Оқу мақсаты:
10.3.4.2 - электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру
Бағалау критерийлері
Білу • электр өлшегіш құралдардың классификациясын білу
Түсіну• электр өлшегіш құралдардың схемада белгіленуін және электр тізбегінде жалғауды түсінеді.
Қолдану• электр өлшегіш құралдардың көмегімен әр түрлі электрлік шамаларды өлшей алады.
Талдау және бағалау• электр өлшегіш құралдардың қандай принципте жұмыс жасай алатындығын талдап, бағалай алады
2-тапсырма
1-топ. Вольтметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
2-топ. Амперметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
3-топ. Омметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
4-топ. Ваттметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
Классификация
Амперметр
Вольтметр
Омметр-
Мультиметрлер (немесе тестерлер, авометрлер)
— көп функционалды құралдар
Ваттметр
электр тогының қуатын есепеу үшін
Электрлік есептегіштер (счётчики) —
тұтынылған электр энергиясын есептеу үшін
Вольтметр
Электр тізбегі бөлігіндегі кернеуді өлшеуге арналған құрал. Электр тізбегіне әсерін азайту үшін вольтметрдің ішкі кедергісі үлкен болу керек.
Амперметр
Тізбек арқылы өтетін токты өлшеуге арналған құрал. Электр тізбегіне әсерін азайту үшін амперметрдің ішкі кедергісі кіші болу керек.
Омметр
Омметр (омнан және гр. metreo — өлшеймін) - электр кедергілерді тікелей өлшеуге арналған аспап. Омметр өлшеу шегі 1 мкОм-нан 1 мОм-ға дейін. Үлкен электрлік кедергілерді өлшеу үшін мегомметр қолданылады.
Трансформатор
Кернеуді жоғарылатуға және төмендетуге арналған құрылғыларды трансформаторлар деп атайды.
–тұрақты жиілікте бір айнымалы токтан екінші бір айнымалы ток тудыратын аппарат.
Үлкен кернеумен тасымалданған энергияның шығыны аз болады.Тұтынушыларға жеткенде,сол токтың кернеуін қайтадан түсіру керек.
Трансформатор жұмысы электромагниттік индукция құбылысының пайда болуына негізделген.
Трансформаторлар
Трансформатор теңдеуі (идеал трансформатор, энергия жоғалмайды)
Егер Nе > Nб Vе > Vб Жоғарылатқыш трансформатор
Егер Nе < Nб Vе < Vб Төмендеткіш трансформатор
Трансформатор
Vб Бірінші катушкадағы кернеу
Vе Екінші катушкадағы кернеу
Nб Бірінші катушкадағы орамдар саны
Nе Екінші катушкадағы орамдар саны
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.