І. Гармониялық тербелістің теңдеуі x=Xmaxcosφ немесе x=Аcosωt немесе x=Xmaxsinφ немесе x=Аsinωt немесе x=Аcos(2π/T)t немесе x=Аsin(2π/T)t немесе x=Аcos2πνt немесе x=Аsin2πνt түрінде, яғни, синус немесе косинус заңымен жазылады.
Механикалық тербелістерді сипаттайтын негізгі дифференциалдық теңдеуді беру: a=-ω2x немесе: x=x''=a=-ω2x, яғни, координатаның екінші ретті туындысы координатаның өзіне тура пропорционал екендігін көрсету өте маңызды, себебі, жоғары сыныптарда электромагниттік тербелістердің теңдеуін оқу кезінде барлық гармониялық тербелістер – ол механикалық тербеліс болсын, ол ЭМ тербеліс болсын, тек бір ғана гармониялық заңға бағынатынын білу маңызды.

Бекіту. Топтық жұмыс. Есептер шығару
1. Серіппеде еркін тербеліп тұрған жүктің максимал кинетикалық энергиясының мәні 5 Дж, оның максимал потенциалдық энергиясының мәні 5 Дж. Жүктің толық механикалық энергиясы қалай өзгереді?
2. Қатаңдығы 160Н/м серіппеге ілінген массасы 200г дене горизонталь жазықтықта 2см амплитудамен тербеледі. Дене тербелісінің циклдік жиілігін және жүйенің энергиясын анықтаңдар.
3. Массасы 400г жүк қатаңдығы 250Н/м серіппеде тербелістер жасайды. Тербеліс амплитудасы 15см. Тербелістің толық механикалық энергиясы мен жүктің үлкен қозғалыс жылдамдығы неге тең?
4. Қатаңдығы 1кН/м серіппеге ілінген жүк 2см амплитудамен тербеледі. Жүктің π/3 рад фазадағы кинетикалық және потенциалдық энергиясын есепте.
5. Орын ауыстыру, жылдамдық және дененің серіппенің әрекетінен болатын қозғалысын сипаттайтын басқа да шамалардың неліктен және қалай өзгеретінін түсіндіріп, кестені толтыр

|
Дене қозғалысының бөліктері |
Орын ауыстыру, м |
Жылдамдық, м/с |
Үдеу туғызатын күш, Н |
Үдеу, м/с2 |
Потенциалдық энергия, Дж |
Кинетикалық энергия, Дж |
|
ВО |
Кемиді |
Артады |
Кемиді |
Кемиді |
Кемиді |
Артады |
|
ОА |
|
|
|
|
|
|
|
АО |
|
|
|
|
|
|
|
ОВ |
|
|
|
|
|
|
|
Мына нүктелерде: В |
|
|
|
|
|
|
|
О |
|
|
|
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.