика» пәнінен 1­тоқсанға арналған   жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1. Молекулалы­кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының дұрыс тұжырымдалған нұсқасын таңдаңыз. A) Бөлшектер бір­бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тебілу күштері де тартылу күштері де болады. B) Бөлшектер бір­бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тек тебілу күштері ғана болады, ал тартылу  күштері ешқашан болмайды.       C) Бөлшектер бір­бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тек тартылу  күштері ғана болады, ал тебілу күштері ешқашан болмайды.   D) Барлық денелер макробөлшектерден тұрады.           [1] 2. Ішкі энергияны өзгертудің бір тәсілі суретте көрсетілген. Колба ішінде ауа бар. a) Ішкі энергияны өзгертудің тәсілін атап көрсетіңіз.                     [1] b) Колба ішіндегі ауаның ішкі энергиясын өзгертудің тағы бір жолын жазыңыз.                     [1] 3. Суретте екі түрлі термометрлер бейнеленген. a) Екі термометр арасындағы байланыс формуласын жазыңыз.         [1] b) Берілген суретті пайдалана отырып, белгісіз термометр көрсеткішін анықтаңыз.   t =....................................оС         [1] 4. Арман әр түрлі металдан жасалған, бірақ массаслары бірдей блоктарды қыздыру үшін тек бір ғана қыздырғышты  қолданады. Қыздырғышты тек 300 секунд уақыт бойы қыздыратын функциясына қояды. a) Қай металдан жасалған блок қаттырақ қызады? Металл блок Меншікті жылу сыйымдылық Дж/(кг ۰ С) Алюминий Темір Қорғасын 900 450 130 Дұрыс деген  жауапты  дөңгелектеп  белгілеңіз. алюминий темір  қорғасын [1] b) Неліктен бұл жауапты таңдағаныңызды меншікті жылу сыйымдылығы тұрғысынан сипаттап жазыңыз.                     [1] 5. 1) Арман зертханалық жұмыс жасау үшін массасы 200 г, температурасы 90 °С болатын ыстық суға массасы 100 г,  температурасы 10 °С болатын салқын суды құйып араластырады. Судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 Дж/(кг ۰ P оС). a) Берген және алған жылу мөлшерінің формуласын жазып көрсетіңіз.                                                              [1] b) Орныққан температураны анықтайтын өрнекті жазып көрсетіңіз.                                                                   [2] c) Шыққан сұйықтықтың орныққан температурасын есептеп шығарыңыз.                                                         [2] 2) Температурасы 10 °С, массасы 300 г су құйылған массасы 500 г болатын алюминий ыдысты 80 °С дейін қыздырады.  Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы 900 Дж/(кг ۰ оС). Қыздыруға кеткен жылу мөлшерін анықтаңыз.             [3] 6. Суретте жаңбырдан кейінгі жолдағы шалшық су бейнеленген.  a) Күні бойы су асфальт бетінен жоғалып кетеді. Бұл су бөлшектерінің шалшық судан ауаға бөлінуі нәтижесінен болады.  Бұл қандай процесс? Дұрыс жауапты дөңгелектеп белгілеңіз.       конденсация кебу сәулелену        [1]  b) Бұл процестің тез жүруіне себепші болатын ауа­райының екі өзгерісін сипаттап жазыңыз.                         [2] c) Асфальт бетіндегі шалшық су 2 кг болса, ол толығымен буланып кетуге кеткен жылу мөлшерін анықтаңыз. Меншікті  булану жылуы 2,3∙106 Дж/кг.                                                                                                                                        [2] 7. Неліктен терең шахтада судың қайнау температурасы 100 °С емес?                                                                    [1] 8. Графикте мұздың еріп буға айналғандығы көрсетілген. а) графиктің қай бөлігі мұздың еруіне сәйкес келеді.                                            [1] b) егер мұз массасы 500 г болса, мұздың толық еруіне кеткен жылу мөлшерін анықтаңыз. Мұздың меншікті жылу  сыйымдылығы мен меншікті балқу жылуы сәйкесінше: 2100 Дж/(кг ۰ С) және 330 кДж/кг.                                [3] Жалпы балл: 25

ФИЗИКА

ФИЗИКА

ФИЗИКА

ФИЗИКА

ФИЗИКА

ФИЗИКА
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018